Материалдар / «Тілге құрмет-елге құрмет »
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тілге құрмет-елге құрмет »

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту; ой – өрісін кеңейту; Жас ұрпақтың сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2020
631
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының тақырыбы: «Тілге құрмет-елге құрмет »
Мақсаты: Оқушыларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу.
Міндеттері:
Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер

Барысы:

Мұғалім:
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
Осы орайда ақын Мұқағали Мақатаевтың мына өлеңін оқып берейін.
Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.



Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Балалар ақын өлеңінде не туралы айтыпты?

Балалар ақын өлеңінде не туралы айтыпты?

Балалардың жауабы тыңдалады.
Мұғалім: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих

Олай болса Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.


«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық»

Ғабит Мүсірепов


«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»

Бауыржан Момышұлы


«Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов


«Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»

Шерхан Мұртаза

Ал енді балалар мына тілдің мұңын тыңдап көрейік.

«Тілдің мұңы»

Тіл: ----Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім.Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.Мен не көрмедім?

Ал енді балалар енді ұлағатты сөздерді тыңдап көрелік.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

2. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

3. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).

4. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).

5. Бал тамған тілден ... (у тамған).

6. Тіл қылыштан ... (өткір).

7. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).

8. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).

9. Тілден артық ... (қазына жоқ).

10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).




Мұғалім:

Балалар Тіл -халықтың жаны.Тілі құрыған халық та жер бетінен жоғалады.Тіл – халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы.Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы- туған ана тіліміз.Ол - қазақ тілі. Елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 1989 жылы 22 -қыркүйекте қабылданған. "Тіл туралы" заңда "Тіл- халықтың ұлы жетістігі әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін бөлігі" делінген.

Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?

1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.

Жарайсыңдар балалар.

Олай болса әруақыт өз тілімізді құрметтейік және сақтап қалайық.Осымен бүгінгі «Тілге құрмет- елге құрмет » атты сынып сағатымыз аяқталды.























Сынып сағаты

Тақырыбы

«Тілге құрмет-елге құрмет »













Орындаған бастауыш сынып мұғалімі:

Жанибекова У. А.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!