Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ток шоу "Алаштың асыл арысы - Халел Досмұхамедұлы" 9сынып аралығында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алаштың асыл арысы Халел Досмұхамедұлы
ғұмырының ғибратты тұстары.
Құрастыран: Тикишева Рахия Жанибековна.
Өтілетін орны: Концерт залы.
Армысыздар құрметті қонақтар!Қазақ елінің тəуелсіздігін өз өмірінің басты мақсаты мен мəні еткен, Алаштың арысы Халел Досмұхамедовтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында оның қазіргі ұрпаққа өнеге болатын қоғамдық-саяси өмірі жайында əңгіме қозғауды жөн көрдік.
Ұлт зиялыларының елінің ертеңі үшін аянбай еңбек еткен көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі, XX ғасыр басындағы дүрбелеңнің бел ортасында жүріп, туған халқының көкірегіне сəуле құюды армандаған, ел көсегесінің көгеруін басты мақсат тұтқан қазақ халқының асыл перзенті, зерделі өкілі Халел Досмұхамедов жұртына көп жұмыс істеп, еңбек сіңірген біртуар азаматтарымыздың бірі. Мамандығы дəрігер бола тұрса да, ол қоғам өмірінің сан салалы мəселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси жəне қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, əдебиетші, ауыз əдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
Ендеше, ортаға бүгінгі қонақтарымызды ортаға шақырмас бұрын, біздің тілшілер дайындаған деректі бейнеқорға назар аударайық!
(Осы жерде Халел Досмұхамедұлы туралы бейне ролик жүреді)
Жас дарынның тұлғалану жылдары (1916 жылға дейін). Олай болса, бүгінгі кешіміздің ең алғашқы қонағы 9 «Б» сынып оқушысы Кәрібай Исламды ортаға шақырамыз:
X.Досмұхамедов 1883 жылы көктемде қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келді.
Халелдің өзін санамағанда бесінші атасы Алдар Ерназарұлы қара қылды қақ жаратын, əділдікпен аты шыққан би болыпты. Одан кейінгілер де осал емес тəрізді. Оны Зімбіл ақыннан қалған мына бір өлең жолдары дəлелдей түседі:
Арғы бір атам — бай Байнақ,
Мыңғырған жылқы айдаған.
Бергі бір атам — би Машақ,
Бұлбұлдай топта сайраған.
Ақынның мұндағы Байнақ деп отырғаны — Алдар бидің баласының бірі, Тілекеден туған ұл. Ол 1779–1855 жылдары өмір сүрген. Байнақтың баласы Машақ та (1835–1889) төңірегіне тіреу, жарлыға сүйеу болған айтулы би деседі. Олардан өрбіген балалар Дəулетүмбет, Ізмағанбет, Досмұхамедтер де оқыған, тоқыған, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар болған. Досмұхамед 1850 жылы туған. Отыз үш жасында зайыбы Əйкен жарық дүниеге ұл əкеліп, есімін Халел қояды [3].
Ол он балалы отағасының жетінші болып көрген қызығы еді. Кішкентайынан ауыл молдасынан сауат ашып, одан сон ағасы Дəулетмұхамед Машақұлы оны жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқуға береді. Ол заманда да орысша білуге ұмтылып, оқу қуған казақ балалары аз болған жоқ. Бірақ солардың арасында ең алғырлары ғана жиған білімдерін пайдаға жарата білді немесе патша əкімшіліктерінде шенеунік болып, шен тақты. 1894 жылы Халел Орал (Теке) қаласындағы əскери- реалдық училищенің дайындық курсына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіріп шығады. 1903 жылы өнер-білімге құмар жас Санкт-Петербургтегі Императорлық Əскери-медициналық академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі.
