Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тіс пастасының қорғаныштық қасиеті.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды орта мектебі «КММ»
Т
ақырыбы:
Жоба бағыты: Дені сау табиғи орта-«Қазақстан-2030» стратегиясының негізгі жүзеге асырушысы
Дайындаған: 9сынып оқушысы: Сейілханова Әйгерім
Ғылыми жетекші: Кашканова Гульжас Мадениетовна
Жұмыс жетекшісі: химия пәнінің оқытушысы Дюсупова Аяулы Кайратовна
2016 жыл
Жоба мақсаты:
Құрамында кальции бар биологиялық обьектілеріне қышқыл ортаның әсерін және тіс пастасының қорғау қасиеттетіне зерттеу
Міндеттері:
1. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу.
2. Қандай тіс пастасының тіс эмалін қорғауы ең тиімді
Зерттеу әдістері:
1. Әдебиеттерді зерттеу;
2. Интернеттен материалды іздеу ;
3. Эксперименттік бөлім.
Зерттеудің өзектілігі:
Қазіргі уақытта сатып алушыға пасталарының көптеген түрі ұсынылады. Тіс пастасының иісі, дәмі, түсі, мөлшері және брендтерінің көптегіне қоса, оның әсеріне қарай көп түрлері бар: сезімтал тіс пастасы, ағартқыш әсері бар, кариеспен тістегі тасты алдын-алатын пасталар. Осы көптің арасынан керек пастаны қалай таңдауға болады. Гигиеналық заттардың тиімділігін бағалау қиын, сондықтан қымбат пастасын сатып алу дұрыс па? Бұл жұмыста ең танымал тіс пасталарының қорғау қасиеттері зерттелді.
Жұмыс жоспары
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.1.Тістің құрылысы,ауыз қуысының гигиенасы.......................................5-6
1.2.Тіс пастасының шығу тарихы..................................................................7-8
1.3.Тіс пастасының түрлері............................................................................9-11
1.4.Тіс пастасының зияны мен жұту қаупі....................................................12
1.5.Қызықты құрамы мен қызықты мәліметтер............................................14-15
1.6.Сауалнама...............................................................................................16-17
1.7.Эксперименттік бөлім.............................................................................18-19
Қорытынды бөлім
Тіс пастасын дұрыс таңдау және пайдалы кеңестер.......................................20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
1.1.Тістің құрылысы
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бұдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.
Тістің негізгі бөлігін дентин (лат. «dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%-ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс-тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.
Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру коздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салкын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше,іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Ауыз куысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсакталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толык шайналған, өрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Өлімбаевтың «апылғұпыл ішкен ас, асказанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларга ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді.
Ересек адамдарда 28-32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналаскан жалпақ тістерді курек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдак тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сөбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6-7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұракты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне коректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жақсүйекте тұрақты тістер шығады. 12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18-20 (одан да кеңірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде, олардың ақылға ешбір қатысы болмайды
Ауыз қуысы гигиенасы. Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады. Жеке адамның ауыз қуысының гигиенасы ауыз қуысының тиісті иммунологиялық статусын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соған байланысты, мүшелер мен жүйелердің жедел және созылмалы ауруларын, сондай-ақ, кариесті және парадонттағы қабыну үрдістерді тудыратын, әр түрлі микроағзалардың ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуіне қарсы тұратын қуатты барьер туындайды. Қорғаныш қызметі сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының тиісті құрамының, қасиеттері мен қызметтерінің сақталып тұру есебінен жүзеге асырылады; бұл олардың құрамында микробтарға қарсы әсер ететін заттардың - лизоцим, лактоферрин, ферменттер және иммуноглобулиндердің болуына байланысты. Ауыз қуысындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлар патогенді микрофлораның қарқынды дамуына қолайлы орта болып табылады. Қышқылдың артық түзілуі ортаның рН деңгейінің қышқыл жаққа ауытқуына әкеледі, нәтижесінде, тістердің қатты тіндерінің минералсыздану үрдістері күшейеді, тіс тасының түзілуі мен таралуы белсенді жүреді, бұл урдістерге пародонттың микробтық ластануы, тіс пен қызыл иектің арасында қалталардың түзілуі, грануляциялардың өсуі, қабыну үрдістерінің пайда болуы, қызыл иектің қанағыштығы, тіс аралығындағы және тіс түбірлері аралығындағы қалқалардың бұзылуы тән.
