Материалдар / Тірек қимылы бұзылған балалармен түзету педагогикалық жұмыстардың негізі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тірек қимылы бұзылған балалармен түзету педагогикалық жұмыстардың негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ДЦП бар балалармен мұғалімнің қалай жұмыс жасау керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың церебральды салдығы кезіндегі түзету педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттары.

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Негізгі мақсаттарды көрсетіп сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді. Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады: Балалардың церебральды салдығымен зардап шегетін балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек. Түзете-дамыту жұмыстары бұзылған және сау сақталған қызметтерді толығымен зерттеп білу негізінде ғана жүзеге асады. Сабақ кезіндегі дифференциалды ыңғай баладағы мүмкіндіктерді ескеру мен «оның жақын даму аймағында» орналасқан жаттығулар жүйесін құруды ескереді. Церебральды салдығы бар балалардың аталған ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жиі кездесетін ойыншықтардан гөрі сыртқы түрі, түсі, пішіні, көлемі, материалы бойынша ерекшеленетін өте ашық түсті ойыншықтардың атауын есте сақтау ұсынылады. Церебральды салдығы бар балалардың ойыншықтарды көрсетуінің ерекшеліктері бар:

1.   Оқыту сабақтарында ойыншықтарды көрсетумен қатар, оның атауын білдіретін сөз айтылады.

2.   Сөздер баланың көз қарасы ойыншыққа тоқтаған кездерде айтылады, немесе ойыншықтар баланың көру аймағында орналасады.

3.   Айтылайын деп отырған сөз баяу, әуенделіп, әртүрлі интонациялармен айтылады.

4.   Балада сөздерді түсінуді қалыптастыру барысында, есту, көру және тері-бұлшықеттік талдағыштар жұмысын белсендіреді.

5.   Ойыншықты оның бастапқы орнынан және баладан 2 метр қашықтықтан аспайтын жерге ауыстырып отырады.

6.   Балаларға ойыншықты іздеуді үйрету енжар бұрылуда кинестетикалық сезіну жолымен жүзеге асады, бұл кезде баланың басы ойыншық жаққа қарай бұрылуы керек.

7.   Баланың сөзді түсінгенін тексеру кезінде, ол интонация жағынан басқа интонациялық қарапайым фразалық сөздерге қарағанда ерекшеленіп тұрады.

8.   Ойыншық атауын түсінгенін, оның сол ойыншықта көз қарасын тоқтатуын және ойыншық жаққа қарай басының бұрылуы бойынша анықтауға болады.

9.   Бала бір ойыншық атауын есте сақтағаннан кейін, бірінші ойыншықтан алыстатылған басқа ойыншық атауын түсінуді қалыптастыруға көшеді.

10.        Баланың өзі білетін заттармен әрекет жасауды үйрету, қажет болса, көмек көрсету.

Дефектолог сабақтарының кешенді сипатта болуы баланың барлық қызметінің дамуын қарастырады. Осыны ескере отырып, барлық сабақтар тілдік нұсқаулар және түсіндірмелермен қатар жүреді. Сонымен қатар, нақты жағдайда тілдік нұсқауларды түсінуді дамыту бойынша арнайы сабақтар жоспарланады. Мектепке дейінгі жаста ұсақ моторика мен қол қимылдарының координациясын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Қажетті қимылдар немесе әрекеттерді жүзеге асыру кезіндегі тұрақты сәтсіздіктер сабақтан бас тартуға әкеледі. Сондықтан, баланың қызығушылығын арттыру мақсатымен, кез келген тапсырманы ойын түрінде ұсынған дұрыс, және де ол жағымды эмоционалдық ынталандыру тудыратындықтан, психикалық тонустың жоғары болуына себеп болады, бір жағынан жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады. Церебральды салдығы бар 0-ден 7 жасқа дейінгі балалар қолдарының ұсақ моторикасын қалыптастыру кезінде келесілерді есепке алған жөн:

1.  Церебральды салдығы бар балаларға көмектесудің қағидалы жолы – бұл ерте кешенді және мақсатты бағытталған түзету жұмыстарының баланың индивидуалдық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізілетіндігі.

2.  Баланың сау сақталған даму қарқыны және бұзылған қызметтерін түзетуге ерекше көңіл бөлінуі керек.

3.  Түзете-дамыту сабақтары баланың психикалық қызметтерін қалыптастыруға бағытталған тәсілдердің кезеңді күрделенуін болжайды.

4.  Ұсақ моториканы дамыта отырып, балалардың сөйлеу тіліне де әсер ете аламыз. Балаларда сөйлеу тілін түсінуді қалыптастыруды қамтамасыз ететін маңызды алғы шарты болып тері-кинестетикалық талдағышты дамыту табылады.

Кинестетикалық сезінудің жеткіліксіздігі, көру-моторлық координация арқасында құрылатын қоршаған заттарды дұрыс қабылдауды тежейді. Бала, өзі сол нәрсемен белсенді манипуляция жасайтын заттарының атын жақсы есте сақтап қалады.Түзете-дамыту жұмысының жүйесінде баланың ата-анасының белсенді қатысуын қарастырады. Күнделікті сабақтарға қатысу, күнделікті бастау, тапсырмаларды орындау, дидактикалық материалдарды орындаумен қатар, ата-аналарға балалардың церебральды салдыққа шалдыққан балалардың әрі қарай дамуы бойынша ұсыныстар беріледі Жаттығулар әртүрлі қиындық деңгейлерінде жүзеге асуы мүмкін: еліктеу және тілдік нұсқаулар бойынша. Алдымен, тілдік нұсқау көрсетумен қатар жүреді, яғни балалар еліктеу бойынша жұмыс істейді. Кейін олардың өз бетімен жұмыс жасау дәрежелері жоғарылайды – көрсету тоқтатылып, тек тілдік нұсқау ғана қалады. Мұғалім-дефектологтың балалардың моторикасын дамыту бойынша жұмысында, қозғалысты ырғақтық ұйымдастыру, қозғалыстың есту-көру-қимылдық ұйымдастырылуын жетілдіруге жағымды әсер ететін жұмыстар кешені маңызды орынды алады. Бұл жаттығуларды жасауда жүзеге асады, яғни бала бір ритмикалық суретті, жайлы кинестетикалық әуен бірлігі ретінде қимылдармен жасауы керек. Мұндай қимылдарға шапалақтар, үстелді қағу және т.б. жатады. Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен мүгедек баланың ата-анасы арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ата-аналар дефектологтан баласының өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алып жатады. Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді.

 



71 орта мектебінің мұғалім дефектологы: З.Утегенова

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!