Академияда оқып жүргенде студенттерге аты əлемге əйгілі, Нобель сыйлығының лауреаты академик Иван Петрович Павлов, Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі В.В.Радлов, қазақ лингвистика мектебінің негізін салушы, профессор Бодуэн де Куртэнэ, шығыстанушы-ғалым, академик В.В.Бартольдт, тағы басқа ғұламалар дəріс оқығанын көптеген тарихи құжаттар дəлелдейді. Бір қызығы, сол кездегі қалыптасқан тəртіп бойынша, Халел академия бастығының 1908 жылғы 10 желтоқсандағы рұқсатымен Тоқтыбаева Сағира Жұмағалиқызына үйленеді.
Рахмет Ислам мырза, ендеше ортаға 9 «Б» сынып оқушысы Тұрабай Әмірболатты шақырамыз!
Халелдің ат үстінде өткен күрес жылдары (1916–1919)
Х.Досмұхамедов — Алаш партиясы, Алашорда үкіметін құруда, оның жемісті еңбек етуіне ерекше үлес қосқан басшыларының бірі.
Ақпан төңкерісінен соң ұлтжанды азамат ретінде Халел де туған халқының болашағы үшін саяси күреске араласады. Ол дəрігерлік қызметін тастап, біржола Алаш қозғалысының белсенді көсемдерінің бірі болады.
1917 жылдың сəуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облысының қазақ съезінде Жанша Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті жəне облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынады. Оған делегаттар бір ауыздан дауыс береді.
1917 жылы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысады. 1917 жылы шілдеде өткен жалпы қазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады.
Сол жылғы желтоқсанда өткен жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен корғайтын ұлттық əскер, халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық, қаражат жинау ісіне күш салады.
1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленин жəне И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жəрдем алуға қол жеткізеді [4; 21].
Большевиктер Кеңес үкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар (Халел жəне Жанша (Жаһанша) Досмұхамедовтер) Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз əскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, əр жерде Кеңес органдары тұтқындаған Алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мəселелерді өткір қоя білді.
1918 жылдың мамыр айында Жаһанша екеуі Оралда съез ашып, онда «Ойыл уалаятының уақытша үкіметін» жариялайды. Əскер жасақтайды. Кіші əскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады. Қазақ жасақшыларына қару-жарақ алуға, банк ашуға, баспахана ұйымдастырып, газет шығаруға көп еңбек сіңіреді. 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен Алаш басшыларының жиналысында «Жер шалғайлығы мен жол қатынастарының нашарлығынан бүкіл елді бір орталықтан басқару қиындығын» ескеріп, «Ойыл уалаяты» ресми түрде мойындалады. Оған «Алаш Орданың Батыс бөлімшесі» деген ат беріледі.
Сөйтіп, саяси күреске түгелдей берілген Халел Досмұхамедов Алашорданың өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясы жұмысына, Алаш автономиясын жариялау ісіне белсене қатынаса отырып, оның басшыларының бірі болды.
Халел Досмұхамедовтың жиырмасыншы жылдарда заман талабына сай кеңестік құрылыс ісіне араласуы – атты мақаласымен 9 «А» сынып оқушысы Рахимжанова Гүлнұрды шақырамыз.
Кеңес үкіметінің 1920 жылы (5 наурыздағы Қаулысы) Алашорда мүшелеріне кешірім жасауы мен ақталуынан кейін Халелдің туған халқына аянбай адал еңбек еткен жылдары Ташкент кезеңі екенін ерекше атаған жөн.
Ғұлама ғалымның шығармашылық жолында жемісті еңбек еткен жылдары (1920–1929) – «Кеңес үкіметі соңына түсіп, ғылыми - атты мақаласымен Дайырова Дильнасты ортаға шақырамыз.Еңбектеріне қатаң тыйым салған Алаш зиялысы қандай ғалым болды екен?» деген сауал бүгін біз үшін өте маңызды.