Ауыз қуысының гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік берді. Ауыз қуысы гигиенасының негізгі құралдарына мануальды тіс щеткалары, тіс пасталары, сұйық заттар, тіс ұнтағы, сағыздар, ауыз қуысының жеке тіс аралығының гигиена құралдары, тісті ағартатын заттар, электрлік тіс щеткалары жатады. Тіс щеткаларында ерте кезден табиғи шошқа немесе жылқы қылтаны пайдаланылған. Синтеталық талшықтың кең таралуы табиғи қылтаны қолданыстан ысырып шығарды және физиология мен тазарту қабілеттерін есепке ала отырып жасалатын, тіс щеткаларының шығарылуына үлкен мүмкіншілік берді. Қазіргі кездегі барлық тіс щеткалары гигиеналық, профилактикалық (парадонтологиялық) және арнайы болып бөлінеді. Гигиеналық тіс щеткалары тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады, олардың түрлері тік және бұрылатын, ал тазартқыш қылы - бір деңгейлі болады. Профилактикалық тіс щеткалары ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға, қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген (қылдың биігірек шоқтары тіспен қызыл иек аралығына оңайырақ еніп,оны жақсы тазартады) қылдарында микротекстурасы бар (жұмыс атқаратын қылдың ұшы ғана емес, оның бүйір беттері де болып табылады) щеткалар жатады.
Арнайы щеткалар ортодонтияда пайдалануға арналған. Күнделікті тұрмыста профилактикалық тіс щеткаларын пайдалану ең қолайлы болып табылады. Дегенмен, үлкен адамдарға арналған тіс щеткаларын балалар мен жасөспірімдерге пайдалануға болмайды, себебі бұл щеткалардың өлшемі үлкен болады және олардың қатты қылдары ауыз қуысының нәзік тіндерін жаралайды. Сондықтан, балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады. Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады.
Тіс, қызыл иек, тіс аралығын, тілді ас қалдықтарынан, тістің жұмсақ қақтарынан, шырыштан тазарту, тас дақтарын кетіру және микробтардың көбеюіне бөгет жасау үшін, әр түрлі құралдар қолданылады, бірақ олардың ішінде ең кең таралғаны - тіс пасталары. Қазіргі пасталардың құрамына, олардың 20-40% құрайтын, түрпілі (абразивті) әсері бар заттар (бор, натрий бикарбонаты, натрий хлориді, алюминийдің гидрооксиді және т.б.), сонымен бірге, әр түрлі байланыстыратын, көпіршік түзетін, микробқа қарсы түратын, дәмдеуіштер, емдік – алдын алу қасиеті бар қоспалар, ферменттер, дәрумендер, беттік-белсенді заттар және т.б. кіреді. Түрпілі заттар тісті тазарту үшін қолданылады, бірақ оларды пайдаланғанда, тіс беті тек ысылып жылтыратылып қана коймай, жұқарады және қызыл иектің эпидермисі де бұзылады. Абразивтің әсері оның пастадағы түріне байланысты. Абразивтің ірілеу түрлерінің ауыз қуысы тіндерін зақымдауға қабілеті жоғары болып келеді. Smokers пастасының құрамына агрессивтілігі жоғары абразив, ал Sensitive пастасына - өте жұмсақ абразив кіреді. Мысалы, құрамында жұмсақ абразивтер - кальций карбонаты мен кремний тотығы болуына байланысты, фторланған фин тіс пастасы - «Финндент» тістерді жақсы тазартады, ал фторланған «Глистер» (АҚШ) тіс пастасы, құрамына қатты абразив - алюминий силикаты кіретіндіктен, агрессивтілігі жоғары паста болып табылады. Үлкен адамдар үшін жасалатын тыс пасталарының көбінде агрессивтілігі орташа абразивтер, ал балалар үшін, олардың тіс эмалі жетілу кезеңінде болғандықтан – тек аз агрессивті абразивтер қолданылады. Сол себептен үлкен адамдарғае арналған тіс пастасын балаларға пайдалануға болмайды. Соңғы кездері сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне тістің сезімталдылығын төмендететін Sensitive тіс пасталары шығарылуда. Пастадардың аллергиялық, жергілікті-тітіркендіргіш және уытты әсері болмауы керек, сонымен қатар, олар микроағзалармен ластанбаған болуы қажет.
