Материалдар / Төрлет,Наурыз төріме!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Төрлет,Наурыз төріме!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Наурыз мерекесінің мәнін ұғындыру,салт-дәстүр туралы мағлұмат беру.Ұлттық ойындарымен, тағамдарымен таныстыру.Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
782
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөдене орта мектебі











Төрлет,Наурыз төріме!











Тәрбиеші: Курбанбаева.К.Р







2017-оқу жылы

Тақырыбы: Төрлет,Наурыз төріме!

Мақсаты: Балаларға Наурыз мерекесінің мәнін ұғындыру,салт-дәстүр туралы мағлұмат беру.Ұлттық ойындарымен, тағамдарымен таныстыру.Мерекелік көңіл-күй орнату.

Алдын ала жасалатын жұмыс түрі: Залды безендіру,ән,тақпақ жаттау.


Залға саз әуенімен ата әже кіреді .

Соңынан балалар кіреді ата мен әжеге көріседі.

Әже: Айналайын құлыншақтарым қош келдіңдер!

Ата:Ой бәрекелді батырларым өркендерің өссін.

Әже: Әй келіндер астың қамын жасаңдар,сүрден шығарып ас салыңдыр,бауырсақтарыңды молырақ пісіріңдер бәріне жетсін бүгін тек Наурыз мейрамының алғашқы күні гой.

Атасы ана марқаның бірін сойғыз құдаларда көрісуге келе жатыр екен,осы мерекеде бәрінің басы қосылып отырғанда кішкентай жаманды бесікке салып алайық ,мына немерелерімнің достары да апайларымен көрісе келіпті айналайын өркендерің өскір, тыштырма жеп мәз болсын.

Наурыз көжеде дайын болып жатқан болар қарап келейін ( қазанды былғап келеді).

Залға қонақтар кіреді бәрі көрісу рәсімін жасайды,төс қағыстырады,әжелер шашу шашады.

Келіндер дастархан дайындайды.

Ән: «Наурыз- біздің жаңа-жыл»

Алдар көсе: Әнін айтып залға кіреді

-Ассалаумағайлейкум жамағат!

-Наурыз құтты болсын,орта толсын!

-Есенсіз бе әжелер!

-Ата:Амансыңба Алдаржан қош келдің,осы сенің жүрген жерің әрдайым мереке гой.Бізге бір қызықты оқиғаңнан айтып берсейші, бір көңілімізді көтеріп күліп алайық.

Алдар: Айтсам айтайын ақсақал осы Шығайбай деген байды естуіңіз болар.

Сол Шығайбай үйіне қонақ түсірмейтін,тас сараң келген кісіге шық-ей шық деп айқайлайды екен.

Шығайбайдан дәм татпасам Алдар атым құрысын деп бір күні жолға шықтым

Көрініс: «Алдар көсе мен шық бермес Шығайбай»

Би:

Жүргізуші:Наурыз тойы бірлік татулық тойы.Ұмыт болған ат-дәстүрлеріміздің жаңғырып жаңаратын тойы олай болса сол үрдісті жалғастырмаймыз ба?

Кәне қыздар жігіттер тойдың көрігін қыздырып айтыс өнерін көрсетейік.

Жігіттер қайсысың барсың айтысқа шығатын.

Ұлағат:Мен шығамын айтысқа,менімен айтысатын жүректі қыз бар ма екен?

Інжу: Мен айтысам сізбенен


Айтыс: Қыз жігіт айтысы



Ұлағат:

Ата-баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз.

Айтыс десе тіл қышып,

Қыздар іздей бастаймыз.


Інжу:

Айтыс-айтыс болады,

Өлең айтса жөнімен.

Наурыздың тойында,

Мен айтысам сенімен


Ұлағат:

Біздің Інжу шиқылдап,

Ұқсайды екен шөжеге.

Шөлдеп қапты шөжелер,

Шөлдегенде көже бер.


Інжу:

Күні бойы үй көрмей,

Ойнайтында өзіңсің.

Көже берсе тауыспай,

Қоймайтында өзіңсің.


Ұлағат:

Қадай алмай түймеңді,

Жылауыңды қойдың ба?

