Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТЖБ 11 СЫНЫП Қазақстан тарихы 1 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ 11 СЫНЫП Қазақстан тарихы 1 тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы



1 ТЖБ 1-тоқсан. 11 сынып. Қазақстан тарихы

1-тапсырма. Ұғымдарды анықтаңдар.

«Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі»



«Қоныстану жүйесі»



«Экожүйе»





3 балл.

2-тапсырма. Ұлы Жібек жолының рөлін көрсететін Қазақстан аумағындағы қалаларды атап көрсетіңдер және оны талдаңдар.

1.




2.




3.




4.




5.




10 балл.

3-тапсырма. Қазақстаның экономикалық даму ерекшеліктерін талдаңдар.

«экономикалық жүйе»

«дәстүрлі (аграрлы) экономика

«жоспарлы (социалистік) экономика»







Ортақ белгілері





Ерекшеліктері




Сенің өз ойың мен қорытындың...





6 балл.


4-тапсырма. Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттаңдар.

Кезеңдері...







Ерекшеліктері...

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––







6 балл.

5-тапсырма. «PEST» талдау әдісін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму болашағын болжауда мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың орны қандай екендігін анықтаңдар.

Р- political

E-economical

S-social

T-technical

5 балл.































Балл қою кестесі.

Тапсырма №

Жауаптар

Балл

Қосымша ақпарат

1

«Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі» деген анықтамаға оқушы жауабы: Бұл адам мен қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісінде тіршілік ету ортасына бейімделу тетігі. Адам табиғат пен қоршаған ортаға бейімделуге, сондай-ақ табиғатты өз қажеттіліктеріне қарай бейімдеуге қабілетті. Табиғи –географиялық жағдайларға қарай бейімделу-адамның аман қалуының кепілі. Тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру негізінде табиғи-географиялық фактор жатыр.

2














2










2


«Қоныстану жүйесі»-халықтың белгілі бір аумаққа қоныстану жүйесі негізгі өндіріс тәсіліне байланысты болады. Қуаңшылыққа бейімделу нәтижесінде өндірістің көщпелі тәсілі пайда болды. қазақтардың қоныстану жүйесі- өндірістің көшпелі тәсіліне, яғни көщпелі малшаруашылығына негізделіп құралды.


«Экожүйе»-бұл ағзалар мен оларды қоршаған ортаның бейорганикалық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, көщпелі экожүйеде көшпелі малшылар мен көшпелілердің экологиялық ортасы өзара байланысып, бір-бірін толықтыруы арқылы біртұтас болып біріккен. Ол заттардың, энергия мен ақпараттың өздігінен реттелетін айналымын қамтамасыз етеді.

2

Тараз-түргештердің, кейін қарлұқтар мен қарахандықтардың астанасы саналған. Ол сауда және әскери-стратегиялық маңызды қала болды. Тараздың маңында қорғасын, күміс, темір және алтын өндіретін металлургиялық орындар дамыған. Тараз- «көпестер қаласы» атанды.


2


Суяб- Батыс түрік қағанатының, кейін Түргеш, Қарлұқ мемлекетінің астанасы болды. Қалада жылқылары әдемі, қағаны жасыл жібек шапан киген, шаштарын бұрым етіп өрген, 200-ден астам тархандар қағанның жанында жүрген деп будда монахы Сюань Цзян жазба қалдырған екен. Халқының саны 20 мыңнан асады деген де мәлімет бар.

2


Испиджаб/ Сайрам қаласы сауда және дін орталығы болды. Жергілікті көпестерақ маталар, қару-жарақтар, зергерлік бұйымдар, ыдыстарды басқа жерлерге жеткізіп тұрған. Қалада теңге сарайы, базарлар, мата сататын орындар, керуен-сарайлар көпс алынған. Қалада 40 мыңға жуық халық тұрған.



2


Отырар-Сыр өңірінің ең ірі сауда және мәдениет орталығы болды. Қалада монша, мешіт, медреселер көп болған. Отырықшы қала халқы мен көшпелілер арасындағы тығыз байланыс орнатылды. Отырарда Шығыстың екінші ұстазы әл-Фараби дүниеге келді. Жау шапқанда қала халқы бірігіп отырған.

2


Сауран – Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 35 ш жерде орналасқан ортағасырлық ірі қаланың бірі. Қала туралы мәлімет Х ғасырға жатады. Жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан деген де мәліметтер бар. ХІV ғасрыда қала Ақ Орданың әкімшілік орталығы болды.

2


3

Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.

1


Дәстүрлі/аграрлық экономика-бұл шектеулі қорларды пайдалануды дәстүрлер мен салттар анықтайтын экономикалық жүйе. Дәстүрлі экономика кезінде жер ортақ/қауымдық иелікте болады. Ал өндіріс мәселелері- адамдар арасындағы қатынастар негізінде шешіледі.

1


Социалистік экономика, әкімшілік-әміршілдік экономика, қоғам өмірінің барлық салаларын директивалық жолмен басқаруға негізделген. Социалистік экономиканың басты белгісі – іс жүзінде барлық экономика ресурстарға (жер, жер қойнауы, кәсіпорындар, қаржы, т.б.) мемлекеттік меншіктің үстемдік құруы. 

1


Ерекшеліктері-дәстүрлі мен социалистік экономиканың үстемдік еткен өз уақыттары болды. Белгілі бір мерзімде әрекет етті. Экономикалық жүйе екеуінің үстінде тұрған экономикалық қатынастардың нысаны.

1


Ұқсастықтары- дәстүрлі мен социалистік /жоспарлы экономикада өндіріс құралдары мен жерге ортақ меншік.

1


Оқушының қорытындысы

1

Қосымша ақпараттарды қолдана отырып, өз ойын жаза алады.

4

Кезеңдері –дәстүрлі экономика, аграрлық қоғамнан, индустриялық қоғамға өту социалистік жаңғырту жолымен жүргізілді. ХХ ғ 20- ж. ЖЭС, индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңінен өтті. Социалистік экономикадан соң, 1) 1990 -жылдар; 2) 2000 –жылдар (2008 жылғы дағдарысқа дейін); 3) 2010-жылдар.


3


Ерекшеліктері-1990-жылдары Қазақстанда 2000 жылдардағы экономикалық алға жылжуға мүмкіндік жасаған нарықтық реформалар жүргізілді. Экономиканы түбегейлі реформалау меншік қатынастарын түпкілікті өзгертумен, ақша-несиелік, салық-бюджеттік сыртқы экономикалық инвестициялық бағалық саясатты реформалаумен қатар жүргізді.


3


5

«PEST» талдау әдісі бойынша:

Саяси-

Экономикалық-

Әлеуметтік-

Техникалық/технологиялық-




5

Оқушының шығармашылық ойлауына байланысты бағаланады.

Барлығы:

30 балл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2024
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12