ТЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 9-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2024
103
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу

Ұзақтығы – 40 минут

Тыңдалым – 10 минут

Оқылым – 10 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі).

Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:

КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар

ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма


Қамтылатын мақсаттар


Тапсырмаларға сипаттама


Тапсырмалар

түрлері

Орындау

уақыты

Балл


1-5

9.1.1.1 тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді

талқылай отырып, тақырып

пен көтерілетін мәселені болжау;

9.1.3.1 әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздермен термин

сөздердің мағынасын түсіну;

9.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру.

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа

қатысты 200-250 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды.

Мәтінді тыңдау барысында

1-сұрақта мәтіндегі мақсат пен жетістікті анықтау; 2-сұрақта тақырыпқа қатысты сөздер мен термин сөздерді (3) мағынасына қарай бос орынға қояды; 3-сұрақта оқушы мәселеге

қатысты өз көзқарасын білдіреді

Көп таңдауы

бар сұрақтар



Қысқа жауапты

қажет ететін

сұрақтар



10

5

6-10

9.3.4.1 мәтіндердің

стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып,

талдау жасау.

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар тақырыпқа

қатысты 150 сөз шамасындағы

екі мәтінді оқиды.

Төрт бөлімнен тұратын бір тапсырманы орындайды:

оқушы мәтіндердің стилін,жанрын, олардың ерекшеліктерін, ұқсастықтары

мен айырмашылықтарын салыстыра талдайды.

Толық жауапты

қажет ететін

сұрақтар


10

5


9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін

сақтап, шағын мақала жазу;

9.4.2.1 эссе құрылымы

мен дамуын сақтап, мәселе

бойынша ұсынылған

шешімнің артықшылығы

мен кемшілік тұстарын

салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу;

9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық

және стильдік ерекшелігін сақтап, шолу жазу;

9.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын

тыныс белгілерді орынды қолдану;

9.5.1.2 жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру;

9.5.1.3 ыңғайластық қатынасты білдіретін және

қарсылықтық қатынасты

білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда

орынды қолдану.

Тапсырма жеке орындалады.

Оқушылар берілген төрт сұрақтың (мақала, репортаж, эссе, сұхбат) бірін таңдап,жазба

Жұмысын орындайды.

Мұғалім оқушының

жазба жұмыстарында стильді сақтауын, қосымшаларды

дұрыс жалғауын, сөйлем

соңындағы тыныс белгілерді

орынды қолдануын бағалайды.

Сондай-ақ бағалауда оқушының ыңғайластық,

қарсылықты салалас пен қарсылықты, мезгіл, шартты

бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануы

ескеріледі.

Жазбаша толық жауапты қажет етеді

20

10


9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген

тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды

қолдану, диалогте, полилогте

сенімді сөйлеу;

9.2.4.1 шығарманың

идеясы мен мазмұнына

байланысты «автордың

ойын» бағалау;

9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты

сөйлеу этикеті формаларын

дұрыс таңдай білу

Тапсырма жұпта орындалады.

Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған

қағаздар теріс қаратылады).

Жұптағы

Оқушылар берілген тақырып бойынша 6 минут диалогке түседі (әр қушы диалогте 8-11

сөйлем айтуы керек).

Мұғалім оқушының берілген

тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды.

Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес

Ауызша толық

жауапты қажет

ететін сұрақтар


10


Барлығы



40

30















9-сынып. «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

І-НҰСҚА

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

ЭКСПО -2017 тақырыбы – «Болашақ энергиясы».  Әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды, күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен  технологияларын тартуға мүмкіндік берді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналды. Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз. «Болашақ энергиясы» жобасы қуаттың тұрақты көздерін дамытуға бағытталған стратегиялар, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуат көзімен қамтудың сенімділігі мен тиімділігін арттыру, энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру, қуатты үнемдеу өндірісінің және энергетикалық қорларды тиімді пайдаланудың жоспарын жасақтау мен жүзеге асыруда олардың белсенді қатынасының қажеттілігін көрсету секілді нақты мақсаттарды белгілейді.

ЭКСПО -2017 көрмесі энерготасымалдаушыларға тек қана денсаулық пен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуды жылдамдату секілді мәселелер мен міндеттерді есепке алу секілді жаһандық тұрғыдан қарауға мүмкіндік берді. 

ЭКСПО-2017 көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Түрлі мемлекеттердің баламалы энергия көздеріне қатысты ұстанымдары, көзқарастары ұнады. Әсіресе, Қазақстан павильонынан керемет әсер алдым. Бұл шара Қазақ елінің қонақжайлығын көрсететін үлкен мүмкіндік. Германия да Қазақстан секілді жел, су, күн сияқты баламалы энергия көздеріне басымдық беретін мемлекет. 

