Материалдар / Толағай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Толағай

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық спорттық жарыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Толағай (отбасылар сайысы)

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Өтілетін орны: Спорт залы
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.

2 - жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде
1-2 класс оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 6 отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)

1 - топ: « »
2 - топ: « »
3 - топ: « »
4 - топ: « »
5 - топ: « »
6 - топ: « »


1 Жүргізуші: Спорттық жарысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Алға аудандық білім бөлімінің әдіскері Нарынбетова Алтынай Мадалиевна;

  2. Алға аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салты кабинетінің меңгерушісі Сәтен Тұрсын Қабдіжанқызы;

  3. Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі –

  4. 3 Алға қазақ орта мектебінің дене дынықтыру пәні мұғалімі –Ахметоа Бауыржан



- Спорттық сайысымыз 5 баллды жүйемен бағаланады. 


1 - жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата - ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор.
2 - жүргізуші: Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы
кезеңнен тұрады

1-кезең. «Таныстыру» (топтар атауымен, ұранымен таныстыру керек).

2-кезең. «Кедергілер» (қатысушылар кедергілерді құлатпай, арасынан

жүгіріп өту керек

3кезең: «Мұртты кенгуру» сайысы. (әкесі қарындашты мұрнына қысып екінші жаққа жүгіріп барып берілген есепті шығару, анасы мен баласы қолына ұстап барып есеті шығарады.

4 кезең: «Пингвин» сайысы.
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді

5 кезең: «Футбаскет» сайысы.
Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Аналары допты баскетболдағыдай кедергілердің арасымен жерге ұрып отырып барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек.

6 кезең: «Туннель» (қатысушылар туннелден өтіп, гимнастикалық

жаттығуларды орындау керек).



Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

Топтар таныстырады
- Топтарға рақмет. Ендеше әділ қазылардың бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: Ал қадірлі халайық,

Зердемізді салайық

Белімізді буып алып,бекініп.

Күшімізді сынайық.



- 2-кезең «Кедергілер». Қатысушылар кедергілерді құлатпай, арасынан жүгіріп өту керек.


(топтар тапсырманы орындайды)




- 2-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.



Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 

3кезең: «Мұртты кенгуру» сайысы. (әкесі қарындашты мұрнына қысып екінші жаққа жүгіріп барып берілген есепті шығару, анасы мен баласы қарындашты қолдарына ұстап барып есепті шығарады.



- 3-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: Чемпион болу оңай ма

Арман болған талайға

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.


4 кезең: «Пингвин» сайысы.
Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып эстафетаны береді

(топтар тапсырманы орындайды)



- 4-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 5 кезең: «Футбаскет» сайысы.
Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Аналары допты баскетболдағыдай кедергілердің арасымен жерге ұрып отырып барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп кедергілердің арасымен өтіп барады да, қайтар жолда жүгіріп келу керек.


- 5-кезең тапсырмасы аяқталды. Әділ қазылардың қойылған бағаларымен танысайық.

Жүргізуші: 6 кезең: «Туннель» (қатысушылар туннелден өтіп, гимнастикалық

жаттығуларды орындау керек).

(топтар тапсырманы орындайды)


Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден – 

Жеңімпазды анықтау 

Жеңімпаз болу шарты сол – 

Еңбектену, жалықпау 

Біреу озса сайыста, 

Біреу артта қалады 

Жеңілгендер ренжімей 

Тараса бізге жарады.

Флешмоб

 
Олай болса біздің әділ –қазыларға сөз берелік. Марапаттау рәсімі! 


Жүргізуші:  Біз қазақпыз, 

Ел үшін атқа мінген. 

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, 

Бой тұмар ғып ар-ождан қазынасын, 

Жігіттеріміз ел қамын сақтап жүрген, - демекші бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, спорттық сайысқа қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!