Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (хикаяттан үзінді)» (2 -сағаты). Хикаятқа арқау болған ұрпақ тәрбиесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қалайсың балам,
саумысың жаным өркенім.
Жұмысың қалай, жақсы ма келін
көркемім.
Немерем калай,
келсейші бір кез ерітіп.
Сүйейін, иіскеп, маңдайын тәтті еркенің.
Білемін күнім, тіршілік күйгін бітпейді.
Жұмыссыз сені ешкімде бағып күтпейді.
Кедергі болып қайтемін саған құлыным.
Бір мәрте келші, кел демеймін көп мейлі.
Денсаулық жақсы, ойлама балам жан тәуір.
Жөтеліп қоям, қысады кейде қан тамыр.
Айтқандай келін береді дәрі- дәрмек.
Қарттық-қой балам, сен аман бол әйтеуір
Немерем қалай, тынышпа түнгі ұйқысы.
Сүйгізбеуші едің, жұғар деп бетке күс-күсі.
Түндерде келіп,ертегі айтшы-деуші еді.
Не қылсын бірақ, кәрінің ескі-құсқысын.
Суымыз жылы, аз емес берер тамағы.
Бәрі де қарттар, ағарған шашы, қабағы.
Жалғыздық шегіп отыр-деп балам ойлама.
Шертеміз сырды еске алып күнді баяғы.
Қонаққа барсам, үйіңде бәлкім тар болар.
Қолайсыз жерде кәрілік маған ар болар.
Тұрғын-ғып тіркеп, шығынға түспе қарағым.
Төлемей қалсаң, үйіңнен сені заң қуар.
Айлығын білем, жетпейді қара басыңа.
Қысылтаяңда болмайын ортақ асыңа.
Барсаңыз ұнар-деп едің жанды жұбатып.
Қарттардың үйі сай екен менің жасыма.
Көлігің қaлай, жаңалау, биік, кең іші.
Мінбеген үшін, саған жоқ менің ренішім.
Дұрыс-қой балам сақтанып жатсаң кәріден.
Бүлдіріп бәлкім, сіңеді кәрі иісі.
Уақытты алып салмайын сені әуреге.
Көңілді бөліп қайтесің балам әрнеге.
Соңғы да болса айтайын саған өсиет.
Сұраусыз,атсыз қалмасын құрғыр бұл дене.
Разымын саған, тағдырға менің налам жоқ.
Сырласым жалғыз, ақ парақ, қара қалам боп.
Көрініп жатса қағазға тамған жастарым.
Сағынған сені сезімді тияр шамам жоқ.
Жер бетінін қай ұшын басып жүрсеңде.
Қаласың әр-кез өзімнен туған балам
боп
Мақсаты: «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру; қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,үлкенді,ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына,өз ойын ашық айтуға,көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.
Мұғалімнің аты-жөні |
Максотова Калиса Еламанқызы |
12.03.2016 ж |
|||
|
8-сынып |
Сабақ |
Қазақ әдебиеті |
||
Сабақтың тақырыбы |
«Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (хикаяттан үзінді)» (2 -сағаты). Хикаятқа арқау болған ұрпақ тәрбиесі |
||||
Сілтеме |
Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. С.Мақпырұлы, Г.Құрманбай, А.Қыраубайқызы «Мектеп» баспасы, презентация. |
||||
Жалпы мақсаты |
«Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру; ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,үлкенді,ата-ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптастыру, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына,өз ойын ашық айтуға,көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету; |
||||
Күтілетін нәтиже |
Шығарманың не туралы екендігін туралы ойларын тұжырымдап, дәлелді түрде сипаттама береді,топтасып жұмыс жасайды; |
Шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды, кейіпкерлер бейнесіне мінездеме береді. |
Қазақ халқының тәрбиесіне жат қылықтар туралы, ұрпақ тәрбиесі, перзенттік парыз туралы түйінді ой айта алады; |
||
Негізгі идеялар |
Ұрпақ тәрбиесі туралы ой бөлісу, өзіндік тұжырым жасау, пікірлерін дәлелдеу. |
||||
Тапсырмалар |
Сұраққа жауап беру, постер қорғау, сұрақтарға жауап беру, тест, шығармаға сатылай кешенді талдау жасау. |
||||
Оқыту әдістері |
«Блум таксономиясы»,«Топтық жұмыс», «Ой шақыру», «Конверт-сұрақ»әдісі, проблемалық сұрақ-тапсырмалар, «Ротация», «Құндылықтар бәйтерегі» әдісі, «Қаптағы фасоль» әдісі, «Қасиетті сөздер тізбегі» әдісі , «Бағалау баспалдағы» әдсі(өзін-өзі бағалау),топтастыру |
||||
Дерек көздері |
Оқулық, әдістемелік құралдар, МАН,ақпарат деректері,презентация, интерактивті тақта. |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
3 минут |
«Сенің болашағыңды осылай елестетер ем» тілек айту( тренинг) Болашақта қандай ата-ана боламын деп ойлайсың? «Қасиетті сөздер тізбегі» әдісі бойынша топтарға бөліну, «Үміт» тобы, «Парыз» тобы |
Оқушылар сыныптастарының болашағы туралы жақсы тілектер айтады. |
Білу ІІ. Үй тапсырмасын сұрау |
8 минут |
«Қонақтар» әңгімесінің мазмұнын баяндау Ротация. «Қаптағы фасоль» әдісі бойынша шығарма /фабуласын / мазмұныны айтады . |
Қаптағы фасольді қабылдаған оқушы тізбектен шықпай әңгіме мазмұнын жалғастырады |
ІІІ .Түсіну |
5 минут |
«Ой шақыру» 1.Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Қонақтар деп отырғаны кімдер? 2. Қазақта қонақтың қандай түрі бар? Сапабек қонақтың қай түріне жатады?