«Арқаңа сап көтер» деп

Сұрауыңды қойдың ба?


Інжу:

Ерке қызбын білесің,

Бірақ кімге күлесің.

Сен дейсің бе 5-ке дейін,

Санай алма жүретін.




Ұлтық ойын: «Орамал алу»

Шарты: Ортаға екі қыз шығады қоларында орамалдары бар.

атпен шауып келе жатқан ер бала секіріп қыздың қолындағы

орамалды алу керек,алса қыздың берін сүйеді




Шерхан:

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұланғайыр керілсін керегесі.



Інжу:

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыздың хабары.


Нұржауған:

Көз тігіп күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы

Алихан:

Наурыз айы гүл айы,

Наурыз айы нұр айы.

Наурыз айы халықтың,

Құлпыра түсер шырайы


Хадиджа:

Жыл басы Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.







Сезім:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын,

Бүгінгі жыр әніміз.


Ұлағат:

Наурыз тойы елдің тойы,

Көктем тойы-төлдің тойы.

Ән айтатын күні бойы

Жақсы көрем Наурыз тойын!


Бақкелді:

Қарды ерітіп жылғасы,

Наурыз келді жыл басы


Бейбарыс:

Шуақ төкті жарық күн,

Мерамында халықтың.

Бата беріп атамыз,

Тәтті етіп жасалған

Көжеден дәм татамыз.



Сырым:

Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Басталыпты Наурыздан!



Р.Айкөркем:

Көктем келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық,бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.



Ернар:

Ата бабам тойлаған,

Нарызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Дала дархан қарлы шың


Айқын:

Күреп алтын күрекпен,

Қарды ерітті Наурыз.

Жатыр көктем түлеткен,

Бүрлеп бақша бауымыз.




Ақбаян:

Ұлы күні Ұлыстың,

Күнменен түн теңерген.

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық Наурыз көжеден


Алина:

Жас қосатын жасыңа,

Жылбасы бұл Наурыз,

Әр кіргізер асыңа,

Бал татыған сары уыз.


Фараби:

Көктем келді балақай,

Жасарды жер алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық





Ән: «Көктем келді»

Би: ұлдар биі

Жүргізуші:Наурыз мерекесін бүкіл шығыс халқы тойлайды екен балалар бұл көктем келіп табиғат қалың ұйқысынан оянып ағаштар бүршік атып мал төлдеп,жерге көк шығып күн мен түн теңеліп Жаңа Жыл келетін мезгіл.

Осы біздің қазақтың Жаңа жылымен құттықтауға Үндістан патшасы әдемі биші қыздарын жіберіпті.Олай болса кішкентай ханшайымдардың биін тамашалайық.

Үнді биі: Ақбаян,Сезім,Айкөркем

Әже: Ой айналайын балаларым шеттеріңнен өнерлі бала екенсіңдер гой. Бақытты болыңдар айналайын.Наурыз мерекесі барлығыңа молшылық ,береке алып келсін.

Бүгін осы ұлы тойда барлық игі жақсылардың басы қосылып қалған екен.Біз отағасы екеуміз осы сәтті пайдаланып кішентай жаманды бесікке салып жіберсек деп отырмыз.Бесікке салмас бұрын азан шақырып есімін қойсақ деймін.

Осы үлкен міндетті бүгін көрісе келіп отырған әрі құдам әрі осы жаман немеремнің нағашы атасына жолдаймын.Ал бесікке салу рәсімін өзімнің сырлас құрбым ,әрі ұлағатты ана,ақылшы әже,ұлды ұяға,қызды қияға қондырып отырған көршім жолдаймын.

Әй келін балаңды әкеле гой.

«Бесікке салу» рәсімі

Бесікке саларда бесік жасауларымен баланы таныстырады.

Ернұр:Әже-әже мынау бесік тесік кой одан бопем түсіп қалмай ма?

Әже:Жоқ айналайын ол бөпеңнің ұйқысы бөлінбей,тыныш болсын деп әдейі қалдырған

(Балаларға тыштырма таратып береді)

Әжелер:Бесік жырын айтады.

Би:Қара жорға

Ата: Бата береді









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!