ЕрурзаеваАлтынай Хайратовна
Мұғалім портфолиосы С
есебі
№6-топ Тиімді оқыту мен оқу
бағдарламасы
Шымкент қаласы
23.05.2016
Тізбектелген сабақтар
топтамасы бойынша рефлексиялық есеп
Қазақстанның көркейіп, дамуы
үшін егеменді еліміздің еңселі азаматын шығару үшін мектеп
оқушысының бұрынғыдай өз талабына ғана тәуелді етіп оқытудан бас
тартуы, бала қабілеті мен сұранымына қарай ынтымақтастықпен жұмыс
істеу бүгінгі заман талабы. Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған
теориялық білімізді, мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға
тырыстым. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізіп, оқушылардың
сабақта терең, жүйелі білім алуы туралы деректерді жинақтау болып
табылатын. Бағдарламаның негізгі ұстанымдарын ұстана отырып, іс
жүзінде асыруға тырыстым. Бағдарламадағы жеті модуль де бір-бірмен
байланысып жатқандығын байқадым. Жоспарлаған сабақтарымды, жоспар
бойынша өтуді бастадым.Мен 2-сынып қазақ тілі пәнін таңдап алып,
сол сыныппен тізбектелген сабақтарымды өттім.Бұл пәнді таңдап
алғандағы себебім сыныпта көптеген оқушылардың білім сапасы төмен,
өз ойын ашық айтпайды,бір-бірімен қарым-қатынасқа түспейді, сауатты
жазуға машықтанбаған, сыни тұрғыдан ойлануға, сөйлеу мәдениеті
төменірек. Тізбектелген сабақатар топпамасынан мемлекеттік
оқу-бағдарламасының стандартына сәйкес құрылған күнтізбелік
жоспардан «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Сөйлем және оның
түрлері», «Сөз және оның мағынасы» тақырыптарын алдым. Алдымен
сабақты өтпей тұрып оқушылардан сауалнама алдым. Сауалнамада
мынадай сұрақтар қарастырылды: 1.Саған қайсы мұғалімнің сабақ
бергенін тез ұғынасың? 2. Сіз алған бағаңызға қанағаттанасыз ба? 3.
Сізге топпен жұппен істеген ұнайма әлде жұппен істеген ба? 5.Қай
пәнді оқыған сізге ұнайды? Қай пәнді оқыған қиындық
туғызады?
Оқушылардың үніне назар аудару
қерек деген тоқтамға келдім. «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты-оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну,
жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін
жазады(Rudduck et al, 2004) Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде мектеп
ұжымы, пән мұғалімдерімен жиналып, оларға бағдарламаның жеті модулі
туралы айтып, іс-тәжірибе кезіңдегі берілген тапсырмалармен
таныстырып, жоспарладым. Мектеп ұжымы бізге өз кеңестерімен қолдау
көрсетіп, керек кезінде көмектесті.
Тізбектелген сабақтар
топтамасындағы бірінші сабағым «Тіл және сөйлеу» тақырыбы
еді.Тізбектелген сабақтар топтамасына « Сөз теру», «Миға шабуыл»,
«Айналмалы бекет» «Аяқталмаған сөйлем» әдістерін қолданыла отырып,
«Сын тұрғысынан ойлау» модулін кіріктірдім.Себебі сындарлы оқытудың
орны ерекше, бүгінгі таңда алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде
қолдана алуы.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және
пайымдау нәжижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және
синездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол
әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.Сабақта оқушылар топқа
амандасу, әдепті сөздер, тыйым сөздер, тілек сөздер болып бөлінді.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сыныптағы
ынтымақтастық
атмосферасын құрып
алды
.
Оқушылар шеңберге тұрып,
бір-біріне жылы сөздер айтты.
Бұл сынып топтық жұмыс
істемегендіктен алдымен өз-өздеріне топтың ережесін құраттым, содан
топ басшыларын сайлап алды. Сынып топпен жұмыс істеп
дағдыланбағандықтан бірінші сабақта оқушылардың бейімделуі қиындық
тудырды. Топбасшысының іс-әрекетін түсіндірдім. Осы сабаққа мен
«басқатырғыш базары» әдісін үй тапсырмасын тексеруге жоспарлап
едім, алайда мектептегі тәжірибе кезінде, оқушылардың
қажеттіліктерін, жас ерекшелігін ескере отырып әдіс-тәсілді
өзгертіп, «бұлақ» әдісін пайдаландым. Осы әдіс арқылы оқушылардың
үй тапсырманы қалай орындағаны білінді. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
арқылы сөйлемдерді табу, оқушылар сөзді дұрыс қоя білуін тексердім.
