‑Балалар
біздің қазақ халқы нағыз батыр халық болған.Ата бабаларымыз өздері
көшіп ,
қонып
өмір сүрсе де,үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен
жер және ана тілі.Қазір біздің тәуелсіз мемлекет болғанымызға 21
жыл
Балалар
біз тәуелсіз мемлекет болғандықтан өз рәміздеріміз
бар.
Балаларды
рәміздермен таныстырып өту. (суреттерін көрсету)
Сергіту
сәті:
Туған
өлке кең далам,
Мәңгілік
бақыт орнаған.
Сайраңдаймыз саяңда,
Ерікті
ұлан‑біз балаң.
Құрметті
қонақтар,балалар халқымыздың өткен тарихына көз салсақ,қай кезде де
ұрпақ тәлім тәрбиесі ең толғақты мәселе ретінде ғасырлар бойы
халқымыздың қанына сіңіріп ,
қастер
тұтып ,халық даналығына сүйене отырып ,
дана
бабаларымыздың шешендік сөздерін өнеге тұттық. Енді соны
тыңдайық.
Тілдің құдыреті туралы
аңыз»
Қатысушылар: Әз Жәнібек хан, уәзірлері.
Хан : Уа ,Уәзірлерім : Бұл дүниеде
не өлмейді ?
Уәзір :Уа хан ием : Асқар тау
өлмейді ,ай мен күн өлмейді ,
ағын су
өлмейді,
Қара жер
өлмейді!
Хан: Уа ,уәзірлерім,жігітке жақсы
болу үшін не керек?
Уәзір:Уа хан, ием бірінші білім
керек, екінші ғылым керек, үшінші ұғым керек,отты,өткір тіл
керек!
Хан: уәзірлерім жігіттің неше
жұрты болады?
Уәзір:Уа хан ием жігіттің үш жұрты
болады;
Ағайын
жұрты- күншіл
Қайын
жұрты- міншіл
Нағашы
жұрты –сыншыл
Хан: уа,уәзірлерім,сендердің
жауаптарыңа ырзамын! Енді маған тағамның тәттісін
әкеліңдер.
Уәзір: «Құп болады тақсыр!» деп
ыдысқа салынған тілді әкеледі.
Хан: мен саған тағамның тәттісін
әкел дедім ғой.
Уәзір: тағамның тәттісі
осы!
Хан:Солай де енді тағамның ащысын
әкел!
Уәзір: «Құп болады тақсыр!» деп
қайтадан тіл әкеледі.
Хан :Бұл не?
Уәзір: «Тіл
,тақсыр!»
Хан:Мен саған тағамның ащысын әкел
дедім неге қайтадан тіл әкелдің.
Бұл қай
мазағың?
Уәзір:Уа, мәртебелім, тілден тәтті
не бар!
Жақсылықтың жаршысы- тіл .
«Жылы
–жылы сөйлесең ,
жылан да
іннен шығады».
Ал жаманшылықта осы тіл арқылы
болады.
«Жаман
адамның тілі ащы»,-деген осыдан.
Хан:Уа, уәзірлерім! Менің
сендерге айтар бір нақыл сөзім бар:
Малым бар
деп мақтанба
Боран
соқса қайтесін?
Басым бар
деп мақтанба
Ажал
соқса қайтесін?
Тілім бар
деп мақтанба
Тіл
байланса қайтесін?
Бағым бар
деп мақтанба
Сорға
айналса қайтесің?
Ақылдан
артық хандық жоқ
Жомарттан
артық хандық жоқ!-деп,
Тапқырлықтарына риза болған
екен.