Тіс пасталарын гигиеналық және емдеу-профилактикалық деп бөледі. Гигиеналығы тісті тіс қақтарынан тазартады және ауыз қуысына жағымды иіс береді. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының құрамында, тіс жегісіне, қабынуға қарсы, сезімталдылығын төмендететін, саңырауқұлаққа, микробқа қарсы және басқа да әсерлерін қамтамасыз ететін,әртүрлі қоспалары болады. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының арасында жеке адам (тұрмыстық) пайдаланатын да және кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталары болады.Кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталарын тек дәрігердің нұсқауымен пайдалану қажет, себебі әр түрлі жағымсыз салдары болуы мүмкін. Мысалы, абразивті қасиеттері жоғары тіс пасталарын немесе тісті ағартатын Smokers тіс пасталарын пайдаланғанда, тіс эмалінің күрт жұқаруына және тістің жоғарғы сезімталдылығы дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған емдеу-профилактикалық тіс пасталары, гигиеналық тіс пасталарына қарағанда, жақсырырақ және тиімді болып саналады. Алайда, тіс пастасының бір түрін ұзақ уақыт пайдалануға болмайды, оларды ай сайын ауыстырып отыру қажет.Құрамында хлоргексидин, триклозан сияқты микробқа қарсы компоненттері бар тіс пасталарын іріңді қабыну үрдістері пайда болғанда ғана, бірақ қысқа уақыт (2-3 апта) қолдану қажет. Көбінесе абразивті қасиеттері орташа және шөп экстрактылары қосылған тіс пасталарын пайдаланған дұрыс.
Сонымен бірге, жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған сұйық заттар да қолданылады: табиғи (шөп, содалы, шырынды және т.б.) және жасанды (шайғыштар, тіс эликсирлері, дезодоранттар, спрейлер). Тіс эликсирлерінің құрамында әдетте, 60% дейін алкоголь болатындықтан, оны сұйылту қажет, сондықтан олардың қолдануы орынсыз болып саналады. Ең жақсысы - шөп экстрактылары қосылған алкогольсіз шайғыштарды қолдану. Күшті антисептиктері бар шайғыштарды, құрамында антисептиктері бар тіс пасталары сияқты, қысқа уақыт ғана және тек көрсетілімі болған кезде пайдалану керек.Тіс ұнтақтары ұзақ уақыттан бері қолданылып келеді. Олар абразивті материалдар мен иіс беретін заттардың қоспасы болып табылады, мұнда абразивті материал ұнтақтың 98-99% құрайды. Тіс пастасының пайда болуына байланысты, тіс ұнтақтары аз қолданыла бастады. Оған себеп болған, тіс ұнтақтарының абразивті қасиеттерінің біршама күшті болуы, сол сияқты олардың тазартқыш қасиетінен басқа емдеу-профилактикалық маңызының болмауы.Ауыз қуысын тазартатын зат ретінде сағыз резеңке кең таралуы алды. Алғашқы сағыздардың құрамында қанттың көп мөлшерде болуына байланысты, олар тісті жұмсақ қақтардаң тазарта отырып, бір уақытта - тіс жегісінің дамуына әкелді. Қазіргі сағыздардың 30% - шайнайтын негізі (шайыр,парафин), 60% тәттілендіргіштер - қантты алмастырушылар, сол сияқты, тістің жұмсақ қақтарын тиімді тазартатын, дезодорациялайтын, қабынуға қарсы және т.б. қасиеттері бар кұрамдас бөліктерден тұрады. Алайда, барлық сағыз резеңкелердің жағымсыз қасиеттері бар. Аш қарынға сағыз резеңкені шайнағанда, ас қорыту бездерінің сөлі қарқынды бөлініп, гастриттер, асқазанда ойық жара және эрозия үрдістердің дамуына себеп болады. Шайнау үрдісі сілекей бездерінің үздіксіз жұмыс істеуіне әкеледі де, ауыз қуысының кілегейлі қабығының паталогиялық құрғақтануына, оның барьерлік және қорғаныш қызметінің төмендеуіне, ауыз қуысындағы ас қорытудың бұзылуына, дисбактериоз, езудің тілініп, қабынуы дамуына әкеп соғады.
