Материалдар / Топырақтың құрамы Қмж 3 сынып дүниетану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Топырақтың құрамы Қмж 3 сынып дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Топырақтың құрамы жайлы айтылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2023
315
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

      Жаратылыстану 2-сабақ

Бөлім:

Заттар және олардың қасиеті. Табиғат ресурстары

Мұғалімнің аты-жөні

Кыдырбаева Б.М

Күні:

13.01.2023

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Топырақтың құрамы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: топырақтың негізгі құрамын сипаттай алады.

Көптеген оқушылар: топырақтың құрамының өзгеру себебін мысалдармен дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,

өзін –

өзі тексеру





Өткен білімді еске түсіру


8 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.

Өткен тақырыпқа шолу және жаңа тақырыпты ашу «Жедел жауап» әдісімен өтеді:

- Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?

-Топырақ дегеніміз не?

-Топырақ не үшін қажет?

-Тағы қандай тірі ағзалар қоректік заттарды топырақтан алады?

-Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады?

-Топырақ тіршілікке жарамсыз болып қалса, не болады?

- Топырақтың құрамында не болады?

-Неліктен топырақ әр жерде әртүрлі болып көрінеді?

- Олай болса бүгінгі сабағымызда топырақтың құрамы туралы оқып білетін боламыз.

Сабақ мақсаты жария етіледі.

  1. Ширату жаттығуларын орындайды.

Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді. Тақырыпты шығарады.






Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.














Жаңа білім

15 мин





























2 мин



Бекіту

15 мин




(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.

А) Сөздік жұмысы.

Қарашірік, топырақ құрамы.

Ә) Суретпен жұмыс:

Негеш пен Эврика топырақты зерттеуді жалғастырды. Олардың сұрақтарға жауап беруіне көмектес.

-Енді сендер топырақта тіршілік ететін тірі ағзаларды білесіңдер. Оларды ата.

-Топырақтың құрамында не болуы мүмкін? Қалай ойлайсыңдар?

-Тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажет жағдайларды ата.

-Топырақтың құрамында ауа бола ма?

-Топырақта су бар ма? Су оған қайдан келеді?

Б) Салыстыр.

-Екі шыны ыдыстағы топырақтың қандай айырмашылықтары бар? Неліктен?

-Шұбалшынның қандай пайдасы бар?

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бер.


Сергіту сәтінде «Жаяу» әніне билейді


(Т, Д) 2-тапсырмада «Бізде бір ой бар...» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

А) Суретпен жұмыс.

Суреттегі топырақтың үстіңгі қабатында не бар?

-Бұл заттар топырақтың бетінде қалай пайда болды?

Осы суретте бір жылдан кейін қандай өзгеріс болуы мүмкін?

-Топырақтың бетіндегі заттар оның астына тереңірек сіңе ме?

Ә) Зертте.

-Топырақтың құрамын қалай зерттеуге болады?

Б) Ойлан.

Топырақтың құрамын қалай және не себепті өзгереді?

Ә) Мәтінмен жұмыс.

Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.

Кейбір оқушыға:

-Мәтін мазмұынын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, достарыңның жауабын ал.

-Сөздікті жаттайды.

-Сұрақтарға жауап береді.



























Әнге қосылып, билейді.


-Сұраққа жауап береді.

-Мәтінді оқиды.


Дескриптор:

Сөздікті жаттайды-1балл.

- Топырақта тіршілік ететін тірі ағзаларды атайды-1балл.

- Топырақтың құрамын атайды-1балл.

- Тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажет жағдайларды атайды-1балл.

Екі шыны ыдыстағы топырақтың айырмашылықтарын атайды-1балл.

- Шұбалшынның пайдасын әңгімелейді-1балл.











Дескриптор:

- Топырақ туралы сұрақтарға жауап береді -1балл.

- Топырақтың құрамын зерттеп, анықтайды-2балл.

- Топырақтың құрамының өзгеру себебін атайды-1балл.

Оқулық




























Кері байланыс

5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді.

Оқу тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.

Түсінгені туралы айтады. Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.




Сабақтың соңы.

Ой толғаныс.

Рефлексия





Жеке жұмыс:

5 мин.

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел:Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал:Пікіріңді өмірмен байланыстырып, бір мысал келтір.

Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды.

Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

«Төрт сөйлем» әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды-2б.



Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


ДК экраны

3-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!