Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТЖБ 9-сынып. қазақ тілі.1-тоқсан
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша 9-сынып
Тапсыр-ма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау; 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту; 9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу; |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі). |
10 |
2 |
9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
15 |
10 |
3 |
9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу. |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
25 |
10 |
|
|
|
45 минут |
30 |
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырманы ауызша орындаңыз.
-
Мәтінді тыңдаңыз. Өз мәтініңізді және жұбыңыздың мәтінін тыңдап, мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтаңыз. Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз, сыни тұрғыдан баға беріңіз. Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолданыңыз. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
-
Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Жаһандану (“глобализация”, “глобализм”) ұғымдары XX ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолданыла бастады. Алғашқы еңбектердің аттары “Шекарасыз әлем”, “Біртұтас әлем”, “Біртұтас экономика” деген аттармен жарық көрді.
Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «жаһандану – әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы», деп атап көрсетеді. Оған мысал – ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіләлемдік қуатты корпорациялар, Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты әлемдік қаржы институттары тағы сол сияқты.
Жаһандануды былай сипаттауға болады: бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.
Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету, мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар біріне-бірі қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.
https://melimde.com/seminar-azirgi-jafdajdafi-bilim-berudi-basimdili-roli-jospar-j.html
Ә мәтіні
Білім беруді жаһандандырудың қандай факторлары қазір маңызды рөл атқарады? Бұл сұраққа жауап бере отырып, төрт негізгі кезеңді бөліп көрсету қажет: телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарымен жабдықтау. Олар білім беру процесінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін жаңа педагогикалық құрал ретінде пайдаланылады. Бұл факторды дәстүрлі оқу пәндеріне енгізуден бастады. Қазір ол айтарлықтай дамыды және педагогтарға жұмыстың түрлі ұйымдастыру түрлерін, сондай-ақ жаңа құралдарды ұсынады. Білім беру процесінің барлық сатыларында ақпараттық қолдау бар. Оқушы мен мұғалімді қолдау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі заманғы құралдарын және деректер базасын қолдану. Олар қашықтан жұмыс істеуге, сондай-ақ әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласына келді.Соның арқасында әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы оның пайдалану өрісінің кеңейгені белгілі. Негізгі мектептегі білім алу ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын қазығы екені белгілі.
Тәуелсіз еліміздің кезең-кезеңмен атқарып жатқан білім саласындағы іс-шаралары мемлекеттің өре мен қуатының ізденісін аңғартады.
Жаhандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндеттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты. Білім жүйесін әлемдік дамыған инновациялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.
Қорыта келгенде жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы, білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыру және шығармашылық қабілетін дамыту.Өз отанына деген патриоттық сезім жоғары, санасы азат, ойы озат, барлық жаңалықтарға жаны құштар азамат тәрбиелеу.
https://emirsaba.org/azirgi-bilim-berudegi-elemdik-jaandanu-procesi-jaandanu-nemese.html
Сөйлемдерді аяқтаңыз. Өз мәтініңіз бойынша, жұбыңыздың мәтіні бойынша түсінгеніңізді жүйелеп, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) Орыс ғалымы В.М.Межуев «жаһандану – ...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Жаһандануды былай сипаттауға болады: ...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Жаһанданудың басты мақсаты – ...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4) ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласына келді.Соның арқасында ... ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5) Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы, ...
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
«Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша 9-сынып 18.10.24
Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. [10]
Шешен сөзі қазак тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес.
Кез келген адам шешен бола ма? Осы сұрақтың төңірегінде таласты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенге қажетті қасиеттерді дамытумен, тәрбиемен, көп оқумен жетуге болады дейді. Бұл бүгінгі күннің таласы емес, шешендік өнер тарыхында үнемі туып отырған сұрақ.
Шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алушылық – екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиғатынан бар талант болса, ал көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады. Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфеннің өмірі кімге де болса үлгі. Оның алғашқы сөйлеуі сәтсіз болып жүрді. Демофен сөйлей бастағанда алғашқыда жұрттың бәрі күлді, айқайлап, наразылық білдірді, шешенді аяғына дейін сөйлеуге жеткізбейді. Кейін ол зор күш-қайрат жұмсаудың арқасында замандастырының арасында табысқа жетеді.
Сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі – өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Сөйлер алдында шешен көп жағдайда қатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді.