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі шетелдік туристерге Қазақ елін кеңінен танытқан бірегей жоба болды. Дүниенің әр бұрышынан келген қонақтар Сарыарқаның төсіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде қазақтың көшпелі тұрмысы мен қол өнерімен танысты. 2500 шаршы метрлік алаңға құрылған осынау «Қазанат» ипподромында ЭКСПО көрмесі аяқталғанға дейін 700-ге тарта іс-шара ұйымдастырылды.

1. Мәтіндегі мәселенің мақсаты неде?

    1. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату

    2. энергияның жаңартылған көздерін пайдалану

    3. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу

    4. балама энергияны зерттеуге грант жариялау [1]


2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.


A. Астана аталмыш саладағы ____________________________ жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналды. [1]



B. Түрлі мемлекеттердің ______________________________________ қатысты ұстанымдары, көзқарастары ұнады. [1]


C. Дүниенің әр бұрышынан келген қонақтар Сарыарқаның төсіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде _____________________________ танысты. [1]


3. Сіздің ойыңызша «ЭКСПО-2017 көрмесі» толық жүзеге асты ма? Неге?

___________________________________________________________________________________________________________________________ [1]


Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.

1 мәтін

2 – мәтін

Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, сезгендей боламын. Мағжан – культурасы зор ақын.

«Әдебиет –әдебиет үшін» деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін.

Мұхтар Әуезов


Алаш туы астында,
Біз алаштың баласы.
Күніміз туып көгерді,
Сарыарқаның даласы.
Құрт аурудай жайлаған,
Құртпаққа бізді ойлаған,
Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Елімізді лайлаған.
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Қолдайтын алаш бабамыз.
"Туысқандық", "теңдік" деп,
Туын қолға ап шабамыз.
Берілгенде тілектер,
Жарылмай ма жүректер?!
Заң жасайтын орынға,
Жұртпен бірге барамыз!
Қатардан орын аламыз!
Жасасын, алаш, жасасын!

Сұлтанмахмұт Торайғыров


Берілген кестені толтырыңыз.


А мәтіні

Ә мәтіні


Стилі, себебі ...






2

Жанры, себебі ...





1



Ұқсастығы






1



Айырмашылығы


Жазылым

Берілген 2 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.


1. Алаш идеясы мен қайраткерлері

Өзің қалаған алаш зиялысының атынан бүгінгі ұрпаққа тіл туралы өсиет хат жаз.

2. Болашақ энергия көздері

«Болашақ энергиясының адамзатқа қандай пайдасы бар?», - деген тақырыпта облыстық байқауға эссе жаз. [10]


Айтылым

Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша монолог құрап, мазмұндаңыз.


Ұсынылатын тақырыптар:

  1. Қазақстан -2050 стратегиясы

  2. Биотехнология жаңалықтары

  3. Баламалы энергия көздері

  4. Тұңғыш президент [10]














ІІ-НҰСҚА

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақстан жаһандану кезеңінде үлкен бастамалар көтеріп отыр. Оның негізгі көріністерінің бірі – Астана қаласында өткен Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесі.

Бұл көрме Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша өтті. Оның тақырыбы «Болашақ энергиясы» деп аталды. Көрме энергияның экологиялық таза әрі жаңартылған мақсатында өтті. Көрме әлем ғалымдарының күш-жігерін біріктірді. «ЭКСПО-2017» Қазақстанды тағы да бір қырынан танытты.

Мемлекет басшысы көрменің жабылу салтанатында сөз сөйледі. Ол: «Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейде әрі табысты өткенін зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл- Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатқан айрықша жетістіктердің бірі. «ЭКСПО – 2017» көрмесін 4 миллионға жуық адам аралап көрді. Дүниежүзі көз тіккен «ЭКСПО» беделімізді биіктетіп, рухымызды көтерді»- деді.

Қазір заман талабы ғылым мен білімдегі бәсекелестікті тудырып отыр. Көршілес отырған мемлекеттердің арасында достық пен бәсеке қатар жүріп келеді. Өйткені олардың экономикалық дамуы өте тығыз байланысты. Сондықтан әр елдің үкіметі бағыт-бағдары мен даму жолын дұрыс анықтауы керек. Олар баламалы энергия көздерін, өзге де табиғи ресурстарды табуға тырысады. Сол мақсатта ірі инвесторлар мен демеушілерді іздейді.

2017 жылы Астанада өткен «ЭКСПО» көрмесі көршілес елдердің ғылым мен білім деңгейін танытты. Өмір бойы білім алу арқылы әрбір қоғам мүшесі өзінің де, елінің де деңгейін көтереді. «ЭКСПО»- іскерлік пен дамудың көрсеткіші.

1. «ЭКСПО-2017» көрмесінің жетістігі неде?

  1. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату

  2. Қазақстан басқа елге тәуелді болуы

  3. Қазақстанның абыройын ас

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!