Сағыздарды шайнау нәтижесінде аллергиялық реакциялар, сілекей бездерінің қатерлі ісіктері, балаларда тістердің үйлесуінін бұзылуына, шықшыт буынының дисфункциясына, парадонт тіндерінде қан іркілу салдарынан пайда болатын гиперемияға әкеледі. Сондықтан, сағыз резеңкелерді тек ас ішіп болған соң және қысқа уақыт ғана шайнау қажет. Сағыз резеңкелерінің қаптамаларында сағыздың қосымша жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер көрсетілуі қажет.
Ауыз қуысының ауруларының алдын алуда ауыз қуысы гигиенасының құралдарын дұрыс таңдау ғана емес, сонымен бірге, тісті дұрыс тазарту да маңызды роль атқарады. Тісті күніне кем дегенде, 2 рет - таңертең және кешке тазалау қажет. Таңертең ұйқыдан соң ауызды сумен шайқап, ас қабылдаған соң тісті щеткамен тіс сықпасымен тазалайды. Осылай кешке де тісті ұйқыға жатар алдында тазалайды.
Тазарту уақыты 3-4 минуттан кем болмау керек, тіс щеткасының қозғалысы көлденең ғана емес, сонымен бірге сыпырып, дөңгелетіп тазарту қажет. Тістің қызыл иекке өтетін жерін тазарту үшін, тіс щеткасын тіске 45º бұрышпен ұстау керек. Гигиеналық мақсатта тісті таңертең және кешке ғана емес, сонымен бірге әрбір ас қабылдағаннан кейін тазартып отырған дұрыс. Дамыған елдерде тұрғындар екі тіс щеткасын пайдаланады: бірі үйде, ал екіншісі – жұмыс орнында. Әр тамақтанғаннан соң тістердің арасын флосстармен (арнайы шығарылған нейлон жібі), тіс тазартқыштармен немесе аз шоғырлары аз тіс щеткаларымен тазарту керек.
1.2. Тіс пастасының шығу тарихы
Тіс пастасын біздің дәуірімізге дейін сонау Ежелгі Египетте де қолданған екен. Ол біздің ұғымымыздағы паста емес, ұнтақталған түрлі ас тұзы, жалбыз, бұрыш пен сарыгүлден жасалған. Ал алғашқы тіс щеткалары да қазіргі бізге мәлім щеткалардай емес, мүлдем басқа түрде болған. Мысалы, Шығыс халықтары ауыз қуысын тазалау және залалсыздандыру мақсатында гигиенаның барлық талабына сай ерекше тамырды пайдаланған.
«Colgate»тіс пастасы
1873 жылы «Колгейт және Компани» американдық компаниясында өзгерістер болды.Үйреншікті өнімнің ассортименті (эссенциялар, парфюм және сабын, балауыз шамдар) революциялық жаңалық–денталдік креммен ароматталған тіс пастасымен толықты.
« Blend-a-Med»
Procter&Gamble компаниясының Начало формы.Blend-a-Med пастасы- халықаралық бренді. Blend-a-Med компаниясы, көптеген елдерде танымал және стоматолог- мамандарымен бірнеше рет мақұлдаған, ауыз қуысы гигиенасына арналған, тістерді күту тіс ұнтақтар, әр түрлі мақсатта пайдалынатын тіс щеткалар мен жіптер және т. б. өнімдер ассортиментін кең ұсынады.
Blend-a-Med өткен ғасырдың ортасында ауыз қуысын күту үшін фтор сияқты заттардың, ғылыми тиімділігін растап, тіс эмалінің кариесімен күресуге фторлы қосылыстар құралдарды пайдаланыла бастады
1955 жылы АҚШ-та ұсынылған Crest тіс пастасы құрамында фтор және екі валентті қалайы бар
1.3.Тіс пастасының түрлері
Емдік-профилактикалық
Гигиеналық
Тіс пастасы
Комплексты немесе екеуі бірінде
(V деңгей)
тіс жегі+қабынуға қарсы
тіс жегі+антисенситивті
тіс жегі+ағартатын
тіс жегі+антипак
қабыну+антипак
қабыну+антитенситивті
тіс жегі+қабынуға қарсы+антимикробты+антипак
Көп құрамды
(ІІІ және ІV деңгей)
тіс жегіне қарсы
қабынуға қарсы
зеңге қарсы
қақ тұруына қарсы
сезімталдыққа қарсы
ағартатын
Абразивті(шылым шегушілерге арналған)
Антимикробты
қарапайым
(ІІ деңгей)
Тіс жегіге қарсы
Қабынуға қарсы
Сезімталдыққа қарсы
Абразивті «Антитартар»
(І деңгейлік)
Тістерді тазалау
Ауыз қуысын сергіту
1.4. Тіс пастасының зияны мен жұту қаупі
Тіс пастасын жұту қауіпті!
