Материалдар / Тілім менің - тірегім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілім менің - тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне арналған тәрбие сағаты жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2023
350
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тілім менің тірегім

Мақсаты: Балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу

Әдісі:Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі:Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар
Кіріспе бөлім:
Тәрбиешінің сөзі: Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз балалардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілінің меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді.
Жарыс 4 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру (әр топ өзін таныстырады)
2. Мақал – сөздің мәйегі (мақал-мәтел жарысы)
3. Өлең – сөздің патшасы (тақпақтар)
4. Тіл - қымбат қазына (көрініс )
Жарысқа төрелік ететін әділқазыларды сайлау

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Әлия Сансызбайқызы

«Тілашар» бірлестігінің жетекшісі Гүлниса Жұмабайқызы

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам,
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес, - демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі өте бай, әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам отанында сүйеді.
1. Таныстырудан бастайық.

Сөз кезегін «тұлпар » тобы

Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз

«қыран» тобына

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан
2 сайыс. «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталады. Бірінші топ мақалдың басын айтса жалғасын екінші топ айту керек.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса...бас жарады.Алихан
2. Дәлелсіз сөз...желмен теңДамир
3. Ине көзінен сынады...шешен сөзінен сынады Амир
4. Піл көтермегенді...тіл көтереді Перизат
5Сөз тапқанға ...қолқа жоқ Ильяс
6. Жеті жұрттың тілін біл...жеті түрлі ілім білАйзере
7. Айтылған сөз ...атылған оқпен тең Гүлім

2-топ:

  1. . Көре-көре көсем боларсың.... сөйлей-сөйлей шешен боларсыңЗАРИНА
    2. Тауды, тасты жел бұзар.... адамзатты сөз бұзар АЙРИЗА
    3. Жақсы сөз.... жарым ырысАлмаз
    4. Жақсы байқап сөйлер.... жаман шайқап сөйлерИнабат

  2. 5. Тіл қылыштан...өткір Айлана

    6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі...ой өсіредіАқторғын
    7. Жыланның уы тісінде.... адамның уы тіліндеАқтілек

    3-сайыс «Өлең-сөздің патшасы»деп аталатын сайыста әр топтың қатысушысы Ана тілі жайында жазылған өлеңді жатқа айту керек

Алихан:Қазақстан халқының ,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі.

Хор :Әнұран

Дамир: Тәуелсіз Қазақстанның

Бал тілді бүлдіршінімін

Мерекесін тілімнің

Тойлаушының бірімін.


Амир:Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Перизат:Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышы елімнің.

Ильяс:Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Зарина:Сүйесің өз тіліңді,

Боласың білімді.

Өз тілің үйретер,

Өнерді ғылымды,

Ардақта тіліңді.

Ақтілек:Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі ,

Ана тілім сақтаған.


6-сайыс «Тіл-қымбат қазына» Көрініс көрсету
1-топ Көрініс «Төле бидің өсиеті»

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не  — О, қасиетті, баба! — Атқалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда колыңды жай, балам, — деп Төле би:
— Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол. . — Халқыңа әділ бол,
Жауыңа катал бол! Досыңа адал бол! –

аумин, деп бата беріпті.

2-топ Көрініс «Сырым шешен мен Үргеніш шешенінің айтысы»

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз керіс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі»,— деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:
Үргеніш шешені(Алихан)
—    Сөз анасы не?
Су анасы не?
Жол анасы не? — деп сұрайды.
Сырым батыр(Дамир)
—   Сөз анасы — құлақ,
Су анасы — бұлақ,
Жол анасы — тұяқ! — деп жауап береді.
Үргеніш шешені:
—   Дау мұрады не?
Сауда мұрады не?
Қыз мұрады не?
Жол мұрады не? — дейді.
Сырым батыр:
—   Дау мұрады — біту,
Сауда мұрады — ұту.
Қыз мұрады — кету,
Жол мұрады жету,— дейді.
Үргеніш шешені:
—   Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? — деп сұрайды.
—   Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? — дейді.
Үргеніш шешені:
—   Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? — Дейді.
Сырым батыр:
—   Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді,— дейді.
 
Сайысымыз аяқталды.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау
7. Марапаттау







Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Shape1



(МАДС)

Тәрбиеші:Ж.Сүндетова




Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



Picture 6



Shape2


Ұйымдастырған: Ж.Сүндетова

(МАДС)




2016 ж

Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп







Shape3

(МАДС)

Тәрбиеші: Ж Сүндетова








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!