Материалдар / Тоғызқұмалақ ұлттық ойын ережелері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тоғызқұмалақ ұлттық ойын ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлттық ойын тоғызқұмалақтың тарихын таныстыра отырып негізгі ережелерін үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
256
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспарының бөлімі: Ұлттық және зияткерлік ойындар.


Күні:16.01.2021ж

Сынып: 7cынып


Мектеп: Б.Момышұлы жалпы орта мектебі.

Мұғалімнің аты жөні: Әбілмажанов Олжас Серғазыұлы


Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтың тақырыбы

Тоғызқұмалақ ұлттық ойын ережелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалау және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаттары


Оқушыларға ұлттық ойын тоғызқұмалақтың тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.

Бағалау критерийлері


Тоғызқұмалақ ойынының ережесімен бөліседі.Тоғызқұмалақ ойын кезінде түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып,көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


- тоғызқұмалақ (құмалақ, тұздық, отау, атсырау, қазандық)

зияткерлік ойындар




Диалог

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Осы ойында сіз қандай амал-тәсілдерді қолданасыз?

- Осы ойынды ойнаған кезде, сізде патриоттық сезім пайда болды ма?

- Ойнаған ойыныңыз сіздің әлеуметтік дағдыларыңызды өсіруге әсер етті ме?

- Сіз басқа халықтардың қандай зияткерлік ойындарын білесіз?

Керекті құрал-жабдықтар


Тоғызқұмалақ тақтасы,сағат,ысқырық.

Құндылықтарды дамыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді


Пәнаралық байланыс

Математика,тарих,әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Видео,аудио,слайд.

Сабақ барысы.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар



Сабақтың басы





10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Тоғызқұмалақ шығу тарихы

Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған.






Сабақтың ортасы



25 минут

Тоғызқұмалақ ережесі

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Жүріс жасау ережесі.

Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.Тақ болса немесе өз отауымызға түссе,құмалақ ұтып алынбайды.

Тоғызқұмалақ тақтасы

http://www.9kumalak.com/index.php/ereje

http://en.wikipedia.org/wiki/Toguz_korgool

https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE

https://skyruk.livejournal.com/406732.html

https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/20167/

http://www.worldchess.kz/en/page/show/chess-in-kazakhstan



Тұздық алу ережесі

Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

Атсырау” ережесі

Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. .Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.82 құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.

Дескриптор

-тоғызқұмалақ ойынын ережесімен ойнайды.

-тұздық алу,атсырау әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тоғызқұмалақ тақтасы







http://www.9kumalak.com/index.php/ereje

http://en.wikipedia.org/wiki/Toguz_korgool

https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE

https://skyruk.livejournal.com/406732.html

https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/20167/

http://www.worldchess.kz/en/page/show/chess-in-kazakhstan


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ

Оқушыға мейлінше қолдау көрсету үшін 3 деңгейлі тапсырмаларды орындауды қолдаймын

Оқушы білімін тексеру үшін, критериалды бағалау, ауызша бағалау және кері байланысты қолдаймын.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау, физикалық жаттығу мен ақыл қызыметін реттеуді бақылаймын.



Қорытынды бағалау



Сабақтың соңы


5 минут




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге





Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар тоғызқұмалақ ойынының тарихы, ережесі мен мақсатымен таныс болды. Жоспарланған саралау жақсы іске асты. Уақытты тиімді пайдаландым.

Ең жақсы өткен екі нәрсе:

  1. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қойылған мақсатқа жетті.

  2. Сабаққа арналған уақытын тиімді пайдаланып, берілген тапсырмаларды орындады.

Қандай екі нәрсе немесе тпсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

  1. Логикалық тапсырмаларды көбірек орындау.

  2. Бағалаудың түрлі әдістерін қолдану.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  1. Саралауды көбірекқолдану.

  2. Топта жұмыс істеу әдісін қолдану.














Смайликтер







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!