Тіл мәдениеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіл мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Турганбаева Н.К

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ОҚЫТУ

Елдігін егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет – бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдағандай тәуелсіздік жылдарында туған тілдің тұғырын биіктету бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар екені даусыз.

Тіл – адам болмысының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл – ойы, мінез – құлығы, жалпы рухани жан – дүниесі танылады. Тіл адамның барлық саналы әрекетінің құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады.

Тіл қарым – қатынас құралы екендігі баршаға аян. Тіл адамның ой – өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл – парасатын, рухани байлығын көрсететін айнасы болғандықтан, тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан басты назарда болады. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейкестілігі арта түсті.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап – ақ Қазақстанның білім жүйесін реформалауда оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту проблемасы күн тәртібіне қойылды. Бұл қазақ тілі пәнін оқытуда оқушының сөз мәдениетін қалыптастыруға басымдылық беруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, оның әрбір мүшесі бәсекелестікке қабілетті болуы қажет. Бәсекелестікке бейімділік адамның жинаған білім қорымен өлшенбейді, алған білімін өмір сүрудің, өзін – өзі дәлелдеудің, өзгелермен тіл табыса әрекет етудің құралы ретінде қолдана білуінен көрінеді. Бұл оқушылардың сөйлеу дағдыларын сөз мәдениеті негізінде жетілдіру арқылы мүмкін болады. Сондықтан да сөз мәдениетін меңгертуді қазақ тілі пәнін бүгінгі қоғамдық – әлеуметтік сұраныммен сәйкестендірудің басты шарты ретінде ғылыми – әдістемелік тұрғыдан зерделеу маңызды мәселе болып табылады.

Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызметімен астарласып жататындықтан, «сөз мәдениеті» ұғымының аясы да кеңейе түседі. Бұл атаудың пайда болуы, тіл жұмсау дағдымызға қойылатын талаптардың күшеюімен де тығыз байланысты. Қазіргі демократиялыққа бет бұрған жаңа қоғам білікті, іскер, мәдениетті адамдардың қалыптасуына мүдделі болып отыр. Олай болса, өзіндік ой – пікірін, көзқарасын еркін білдіру, оны қорғай білу, өз сөзін өтімді жеткізе білу сөз мәдениеті талаптарын жоғары деңгейде меңгеруді қажет етеді.

Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез – келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі уақыттағы өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Оқушылардың сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастырып, дамытуда әр түрлі шығармашылық жұмыстар ұйымдастыруға болады. Солардың бірі – сөз мәдениетін оқыту.

Сөз мәдениетін оқыту – сөзді өнер деп бағалаған танымы терең, талғамы биік халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырудың басты кепілі. Қазақ тілінің табиғи даралығын, өзіне тән заңдылықтарын, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, сөз әдебі жүйесін, шешендікпен тамырлас қасиетін уақыт талабымен бірлікте танытуға кең жол ашылып отырған жаңа кезеңде осы мүмкіндікті пайдалана білу үлкен сын. Сөз мәдениеті – оқушының интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі.

Сөз мәдениетін меңгерту – қазақ тілі сабақтарында оқушының өмірлік дағдыларын қалыптастырудың басты шарты. Сөз мәдениетін меңгерту – оқушының өз бойындағы дара тұлғалық қабілеттерін, құзыреттіліктеріндамытуға деген ішкі мүдделіктері мен қоғамдық – әлеуметтік сұранымды үйлестірудің кепілі. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында сөз мәдениетін оқыту біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сөз мәдениетін оқытуда дәстүрлі әдістердің түрлері мол, әйтсе де бірінші кезекте интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі заңды . оқушылардың сапалық деңгейін, әрекет мотивтерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылық бағдарларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістер іріктелді.

Оқушылардың сөз мәдениеті дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар екі үлкен топқа жіктелді: тілдік дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар және қатысымдық дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар. Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай: ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді. Тіл дамыту жаттығуларында оқушыны дамыту көзделеді де, тіл ұстартуда оқушының өздігінен шешім жасауына бағытталған жаттығулар топтастырылады. Сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығуларында этикеттік орамдарды, көркемдеу тәсілдерін мақсатқа сай талғап пайдалануға төселдіретін жұмыстар іріктеледі. Ізденімдік тапсырмалар дайын оқу материалдары негізінде оқушының шешім жасауын талап етсе, проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құрау, эссе, шағын шығарма жаздыру сияқты жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар құрау және тағы басқа әрекеттер қамтылады.

Сөз мәдениетін меңгертуде дербес жұмыстар үлкен маңызға ие. Дегенмен, оқушылардың қатысымдық және әлеуметтік дағдыларын шыңдайтын жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды қолдану өте тиімді. Бұл жұмыстар жасөспірімдердің де , жеткіншектердің де жас және психологиялық ерекшеліктерімен толық сәйкес келеді. Мысалы, топтық жұмыста, біріншіден, оқушының өз ортасымен тығыз араласуына қажетті жағдай туады. Екіншіден, әр оқушыдан топтың намысын қорғау талап етіледі. Жеке оқушының жауабына бүкіл топтың жауапкершілігі жүктеледі. Ол өз сөзін өтімді, дұрыс, шебер құруға ұмтылады. Үшіншіден, топтық жұмыс балалардың өзін де, өзгені де бағалауына жол ашады. Төртіншіден, топта бала өз орнын иемдену үшін өзгелермен дұрыс қарым – қатынас ортнатуға мүдделі болады. Бұл өз кезегінде оқушының сыпайы қатынас жасауына, сөзді орынды жұмсауына қажеттілік тудырады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. 2004 жыл

  2. Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас 2005ж

  3. Т.Х Ғабитов. М.Ш Өмірбекова. Мәдениеттану негіздері. 2003ж

  4. М.Балақаев. тіл мәдениеті және баспасөз 1972ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.10.2018
1299
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі