Материалдар / Тілдің шұбарлануы- ұлтқа төнген қауіп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілдің шұбарлануы- ұлтқа төнген қауіп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2023
712
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Облыс, аудан, мектеп

(толық атауы)






Ғылыми жоба

Тақырыбы: «Тілдің шұбарлануы – ұлтқа төнген қауіп»



Picture 1


Бағыты:

Автор:

Жетекші:

Ғылыми жетекшісі:

Оқу жылы:


Мазмұны:


І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Тіл және оның қоғамдағы қызметі

2.2 Қоғамдағы тіл мәселесі

2.3 Әлеуметтік желідегі қолданылатын тіл мен оның сауаттылық маңыздылығы

ІІІ.ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Бүгінгі қоғамдағы тіл мәселесі

САУАЛНАМА


ІҮ.Қорытынды

Ү.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




















Аңдатпа


Тақырыптың өзектілігі:Тіл – ұлт болмысының көрінісі, ұлттық ой-сананың өлшемі. Сондықтан да ұлттық тіл мен ділдің бір-бірімен байланысы – өте күрделі. Бұл байланыстың қыр-сырын танып-білу, дұрыс түсіну, зерттеп-зерделеу қажырлы еңбек пен терең ізденісті қажет етеді.«Тілдің шұбарлануы – ұлтқа төнген қауіп» атты ғылыми жобамда тілдің шығу тарихынан бастап, қоғамдағы тіл мәселесіне мысалдар келтірілген.Яғни, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі, қоғамдағы адамдардың қатынас құралы болу қызметін негізге алған. Қазақ тілі – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа шығуының да құралы.


Мақсаты:Тілдің қызметі мен қоғамдағы тіл мәселесін зерттеу.

Тапсырмалар:

  • Тілдің қоғамдағы қызметіне сипаттам а беру

  • Тіл мәлелесіне анықтама беру

  • Әлеуметтік желіде тіл сауаттылығын зерттеу;

Зерттеу объектісі: Тіл білімін жан-жақты қарап, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда тіл тазалығын сақтаудың пайдасы бар екенін зерттеу.

Гипотеза -  Жас ұрпақ ана тілінде емес өзге тілде сөйлеуді әдетке айналдырған.



Зерттеудің әдіс-тәсілдері: сараптау, ой қорыту, жалпылау, салыстыру, жинақтау және талдау.



Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелерін мектепте Қазақ тілі, үйірмелер мен факультатив сабақтарында, тәрбие сағаттарында пайдалануға болады.











Аннотация


Актуальность темы: язык-это отражение национального бытия, мера национального самосознания. Поэтому связь между национальным языком и менталитетом очень сложна. Познание, правильное понимание, изучение тонкостей этой связи требует кропотливого труда и глубокого поиска. В моем научном проекте "Языковое вымирание-угроза нации" приведены примеры проблемы языка в обществе, начиная с истории происхождения языка. Т. е. в определении языка прежде всего исходила из его социальной деятельности, деятельности людей в обществе как средства общения. Казахский язык-это не только средство общения, но и средство мышления, выхода мысли в свет.


Цель: изучение языковой проблемы в функционировании языка и общества.

Задания:

Дать характеристику деятельности языка в обществе

Выдача справки на язык жестов

Изучение языковой грамотности в социальной сети;

Объект исследования: всесторонний взгляд на языкознание и изучение того, что полезно для поддержания чистоты языка в развитии нравственных качеств на протяжении поколений.


Гипотеза заключается в том, что молодое поколение имеет привычку говорить на другом, не родном языке.


Методы и приемы исследования: анализ, обобщение, обобщение, сравнение, обобщение и анализ.


Теоретическая и практическая значимость исследования: результаты исследования могут быть использованы в школе на уроках казахского языка, в кружках и факультативах, в воспитательных часах.







Annotation

Relevance of the topic: Language is a reflection of national being, a measure of national identity. Therefore, the connection between the national language and mentality is very complicated. Cognition, correct understanding, study of the subtleties of this connection requires painstaking work and deep search. In the scientific project "Language extinction is a threat to the nation ", the researcher paid special attention to the close relationship between language and society, starting with the history of the origin of language. That is, the definition of language was primarily based on its social activities, the activities of people in society as a means of communication. The Kazakh language is not only a means of communication, but also a means of thinking, of putting thoughts into the light. During the research, he freely expressed his point of view and put forward rational proposals.

Purpose: in-depth study of the essence and function of language

Tasks:

To characterize the activity of language in society

Issuance of a certificate in sign language

Learning language literacy in a social network;

The object of research: a comprehensive look at linguistics and the study of what is useful for maintaining the purity of language in the development of moral qualities for generations.

Hypothesis: The younger generation has a habit of speaking a different, non-native language.

Research methods and techniques: analysis, generalization, comparison, information collection and analysis.

Theoretical and practical significance of the study: the results of the study can be used at school in the History lessons of Kazakhstan, in circles and electives, on classroom hours.



Кіріспе

Қазір кезде дүниежүзі елдері жаһандану дәуірін бастан кешіріп жатыр. Біз де әлемдік өркениеттің заманауи жетістіктерін өзімізге қабылдай отырып, әлемдік даму жолына түсуге ұмтылыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, жаһандану дәуірінде де ұлттық рухани құндылықтарымызды қадірлеп, сақтап қалуымыз қажет. Ең маңыздысы, егемен еліміздің мемлекеттік тілі ретінде қазақстандық қоғамды бір мақсатқа ұйытуға тиісті қазақ  тілінің мәртебесін көтеру – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. 

Қазақ тілі - дүниедегі ең көркем, ең табиғи, ең бай, таза тілдердің бірі болып табылады. Оның осындай айрықша қасиетін ғұламаларымыздың баршасы бағалаған, сонымен қатар, қаншама орыс оқымыстылар, еуропалық білімдарларайрықша баға берген. Қазіргі таңдағы қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында, қазақтың ата – анасының қолында. Себебі, Елбасымыз айтқандай: «Өзіміз туған тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз».

Тіл – рухани барлық құндылықтың негізі болғандықтан, әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуынан тысқары қала алмайды. Белгілі бір ұлттың дамуы өзінің ұлттық тілін қазіргі жаһандану заманында сақтай отырып, оны одан әрі өркендетуге, қоғамдық қызметін сан сала бойынша кеңейтуге, сонымен қатар осы мақсаттағы іс-шараларының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне, демек мемлекеттік тілдік саясат пен бағдарламаларға тікелей байланысты.

Ал кез келген тілдің  даму жолы мәдени-тарихи мазмұнды  құрай отырып, әрбір ұлттық ділді (менталитетті) басқалардан ерекшелейді. Әлемдік өркениеттегі кез келген мәдениет адам қолымен жасалған құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс (процесс) ретінде таныла алмайды. Қай ұлттың болсын мәдениеті сол елдің сан ғасырлық қоғамдық-әлеуметтік дамуының негізінде қалыптасып, өркендейді. Тілді ұлттан, ұлтты тілден, айналып келгенде, тілді ұлт өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік ортадан, қоғамдық қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін еместігі сондықтан

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Тіл және оның қоғамдағы қызметі

Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда адам пайдаланылатын құрал. Бұған тілдің келесі басты қызметі дәлел. Яғни тіл – адамдардың өзара қарым-қатынас құралы. Бұл өте кең түсінік болып табылады. Тіл арқылы хабарды жеткізуге, немесе хабарды алуға болады.

Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.

Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдіктілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар орыс, қытай, ағылшын, француз және испан тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 миллионнан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі анатілі, қостілділік (билингвизм), көптілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.

Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.

Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі оның қоғамғ ақызмет ету белгісі. Бірақ, тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың, қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға экономикалық жағынан қызмететсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап береді. Демек, тілден басқақоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма, қоғамғабелгілі бірсалада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде ,адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.


2.2 Қоғамдағы тіл мәселесі

Тіл – қуатты құрал. Оның қуаты мен құдіреті, ғажайып бейнелігі мен алмас қылыштай өткірлігі, әсіресе, көркем әдебиет пен публицистикада көрінеді де, айрықша әсерлі күшке айналады.Жамбыл Жабаевтың пафос пен патриотизмге толы «Ленингадтық өрендерімнің» Ұлы Отан соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы аттандыруда еткен әсері, әрбір сөзінің қуаты, дауылпаздай саңқылдаған даусының құдіреті баршамызға аян. Ол ешқашан да ұмытылмақ емес.

Мәселен, әлеуметтік желі дұрыс қолдана білмеген адамды тәуелділікке, шынайы өмірден ажырап қалуға, оқу мен жұмыста төмен нәтиже көрсете бастауға жетелейтінді шығарды. Мұндай бұрыс тұстардың қатарына отандастарымызды сауатсыздыққа бастап бара жатқан жағымсыз жағдайды да қосар едік.

Әрине, түптеп келгенде әлеуметтік желі бізді сауатсыздыққа үйретпейді. Оның ондай қауқары да жоқ. Кінәрат – қолданушыларда. Анығында, әлеуметтік желі пайда болғалы адамдар тіл мәдениетін, сөйлеу, жазу мәдениетін жоғалтып бара жатыр. Сөзжасамға бару, сөздерді орынсыз қысқарту, өзге тілдерді қазақа тілімен араластырып, тіл шұбарлау сынды орынсыз олқылықтар орын алып отыр. Оның барлығы түптеп келгенде ана тіліміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, оның қолдану аясын тарылтып бара жатыр. Әсіресе, оң мен солын енді ажырата бастаған жастар қауымы тіл бұзуға, сауатсыздыққа келгенде алдына жан салмайды.

Қазір мемлекет жалпы сөйлеу мәдениеті мен тіл сауаттылығын арттыру бағытында белгілі шараларды қолға алуда. Мысалы, Интернетте қазақ тілі бойынша оқу материалын, сондай-ақ сауаттылық деңгейіңізді тексеруге болатын интерактивті диктанттарды ұсынатын көптеген сайттар пайда болды. Көптеген жоғары оқу орындарда осы тақырып бойынша дөңгелек үстелдер жиналып, пікірталас жүргізілсе, мектептерде арнайы осы тақырыпта тәрбие сағаттары жүргізілуде.

Әлеуметтік желілердің оқушылардың сөйлеуіне әсерінің артуына байланысты ата-аналардың, мұғалімдердің оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен жалпы мәдениетін қалыптастырудағы ұстанымын анықтау мәселесі өзекті болып отыр.

Ересектер сөйлеу тұрғысынан олар өз балаларына үлгі екенін түсінуі керек, сондықтан аға буын таза және сауатты сөйлеу мен жазуды өздерінен бастауы қажет. Менің ойымша, қазіргі заманауи ақпараттық қоғамдағы сауатсыздық қалыпты жағдай ретінде елеусіз қалмауы керек. Адамдар дұрыс сөйлеп, дұрыс жазған кезде ғана оны ақылды, дамыған, ақылды заманауи адам ретінде сипаттауға болады. Егер бұл жағдайды түзетпесек, тіліміздің шұбарлануы – ұлтымызға төнген қауіп.



2.3 Әлеуметтік желідегі қолданылатын тіл мен оның сауаттылық маңыздылығы

Бүгінде баршамызды ақпаратпен қамтып, аралас-құраластығымызды жалғап жүрген бүгінгі әлеуметтік желі сәт санап дамып барады. Өкінішке қарай желі қолданушылардың сауаттылығы мен ақпараттың қатесіз жариялануына көңіл толмай тұр. Жылдам ақпарат көзіндегі орфографиялық қателерді былай қойғанда, ондағы стилистикалық, әрбір сөздің өз орнында тұруы, грамматикалық пунктуациялық ережелердің сақталмауы алаңдайтын жағдай болып отыр. Сондықтан қазақ әлеуметтік желі кеңістігіндегі сөз мәдениеті талаптарына, тілді қолдану нормасына аса көңіл бөлген жөн.

Қaзaқ тiлiнiң, aнa тiлiнiң тiл мәдeниeтiн көтeру – ұлттық мүддe тaлaптaрының бiрi. Тіл мәдениетіне апаратын жолдың басы - сөйлей білу. Өзара әрекеттесуді, адамзаттың бір-бірімен түсінуін қамтамасыз ететін, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде жүзеге асыратын - тіл. Тiлдiк қaрым-қaтынac-бұл aдaмның oйлaу, пaйымдaу, cөйлeу, тыңдaу, түciну, cөйлeу, oйлaу, cөйлeу жәнe т.б. ic-әрeкeтiнe тiкeлeй қaтыcты құбылыc.

Тiл мәдeниeтi дeгeнiмiз-тiлдiк тәciлдeрдiң ширaу, жeтiлу дәрeжeci. Coнымeн қaтaр, oл тiл жұмcaудaғы iзeттiлiк, caуaттылық қaнa eмec, тiлдiк тәciлдeрдi, фoнeтикaлық, oрфoгрaфиялық, oрфoэпиялық, мoрфoлoгиялық, cинтaкcиcтiк, cтильдiк құбылыcтaрды ұқыпты, дұрыc қoлдaну дағдыcы бoлып тaбылaды.

Мәселе пайда болған кезде зерттеу нысаны мен жолдары қоса пайда болатыны анық. Сондықтан біз айтып отырған әлеуметтік желідегі сауатсыздық, тіл мәдениетін зерттеу кезінде барынша ұқыптылық танытып, асқан жауапкершілік болу керегі белгілі. Болашақ ұрпақтың, жасөспірім жастардың әлеуметтік желіні қолдану кезінде сауатсыз бола бастауының себебі мен салдары ұдайы зерттелуге тиіс. Себебі ғаламтор отандастарымыздың сөйлеу мен жазу мәдениетіне, қандай да бір дағдыларға кері әсерін тигізіп келеді.

Қазіргі таңда, көп қолданыста жүрген әлеуметтік желілерге «Facebook», «Twitter», «WhatsApp», «Instagram», «Вконтакте» жатады. Бүгінде отандастарымыз бұл әлеуметтік желілерде ойын ашық айтып, суреттерімен, пікірлерімен, бейнежазбаларымен бөлісетін ортаға айналып отыр. Тіпті, мұнда тікелей эфир де бар. Өзге сайттар мен порталдарға арналған сілтемелерді де бөлісе аласыз. Ол аз десеңіз, мұнда тақырып бойынша түрлі топтар да бар. Сондықтан ресми органдардың өзі осы желіде жеке парақшаларын ашып, атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісетін болды. Бұл әлеуметтік желіні көбіне-көп жастар қауымы қолданатыны белгілі. Бұл ретте, осы әлеуметтік желідегі сөз қолданыстарын зерттей келе бірқатар орфографиялық қателіктерге тап болдық. Жазбалар мен пікірлердегі грамматикалық және пунктуациялық қателер өріп жүр.

Біз жастармен күнделікті өмірде, қоғамдық көлікте, көшеде, түрлі іс-шараларда жиі кездесеміз, бұл жастардың бір-бірімен қарым-қатынасы, олардың ортада немесе интернетте қолданатын сөздері аға буын өкілдерінің көңілін қынжылтады. Өйткені, жастар "сленг"," жаргон" сөздерді пайдалана отырып грамматикалық жүйеге бағынбай сөйлейді, жазады, тағы бірі таза бір тілде сөйлей алмайды. Oрыc тiлiндe қaзaқ cөздeрiн aрaлacтырып, aл қaзaқ тiлiндe кeрiciншe oрыc cөздeрiн қocуды әдeткe aйнaлдырғaн. Жастар қарым-қатынастың бұл түріне тым құмар болып барады.

Әлеуметтік желі байланысы әлемдегі ең танымал. Қарым-қатынастың бұл түрі хабарламаларды жазу жылдамдығын талап етеді, сондықтан хаттар қысқа және нұсқа. Бір хабарламаның көлемі 5-6 сөзден аспайды. Осыған байланысты жазбаша және ауызша сөйлеудің симбиозы біртіндеп дами бастады, немесе ол басқаша интернет-сленг. "Жаргон" дегеніміз не? Ефремованың түсіндірме сөздігі сленгті "белгілі бір топтардың, кәсіптердің және т. б. өкілдері қолданатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы" деп сипаттайды және әдеби тіл нормаларына сәйкес келмейтін ауызекі лексиканың қабатын құрайды". Басқа дереккөздер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!