Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тіл жанашырлары-ел жанашырлары" атты тіл мамандарымен кездесу кеші
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№1 мектеп-гимназиясы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Көздібаева Айкенже Қарытжанқызы
«Тіл жанашырлары – ел жанашырлары» атты тіл мамандарымен кездесу кеші
Мақсаты:
-
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күнін атап өту;
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
-
Тіл саясатын жүзеге асыруға және қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруде үлес қосып жүрген өңірлердегі тіл жанашырларымен пікірлесу, сұхбаттасу;
-
Оқушылардың тілге, Отанға деген құрметін арттыру, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Фанфар.
Қойылым. «Жасай бер, қазақ тілім»
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кездесу кешінің қадірменді қонақтары, ұстаздар мен оқушылар!
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып отырған «Тіл жанашырлары – ел жанашырлары» атты тіл мамандарымен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Тіл мерекесінің 5-қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде жыл сайын Тіл мерекесін тойлайтын болады.
1-жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным
бар,
Туған тілде әнім менен сәнім
бар.
Туған тілім тіл болудан қалса
егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – демекші, туған
тіліміздің мерейін көтеріп, мәртебесін асқақтату жолында аянбай
еңбек етіп, тіл жанашырларына айналып
жүрген бүгінгі
кешіміздің арнайы
қонақтарымен таныс
болыңыздар:
-
Дәуітова Роза Ұланқызы – ардагер ұстаз, аудандық «Қазақ тілі қоғамының» төрайымы
2-жүргізуші:
-
Әлдекенова Задаш Кашшапқызы – ардагер ұстаз, тіл маманы
1-жүргізуші:
-
Әлин Қыдыралы Жақсығалиұлы – аудандық «Шалқар» газетінің бас редакторы
2-жүргізуші:
-
Әскербекова Ақгүл Әскербекқызы – аудандық білім бөлімінің әдіскері
1-жүргізуші:
-
Жақсыбаева Бақытгүл Темірханқызы –аудандық орталық кітапхана директоры
2-жүргізуші:
-
Сейтмағанбетова Жанар Есенғосқызы – аудандық мәслихат депутаты, тіл маманы, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ директоры.
1-жүргізуші:
-
Жайымова Назымгүл Сағынайқызы – «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2-жүргізуші:
-
Құдайбергенова Ақтолқын Сағитжанқызы – тіл маманы, ақын, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің ұйымдастырушы-педагогі
Жүргізуші:
«Тіл жанашырлары – ел жанашырлары» атты кездесу кешінің алғашқы сөз кезегі аудандық мәслихат депутаты, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Сейтмағанбетова Жанар Есенғосқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Ендеше осы ана тіліміздің қадір-қасиеті, мәртебесі, ұлттық құндылық ретінде алатын орны жөнінде әңгіме өрбітсек дейміз.
2-жүргізуші:
Ана тілі - халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тілі - әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің көрінісі.
Қазақ тіліне тұңғыш рет мемлекеттік мәртебе беріліп, Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» Заңының қабылданғанына 29 жыл толды. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде қаншама өрлеу белестерді өтіп, өрелі жеңістерге жеттік десеңізші! Еліміз тәуелсіздік алар тұста ана тілімізге мемлекеттік мәртебе әперуде намысты жанып, рухты атойлатқан сындарлы шақтың болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес.
Олай болса, «Қазақ тілі: Кеше.Бүгін.Ертең» деген мәселе жөнінде өз ойларыңызбен бөліссеңіздер.
Сұрақ:
-
Қазақ тілінің кешегі, яғни тәуелсіздік алғанға дейінгі жағдайы қандай болды?
1-жүргізуші:
Мен заманымда қандай едім?
Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім.
Мөлдір судай таза едім. Жырға соққан толқындай екпінді едім. Мен
наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
-
Ақындарымыз мен шешендеріміздің наркескендей өткір тілі бүгінгі жай-күйі қандай? Бүгінгі күні тіл саясаты қай деңгейде жүргізіліп жатыр деп ойлайсыздар?