Күнделікті тұтынатын тіс пастасы жайлы біз білмейтін біраз нәрселер бар екен. Мәселен, қорап сыртындағы «бал қосылған» немесе «жалбыз сығындысымен» секілді сөз – жай ғана жарнамалық әдіс деп кім ойлаған?! Қандай паста пайдалы, қайсысынан бас тартқан жөн?
Негізінен қант қосылмаған пасталарды пайдалану керек. Еуропалық нұсқауға сәйкес, ешқандай тіс пастасының құрамында сахароза мен басқа да ферменттеуші көміртектер болмауы тиіс.
Ал гельді пасталар қарапайым пасталардан тек мөлдірлігімен ғана ерекшеленеді. Жай пасталардың құрамындағы кальций карбонаты (бор) мен титан диоксиді өнімге ақ түс береді. Айырмашылығы сол ғана.
Енді біраз тісті ағартатын пасталар туралы сөз қозғайық. Өндірушілер берген уәделерін орындағысы келіп, тіс пастасына абразивті (тегістеуші) ұнтақтар қосады. Оның көмегімен біз тісте тұрып қалған қақты ғана кетіреміз. Негізінен, абразивтілік индексі RDA болатын тіс пасталары – ең жақсысы. Сезімтал тістерге арналған пастада бұл көрсеткіш 75-тен аспауы керек. Ал абразивтілік индексі 200 болса, бұл өнімді аптасына 1-2 рет қана қолданған дұрыс. Өйткені мұндай пасталардың құрамындағы қоспа тіс эмаліне зақым келтіреді.
Тісжегіге қарсы тіс пасталарында триклозан мен хлоргексидин деген заттар болады. Олар – бактерия мен қабынуға қарсы мықты қорғаныс. Алайда бұл қоспа зиянды микробтарды өлтіріп қана қоймай, ауыз қуысының табиғи микроортасын зақымдайды. Триклозан бұрын хирургияда тазалағыш құрал ретінде қолданылған болатын. Ол тістегі қақты кетіріп, қызық иектің қабынуын тоқтатады. Триклозанды көп қолданған жағдайда, бактерияларда бұл препаратқа қарсы қасиеттер пайда болады. Бұдан соң антибиотиктер мен басқа да дәрілік заттардың тіске әсері әлдеқайда төмендейді. Сондықтан триклозаны бар тіс пасталарын 3-4 аптадан артық қолдануға тыйым салынады.
–«Бал қосылғаны» деген сөздің өзі жай ғана жарнама үшін айтылады. Шын мәнісінде мұндай тіс пасталарына балға ұқсас түрлі иістендіргіштер мен дәмдеуіштер қосылады.
Ал сықпа паста ма,ұнтақ па десеңіз, сықпа пастаны пайдалану әлдеқайда ыңғайлы. Әрі гигиенаға да сай. Ал ұнтақ салынған қорапта бактериялар тез көбейеді. Екіншіден, мұндай ұнтақ тіс эмалін бұзады. Балаларға өте зиян.
Көбісі «Неғұрлым қымбат болса, соғұрлым сапалырақ» деп ойлайды. Шын мәнісінде, пастаның құрамы күрделі болған сайын, бағасы артады. Сондай-ақ бағаға жұмыс күші, тасымал, қораптың құны, шығарушы компанияның аты да әсер етеді. Алайда тым арзанына да ұрынбаған жөн. Жер асты өткелдерінде, ашық базарларда тіс пастасын сатып алудан аулақ болыңдар.
Балаларға кез келген тіс пастасын қолдана беруге болмайды. Пародонтозға қарсы, ағартатын, көп мөлшерде фтор қосылған тіс пасталары бар. Олар ересектерге арналған. Балаларда тіс эмалі нәзік келеді. Сондықтан балалар үшін шығарылған арнайы пасталарды қолдану керек. Эмальді қатайту үшін балаларына фтор қосылған тіс пасталарын алатын ата-аналар көп. Олар қателеседі. Тіс эмаліне қажетті фтордың мөлшері өте шектеулі. Ол мөлшерді тіс пастасы арқылы қадағалау мүмкін емес. Өйткені кейде бала пастаны жұтып та қояды. Фторды ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда ол сау тістегі кальцийді ығыстырады. Нәтижесінде тіс сынғыш келіп, бала флюороз ауруына шалдығады.