Х.Досмұхамедұлының еңбектерін саралай келе, оның жан-жақты біліміне таң қаласыз. Жауапты қызметтер атқара жүріп, ол отандық ғылымның дамуына мол үлес қосты. 1922–1928 жылдар аралығында негізгі еңбектері жарық көрді: «Табиғаттану», «Жануарлар» (екеуі де 1922); «Оқушылардың саулығын сақтау» (Ташкент, 1925); «Адамның тəн тірлігі» (Қызылорда-Мəскеу, 1927); «Жануарлар: сүйектілер туралы» (1928), тағы басқа еңбектері.
Алаш ғалымдары мемлекеттікті лауазым үшін емес, керісінше, елге қызмет ету деп қазаққа қажетті істердің басында болған. Х.Досмұхамедовтың қажетті ғылыми еңбек ретінде Ю.Вагнердің«Дене бітімі мен оның жұмысы туралы əңгімелерін», «Өсімдіктердің жаратылысы мен тіршілігі туралы əңгімелерін» қазақ тіліне дер кезінде аударуы да осы ірі ғылыми мақсаттан туындайды. Бұл аударма сол кездегі А.Байтұрсынұлы мен Т.Шонанұлының «Оқу құралына» молымен енгізілген [2; 337].
X.Досмұхамедұлы — латын, араб, парсы, түрік, орыс, неміс жəне француз тілдерін меңгерген ғалым. Сондықтан ол тілтанушы, тарихшы, этнограф, аудармашы, əдебиеттанушы болған.
Əсіресе Халелдің ауыз əдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарудағы еңбегі зор. Махамбет, Мұрат ақынның жырларын, Шернияз бен Ығылманның толғауларын жинастыруда өшпес еңбек етті.
«Мұрат Мөңкеұлы», «Шернияз-шешен», «Қарасай-Қази», «Қыз Жібек», «Кенесары–Наурызбай» сияқты кітаптардың кейбіреуіне өзі алғысөз жазып шығарды. Абай, Мағжан, Шернияз ақындардың шығармаларының баспа көруіне себепші болды. «Алаш не сөз», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ əдебиетінің тарихы» сияқты, тағы басқа ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды.
«Мұрат ақын сөзі» (1924), «Исатай–Махамбет» (1925), «Аламан» (1926) жинақтарын шығарды. 1924 жылы Ресей ҒА-ның Орталық өлкетану бюросының корреспондент мүшесі болып сайланды. Осы жылы Түркістан Халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мəскеуде өткен Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі ресми таратылғаннан кейін оның белсенді басшылары халықтан алыстатыла басталды. Олардың көпшілігі қазақ даласынан оқшау жерлерге қызметке тағайындалды. Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер Мəскеуге жіберілді. 1920 жылдың жазында Х.Досмұхамедұлы Түркістан Автономиялы Республикасының орталығы Ташкентке келеді. Осында Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, М.Жұмабаев, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгерұлы сынды Алаш азаматтарымен бас қосады.
Халелдің ғылым, білім, тіл жайында айтқан ой-тұжырымдарына қарап, оны тəлім-тəрбие ғылымының да білгірі деп əбден айтуымызға болады. Бұл айтқанымызға оның 1924 жылы жарық көрген «Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан» атты мақаласының төмендегі жолдары жақсы айғақ: - атты Көбенова сымбатты шақырамыз.
«Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек керек. Аса сабыр керек. Білім мысқылдап кіреді. Білімді болу үшін көп сарғаю керек... Білім алудың жолы көп, жолдың ішіндегі ең төтесі жақсы мектеп, білімді мұғалім, мұнан қалса, ел ішінде көпке түсінікті болып жазылған білім кітаптары» [8; 48].
Ғалымның тіл мəселесі жөнінде айтқан пікірлері көңіл аударарлықтай. Ол «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген еңбегінде тіл, сөйлеу — адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады: «Əдебиет тілінің қаруы — баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды.
Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспадан қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел — сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды... Бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек.
Құрметті достар, бүгін біз сіздермен Алаштың біртуар тұлғасы Халел Досмұхамедұлы жайлы біраз ақпарат алдық. Бүгінгі кешімізге келген қонақтарға көп рахмет.Келесі кездезкенше сау болыңыздар!