Білу және
түсіну
Фотосинтез – өсімдік
ағзасындағы маңызды үдеріс. Өсімдіктерден басқа барлық эукариотты
ағзалар қоректік заттардан (нәруыздар, майлар мен көмірсулар)
энергия алады. Ал барлық жасыл өсімдіктер энергияны жарықтан алады.
Өсімдіктердің Күн энергиясын пайдала- нуы – фотосинтез. Фотосинтез
– хлорофилл арқылы жарық энергия- сын көмірқышқыл газы мен судан
өсімдік жасушасында түзілетін нәруыздар, майлар мен көмірсулар
энергиясына айналдыру; бұл кезде артық оттек бөлінеді.
Фотосинтездің жалпы сызбасын мынадай түрде көрсетуге
болады. Жапырақ – ауа арқылы
қоректенудің басты мүшесі. Айтып өткеніміздей жапырақтар ғана емес,
өсімдіктің басқа барлық жасыл мүшелері фотосинтездей алады.
Жапырақтары жоқ кейбір өсімдіктердің сабағы немесе жас өркендері
фотосинтездейді.
Фотосинтезге қажет жағдайлар.
Фотосинтез үдерісі үшін қандай жағдай қажет? Сызбадан өсімдік
жасушасында хлоропластарда бар хлорофилл болатыны көрініп тұр.
Қоршаған ортадан су (топырақтан тамыр арқылы) мен көмірқышқыл газы
(жапырақ лептесіктері ауа- дан сіңіретін) түсуі керек. Міндетті
түрде қажет тағы бір жағдай – жарық. Жарық энергиясы болмаса
өсімдіктің жасыл жасушаларында органикалық заттар синтезі
жүрмейді. Õлорофилл – өсімдікте міндетті
түрде болуы керек жасыл пигмент. Судың терең қабатында өсетін
кейбір балдырлардың түсі жасыл емес, қоңыр немесе қызыл болады.
Себебі олардың жасушаларында
қосымша
басқа да бояғыш заттар бар,
бірақ хлорофилл негізгі рөл
атқарады.
Жарық. Өсімдіктер белгілі бір
сипаттамалары бар жарықты сіңіреді. Фотосинтез үшін күн жарығы
қажет. Табиғи жарық кезінде фотосинтез қарқындылығы барынша жоғары
болады.
Жарық болмаса өсімдік
хлорофилін жоғалтады, түсі ағарады, фотосинтездеу қасиетін
тоқтатады. Тіршілігіне қажет қоректік заттар таусылғанда өсімдік
қурап қалады.
Су жеткіліксіз болса,
фотосинтез үдерісінің тиімділігі
төмендейді.
Бұл әсіресе ыстық әрі құрғақ
аумақтар үшін маңызды
көрсеткіш.
Көмірқышқыл газы мен сутектен
(судан) өсімдік тұратын нәруыздар, майлар мен көмірсулар түзіледі.
Яғни барлық өсімдік өнімдерінің құрамында фотосинтез үдерісінде
болатын көміртек бар. Жануарлар денесі тұратын барлық нәруыздар,
майлар мен көмірсулар фотосинтез үдерісі арқылы ағзаға түседі:
өсімдік немесе өсімдікпен қоректенген жануарлар. Ғалымдар
атмосферадағы көмірқышқыл газының құрамына кіретін барлық
көміртектің жануарлар ағзасында кемінде бір рет болғанын
дәлелдеді.
Біздің ғаламшарымыздың әрбір
тұрғыны жасыл көшеттерге қамқорлық жасайды. Жапырақтарды жұлуға,
бұтақтарды сындыруға, шөптер мен гүлдерді жұлуға әрі таптауға
болмайды.
Берілген мәтіндерді балалар
оқып алады.
«Стикердегі диалог»
әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың
жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға
іледі. кейін пікірлерін
қорғайды.)
Топтарға
тапсырма:
1-топ:
«Фотосинтез» түсінігіне
анықтама беріңдер.
Фотосинтез үшін қажет
жағдайларды атаңдар.
2-топ:
Фотосинтез үдерісін
сызба түрінде көрсетіңдер.
Зауыт, көлік және
теміржол маңайына екпе ағаштар
егу
қажеттігі туралы айтыңдар.
3-топ:
Фотосинтез үдерісіндегі хлорофилл
мен
жарықтың
рөліне
Талдау:
жасаңдар.
Фотосинтез үдерісіне
температураның әсерін
дәлелдеңдер.
|