Материалдар / Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы. Биология пәні Ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Сәуір 2022
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.

Бөлім:

8.1D Қоректену

Педагогтің аты-жөні:

Баймбетова М.О.

Күні:

12.10.2021

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тіс гигиенасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.2 әртүрлі типті тістердіңқұрылысы мен қызметтері арасындағы байланысын және тісті күту ережелерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Тіс қаптамасы, мойны мен түбірінің қызметін сипаттайды

Көпшілік оқушылар үшін:

Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасындағы байланысты анықтайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Кіреуке, дентин мен жұмсақ ұлпасының (пульпа) рөлін сипаттайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.


Топтастыру.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.

I – Үшбұрыштар тобы

II – Дөңгелектер тобы

III – Төртбұрыштар тобы


Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Ағзаға тіс не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.

2. Кіреуке дегеніміз не? Ол қандай рөл атқарады?

3. Тістің сыртқы және ішкі бөліктері мен қабаттарын атаңдар.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

1-аялдама:

Оқушыларға тістің түрлерін ажырату үшін адамның жақ сүйегінің моделі ұсынылады. Оқушылардан тістің түрлері мен қызметін және құрылысындағы айырмашылығын анықтау сұралады. Оқушыларға тістерді салыстыру үшін критерийлер ұсынылады:


  • Тістің пішіні қандай?

  • Қанша түбірлі?

  • Әр түрдегі тістердің саны қанша?

  • Қандай қызмет атқаруы мүмкін?

Оқушылар салыстыру нәтижелерін жазып алады.

Саралау үшін кейбір көмек қажет ететін топтарға тіс құрылысы мен қызметі туралы қосымша материалдар ұсынылады.

2-аялдама:

Тістің құрылысы көрсетілген суретте немесе тіс моделінде тістің құрылысымен танысады. Осы жұмыс барысында оқушылар тістің құрылысын сызбаға салып алады.


3-аялдама:


Тіске зиянды әсер ететін факторларды атау сұралады. Оқушылар топта талдайды. Талдаудан кейін тістің күтімі туралы видеоматериалдың көмегімен жауаптарын толықтыру сұралады. Оқушылар өздерінің қорытындыларымен бөліседі.


Дескриптор: Жалпы-3 балл

1. Тіс типтері (құрылысы бойынша) мен олардың рөлі арасындағы байланысты анықтайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру


Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1.Тапсырма

1. Тістің құрылысын анықтау

2.Тапсырма

Тісжегі және оның асқынуы:
микробтар әсерінен дентиннің бұзылуын түсіндіреді

Дескриптор:

Жалпы-3 балл

1.Суреттерді талдау








ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.


Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

3.Тапсырма

1. Тістің зақымдану себептері туралы пікірлеріңді айтыңдар.
2. 33-суретті қарап, бейнеленген тіс бөліктерінің қызметін тү сін діріңдер.
3. Гигиена ережелерін сақтау тістерді сақтауға мүмкіндік беретінін мы-
салдар келтіріп дәлелдеңдер.

Дескриптор:

Жалпы -3 балл

1.Тапсырманы орындайды


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!