3. Қариялар жасы
ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме? Оған кім кінәлі? Әңгімеге
арқау болған негізгі мәселе не? |
Топ мүшелері жауап береді. Критерий бойынша бағалау |
ІV.Қолдану |
5 минут |
Топтық жұмыс. Әр топ шығармадан бүгінгі өмірмен өзектес деп тапқан маңызды тұстарын тауып, постердің келесі жағына не үшін әсер еткенін жазады. I топ Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі басты құндылықтары не? II топ «Ата-ана алдындағы парызым» «Конверттегі ой-сезім» әдісі Проблемалық сұрақ-тапсырмалар І топ 1.Бүгінгі қоғамдағы дәстүрімізге қайшы,қоғамға жат қылық ( тасбауыр тағдыр, безбүйрек бала) Ерғабыл қария сияқты сезімге кәусар жанның хатынан нені ұқтыңдар? «Конверттегі сұрақ-тапсырмалар» әдісі Проблемалық сұрақ-тапсырмалар І топ 1.Хатты түсініп оқу Бүгінгі қоғамдағы дәстүрімізге қайшы,қоғамға жат қылық ( тасбауыр тағдыр, безбүйрек бала) Ерғабыл қария сияқты сезімге кәусар жанның хатынан нені ұқтыңдар?
Қалайсың балам, саумысың жаным
өркенім. ІІ топ. 1. Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп,перзенттік борыш-парызын неліктен сезінбеді деп ойлайсыңдар? Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді? |
Постер қорғау. Әр топтан бір оқушы ойларын ортаға салады. Критерий бойынша бағалау. |
V. Талдау |
8 минут |
«Ойлан, бірік, бөліс» Сатылай кешенді талдау. Оқулықпен жұмыс І топ. Шығарманың композициялық құрылымына талдау. 1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі. 2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы. 3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары 4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні. 5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт 6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария ІІ топ. Кейіпкерлерге сипаттама Кейіпкерлерге мінездеме беру. Кейіпкерлері: Ерғабыл қарт Кемпірі Сапабек (ұлы) Тома(келіні) Жеңіс (немересі) Ауыл адамдары Аспандияр (әнші жігіт) |
Ресурстармен жұмыс жасайды Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме беру, портреті,мінезі, адамгершілік қасиеті туралы айтады |
V.Жинақтау |
3 минут |
«Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша әңгімедегі түйінді ойларды жинақтап, дәптерге жаздыру. Мысалы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». |
Топ мүшелері түйінді сөздерді қолдана отырып, тақырыпты қорытындылайды. |
VI.Бағалау |
6 минут |
Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын танытуы,әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы,қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген сезімі тур
«Құндылықтар бәйтерегі» әдісі Тақырыпқа қатысты түйінді сөздерді беріледі. Оқушылар стикерге жазылған сөздерді бәйтерек ағашына орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ағаштың жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады . Туған жер, перзенттік парыз, ата-анаға құрмет, қара шаңырақ, әке жолы, машина, курорт, домбыра, қонақтар, мәдениет. Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен.Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік! Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! |
Өзін-өзі өлшемді бағалау және топ басшысының бағалауы. |
Кері байланыс |
3 минут |
«Қоржын қоры» ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы қасиеттер ден, үлгі-өнегелік әсерін түрлі түсті қағаздарға жазып,қоржынға салу |
Сабақтан алған әсерлері туралы жазу |
Бағалау |
2 минут |
«Бағалау баспалдағы» (Оқушылардың өзін-өзі бағалайды) |
Оқушылардың өзін-өзі бағалау жүйесіне талдау жасау |
Үйге тапсырма |
2 минут |
«Ата-ананы құрметтеу-ұрпақ парызы» тақырыбында эссе жазу,әдеби-теориялық талдау жасау; |
Эссе жазады,әдебиет теориясы тұрғысынан талдайды |
Бағалау парақшасы
р/с |
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы Ротация |
Постер қорғау |
Конверт-сұрақ |
Ойлан, бірік, бөліс |
Ортада қаламсап |
Сапабек іс-әрекеті дұрыс па,бұрыс па? |
Қорытынды бағалау |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
1 Бағалау кретерийлері:
Үй тапсырмасы
Ротация – әр сұраққа 1 ұпай Жоғарғы ұпай--3
2 Постер толтыру:
Түйінді ой айтқандар – 3 ұпай
Ойын толық тұжырымдай білгенге – 2 ұпай
Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 3 ұпай
3 «Конверт-сұрақ»
Ойды тұжырымды жеткізе білгені үшін -2ұпай
Нақты деректермен байланыстыра білгені үшін – 3 ұпай
4 «Ойлан, бірік, бөліс»
Композициялық құрылысына талдай білгенге – 3 ұпай
Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай
Дұрыс жауап берсе – 2 ұпай
Кейіпкерлерді топтастыра білгенге – 3 ұпай
Әр кейіпкерге дұрыс мінездеме бергенге әрқайсысына – 2ұпай
5 «Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша түйінді ой айтқанға – 2 ұпай
6 «Сапабектің іс-әрекеті дұрыс па,бұрыс па?»
Әр дұрыс жауап үшін - 1 ұпай
17-20 ұпайға - «5»
9-16- ұпайға – «4»
3-8 ұпайға – «3»
2. Баласын күткен қарттардың өзара қарым-қатынасынан нені ұқтыңдар?
3.Сапабек ауылда туып, ауылда өскен, олай болса, ауыл адамдарына ортақ әңгімені неге айтпады?
2. Сапабектердің қонақтардан
қандай айырмашылықтары бар?
- Оқушылар қонақтың мейман екендігін, қарттардың өз бала -
келіндерінің өздеріне «қонақ»ретінде келіп - кеткендіктерін,
сондықтан да шығарманың осылай аталып тұрғанын айтып өтті.
3.- Автордың көзқарасын, оқушылар ойларын мәтін мазмұны арқылы
дәлелдеген соң, «Блум жүйесі» стратегиясы бойынша мәтінге анализ -
синтез жасау үшін сабақ жоспарына сай әр бөлімдегі түйінді ойды
тапқызып, сатылай кешенді талдау сызбасы үлгісімен
орналастырттым.
1. Балаларын күткен қарттар
Тапсырма: мәтіннен сәйкес тұстарын тауып оқып, түйінді ойды
белгілеу. Оқушылар жоспарға сәйкес абзацтарды мәтіннен тауып оқып,
түйінді ойды Сағыныш деп алды.
2. Терең ой
Тапсырма: Екі қарттың терең ойға берілген тұстағы диалогын оқып,
түйінді ойды табу. Оқушылар диалогты тауып оқып, түйінді ойды
«Жалған дүние» деп белгіледі.
3. Өткен күндер елесі
Тапсырма: видеосюжеттегі ой мен мәтіндегі ойдың ұқсастығын ұғыну,
шығарманы тану, түйінді ойды табу. Екі қарттың да ойлары бірдей,
туған жерге деген перзенттік махаббат. Сондықтан сол сүйіспеншілік
сезім «Атамекен»деп танылды.
4. Қара шаңырақ
Тапсырма: Қара шаңырақтағы үлкен сезім, түйінді ойды табу,
афоризмді белгілеу. Оқушылар мәтінде берілген «Қуанғанмен қорыққан
бірдей» афоризмін тауып, сол сәтте қарттардың үлкен қуаныш
сезімінде болғандығын айтып, түйінді ойды Қуаныш деп тапты.
5. Қитар немере, томаға тұйық келін, түсінігі бөлек ұл
Тапсырма: сәйкесті абзацтарды тауып оқу, халқымыздың нақыл сөздері
арқылы ой қорыту. Кейіпкерлердің іс - әрекеттерін мәтіннен тауып
оқи отырып, «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Ананың
ойы ұяда, баланың ойы қияда»тәрізді нақыл сөздерді автор ойымен
байланыстырып, қарттардың ниетіне сай балалардан іс - әрекет
байқалмады деп, түйінді ойды Үзілген үміт деп алды.
6. Ауылдан аттанған жолаушылар
Тапсырма: әңгіме шешімінен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып,
түйінді ойды белгілеу. Оқушылар мәтіннен әңгіме шешімін оқи отыра,
ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, түйінді ойды «Құлазыған
көңіл»деп тапты.
3. Анықталған түйінді сөздер мағынасын «Екі жақты түсініктеме
күнделігіне» толтыру тапсырылды.
- Оқушылар «Екі жақты түсініктеме күнделікті» толтыру арқылы
анықталған түйінді сөздердің мән - мағынасын қысқаша былай деп ашты
яғни, атамекен біздің туған жер алтын бесігіміз болса, қалғандары
өмірдің бір сәттері екен.
4. Әр адамның өзінің биік мақсаты, ұстанымы, көзқарасы болады.
Автордың көзқарасымен біз таныспыз. Енді оқушылар көзқарасын
«Айдарлар құру стратегиясы» бойынша топтастырдым. Кестені оқушылар
әдеттегіше 5 балдық жүйемен толтырып шықты. Кестені қарай отыра
оқушыларды сөйлеттім.
Оқушылар жұмысын сараптағанда олардың ойының әртүрлілігі, біреулері
қартты жақтаса, біреулері
Сапабектің де бағыты дұрыс,
қазір ауылда жұмыс жоқ, ол - оқыған, білімді, ал білімділер
Қазақстанның болашағы деген пікірді, немерені қалдырмаудың да
дұрыстығын, тау баласының тауға қарап өсетіндігін, ауылда
балабақшаның жоқтығын т. б. дәлелдеп пікір қосты. Әрине,
көзқарастар әртүрлі, дұрыс - бұрыс деп бөле айтуға болмайды,
сондықтан теледидар бағдарламаларының бірінен үзінді көрсетілді,
тақырыбы мен әңгіме желісін еске түсіру сұралды.
- Мүмкін емес, әңгіме желісі - қарттар үйіндегі жағдай. Оқушылар
бағдарламаны көргендіктерін, ондағы дендері сау болғанымен
жүректері мұң мен шерге толы қариялар туралы ой
қозғады, обал, сауап, ұят, иман ұғымдарын сөз етті.
5. Ойдан ой туындайды. Сыныпқа
проблемалық сұрақ қойдым:
- Қариялар жасы
ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме? Оған кім
кінәлі?
- Оқушылар саналы, мейірімді,
қайырымды, обал - сауап, борыш - қарыз деген ұғымдарды сезіне
білетін парасаттылықтың әр адамға керекті қасиет екендігіне
тоқталды. Сонан соң
6.«Ортада қаламсап»
стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі
түйінді ойларды жинақтап, дәптерге жаздырдым. Олар: «Үлкенге
құрмет, кішіге ізет», «Ата балаға сыншы», «Атаңа не қылсаң, алдыңа
сол келер»т. б.
7. Қорытынды:
Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға
сіңіріп, «Ата - ананы сыйлау - адамзаттың парызы» деп бекер айтпаса
керек. Өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе?
Тек бір өкініштісі - адамдардың осындай олқы оқиғаларды қолдан
жасауы. Қоғамда орын алып жатқан кей әрекеттерді адам жасады
дегенге сенгің де келмейді. Себебі, қазақтың, қазақилықтың сипаты -
бауырмалдығында, қонақжайлылығында, «үлкенге - құрмет, кішіге –
ізет» кісілігінде. Кісілік қасиетіміз әрқашан да биік болғай.
8. Бағалау
9. Үйге тапсырма: «Қарт адам - қазына» шағын әңгіме не ойтолғау
жазып келу.
Материал рейтингісі:
Өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып,
түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл
байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға
ықпал ету.
3. Топта өз ойларын қорғап, қазақ халқының
бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,
үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік
борышты ақтауға
тәрбиеленеді.
Топтық жұмыс.
Әр топ шығармадан бүгінгі өмірмен өзектес деп тапқан маңызды тұстарын тауып, постердің келесі жағына не үшін әсер еткенін жазады.
I топ Халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі басты құндылықтары не?
II топ «Ата-ана алдындағы парызым»
«Конверттегі сұрақ-тапсырмалар» әдісі
Проблемалық сұрақ-тапсырмалар
І топ 1.Хатты түсініп оқу
Бүгінгі қоғамдағы дәстүрімізге қайшы,қоғамға жат қылық ( тасбауыр тағдыр, безбүйрек бала) Ерғабыл қария сияқты сезімге кәусар жанның хатынан нені ұқтыңдар?
Қалайсың балам, саумысың жаным
өркенім.
Жұмысың қалай, жақсы ма келін
көркемім.
Немерем калай, келсейші бір кез ерітіп.
Сүйейін, иіскеп, маңдайын тәтті еркенің.
Білемін күнім, тіршілік күйгін бітпейді.
Жұмыссыз сені ешкімде бағып күтпейді.
Кедергі болып қайтемін саған құлыным.
Бір мәрте келші, кел демеймін көп мейлі.
Немерем қалай, тынышпа түнгі ұйқысы.
Сүйгізбеуші едің, жұғар деп бетке күс-күсі.
Түндерде келіп,ертегі айтшы-деуші еді.
Не қылсын бірақ, кәрінің
ескі-құсқысын.
Айлығын білем, жетпейді қара басыңа.
Қысылтаяңда болмайын ортақ асыңа.
Барсаңыз ұнар-деп едің жанды жұбатып.
Қарттардың үйі сай екен менің жасыма.
Разымын саған, тағдырға менің налам жоқ.
Сырласым жалғыз, ақ парақ, қара қалам боп.
Көрініп жатса қағазға тамған жастарым.
Сағынған сені сезімді тияр шамам жоқ.
Жер бетінін қай ұшын басып жүрсеңде.
Қаласың әр-кез өзімнен туған балам
боп
«Конверттегі сұрақ-тапсырмалар» әдісі
Проблемалық сұрақ-тапсырмалар
ІІ топ. 1. Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп,перзенттік борыш-парызын неліктен сезінбеді деп ойлайсыңдар? Қарттың ендігі үміті кімде еді? Ол үміті қалай үзілді?
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін, жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық тәрбие бірінші орында тұру керек қой.
Туған жер |
Әке жолы |
Домбыра |
Мәдениет |
Перзенттік парыз |
Машина |
Ата-анаға құрмет |
Курорт |
Қара шаңырақ |
Қонақтар |
Бүгінгі бала —болашақ әке, бүгінгі әке — келешек ата
Ата-анасын қарттар үйіне тапсыру - дәстүрімізге қайшы, жанымызға жат құбылыс
Кәрінің бары – игі. Сол қариялардың тасбаур тағдыр, безбүйрекбала кесірінен жаттың жанында, жылы қабақсыз, жақынның мейірімінсіз жатқаны өкінішті. Елбасы Елбасы .Ә.Назарбаев та «Қартын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағ биік» деген сөзі есіме түсті. Ал қартынан бас тартқандардың шаңырағы шайқалмай, анасын айдалаға тастап, тыныш өмірге ие болып па?! Атасын аңыратып, армандарына жетіп пе?!
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі қарттар үйі 67ге жетіп, онда 12мың адам тұрып жатыр екен. Олардың көп бөлігі ШҚО-да (11 қарттар үйі, 2380 орын) жұмыс істейтін көрінеді. Одан кейінгі орында Ақмола облысы (10 қарттар үйі, 1103 орын) және Қостанай облысы (9 қарттар үйі, 1129 орын) тұр екен. Бұрынғы КСРО тұсында ХХ ғасырдың 50-60 жж құрылған бұл нысандар ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз адамдардың тұрмыс деңгейін қолдау мақсатымен жұмыс істей бастапты.
