Материалдар / "Төрт түлігім - тірлігімнің ырысы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Төрт түлігім - тірлігімнің ырысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік туралы түсінік беру.Төрт түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатын, қадір – қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы байланысты ашу. « Малым –жанымның садағасы, жа- ным –арымның садағасы» мақалының мазмұнын ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы: Төрт түлігім - тірлігімнің ырысы.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға төрт түлік туралы түсінік беру.Төрт

түлік малдың өрісімен, тіршілік табиғатын, қадір –

қасиетімен таныстыру. Мал мен адам арасындағы

байланысты ашу. « Малым –жанымның садағасы, жа-

ным –арымның садағасы» мақалының мазмұнын

ашу.



Сабақтың көрнекілігі: « Төрт түлігім -тірлігімнің ырысы» атты плакат

малдың өсуі реті бойынша берілетін атаулар сөздігі,

мақал –мәтелдер.



Мұғалім: Бүгінгі 1 «ә» сыныбында өткелі отырғвн тәрбие сағатының та-

қырыбы: « Төрт түлігім - тірлігімнің ырысы». Бұл тақырыпты балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, көктем мезгіліндегі наурыз, сәуір, ма -

мыр айларында малдың төлдеп, ақтың молаятын шағы болғандықтан осы

төрт түлігімді қастерлеуге, оның қасиетті жақтарын ұсынуға тәрбиелеу.Бұл

тәрбие сағаты сайыс түрінде өткелі отыр.Халық ұғымында әр малдың пірі,

киесі бар деп түсіндіріледі.Мысалы: түйе атасы - Ойсылқара, жылқы атасы-

Қамбар ата т.б. Ал олай болса төрт түліктің пірлеріне сөз кезегін берейік:



1-оқушы: Хош келіпсіз, қадірменді қонақтар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырып,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.



2-оқушы: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құщақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.



3- оқушы: Даланың көркі -мал,

Өзеннің көркі -тал.

Бүгінгі тәрбие сағатында

Айтылады төрт түлік мал.





Мұғалім: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық.

Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін,

Тіршілік табиғатын, қадір –қасиетін зерттеп білген.Малдың еті, сүті, жүні,те-

рісі, мүйіз, сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған. Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы да осы мал болған.

«Малым -жаным садағасы,жаным –арымның садағасы» деген ата -бабаларымыз мал атаулының қадір –қасиетін жетік біліп, сахараны төрт түлік малға толтырған. Мал өсіругке қолайлы Қазақстан жерін малсыз елес-тету мүмкін емес.



Олай болса, сайысымызды бастайық.



1-ауыл : «Қамбар ата» ауылы

2-ауыл: «Зеңгі баба» ауылы

3-ауыл.: «Ойсыл қара» ауылы

4-ауыл: «Шопан ата» ауылы



Ән : «Маңғыстау»

Ал ендеше әр топ өздерін таныстырып өтеді.



Біздің топ: «Қамбар ата» ауылы



Біздің ұранымыз: «Ер қанаты –ат»

Шаруаның бір пірі –Жылқышы ата,

Тілегенде өзің бер ақтан бата.

Үйір –үйір жылқыны шұрқыратып,

Ойдан – қырдан арқансыз әкеп мата.





Біздің топ: «Зеңгі баба» ауылы



Біздің ұранымыз: «Сиырдың сүті – елдің құты»



Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба.

Сиыр берсең сүтті бер өңкей мама,

Кең өріске шұбыртып өзің бағып.

Кешке жақын қотанға әкеп қама.



Біздің топ: «Ойсыл қара» ауылы



Біздің ұранымыз: «Нар жолында жүк қалмас»



Шаруаның бір пірі - Ойсыл қара,

Түйені өсір,жарылқап бассын пана.

Ит- құс пәле індеттен аман сақтап,

Топ –топ қылып, боталат аруана.



Біздің топ: «Шопан ата» ауылы



Біздің ұранымыз: «Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір».



