Материалдар / Тренинг элементтері бар әңгімелесу жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг элементтері бар әңгімелесу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардыі өздерінің айналасындағы адамдармен қарым –қатынасына анализ, осы қарым-қатынастарға жаңалық енгізу және корректировка жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
508
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қалай дұрыс дос болуға болады?» тақырыбына

тренинг элементтері бар әңгімелесу

5-6 сынып оқушыларына

3сағ (аптасына 1сағ)


Мақсаты:

-осы проблемаға байланысты оқушылардың көзқарасын анықтау.

-оқушыларды достық кодексімен таныстыру. Балаларға қандай қасиеттер достықта маңызды екенін сезінуге көмектесу.

-достық қарым-қатынасты қолдайтын, сақтайтын, орнықтыру үшін қажетті ұсыныстар беру

- топ ішінде конструктивті қарым-қатынас дағдысын қалыптастыруға үлес қосу

-қарым-қатынастағы барьерлерді жеңіп шығуға көмектесу. Қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру

- балалардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардыі өздерінің айналасындағы адамдармен қарым –қатынасына анализ, осы қарым-қатынастарға жаңалық енгізу және корректировка жасау

Оқушылардың достық қарым-қатынастың маңыздылығы мен қажеттілігін сезінуі

Материалдар:

Доп, ойыншықтар

Достық туралы мақал-мәтелдер

Достық Кодексі

Ақ парақ, караншатар

«Достық үшін не маңызды» жаттығуына материалдар

Әңгімелесудің барысы:

Танысу

Әңгімелесудің мақсаты, алдағы кездесулердің ерекшеліктері туралы қысқаша әңгімелеп беру.

«Мен нені жасауды өте жақсы көремін және нені үйреніп алғым келеді» жаттығуы

Мақсаты:

Топта сенімділік қарым-қатынас орнату

Бір-біріне жағымды қарым-қатынас қалыптастыру

Балалардың өзін-өзі бағалауын жоғарылату

Міндеті:

Оқушыларға бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік беру

«Сіздер мектепте бірге көптен бері оқисыздар. Әр қайсыңыз – қызық та тартымды адамсыздар, осы сыныптың тыныс тіршілігіне, сыныптағы өзара қарым-қатынастарға әр қайсыңыз белгілі бір еңбек сіңіріп жүрсіздер, допты бір-бірііңе бере отырып, өздеріңіздің аттарыңызды атап, сосын әрқайсыңыз нені істегенді және не сіздерде оп оңай жасалына салады сол туралы қысқаша айтып өтсеңіздер. Сонымен қатар нені үйренгіңіз келеді айта кетіңіз».

Сабақтың тақырыбы бойынша талқылау

Сұрақ: Достық деген не?

«Достық» (сөздік) – бұл өзара сенімділік, байланыс, қызығушылықтары ортақтыққа негізделген жақын қарым-қатынас


«Достық» (сөздік)- жеке-таңдамалы және өзара ұнатушылық негізінде құрылған....

Достардың уақытша және тұрақты болатыны белгілі. Уақытша достарымызды біз – таныстарымыз деп айтамыз.

Сұрақтар: - Таныстар достардан несімен ерекшеленеді?

Адамның неше нағыз досы болуы мүмкін?

--Жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, достарым көп деп айтатын адамдар қиындыққа тап болғанда не өздерімен өзі, не тек ағайын тумаластарымен қалған. Ал достарым аз (1-3) дегендер сол достарынан көмек пен түсіністік көрген. Осылай айта келе нағыз досың сондай көп болмайды деуге болады. Бірақ әрбір адамда достарынан басқа таныстары да міндетті түрде болуы керек.

Сонымен, достар – оларға біз сенеміз, ол бізді ешқашан сатып кетпейді, қиын мезетте қол ұшын беретін, қиындыққа ортақтасып көмектесе білетін жандар. Біз досымызға өз құпияларымызды сеніп тапсыра аламыз. Өз өмірінде адам достар тапса кейде өкінішке орай әртүрлі жағдайларға байланысты жоғалтып та жатады. Достық бізге көптеген қуаныш әкеледі.достық қарым-қатынастар біз өзіміздің өсуімізге және өзгеруімізге қарай өзгеріп отырады.

Вопрос: Дос деген кім? Негізінен достың қандай қасиеті болуы керек?