Қазақ үшән қарттай үйі ұлттық санаға сыймайтын ұғым еді. Бүгінде біз аты үрейлі бұл үйлерден үрікпейтін де болдық. Сол үйлерде тоғытылып жатқан қарияларымыз тағы бар
Бағалау парақшасы
р/с |
Оқушының аты-жөні |
Үй тапсырмасы Ротация |
Постер қорғау |
Конверт-сұрақ |
Ойлан, бірік, бөліс |
Ортада қаламсап |
|
Қорытынды бағалау |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау кретерийлері:
Үй тапсырмасы
Ротация – әр сұраққа 1 ұпай
Постер толтыру:
Түйінді ой айтқандар – 3 ұпай
Ойын толық тұжырымдай білгенге – 2 ұпай
Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 3 ұпай
Конверт-сұрақ:
Ойды тұжырымды жеткізе білгені үшін -2ұпай
Нақты деректермен байланыстыра білгені үшін – 3 ұпай
Ойлан, бірік, бөліс
Композициялық құрылысына талдай білгенге – 3 ұпай
Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай
Дұрыс жауап берсе – 2 ұпай
Кейіпкерлерді топтастыра білгенге – 3 ұпай
Әр кейіпкерге дұрыс мінездеме бергенге әрқайсысына – 2ұпай
Шығармада кездескен тұрақты тіркестерді, дисфемизм сөздер мен мақал-мәтелдерді,
теңеу сөздерді тауып жазғанға әрқайсысына 2 ұпай
«Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша түйінді ой айтқанға – 2 ұпай
«9 ромб» әдісі бойынша
Әр дұрыс жауап үшін - 1 ұпай
17-20 ұпайға - «5»
9-16- ұпайға – «4»
3-8 ұпайға – «3»
«МИҒА ШАБУЫЛ»
«АТА-АНА ТУРАЛЫ
ЕКІ ТҮРЛІ ТҮСІНІКТЕМЕ
КҮНДЕЛІГІ»
«Үміт» тобы
«Парыз» тобы
«Ата- асқар тау, ана-қайнар бұлақ»
Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен.Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік!
Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын!
1. Сапабек не жайында әңгімеледі?
А) туған жер
В) геология
С) ауа райы
2. Қарияның немересінің есімі
А) Жеңіс
В) Сапар
С) Жалғас
3. Машина гүрілінен кім оянды?
А) Сапабек
В) кемпір
С) Ерғабыл шал
4. Сапабекжан қарт ата-анасына не базарлық қалдырды?
А) киім
В) алтын
С) ақша
5. Ән салған тракторист кім?
А) Аспандияр
В) Дүйсенбі
С) Ермек
6. жылқылардың жайылған жері
А) Қаратүбек
В) Шайтанкөл
С) Бидайық
7. Немересі Жеңіс неше жаста еді?
А)) алты
В) жеті
С) бес
8. Ерекеңнің көз алдына нені елестетті?
А) өлгеннен кейін жұрт қалай шығарып салатынын
В) Қалада баласымен тұратынын
С) Немересінің ауыл мектебінде оқитынын
9. Сапабек қайдан келе жатты?
А) Қаладан
В) Қонақтан
С) Курорттан
10. Сапабектің әйелінің ұлты
А) қазақ
В) татар
С) орыс
3.
Қазақта қонақтың қандай түрі бар? Сапабек
қонақтың қай түріне
жатады?
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға
келдік?
Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі.
Қалада қызмет істейтін жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған
әке-шешенің жан сезімі шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін
әлдебір сиқырға сенетін сияқтысың, үміттері ақталса екен деп
тілейсің. Ал оны оқып біткен соң, көңілің құлазиды, бірге
қайғырасың. Шығармада басты назар Ерғабыл шалға аударылған, ал оның
кемпірі туралы көп суреттелмеген. Әкенің баладан күткен үміттің
ақталмағаны қиын
екен.
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға
келдік?
Бізге ерекше әсер еткен - өз үйіне өзі қонақ
болған Сапабек бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіңе сай
көрінеді. Осындай әке тәрбиесін көрген бала қандай болмақ?
Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгісін Сапабек
білмейтін көрінеді. Әйтпесе, баласын тастап кетпес пе еді. «Екі
қарттың ортасында өскен бала дана болар» деген нақылға сай қитар
көз ұл әкесіне қарағанда, мейірімдірек болар еді, кім
білсін?
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға
келдік?
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт
алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы
екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы
ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ
тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы
шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін,
жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген
Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық
тәрбие бірінші орында тұру керек
қой.
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға
келдік?
Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі.
Қалада қызмет істейтін жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған
әке-шешенің жан сезімі шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін
әлдебір сиқырға сенетін сияқтысың, үміттері ақталса екен деп
тілейсің. Ал оны оқып біткен соң, көңілің құлазиды, бірге
қайғырасың. Шығармада басты назар Ерғабыл шалға аударылған, ал оның
кемпірі туралы көп суреттелмеген. Әкенің баладан күткен үміттің
ақталмағаны қиын
екен.
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт
алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы
екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы
ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ
тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы
шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін,
жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген
Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық
тәрбие бірінші орында тұру керек
қой.