Оқушылар бір-бірімен диалогтық қарым –қатынасқа түсе отырып,
өз-өздерін оқытады.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың
маңызыды рөл атқаратынын көрсетті.Мерсер мен Литлтон ( 2007) өз
еңбектерінде диалаг сабақта оқушылардың қызығушылығын артырумен
қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап
көрсетеді.(МАН, 39-бет) Диалогтық оқыту барысында үлгермеуші
оқушыларға топ мүшелерінің ықпалы тиді.Топтық жұмыстарда өз ойларын
айта білді.Топтық жұмыста барлық оқушыларды қамтиды.Тапсырмаларды
орындау барысында тақырыпты түсінуге қол жеткізу үшін төмен
дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды қолдандым. Оқушылардың
білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу
және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып,
оқытудағы қиындықтарды жоюға көмектесті. Оқушылардың ынтасын артыру
мақсатында ынталандыру сөздерін қолдан0тарын арттырдым7 ып6 саба00а
деген 0ызы5уыламын. Жарайсың! Бәрекелде! Тамаша! Қалыптастырушы
баға қойып мысалыға: түрлі күлтешелер, жұлдызшалар
қойдым.Топбасшылары өз тобын бағалап отырды.Оқушыларға жазбаша
немесе ауызша түрінде бағалар қойылады. Оқушыларға әділ баға қоюдың
шынайы түрі критерийлер мен дискрипторлар құра отырып, шынайлыққа
бет бұрды. Сыныпта оқушылармен қарым-қатынасы жақсы емес оқушылар
бар еді, сондықтан топпен жұмыс жасауға ықыласы жоқ болатын.Сабақ
өткенде осындай кедергілер болды.Сыныпта белсенді оқушылар тек өз
сабағына ғана көңіл бөлетін. .Сабақтың соңында оқушылардың бүгінгі
сабаққа не білгені, не сәтті сәтсіз болғаны жөнінде рефлексия
алдым. «Плюс-минус-қызықты» әдісі арқылы жазды. Осы тұста маған М
есімді оқушым маған бір-бірлерінің сабақ түсінгендері ұнады деп
жазыпты. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас
оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.(МАН, 25-бет) Әр топбасшысы
өз топтарына оқу үшін бағалау бағасын қолданды. Менің екінші
сабағым Дыбыс және әріп тақырыбы болатын. Оқушыларды ынтымақтастық
атмосферасын құрып алдым. Топтарды түрлі-түсті қағаздардағы дыбыс,
әріп, сөз,сөйлем деп 4топқа бөліп алдым. Топқа бөлінуге өз
ынта-жігерімен кейбір оқушылар кіріскен жоқ, Бірақ топбасшыларын
өздері сайлап алды. «Бұлақ» әдісі бойынша топтарға сұрақтар
берілді. Үй тапсырмасын тексеруге топтар ақылдаса сұрақтарға жауап
берді.Оқушыларға АКТ-ны пайдалана отырып топтарға видео
көрсетілді.Бұл видео роликта 1-мамыр Ынтымақ күні мерекесіне орай
берілген сюжет еді. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша
оқулықтағы тапсырмалар берілді.Сөйлемдер құрастырды. Әр топқа « Кім
жылдам» әдісімен семантикалық карта берілді. Топтар бір-бірімен
ЖАДА аясында жұмыс жасады. Сабақта көңіл қоржын бойынша өзіне
ұнаған тұстарын айтты. Топбасшылары өз тобындағы мүшелеріне талдау
жасап ортақ бағасын шығарды. Топта әлі де бір-бірімен бәсекелесе
отырып жұмыс жасай алмады. Үшінші сабағым «Сөйлем және оның
түрлері» еді. Оқушылар бір-біріне тілек білдіру арқылы
ынтымақтастық атмосферасын құрды. Топты Сөйлемнің түрлері бойынша
бөлінді. Яғни тыныс белгісі бойынша .хабарлы, ? сұраулы, ! лепті.Әр
топ өз атауының ережесін және мысалмен келтіріп берді. Үй
тапсырмасын «Мен-саған, сен-маған» әдісі бойынша тексерілді. Топтар
бір-біріне сұрақтар қойып талқылады.Оқушылардың сын тұрғысынан
ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Реттілігін тап» әдісі арқылы
сөздерді дұрыс қоюларын тексеру, не үшін бұл сөзді қолданғанын
айтып берді. Оқушыларды сынақтан өткізу сұрақтарын қолданды.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында ребус шешу
сергіту сәтін өткіздім.Жауабын интербелсенді тақтада тексерді.