Малды берсең , қойды бер,

Ұлды берсең , бойлы бер.

Жұртқа ақыл салғандай

Ақылы ортақ ойлы бер.





Мұғалім:

Балалар енді әр малды өсу жасына қарай әр түрлі атаған. Соны әр

топ өздерін қалай атап береді екен.



1. «Қамбар ата» ауылы :Құлын, тай, жабағы, құнан, байтал, дөнен, бесті,бие,

ат.



2. «Зеңгі баба» ауылы : Бұзау, баспақ, тана, торпақ, құнажын, дөнежін,сиыр.



3. «Ойсыл қара» ауылы: Бота, тайлақ,буыршын, нар, қоспсқ, інген, түйе.





4. «Шопан ата» ауылы :Қозы, бағлан, тоқты, тұсақ, құнан қой, саулық қой.



Мұғалім:

Әр малды байлағанда да өзіне тән атауы бар.

Түйеде- мұрындық, бұйда.

Жылқыда –ноқта.

Сиырда - басжіп.

Қойда – көген.



Әр малдың жүнін, қылын, түбітін алудың да өзіндік атаулары бар.

Қойды -қырқады,

Ешкіні- түбітін алу үшін тарайды.

Түйені –жүндейді,



Әр малдың сүтінен жасалатын тағам түрлері көп.



  1. Жылқының сүті –қымыз. Үйірілген қышқыл тәтті, сары қымыз. Ауру-ға- ем, сауға –қуат, дәрі қымыз. Жылқының еті де, майы да ем.

  2. Сиырдың сүті-тілінде,-дейді халқымыз. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.

  3. Түйенің сүтін қазақтар шайға қатады. Шұбат ашытады. Ол айрйннан сұйық, қымыздан қою.Шұбат әрі сусын, әрі тамақ.

  4. Қойдың сүті –қорғасын –дейді халық.Қойдың сүті қою, жұғымды болады.



Мұғалім:Біз төрт түліктің қандай дыбыс шығаратын естіп жүрміз.



1.- Сиыр қалай дыбыстайды? (мөңірейді)

-Сиыр төлін қалай атайды? (бұзау)

-Сиырды қалай шақырамыз? (аухау –аухау)



2.-Қой қайтеді? (маңырайды)

-Қой төлін не дейміз? (қозы)

-Қойды қалай шақырамыз? (пұшайт-пұшайт)



3.-Жылқыны қалай дыбыстайды? (кісінейді)

-Жылқы төлін қалай атаймыз? (құлын)

-Жылқыны қалай шақырады? (құрау –құрау )



  1. Түйе қайтеді? (боздайды)

-Түйе төлін қалай атаймыз? (бота)

-Түйені қалай шақырады? (көс-көс)

Бекзат:

Ер қанаты ат деп

Мәртебемді асырған.

Тіл көзден сақтасын деп,

Құлын мүшемді жасырған.



Нұрбек:

Қазы-карта, жал-жая,

Қазақтың ұлттық асы болады.

Мама биелер теңселген,

Берекенің басы болады.



Лаура:

Жаныма еліміздің жылқы жаққан,

Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан.

Мінсең ат, ішсең –қымыз, жесең қазы

Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан.



«Қамбар ата» ауылынан сіздерге тілек:

Анар: Тағы бір тілек тілейін,

Шын бергенін білейін

Өңкей ана шұбардан

Жал құйрығы шұбалған

Айғырды бер байсалды

Жылқышы ата баласы,

Жылқы бассын үйіңді

Жылқы басса үйіңді

Жимай бассын үйіңді.



Ән: «Жау-жау, жаңбыр»

Мағжан:

Ертемен оятқанда таң ауылды,

Аралап енең кетер анау қырды.

Сипасам әукешімді еміреніп,

Аспанға көтересің таңауыңды.

Нұрболат:

Әукім-әукім әукешім

Қасиыншы әукесін

Өссін елге құт болып,

Бауыры тола сүт болып.