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
Ерғабыл қартқа мінездеме бер. |
|
Келіні Томаға мінездеме бер |
|
Әңгіме ішінен мақал- мәтел, тұрақты тіркестерді теріп жаз
|
|
Ф.Оңғарсынова «Бала» өлеңі:
Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
Сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,
Жаман бала жауына талатады.
Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірілей өлтіреді. Осы өлең жолымен сабақты бастау
Өмірінен мәлімет
Төлен Әбдіков (04.09.1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысында дүниеге келген. Ол — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.
Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
Атқарған қызметі:
-
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965).
-
“Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
-
1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, , онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы
-
Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды.
-
1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
-
1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Шығармалары:
Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.
Сонан бергі кезеңде
-
“Көкжиек” (1969)
-
“Күзгі жапырақтар” (1971)
-
“Ақиқат” (1974)
-
“Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
-
“Өліара” (1985)
-
“Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романы
-
“Біз үшеу едік” атты драма шығармасы
-
“Ақиқат” атты кітабы
Сынып: 8 «Ә»
2014 жыл
Күні: 22.05.14
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесінің сюжеті мен композициялық құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау,
тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін
қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге
келтіру.
Сабақың
міндеттері: 1.Оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе білуге
дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге, шығарманы өмірмен
байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, өзіндік ой қорытындысын
жасай білу пікірі қалыптасады.
2. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасып, түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының
артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал
ету.
3. Топта өз ойларын қорғап, қазақ халқының бойындағы адамгершілік,
бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу, үлкенді, ата - ананы
сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға
тәрбиеленеді.
Оқыту
технологиясы: ұжымдық
оқыту.
Сабақтың түрі: Білімді тиянақтау, қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі:
«Сұрақты тосып
ал», «Венн диаграммасы», «Академиялық дау-дамай»,
«Ойлаудың алты қалпағы», «Егер автор
болсам...»
Сабаққа қажетті құралдар мен
көрнекіліктер:
1. Құралдар: А1 форматты қағаз, интерактивті тақта, компьютер.
2. Көрнекіліктер: Слайд көрсетілімдері, суреттер, ақын портреті, жетондар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақта қолданылған
модульдер - Жаңа тәсіл (топтық, диалог баяндау)
- Сыни тұрғыдан ойлау (ой қозғау, қызығушылықты ояту сұрақтары)
- Критерийалды бағалау, Форматифті бағалау (мадақтау,
қолпаштау)
- АКТ (слайд, ақпараттың интернеттен алынуы)
- Дарынды және талантты балалармен жұмыс (шығармашылық тапсырма, ой
толғау)
- Білім берудегі көшбасшылық (оқытуда өзгеріс
енгізу)
Күтілетін
нәтиже:
1. Шығарма идеясын анықтайды.
2. Қорытынды пікір қалыптастырып бүгінгі күнмен байланысын қарастырады, жаңа идея ұсынады.
3.Кейіпкер іс-әрекетіне баға береді.
Сабақ барысы:
Блум таксаномиясын қолдану.
Кезең /уақыт |
Сабақ бөлімдері /әдіс-тәсілдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
2 мин. |
І Ұйымдастыру кезеңі 1. (Сынып ахуалын қалыптастыру) 2.Бағалау критерийлерімен таныстыру, бағалау парақтарын тарату. |
Топ мүшелеріне бір-бірлеріне сағат тілінің бағыты бойынша тілектер айтуларын сұрайды.
|
Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірлерін қайталамай тілектер білдіреді. Мысалы: Белсенділік, табандылық, сабырлылық
|
|
Біліу
8 мин. |
ІІ Үй тапсырмасы I тапсырма 1. «Сұрақты тосып ал» әдісі
I тапсырма Топтық жұмыс 2. Шығармашы-лық жұмыс
Топтасу 3. Адасқан әріптерден мазайка құрастыру бойынша топтастыру |
Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар, «Сұрақты тосып ал» әдісі бойынша дайындап келген сұрақтарың болса топ мүшелеріне қоюларыңа болады. 2. Әр топ мүшелеріне берілген үзінділері бойынша салған суреттерін қорғауды сұрайды. 3. Әр топ мүшелерінен құрастырған сөздердің шығармамен байланысытыра отырып пікірлерін білдірді сұрайды. -Автордың
“Қонақтар” әңгімесін жазуға себеп болған жағдайлар |
1. Дайындап келген сұрақтары ақылы бір- бірлеріне сұрақ қойып жауап алады. Мысалы: І топ Т. Әбдіков кім? ІІ топ жауабы: Жазушы, драматург, аудармашы,
хатшы, Топтық жұмыс 2.Әр топ мүшелері әңгіме желісі бойынша салған суреттерін тақтаға іліп, қорғайды. 3. Топтасу І топ-қонақ , ІІ топ-қария, ІІІ топ-парыз, ІV-арман |