Оқулықтан «Қателігін тап» әдісі бойынша әр топ сөйлемнің жазылуын
еске түсіре отырып, тыныс белгілерін қойды. Себебін
түсіндірді.Оқушылар бүгінгі сабақта қандай деңгейде екенін
«Басбармақ» әдісі бойынша көрсетті. Оқушылардың алдыңғы сабақтарға
қарағанда топтық жұмысқа машықтанғаны көрініс тапты.Оқушылардың
басым бөлігі жақсы түсінгенін ашық түрде
көрсетті.
Әр топ тапсырмаларын орындаған
сайын бағалау парақшаларына жетондар салып жинады. Соңында 2-топтың
оқушылары көп жинады, яғни сол топ жеңіске жетті. Оқушылардың
топпен жұмыс жасай отырып бірте-бірте төселіп келе жатқандығы
анғарылды. Ал төртінші сабағымның тақырыбы « Сөз және оның
мағынасы» тақырыбы болатын.Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру үшін бір-бірне жылы лебіздерін білдірді.Оқушыларды 4-
қа бөлдім. Әр топ өз тобындағы қима қағаздарды теріп сөз
құрастырды. Бірінші топ сөз және оның мағынасы, екінші топ хабарлы,
үшінші топ сұраулы, төртінші топ лепті болып бөлінді. Үй
тапсырмасын пысықтауға «Сөз теру» әдісі бойынша әр топ сөйлемнің
түрлерін ережесін мысалмен келтіре отырып айтты. Кейбір оқушылар
сұрақтарға «көпіршелердің» көмегімен жауап берген оқушыларда болды.
Топбасшысы өз тобындағы мүшелеріне жауап берген оқушыларға
қалыптастырушы бағаларын қойып отырды. Сыныптағы бағалау тек қана
техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға
қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында
тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес
нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы
және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар
жатады. (Александер, 2001)(МАН,51-бет) Келесі тапсырмаларды
оқушылар жұппен, топпен талқылай отырып бұл ақпараттар ұзақ
мерзімде жадыда сақталады. «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен
топтарға жекелей тапсырмалар берілді. Біткен топ белгі беру арқылы,
түсіндіріп берді. Келесі «Кім жылдам?» ойынын ойнаттым. Топтарға
бірдей тапсырмалар берілді. Үлкен-..., ақ-... т.б. Оқушылар топпен
ақылдаса отырып постермер қорғап көрсетті. « Миға шабуыл» әдісімен
топтарға
АКТ-ны пайдалана отырып,
әртүрлі мағыналы сөздерді табуға тапсырмалар берілді. АКТ-да көре
отырып қызығушылығын арттыра топта белсенділігі жоғары болды. Құрт,
ара, жаз, қаз.Суреттен осы сөздерді таба отырып, сөйлемдер
құрастырды. Осы тұста талантты және дарынды оқушыларды анықтайтын
өлшемдерде мәселенің шешіміне тезірек жетеді, икемділік: басқаларға
қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, олар
оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай
алады.Сыныпта С деңгейдегі оқушылар А деңгейдегілерге Жақын арадағы
даму аймағы арқылы білім алуына ықпал етеді. Сынып барлық
оқушылардың білім деңгейі біркелкі емес, сондықтан С деңгейлі
оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бердім.Оқушылар әрбір тапсырманы
орындау барысында, кретирийлерге сүйене отырып, әділ баға қоюға
талпынды. Шынайлыққа бет бұрды. Менің алдыңғы сабақтарымда оқушылар
мен неге «4», «3» деген баға алдым деп өз-өздері реніш білдіретін,
енді осы сұрақтың жауабын өздері таба
алады.
