№10 жалпы орта білім беретін
мектеп
«Біз стреске бой
бермейміз» тренинг
Мектеп психологы:
Кангереева Г.А.
2017-2018 оқу
жылы
Тақырыбы: «Біз стреске бой бермейміз»
тренингі
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы
стресті, жағымсыз эмоцияларды жою.
Көрнекілігі: карточкалар,доп,майшам
Жоспары:
«Мені
ата» жаттығуы
«Эксперимент»
жаттығуы
«Табиғат
мінезі» жаттығуы
«Сілкіп
таста» жаттығуы
«Майшам» қорытынды
жаттығуы
«Мені
ата» жаттығуы.
Мақсаты: Топ мүшесі сезімін
дамыту,бір-бірімен жақындастыру
Уақыт: 10
минут
Нұсқау: Қазір мына көңілді доп шеңбер
бойымен,әрі сіздің қолыңыздың көмегімен жылжиды.Кімнің қолына доп
жетеді,сол кісі өз есімін айтады.Жүргізушіге доп қайтып келгеннен
кейін ,доп қайтадан кері кетеді.Енді,кімнің қолына доп жетсе,сол
оқушы өзін топ қалай атағанын қаласа,сол есімді ,не лақап атын
айтады және топ мүшелері тренинг барысында оны солай айтады.Және
есімдер қайталанбағаны жақсы.
Эксперимент.
Мақсаты: Стрестік жағдайда өзін-өзі
ұстауды үйрету.
Уақыты: 10
минут.
Өткізу
техникасы: әрбір қатысушыға карточкалар
беріледі, осы карточкаларда әріптер ретсіз жазылған. Берілген
мәтінді оқу керек.
Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3
жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз
керек:
ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАЙТТЫМЕНІҢМОЙНЫМЫМНА
НҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы,БІРУАқыттажҮГРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫңдыбыСЫеСТІЛді
Талдау:
Сіз тапсырманы лезде
орындадыңыз ба?
Оны тез орындауға не қажет
болды?
Сіздің ойыңызша бақылау нені
білдіреді?
Өз- өзіңізді бақылауды қалай
дамыту керек?
«Сенімділік»
Мақсаты: өзіне сенімділігін
арттыру.
«Мен өзіме сенемін, өйткені....» сөйлемін
аяқтау.
«Табиғат
мінезі» жаттығуы.
Мақсаты:
Иық ,мойын,омыртқа аймақтарындағы бұлшық
еттің жиырылуын жою,босаңсу
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық.
Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн
тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске
толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда
бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел
соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен ғана қолмен
жеңіл желдің самалындай етіп
сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның
арқасын қатты уқалай
бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей
екі қолмен айналдыра күштірек
уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр
сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен
ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын
сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен
сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ
басымен бұршақ жауғандай қаттырақ
ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып,
адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз.
Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам
орындайды.
Сергіту сәті. “ Сілкіп
таста”
Мақсаты: Жағымсыз, қажет емес,
кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті
орнату
Нұсқау: Мен сіздерге жағымсыз,
сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің
жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды
көтереміз.
Мысалы: Ойымызға! Тағы да жолым
болмай қалды. “Жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберіп, екі
аламын” деген сияқты.
Айналамызға орын қалдырып,
еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер,
иығыңызды сілкіңіздер. Әр оқушы бойындағы бір жағымсыз қасиеттерді
айтып шықсын
Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.
Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды
сілкіңіздер, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің
бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек,
көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен
мына сөздерді қайталаңыз:
•Мен
ақылдымын.
•Менің жаным
тыныш
•Мен қиындықтан
қорықпаймын.
•Мен жаспын, қандай
әдемімін.
•Менің қолымнан, көптеген
жақсылық келеді, бәрі келеді.
•Маған сенімділік күш
береді.
•Мен бәріне де
дайынмын.
«Майшам»
жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз
бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз
айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық
деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген
тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Рахмет!