|
Түсіну 5 мин. |
ІІІ Бекіту сабақ Топтық тапсырма Топ мүшелері тақтада берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
|
Критерий |
балл |
дескриптор |
А. Түсіну І топ - Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу. «Қонақтар» әңгімесі арқылы жазушы оқырмандарға қандай ой тастады? ІІ топ- Қарт неге ренжіді? Келіннің кигені неліктен ұнамады? Әлде қазақ келіні басқаша киінуі керек пе? ІІІ топ- Сатылай кешенді талдау. Кейіпкер портреті,
мінездеме. Кейіпкерлері: Көркемдегіш құралдардарды атаңдар |
3 |
Берілген тапсырмаға нақты дәлелді жауап айтады. |
||
2 |
Сұраққа жауап айтады, дәлел келтірмеген |
|||
1 |
Айтылған жауап нақты емес |
|||
Қолдану
8 мин. |
2. Әңгіменің композициялық элементтері |
В. Қолдану Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау. 1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен
кемпірінің әңгімесі. Қосымша сұрақ.Автордың “Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар”, - деп нені айтқысы келіп отыр? .Осы оқиғаға қандай мақал – мәтел лайық? |
3 |
Композициялық құрылымын жүйелі талдай алады . Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтады. |
2 |
Поэма құрылымын талдауда ауытқулар бар. Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтады. |
|||
1 |
Шығарма құрылымына толық талданбаған
Қойылған сұраққа дәлелді жауап айтпайды. |
|||
Талдау 10 мин. |
ІV Бекіту «Академиялық дау-дамай» Екі ұшты пікір тудырушы сұрақтар қою |
С. Талдау. Жинақтау (Синтез) жасау 2.Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. Жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп, 3 дәлелді пікір білдіреміз
Топ мүшелерінің пікірін толықтырады. |
4 |
Өз пікіріне нақты 3 дәлелді пікір келтіре алды. |
3 |
Оқушы пікірі айтылды, бірақ оқушының лексикалық қоры шектеулі |
|||
2 |
Айтылған пікіріне дәлел келтірмеді. |
|||
1 |
Айтылған пікірі тақырыптан ауытқып кетті. |
|||
Бағалау парағына жазылған әр даттаушы және жақтаушы топтар өз ойларын нақты 3 мысалдар арқылы дәлелдеп, қорғайды |
||||
Жинақтау (Синтез) 5 мин. |
2. Егер мен автор болсам... |
1. Авторлық шешіммен келісесің бе? 2. Жалғыз қалған қариялардың күйі не болмақ? |
Жеке жұмыс Топ мүшелерінің өзіндік ойлары тыңдалады. |
|
Бағалау 5 мин. |
V Қорытынды 1.«Ойлаудың алты қалпағы»әдісі Сабақ барысына оқушы көзқарасы |
Бұл шығармадан алған әсерлерін, ішкі сезімдерін білдіру үшін «ойлаудың алты қалпағы» бойынша өз қорытынды ойларын білдіруді сұрайды. |
Жеке жұмыс Топ мүшелері қалаған қалпақтарын алып, өздерінің эмоциялық көңіл-күйлерін, білдіреді, қарсы ой айтып, жаңа идея ұсынады, қорытынды жасайды. |
|
|
VІ Үй тапсырмасы Шығармашылық жұмыс |
Шығармашылық тапсырма «Менің парызым» эссе жазу |
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын қояды. |
|
2 мин. |
VІІ Баға қою Бағалау шкаласы “5”—10-9 балл “4”- 8-7 балл “3”—6-5 балл “2”—4-0 балл |
Алдын ала
таратылған бағалау парағын толтыру |
Топ басшы бағалау парағына критерий бойынша жинаған ұпайларын қояды. Әр топ мүшесін белсенділіктеріне қарай тиісті бағасын қояды. |
|
Бағалау парағы А Критерийі 1.Берілген тапсырмаға нақты өзіндік дәлелді жауап айту (1 мин.) ________________________________________________________________________________В критерийі Поэманың композициялық элементтері (5 мин.) 1. Әңгіменің басталуы --_______________________________________ 2. Әңгіменің байланысы --____________________ 3. Әңгіменің дамуы --___________________________________ 4. Әңгіменің шиеленісуі --_______________________________________ 5. Әңгіменің шарықтау шегі --_________________________________- 6. Әңгіменің шешімі --_______ С критерийі Талдау Жинақтау (Синтез жасау) Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? (Даттаушы топ/Жақтаушы топ ) 1._________________________________________2.____________________________________ |
«Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне жат қылықтары мен салқын қарым-қатынасын суреттеу арқылы аялап өсірген ата-ана алдындағы баланың перзенттік борышы туралы ой қозғайды.
III.Ой-толғау.
"Ата-ананы сыйлау-адамзаттың парызы" .
Қорытындылау. "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылы шығармаға өз көзқарастарын білдіру.
"Ақ қалпақ"- проблемаға қатысты талассыз дерек айту, дәлелдеу.
"Сары қалпақ" -шығармадағы жағымды тұстарын айтады.
"Қара қалпақ"- шығармадағы жағымсыз тұстарын айтады , қарсы пікірлер айтады. .
"Көк қалпақ"-талдау жасайды, оқиғаны өзінше өрбітіп, жоғары деңгейдегі көзқарастарын білдіреді..
"Жасыл қалпақ"-тың идеялар ағымын тудыратын болжамдарын жасайды.
"Қызыл қалпақ"-бастан кешірген өз сезімдерін қорытындылайды.
Мұғалімнің сөзі .
- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен.Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік!
Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын!