Сабақ
кезеңдері
|
Дискриптор
|
Бал
|
Үй
тапсырмасы
|
-Сөйлемнің
анықтамасы, түрлері
-Жаттығуды дұрыс
орындауы
|
1
1
1
|
Жаңа
тақырып
|
-Сөздердің мағынасын
ажырта алу, яғни мәндес сөздер, мағынасы әртүрлі сөздер,
қарама-қарсы мағыналы сөздерді
табу
-Дәптерге
толық,ұқыпты, көркем жазу
|
2
1
|
Деңгейлік
тапсырмалар
|
С
деңгей
В
деңгей
А
деңгей
|
1
1
2
|
Барлығы-10 балл. С оқушы:0-5
балл-3, В оқушы: 6-8 балл-4, А оқушы: 9-10 балл-5. Сабақты
қорытындылауға «БББ»кестесін қолдана отырып, оқушылардың сабақты
қалай меңгергендігін анықтадым.
Сабақтың нәтижесінде
оқушылардың өзгерісі туралы
қорытындылағаным:
Оқушылар топпен жұмыс жасай
отырып, бәсекеге түсті;
Сабаққа қызығушылығы артты;
Уаққытты тиімді пайдалануға үйренді; Бір-бірімен жақсы
қарым-қатынаста болды;
Кездескен
кедергілер: өз-өзіне деген сенімсіздік
болды.Өз ойын ашық, еркін айтпады.
Кедергілерді жою
жолдары: жетелеу сұрақтарын қолдану;
жаңа әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, тиімді пайдалану; критерий арқылы
бағалауды қолданамын.
Сыныпта барлық оқушылар
қамтылып, үлгерімі төмен оқушының да білім деңгейі көтерілді; Осы
оқудың нәтижесінде мен есеп жазуға төселдім. Жеті модульдің сабаққа
кіріктірілуі туралы үйрендім. Топпен жұмысты орындауы .
Өзін-өзі бағалауы. Уақытты тиімді
пайдалануы.
Өз ойын ашық жеткізуі көрініс
тапты.
Келешектегі менің
жоспарым:
1.Сабақ жоспарына
әдіс-тәсілдерді рет-ретімен қолданамын
2.Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп
отырамын және сабағыма жеті модульді
кіріктіремін.
3.Үлгерімі төмен оқушыларды,
келесі деңгейге көтеруге тырысамын
4.Шығармашылық, мәселерді шеше
білуге тапсырмалар беремін.
5. АКТ-ны пайдалана алуға
баулимын.
6. Талантты және дарынды
оқушыларды анықтай отырып, олармен қосымша жұмыс
жасаймын.
7. Ашық есік күнін
ұйымдастырамын
8. Баспасөз беттеріне осы
бағдарлама идеясын негізге ала отырып, жариялымға
беремін.
9. Әріптестеріммен онлайн
бойынша желелік қауымдастық ізденісте, пікіралмасып қарым-қатынаста
боламын.
Қорытындылай келе дайын
білімді оқушыларға «дәстүрлі» оқыту арқылы берер болсақ, алған
білімін механикалық есте сақтағандықтан, емтиханда немесе сыныптан
тыс жерларде қолдана алуы мүмкін бірақ жаттанды түрде, оның
мағынасын терең меңгермеген болып саналады және уақыт өте келе
ұмытып қалады. Сондықтан біз мұғалімдер үнемі ізденіс үстінде жүре
отырып, өзгерістер енгізе, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып
оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып , бімге деген құштарлығын
арттыруымыз керек. Менің көкейімде жүрген сұрақтар осы бағдарламада
шешімдерін тапты. Менің тәжірибемде үлкен өзгерістер болды, орта
мерзімді жоспарлауда, бағалауда, жақсы қарым-қатынасқа түсуі, жаңа
әдіс-тәсілдердің сабаққа кіріктіруінде. Жас ұрпаққа тиімді оқыту
біздің басты мақсатымыз деп санаймын.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық
«Тиімді оқыту мен оқу»,2016
[Введите текст] [Введите текст] [Введите текст]