Бүлдіршіндер пастаның жартысынан көп бөлігін жұтып қойып жататын кездер де кездеседі. Егер бұл жиі қайталана беретін болса, ағзаға өте қауіпті. Неге дейсіңдер ғой? Тіс пастасының құрамында химиялық қоспалар өте көп. Мәселен, глицерин пастаның тез кеуіп кетпеуі үшін қосылады. Ал парафин өнімге жабысқыш қасиет береді. Бұлар асқазанға түскенде, оны тітіркендіріп, зақымдайды. Тіс пастасына ментол да қосылады. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян. Жүрегі ауыратын адамдар ментол қосылған тіс пастасын пайдаланбағаны жөн. Пастаның құрамында формальдегид де бар. Ол – өте улы зат. Егер формальдегид ас қорыту жолдарына жиі түсе берсе, көру қабілетін нашарлатады, бүйрек пен бауырдың жұмысын бүзады.
Тіс тазаларда пастаның қанша мөлшері тым көп болмағаны дұрыс. Әйтпесе ауыз қуысы қатты көбіктеніп, тіс тазалауға кедергі келтіреді. Пастаның құрамындағы белсенді заттардың шамадан артық мөлшері де зиян. Тіс тазаларда бұршақтың көлеміндей пастаның өзі жеткілікті. Ал балалар бұдан екі есе аз көлемде қолдансын.
Тіс пастасын уақытылы ауыстырып отырған дұрыс . Бір пастаға үйреніп қалмау үшін екі немесе одан да көп түрін пайдалану керек. Оның үстіне, бұл тістің түрлі проблемаларын шешуге көмектеседі. Таңертең бір түрін, жатар алдында басқа түрін қолданған тиімді.
1.5.Тіс пастасының қызықты құрамы
Тіс пастасының құрамында титан диоксиді кездеседі. Ол көбінесе ақ түсті тіс пасталарында кездеседі. Ол адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді, бірақ оны қолданбаған жөн.
Формальдегид – тіс пасталарының құрамындағы негізгі компанент. Ол тіс киреукелерін бактериялардан қорғайды. Сонымен қатар ол адам ағзасына улкен зиян келтіреді: ол генетикаға, көзге кері әсерін тигізеді.
Тіс пастарадың құрамына теңіз балдырларын қосылады, олар тіс пастасының пішінін сақтауға арналған. Теңіз балдырларысыз тіс пастасы сұйық заттар болар еді. Теңіз балдырлары ағзаға ешқандай әсерін тигізбейді.
Сахарин – тіс пастасының жағымсыз дәмін жоюға арналған. Көбінесе балалар тіс пасталарында кездеседі. Оның адам ағзасына ешқандай зиян келтірмейді.Парафин тіс пастасының құрамында кездеседі. Мұнай өнімі болып табылады. Ол адам ағзасына үлкен қауіп төндіреді.Адам ағзасына түскен жағдайда адам ауруханаға түсуі мүмкін, асқазан аурулары мен ауыз қуысы аурулары болуы ықтимал.
ХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. Замаңына қарай бөркіңді ки демекші, көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен.
Кейбір африкалық тайпаларда жан-жануарлардан ерекшелену үшін күрек тістерді орта бөлігінен сындырған.
Австралияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тайпалар күрек тістерін тылсым күштерге құрбан еткен.
Аңыз-әңгімелерге сенсек, Будданың 40 тісі болса, Адамда 30 тіс болған екен. Бір айдағы 30 күннің болуы осыған байланысты деседі.
Адам тістері 2-ақ рет өздігінен өседі. Біріншісінде, 20 сүт тістер пайда болса, кейінен 32 тіс шығады. Айтпақшы, «сүт тістер» деп алғаш болып Гиппократ атап кеткен.
Тұңғыш рет электрлі тіс щеткасы Швейцарияда пайда болды. Қазіргі таңда әлемдегі 12% адамдар электрлі тіс щеткасымен қолданады.
Әлемдегі ең қымбат тіс – Исаак Ньютонның тісі. 1816 жылы 3300$ сталып алынған бұл тіс иесінің жүзігінен орын тапты.
Тістерге бағалы тастарды қондыру ерте кезде де сәнде болған. Мысалы, Майя тайпасының адамдары тістерін гаухар тастармен көркемдеген.