Неміс зерттеушісі Отто Эрнстің «Сізге сөз берілді» деген еңбегінде көпшілік алдындағы қорқыныштың себептерін көрсетіп, одан құтылудың жолдарын ұсынады. Оның пікірінше, қорқыныштың себебі – шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлауды ұсынады. Көпшілік жағдайда шешен өзінің мүмкіндіктеріне сенбейді, сондықтан шешен сөйлеуге жақсы дайындалғанын, тыңдаушыларға маңызды және пайдалы нәрселер айтатынына өзін-өзі сендіруі керек дейді. Бір сөзбен айтқанда, шешенге психологиялық дайындық керек. Сөйлеуші өзінің көңіл-күйі мен сезімін билей алуы қажет.
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс десек, шешеннің өз білімін көтеруі, дайындығы маңызды рөл атқарады. Өзінің білімін көтеру дегеніміз: жаңа біліммен толықтыру, ғылым мен техника жайында толымды мәліметтер жинау, газет-журнал, радио-телеарналардан хабарламалар алып отыру, көркем әдебеитті және ғылыми кітаптарды көп оқу болып табылады.https://tilalemi.kz/article/622
1-тапсырма. «Түсіндірме күнделік» [6]
Мәтіннен үзінді |
Түйіні |
Оқушы пікірі |
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс десек, шешеннің өз білімін көтеруі, дайындығы маңызды рөл атқарады. |
|
|
2-тапсырма. Шешендік сөздің тілдік ерекшелігін талдаңыз. [4]
Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмаққа елшілікке барған сапарында тепсініп айтқан сөзі:
Сен қатты болсаң,темірдей-ақ шығарсың,
Мен – көрікпін, еріткелі келгенмін,
Сен жүйрік болсаң жердегі аңдай шығарсың.
Мен – құмай алғалы келгенмін,
Сен қабылан болсаң,
Мен – арыстанмын, алысқалы келгенмін,
Жау тілегенге жасын береді деген,
Мен – танытқалы келгенмін…
Мәтіннен мысал |
Тілдік ерекшелігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
Жазылым [10]
Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1.«Бабалар салған сара жол» тақырыбында эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылап, біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз. Сөз саны – 100–120. Эссе жазу барысында тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
2. Маралтай Райымбекұлының «Мәңгілік Ел» өлеңіндегі өздеріңе ұнаған тармақты тақырып етіп алып, шығармашылық жұмыс (өлең, эссе, шығарма) жазыңдар. Шығармашылық жұмыс жазу барысында тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
Мәңгілік ел — арманымның асқары,
Мәңгілік ел — бақытымның бастауы.
Мәңгілік ел — тарихымның дастаны,
Мәңгілік ел Нұрлы жолға бастады.
Мәңгілік ел — менің аппақ мұратым,
Болашаққа нұрын шашып тұратын.
Мәңгілік ел — нұрлы жолы қазақтың,
Бар әлемге мойындатар қуатын.
Мәңгілік ел — шежіресі даламның,
Мәңгілік ел — ақ тілеуі анамның.
Мәңгілік ел — мәңгілікке аманат,
Мәңгілік ел — нұрлы жолы бабамның.
Мәңгілік ел — бейбіт өмір әуені,
Мәңгілік ел ең адамдай әдемі.
Мәңгілік ел — тәуелсіздік тірегі,
Мәңгілік ел — бүкіл халық тілегі.
(Маралтай Райымбекұлы)
Оқылымға арналған балл қою кестесі
№ |
Дескриптор |
Балл |
1 |
|
2 2 2 |
2 |
Шешендік сөздің тілдік ерекшелігін талдаңыз |
1 1 |
Ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. |
1 1 |
|
Барлығы |
10 |
Жазылымға арналған балл қою кестесі
Балл |
Сипаттама |
9-10 |
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. |
7-8 |
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды. |
5-6 |
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады. |
3-4 |
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама –қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер,пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
1-2 |
Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
Дұрыс жауаптар
Сөйлемдерді аяқтаңыз. Өз мәтініңіз бойынша, жұбыңыздың мәтіні бойынша түсінгеніңізді жүйелеп, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) Орыс ғалымы В.М.Межуев «жаһандану – ... «жаһандану – әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы», деп атап көрсетеді.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Жаһандануды былай сипаттауға болады: ... бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3) Жаһанданудың басты мақсаты – ... дамудың біркелкілігіне жету, мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4) ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласына келді.Соның арқасында ... Соның арқасында әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы оның пайдалану өрісінің кеңейгені белгілі. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5) Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануы, ... білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипат байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыру және шығармашылық қабілетін дамыту.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. [10]
Шешен сөзі қазак тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес.