Дәметкен:

Әукім десең,сиыр мөлдіреп тұрады,

Үйге қарап тез мойынын бұрады.

Жақсы күтсең, бабын тапсаң бұл сиыр

Аппақ сүттің ағып тұрған бұлағы.



«Зеңгі баба» ауылынан тілек :

Ертұрсын:

Тағы бір тілек тілейін

Бергеніңді білейін.

Сәйгел тисе мөңкіген,

Ала бас жіп естірген,

Мұрнын тура тестірген,

Дауысы бар азандай,

Желіні бар қазандай,

Мүйізі бар жылтылдақ,

Буыны бар сыртылдақ,

Зеңгі баба баласы,

Сиыр бассын үйіңді,

Сиыр басса үйіңді,

Сыймай бассын үйіңді.



Ән: «Төлдер»

Нұрсұлтан:

Ботақаным бөбегім

Қара көзің мөлдіреп

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

Назгүл:

Қазақ сұлу қызына

Ат қойған «Ботакөз» деп

Ай апталап су ішпей

Шыдап жапан түзде де.

Нұрсұлтан:

Тікен жеуді қоймаған

Төл екенсің тамаша,

Інген болсаң мықты бол,

Шұбат сүтің саулайтын,

Бура болсаң мықты бол,

Артқан жүнің аумайтын.



«Ойсыл қара» ауылынан тілек:

Арайлым:

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан.

Тілін тікен теспеген,

Алабота теріскен,

Мұрындығы келіскен

Ойсыл қара баласы,

Түйе бассын үйіңді,

Түйе басса үйіңді,

Кие бассын үйіңді.

Ән: «Ортеке»

Бақдаулет:

Шопан ата деп қадірлеген,

Тоқ бүйір тамашамын.

Қоймын жуас қоңырмын,

Момынмын оңашамын,

Бағамды қазақ біледі

Несіне таласамын.



Аслан:

Қойдың сүті- «қорғасын» деп баптаған,

Семіздікті қой көтерер деп мақтаған.

Ірімшік құртымды кептіріп

Жылдар бойы сақтаған.

Әсел:

Кіп-кішкентай момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп

«Қошақаным -өзің» деп.

«Шопан ата» ауылынан тілек:

Аңсағаннан аңсаған,

Қозысы өлсе қақсаған,

Қозысымен жамыраған

Қозысынан айырылса

Қара жұтып маңыраған,

Аппақ қана сүті бар,

Шағаладай құрты бар,

Ай мүйізді шақпақтай,

Шопан ата баласы.

Қойлар бассын үйіңді

Қойлар басса үйіңді

Қоймай бассын үйіңді,



Ән: «Қошақаным».



Мұғалім: «Мал баққанға бітеді»дейді халқымыз.Дастарқанда ақ мол болу үшін біз малды бағып- қағып күтуіміз керек.Ата кәсібі балаға мұра. Олай болса, малды сүю, бағу, күту біздің міндетіміз.

«Қалай айтуды білейік» ойыны ойнатылады.(Әр малдың дыбыстарын салу)

Енді әр топ өз топтарына қарай қандай мал,соған қарай мақал-мәтелдер айтамыз.

Жылқы ауылы:

1.Арық атқа қамшы ауыр.

2. Жақсы ат -жанға серік.

3. Ат –адамның қанаты.

Сиыр ауылы:

1.Сиырдың сүті тілінде.

2.Сиыр сипағанды білмейді,

Жаман сыйлағанды білмейді.

3.Сиырда аунамақ жоқ,

Жылқыда күйсемек жоқ.



Түйе ауылы:

1.Соңғы түйенің жүгі ауыр.

2.Түйенің танығаны жапырақ.

3.Жуас түйе жүндеуге жақсы.

Қой ауылы:

1.Сүтсіз қой маңырауық.

2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

3.Семіздікті қой көтерер.



Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз» әні.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!