14 мыңға жуық емделушілерді зерттеп-бақылаған жапондық ғалымдар, күніне тістерін 3 рет тазалайтын адамдар үлкен салмақпен сирек жолығатынын дәлелдеді.
Тістердің қауіпсіздігне нұқсан келтіретін бірден-бір спорт түрі – хоккей. Кәсіпқой хоккейшілердің 68% мұз айдынында кем дегенде бір тісінен айрылған.
Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдарынан бастап әлемде 3000 жуық жаңа тіс щеткаларының түрлері пайда болыпты. Мысалы, үшбасты щетка (максималды тазалық), тіс пастасын өзі сығып беретін щетка, таймері бар тіс щеткасы және т.б.
АҚШ-тың Вермонт штатының заңдарына сәйкес, әйел адам тіс протезін тек жолдасының жазбаша рұқсатынан кейін кие алады.
Алғаш тіс щеткалары Қытай елінде 500 жыл бұрын пайда болған. Олар доңыздың түгінен, борсық пен жылқының шашынан жасалған.
Әлемдік алмаз байлығының 80 %-ы стоматологиялық бор әзірлеуге жұмсалса, қалған кішкене бөлігі ғана зергерлердің қолына тиеді екен.
Тістің алтын қаптамасын дайындау үшін бір ғана америкалық тіс дәрігерлері жыл сайын 13 тоннаға жуық алтын жұмсайды екен.
Қытай елінде қолданылған тіс тазартқыштарды жинайтын мекемелер бар. 1 кг тіс тазартқыш таяқтардың құны 1 доллар.
Кейбір зерттеулер бойынша, солақайлар көп жағдайда асты сол жақ тістерімен шайнаса, қалғандары оң жақ бөлік тістерімен шайнайды екен.
Людовик ХІ кезінде елге беделді адамдар тек сұйық тамақ ішкен деседі. Өйткені, олардың пайымдауынша, тамақты көп шайнау бетке әжім түсіреді.
Норвегияда 100 мыңға жуық сүт тістер сақталған «тіс банкі» жұмыс жасайды. Бұл банк қоршаған ортаның тіске тигізетін әсерін бақылауға көмектеседі.
Алғаш стоматолог әйел адам – америкалық Люси Тэйлор.
АҚШ-тың Род-Айленд штатында сенбі күндері тіс щеткасын сатуға тыйым салынған.
Қытайда 20 қыркүйек күні «Өз тістеріне махаббат» ұлттық мейрамы тойланады.
Грейпфурт жемісі ауыз қуысы ауруларынан сақтайды.
Ежелгі египеттіктер тіс пастасы ретінде вино мен пемзаның қоспасын қолданған.
Ежелгі Римде тіс тазалау үшін арнайы құлдарды жалдаған.
Сағызға алғаш рет қантты 1869 жылы стоматолог Уильям Семпл қосқан болатын.
Тіс 1000 градуске дейін төзе алады.
Кальцийдің 99%-ы тісте жинақталған.
Какаоның құрамында тіс жегін алдын алатын қоректі заттар бар.
Ұлудың 25 000-ға жуық тістері бар.
Сауалнама.
1.Қандай тіс пастасын
қолданасыз?
2.Тісті күніне неше рет тазалайсыз?
3.Неше жастан бастап тіс тазалай бастадыңыз?
4. Тісті қай уақытта тазалайсыз?
5.Тіс дәрігеріне жиі барасыз ба?
Сауалнама нәтижесі:Сауалнама жүргізудің мақсаты ең көп қолданатын тіс пасталарын алып, тісті күтудегі гигиеналық талаптарды оқушы сақтайды ма? – деген сұраққа жауап алу мақсатында жүргізілді.Тісті күтуді неше жастан бастауына тістің денсаулығы тікелей қатысты. Қорытынды: зерттеу нәтижелері көрсеткендей, таңдалған 3 тіс пастасының біреуіде 100% тісті қорғамайды, барлық тіс пастасымен өнделген жұмыртқалар бәрібір көмірқышқыл газ бөледі ( бұл қышқыл реакция).
Сондықтан да тістерін күніне 2 рет (таңертең және кешке) тіс пастасымен тазарту керек, ал әрбір тамақ ішкеннен кейін ауызды ең болмаса сумен щаю керек.