Төлен Әбдіков. “Қонақтар”әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі
Райсова Шолпан Айбарқызы
Төлен Әбдіков “Қонақтар”әңгімесіндегі ұрпақ
тәрбиесі
(шығармашылық сабақ)
(8 — сынып)
Мақсаты:Прозалық шығарманы талдау,ата-ана мен
бала арасындағы қарым-қатынасы жайлы
мағұлмат бере отырып,оқушы сезімімен
ұштастыру,оқушылардың ойларын дәл жеткізе
білуге дағдыландырып,өз пікірін ашық айта
білуге үйрету,шығарманы өмірмен байланыстыра
отырып,дүниетанымын кеңейту.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: «ЖИТСО»,
«Пікірталас кестесі»,
«Аялдамамен оқу», «Ассоцация» әдістері және «Блум» жүйесі.
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар әңгімеден үзінді көрініс көрсетеді. Пысықтай келе топқа
бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру
* «Блум жүйесі» * Білім Үй тапсырмасын тексеру
1) Д.Исабековтың «Әпке» драмасы.
* Талдау «Жақсылық жасау үшін өмір сүру керек» ой-толғауын
талдау.
* Түсіну Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІ СКТ
Төлеген Әбдіков
1942 жыл
Торғ. обл. Жанг.ауд.
1965 ж.
«Жалын» журн.
«Қазақфильм» киностудиясы
«Қазақ әдебиеті» газеті
Франц Кафка ат.алтын модель
«Қонақтар» хикаяты
ІІІ «Аялдамамен оқу» стратегиясы
1-аялдама Баласын тағатсыздана күткен әке-шеше
2-аялдама Көп күткен қонақтар
3-аялдама Өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек
4-аялдама Ақталмаған үміт
* Талдау 1. Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?
* Қолдану 1-топ
Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі. Қалада қызмет істейтін
жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған әке-шешенің жан сезімі
шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін әлдебір сиқырға сенетін
сияқтысың, үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал оны оқып біткен
соң, көңілің құлазиды, бірге қайғырасың. Шығармада басты назар
Ерғабыл шалға аударылған, ал оның кемпірі туралы көп суреттелмеген.
Әкенің баладан күткен үміттің ақталмағаны қиын
екен.
* Комментарий 2-топ
Бізге ерекше әсер еткен — өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек
бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіңе сай көрінеді. Осындай әке
тәрбиесін көрген бала қандай болмақ? Халқымыздың атадан балаға
мирас болып келе жатқан үлгісін Сапабек білмейтін көрінеді.
Әйтпесе, баласын тастап кетпес пе еді. «Екі қарттың ортасында өскен
бала дана болар» деген нақылға сай қитар көз ұл әкесіне қарағанда,
мейірімдірек болар еді, кім білсін? 12 айда келетін еңбек демалысын
қарттардың жанында өткізгені дұрыс еді, олардың қанша өмірі қалды
дейсің? Бізге Ерғабыл шал ұн�
�ды. Күткен үміті ақталмай
қалғанда, жылаған жоқ, ешкімге мұңын да шаққан жоқ. Өзінің
күнделікті тіршілігіне араласып кетті, бірақ жүрегі қатып қалған
сияқтанды. Ең өкініштісі – баласының өзін жерлеген туралы қиялының
іске аспайтындығы.
* Жинақтау 3-топ
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт алдындағы парыз туралы
түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы екендігінде. Өзіне
ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы ойласаң, жүрегің қан
жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ тіл табыса алмаған
Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы шындық. Екінші
жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін, жалғыз бала
болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген Ерғабыл
көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық тәрбие
бірінші орында тұру керек қой.
ІІ топ
3. Сапабектің өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмауы сөзсіз, сонда
ол оқуды бекер бітірді ме?
ІІІ топ
4. Жылына бір рет келетін демалысын ел көпір, жер көріп өткізген
дұрыс қой. Әрі баласының да есінде қалады.
І топ
5.Ауыл адамдарына Сапабек әңгімесінің қызықсыз болуының себебі –
ғылым негіздерін түсіебеуінен.
ІІ топ
6. Бар кінәні Сапабекке аудару дұрыс емес, бұл жерде әке-шешенің де
кінәсы бар, дұрыс тәрбие бермеген. ІІ топ
3. Баласының кемпір-шалға суық болуына кінәлі – Сапабектің өзі,
дұрыс тәрбие бермеген.
ІІІ топ
4. Сапабек ауылда туып, ауылда өскен, олай болса, ауыл адамдарына
ортақ әңгімені неге айтпады?
І топ
5. Әке-шешенің қартайып, қажығандығын біле тұра, ауылға демалысқа
келмеуі, шөбін шауып, көмек көрсетпеуі – одан үміт күтуге
болмайтындығының дәлелі.
ІІ топ
6. Әке-шешенің үмітін алдап, баласын тастамай кеткені –
қатыгездік.
— Сонымен, біз бүгін сөз еткен, жазушы Төлеген Әбдіков көтерген ұрпақ тәрбиесі, ұлттық сана –сезім дегеніміз не? Парыз бен сананың қандай жақындығы бар? Осы төңірегіндегі ойларыңды қағазға түсіріңдер, қорғаңдар.
Шығармашылық жұмыс
І топ.Проблемалық сұрақ:Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға
тиісті ме? Оған кім кінәлі?
ІІ топ.Кейіпкерге хат.
ІІІ топ. “Менің ата-ана алдындағы парызым” тақырыбына постер қорғау.
Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі өз биігінен көріне алады екен. Олай болса, парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын! «Өз үйіне өзі қонақ» болған жандардан сақтаныңдар.