Материалдар / ТЖБ 5-сынып І тоқсан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТЖБ 5-сынып І тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жиынтық бағалауда тоқсан бойынша алған білімдерін бекіту, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұраққа жауап беру, тест тапсырмалары қамтылған. Бұл жиынтық бағалауда тоқсан бойынша алған білімдерін бекіту, мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұраққа жауап беру, тест тапсырмалары қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Тамыз 2021
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І тоқсан қорытындысы бойынша жиынтық бағалау (5-сынып)

Барлығы: 20 балл

Оқылым. Жазылым.

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.


Түлкі мен Ешкі


Бір түлкі жүгіріп келе жатып абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шығайын десе шыға алмай тұрғанда, ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға келіп, түлкіні көріп:

Әй, түлкі батыр, неғылып тұрсың? – депті.

Түлкі айтты:

Ой, неғыласың, батыр, жаным рахат тауып тұрмын: қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, – деді.

Мұны естіп ешкі мен де салқын су ішейін деп, секіріп апанға түскенде, түлкі екең секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне шығып, мүйізінен секіріп қырға шығып, жөніне кетті дейді.



1Shape1 . Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендір. (2 балл)

Кейіпкер


Әрекеті

Түлкі


Терең апанға түсіп кетеді.

Салқын су ішейін деп, секіріп апанға түседі.

Ешкі

Сөзге алданып, апанға өзі түседі.

«Апанның іші салқын, түбінде су бар» - деп алдайды.




2. «Жануар» сөзін жекеше және көпше түрде тәуелде, жалғауларын сыз.

(2 балл)


3. «Мектеп» тақырыбына берілген тірек сөздерді қатыстырып шағын

мәтін құра (10 сөйлем)

Мектеп, ұнайды, ілінген, қабат, дәліз, кабинет, асхана, кітапхана, үйірме , жабдықталған, қабырға. (5 балл)




4. Жазылым. Төменде берілген сұрақтарға толық жауап жаз. (6 балл)

1. «Қызыл кітап» дегеніміз не?

2. Қазақстандағы бірінші «Қызыл кітап» қай жылы шықты?

3. Қазақстанның «Қызыл кітабында» неше өсімдік, неше құс тіркелген?

4. Қазақстанда қызғалдақтың неше түрі бар, оның ішінде нешеуі «Қызыл кітапқа» тіркелген?

5. Қызғалдақтың неше түрі эндемикалық?

6. Қызғалдақтың қандай түстері көп кездеседі?

7. «Қызыл кітапта» тіркелген аң-құстар мен гүлдерді ата.

8. Аң-құс туралы қандай ертегілер білесің?

9. Барыс жеңіске қалай жетті?

10. Қырғауыл қандай құс? Түлкі қандай аң?

11. «Сын есім» деген не? Мағынасына қарай түрлерін жаз.

12. «Зат есім» деген не? Мағынасына қарай түрлерін жаз.


5. Тест сұрақтарына жауап бер. (5 балл)


1. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) жақсырақ В) қызғылт С) көгілдір Д) биіктеу Е) тұп-тұнық

2. Заттың түсін білдіретін сын есімді көрсетіңіз.

А) зейінді, ынталы В) жас, кəрі С) қара, көк Д) үлкен, биік Е) жақсы, ақылды

3. Сын есімді табыңыз.

А) жаңбырлы В) дəптер С) терезе Д) кілем Е) орындық

4. Зат есімнен жасалған сын есімді көрсетіңіз.

А) қызыл В) ұзын С) биік Д) таулы Е) кішкене

5. Қатыстық сын есімді тап.

А) үлкен В) арық С) биік Д) қысқа Е) төзімді

6. Сын есімді табыңыз.

А) естігенді В) əйелді С) дəптерді Д) кеткенді Е) дəмді

7. Қыста ауа райы қандай болатынын табыңыз.

А) ыстық В) жылы С) қарлы Д) жаңбырлы Е) жауынды

8. Күрделі сын есімді табыңыз.

А) көк В) сары ала С) қызық Д) жасыл Е) сұлу

9. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.

А) рəміз В) тағдыр С) арман Д) мерекелік Е) дастарқан

10. Сын есімді табыңыз.

А) келді В) тəтті С) айтты Д) көшті Е) көкті

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!