Кез келген адам шешен бола ма? Осы сұрақтың төңірегінде таласты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенге қажетті қасиеттерді дамытумен, тәрбиемен, көп оқумен жетуге болады дейді. Бұл бүгінгі күннің таласы емес, шешендік өнер тарыхында үнемі туып отырған сұрақ.
Шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алушылық – екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиғатынан бар талант болса, ал көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады. Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфеннің өмірі кімге де болса үлгі. Оның алғашқы сөйлеуі сәтсіз болып жүрді. Демофен сөйлей бастағанда алғашқыда жұрттың бәрі күлді, айқайлап, наразылық білдірді, шешенді аяғына дейін сөйлеуге жеткізбейді. Кейін ол зор күш-қайрат жұмсаудың арқасында замандастырының арасында табысқа жетеді.
Сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі – өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Сөйлер алдында шешен көп жағдайда қатты толқиды, тіпті тыңдаушылармен кездесуден қорқады, өзіне-өзі сенімсіздік білдіреді.
Неміс зерттеушісі Отто Эрнстің «Сізге сөз берілді» деген еңбегінде көпшілік алдындағы қорқыныштың себептерін көрсетіп, одан құтылудың жолдарын ұсынады. Оның пікірінше, қорқыныштың себебі – шектен тыс ойлап қайғыру. Мұндай жағдайда сөздің мазмұнына көңіл аударып, іс жайында ғана ойлауды ұсынады. Көпшілік жағдайда шешен өзінің мүмкіндіктеріне сенбейді, сондықтан шешен сөйлеуге жақсы дайындалғанын, тыңдаушыларға маңызды және пайдалы нәрселер айтатынына өзін-өзі сендіруі керек дейді. Бір сөзбен айтқанда, шешенге психологиялық дайындық керек. Сөйлеуші өзінің көңіл-күйі мен сезімін билей алуы қажет.
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс десек, шешеннің өз білімін көтеруі, дайындығы маңызды рөл атқарады. Өзінің білімін көтеру дегеніміз: жаңа біліммен толықтыру, ғылым мен техника жайында толымды мәліметтер жинау, газет-журнал, радио-т
1-тапсырма. «Түсіндірме күнделік» [6]
Мәтіннен үзінді |
Түйіні |
Оқушы пікірі |
Сөйлеуге дайындық шешеннің өз қызметіндегі өте маңызды және жауапты іс десек, шешеннің өз білімін көтеруі, дайындығы маңызды рөл атқарады. |
Өзінің білімін көтеру дегеніміз: жаңа біліммен толықтыру, ғылым мен техника жайында толымды мәліметтер жинау, газет-журнал, радио-телеарналардан хабарламалар алып отыру, көркем әдебеитті және ғылыми кітаптарды көп оқу болып табылады. |
Сөйлеушіге психологиялық дайындық керек және өзінің ойын жаңа біліммен толықтырып отыруы керек. |
2-тапсырма. Шешендік сөздің тілдік ерекшелігін талдаңыз. [4]
Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмаққа елшілікке барған сапарында тепсініп айтқан сөзі:
Сен қатты болсаң,темірдей-ақ шығарсың,
Мен – көрікпін, еріткелі келгенмін,
Сен жүйрік болсаң жердегі аңдай шығарсың.
Мен – құмай алғалы келгенмін,
Сен қабылан болсаң,
Мен – арыстанмын, алысқалы келгенмін,
Жау тілегенге жасын береді деген,
Мен – танытқалы келгенмін…
Мәтіннен мысал |
Тілдік ерекшелігі |
Сен қатты болсаң,темірдей-ақ шығарсың, Мен көрікпін, еріткелі келгенмін, Сен жүйрік болсаң жердегі аңдай шығарсың. Мен – құмай алғалы келгенмін. |
Астарлап айту |
Темірдей, аңдай |
Теңеу |
Мен – арыстанмын, мен- көрікпін, |
метафора |
Мен деген сөз бірнеше рет қайталанған |
Анафора |