Тәжірибе қорытындысы бойыншы қышқылдардың қирату әсерінен ең жақсы қорғайтын "Blend-a-med" тіс пастасы екені анықталды.
Тәжірибе деректеріне сүйене отырып тіс кариесі, бактериялар бөлетін қышқылдан болады. Олар тіс эмалін жұқартып, кариес пен эмальдің қышқыл некрозына әкеледі.
Ауыз қуыс ауруларының негізгі себебі- бақтериялар. Кунделікті гигиена стоматологиялық аурулардын пайда болуы мен асқынуына кедергі жасайды.
Зерттеу көрсеткендей, барлық тестіленген тіс пасталар ішінде тек "Blend-a-med" тіс пастасы тісті бұзылудан және түсінің өзгеруінен жан-жақты қорғауды қамтамасыз етеді, ол өзінің қымбат бағасын ақтайды, себебі бір өнімде тіс пастасының барлық негізгі қасиеттері бар.Faberlic ассортиментінде құрамында фторы бар тіс пастасымен қатар құрамында фтор жоқ тіс пасталары бар. Құрамында фторы жоқ: Prodent профилактикалық тіс пастасы (арт. 1608) және Brise.
Эксперименттік бөлім:
Қорыта келсек,артқан сайын нарықта сапасы төмен төменде жақсы жарнамалатын тіс пасталары кездесуде.Олардың көбінің құрамы мен сапасы жағынан төмен болып келеді.Зерттеу жұмысын жүргізгенде нарықтағы кейбір тіс пасталарының адам ағзасына зиян келтіретінің анықтады.
Зерттеу нәтижесінде тіс пастасын ұқыпты таңдау керектігін дәлелдедім.Себебе тіс пастасының сапасы көп жағдайда жарнамаға сай қасиетке ие болмайды.
Сауалнама барысында « Colgate»,«Blend-a-med»,«Pepsodent» - тіс пасталары тұтынушылардың көптеген дауысына ие болды.Сол үш маркалы тіс пасталарын таңдап экспримент жүргіздім.Нәтижесінде таңдалған тіс пасталарын ешқайсысы да 100% көрсетпеді,бірақ арасындағы ең жақсы көрсеткіш көрсетпеді,бірақ арасындағы ең жақсы көрсеткіш «Blend-a-med» тіспастасыкөрсетті.Сондықтан мен тұтынушыға «Blend-a-med» маркалытіспастасынқолдануғакеңесберемін.
Қорытынды.
Тіс пастасын таңдау және пайдалы кеңестер
Қытай,Үнді және Еуропа елдері алғашында жануарлардың күйдірілген тұя-ғының ұнтағы мен кәдімгі жұмыртқа қабығының үгітілген ұнтағын араласты-рып қолданған екен.Нағыз тіс пастасы 18ғ.пайда болған.1824 ж.осы ұнтаққа сабын қоспасын,1850 ж. бор қосылған.Бүгінгі қолданыстағы тіске зияны ти-мейтін тіс пасталары 1873 ж. шығарыла бастапты.Ал сіз осы тіс пастасын тағы басқа да не нәрсеге пайдалануға болатынын білгіңіз келе ме?Кәдімгі тіс пастасын көбіне тіс жууға ғана пайдаланамыз.Ал оны басқа да мақсаттарда қолдануға болатынын білесіз бе?
1.Абайсызда қолыңызды пышақпен тіліп алдыңыз.Қан тоқтаған бойда бірден тіс пастасын жғып қойыңыз.Ауырсынуды басып, ауырған жердің тез жазып кетуіне көмектеседі.
2.Ал қолыңыз буға немесе кез-келген ыстық нәрсеге күйіп қалған болса,тіс пастасын қолдануға болады.
3.Бетіңізге шыққан безеуді де тіс пастасының көмегімен кетіруге болады.
4.Естеріңізде болсын,тіс пастасы сондай-ақ қолға сіңіп кеткен балық,сарым-сақ,пиаз иісінен арылуға көмектеседі.Кеңестер кәдеңізге жарасын!
Қолданған әдебиет тізімі
-
Химия.Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулық.
-
Биология.Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2008. ISВN 9965-34-812-Х
-
Ғаламтор.Википедия энциклопедиясы
-
Мақала.Ауыз қуысының гигиенасы.
-
Мақала.Мисуак деген не?Ислам нұры газеті.№12 саны.05.01.2016
-
Денсаулық энциклопедиясы
13