2-жүргізуші:
Бүгінгі күні тіл саясатын жүзеге асыру аясында Елбасының қойған басты мәселесі - үш тұғырлы тілге көшу болатын.Үштілділік - Қазақстанның әлем мемлекеттерінің арасында өз орнын ойып алу, жетекші мемлекеттердің қатарына кіру, әлемдік деңгейдегі білім дәрежесіне ұласу мақсатындағы сарабдал саясат. Қазақ елі осы бағытта қарқынды жұмыс жасауға кірісті. «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында білім ошақтары да саты сатымен үштілділікке өтуде. Осы мәселе төңірегінде Сіздер не ойлайсыздар?
-
Үштілділікке көшу –заман талабы дейміз. Шынымен де заман үш тілге көшуді талап етіп отыр ма?
-
Үштілділікке көшкеннен кейін қазақ тіліміз сол тілдердің көлеңкесінде қалып қоймай ма? Олай болдырмас үшін қандай шаралар жасауымыз қажет?
-
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады екен. Осы орайда ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуымыз қажет» деген пікірі ойға оралады. Шынымен де, ой-санасы енді ғана қалыптаса бастаған бүлдіршіндерімізді алдымен ана тілінде оқытып, содан кейін ғана өзге тілдерді меңгертсек болмай ма?
1-жүргізуші:
Сонымен қатар Елбасы: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Бұл тіл саясатындағы ертеңгі күнге жоспарланған жұмыстардың бірі.
-
Латын әліпбиіне көшудің қажеттілігі мен тиімділіге неде?
-
Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін шынымен де халықаралық дәрежеге шығара ала ма?
-
Латын әліпбиіне көшкеннен кейінгі қазақ тілінің жағдайын қалай елестетесіздер?
2-жүргізуші:
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Ендеше, тілге деген махаббаттарын өлеңмен жырлаған ақындардың жыр жолдарына кезек берейік.
Еришова Диана. Ә.Әбілов «Тіл деген»
Нұрдулда Айшенур. Н.Айтұлы «Ана тілім»
1-жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Тіл – мемлекеттік ұлттық құндылығымыз. Құндылықтарымызды қастерлей отырып тереңдету, оған сүйіспеншілікті қалыптастыру – отаншылдық пен қазақстандық патриотизмді оятады. Мұны тілдерді дамыту басқармалары мен тіл жанашырларының мойнына жүктеп қойғаннан іс бітпейді. Ол әр қазақтың, әр қазақстандықтың ортақ ісі екендігін ұмытпайық.
Олай болса, бүгінгі қозғалған тақырыптар төңірегіндегі өз ойларыңызды қысқаша түйіндеп, қорытынды ойларыңызды айтып өтсеңіздер.
(түйін сөздері тыңдалады)
2-жүргізуші:
«Тіл – ұлттың жаны» деген аксиомаға айналған сөз бар. Ендеше, әрбір адам тілді кеудесіндегі шыбын жанындай санаса, оның мәңгілік өмір сүруі үшін қолдан келгенінің бәрін де жасауы тиіс. Мәңгілік ел атану үшін де қазақ тілінің рухы асқақ та биік болғаны жөн. Мәңгілік елдің тілі – қазақ тілі – ана тіліміз болуы шарт. Оның әлемдегі тілдер арасынан ойып тұрып орын алуы – баршамыздың арманымыз. Ең бастысы, қазіргі жаһандану кезінде ана тіліміздің жойылып, жұтылып кетпеуі үшін күресуіміз керек. Сөз соңында айтарым, ұлттың ұлылығы ұлттық құндылықтарымызда десек, оның ең қастерлісі – тіл екенін әркім жеке сезінсе екен деймін.
Бүгінгі кешімізді Мобарк Нұржанның орындауындағы «Мақтанамын» әнімен тәмамдаймыз.
ӘН: «Мақтанамын». Орындайтын: Мобарк Нұржан
1-жүргізуші:
Әрдайым елімізбен, тілімізбен мақтанып жүрейік. Алтын уақыттарыңызды бөліп ой бөлісуге келгендеріңіз үшін үлкен алғыс айтамыз! Тіл мерейін көтеруде атқарып жүрген еңбектеріңізге жеміс тілейміз!
Барлығыңызды естелік суретке түсуге шақырамыз!