«Тілдер тілегі» атты
фестиваль.
Мақсаты: балаларға ана тілін білудің
маңызы жайлы айту, ана тілін құрметтеуге үйрету , ана тілі туралы
өлең , тақпақ, нақыл сөздерді оқыту арқылы балалардың сөздік қорын
молайтып, тіл байлығын дамыту, ана тілін сүюге , ана тілін
ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер,
қабырға газеттері, тапсырма-сұрақтар.
Барысы:
Жүргізуші: Балалар, қазіргі таңда ана
тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар
жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана
тіліміз-қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді.Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге
баспақ емес.Болашағымыздың баянды етер қаруымыз –тіліміз.Ана
тілімізді құрметтей білейік.
«Тілдер тілегі» атты фестиваль
сағатын ашық деп жариялаймын.
Менің тілім біреу
ақ,
Тауып қойған
тілеуі-ақ.
Қазақ деген өз
атым
Дариядай
пейілім
Тіл: дін, жыры
да
Жүргізуші: Енді ары қарай тәрбие
сағатымызды сайыс түрінде өткізбекпіз.Ойын «Туған күн» деп
аталады.Ала қоржыннан тапсырмаларды
берелік.
1.Сұрақтарға жауап
беру.
1)Біздің балабақшамыз қай
көшеде орналасқан?
2)Тіл мерекесі күнін қашан
тойлаймыз?
3)Мемлекеттік тіл қай
тіл?
4)Балабақшадағы оқитын тіл
пәндерінің аты.
2)Мақалдарды
жалғастыр.
1)Ана сүті бой өсіреді (ана
тілі ой өсіреді)
2)Шебердің қолы ортақ
(шешеннің сөзі ортақ)
3)Ақыл көркі- тіл (тілдің
көркі- сөз)
4)Бас кеспек болса да (тіл
кеспек жоқ)
3)Жұмбақтар
шешу
1) Жағалай-жағалай тас
қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (тіс
пен тіл)
2)Әрі
сүйексіз,
Әрі тиексіз ( Тіл
)
3) Ақ тоғайдың
ішінде
Кісінейді күрең тай ( Тіл
)
4)Екі әскер соғысып
жатыр,
Ортасында бір елші ( Тіс пен
тіл )
Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң
қылып,
Ана тілін білмеу қандай
заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң
тұрғанда
Хормен: Қазақ тілі жасау керек
мәңгілік.
Қорытынды.
Жүргізуші: «Анамыздың ақ
сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамыздың
тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп, суйе
білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы
шарт.
Хор: «Менің
Қазақстаным»