«Менің мінсіз досым» жаттығуы

Мақсаты: достықта бағаланатын қасиеттерді сезіне білу

Міндеті: достықта керек болатын қасиеттерге оқушылардың өзіндік анализі

Оқушыларға топтарында досқа қажет қасиеттерді жазу тапсырылады: «Дос – ол ...»

Нәтижені бірлесіп талдау

Шеңбер бойынша дискуссия

Сұрақтар:

-Сенің ең жақын досың сен ең жақсы жағыңды айтам десе қай қасиетіңді айтар еді?

-Егер осы адамға сенің ең жаман жағыңды айт десе ол не туралы айтар еді?

-Достықта ең маңыздысы не деп ойлайсыз?

-Достыққа не кедергі тигізуі мүмкін?


Достық Кодексімен (достық ережесі) танысу.

Отандық әлеуметтанушылар мен психологтардың жасақтаған достық кодексі:

Барлығы уақытпен, жылдармен тексеріледі! Егер де сіздің қасыңызда 3-5жылдан астам уақыт бойы қарым-қатынаста жүрген, ортақ қызығушылығыңыз,өзара түсіністік, ортақ естелігіңіз, ортақ көзқарасыңыз болатын, егер сіз әр уақытта проблемаларыңызбен, сұрақтарыңызбен бара алатын және ол адам сізге ешқашан жоқ деп айтпайтын , адам болса – ол Сіздің досыңыз бар деген сөз!

Достықты ардақтап, сақтай және қорғай білу керек! Сіздер біле жүріңіздер – ұрысып қалу – ол жылдам, ал қайта достасу және кешіру – ол өте қиын.Ұрысып қалғаннан гөрі- ол проблеманы талқылаған оңай. Ешқашанда жаңа досыңызды басқа немесе бұрынғы достарыңмен салыстырмаңыз! Егер де сіз осылай жасайтын босаңыз – сіз бірдеңеге көңіліңіздің бітпегені! Көңіліңіздің бітпегені ол – сізде сенбеушілік бар, ал сенбеушілік – достықты тоқтатады.

Есіңізде болсын әр адам әртүрлі! Әр адамның өзіндік ртықшылығы мен кемшілігі болады. Өз досыңызды қайта тәрбиелеуге тырыспаңыз – ол сол адамға ауыр тиеді.

Достық – ол өзара процессс! Ол Сізден де түсіністік, көңіл бөлушілікі талап етеді.

Досыңызбен сіздің өзіңізбен жасауға болмайтын кері нәрселерді жасамауға тырысыңыз.

Достық сенімділік пен шынайылықты күтеді. Сондықтан достарыңызбен шынайы болыңыз! Мақалды есте сақтаңыз «Келме кезек, Терме тезек». Адам өз сенімсіздігіне – сенімсіздік, өтірігіне –өтірік, ашықтығына – ашықтық алады.

Европалық әлеуметтанушылары мен психологтарының достық кодексі былай дейді:

Өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы жаңалықтармен бөлісіңіз.

Эмоционалдық қолдау айта жүріңіз.

Қажеттілік туған жағдайда ерікті түрде көмек көрсетіңіз.

Сіздің қасыңызда досыңызға жағымды атмосфера сыйлауға тырысыңыз.

Қарызды, жасаған жақсылықты қайтарып отырыңыз.

Досыңызға сенімді болыңыз, сене білуіңіз қажетті

Ол жоқ кезде досыңызды қорғаңыз.

Оның қалған достарына да шыдамды болыңыз.

Досыңызды елдің алдында сынамаңыз

Сеніп тапсырған құпияларды сқтай біліңіз.

Досыңыздың басқа да қарым-қатынастарына қызғанбай, сынамай жүріңіз.

Мазасын ала бермей, ақыл бере бермеу

Досыңыздың автономдылығы мен ішкі әлемін құрметтей білу.

Сұрақтар:

-осы екі кодекстердің ортақ белгілері неде?

-Сіздер қалай ойлайсыздар достықты бекітіп және сақтап қалу үшін қандай ережелерді сақтау керек?

-достық қарым-қатынастың ыдырауына қандай ережелерді сақтамағанда жүреді.


Айтылғандарды, мақалдарды, ситуацияларды талқылау

1. Бір ақын өлеңдерін жазғаннан кейін достарына тәуіліктің кезкелген уақытында достарына телефонмен оқып береді екен. Ақынның түннің бір уағында оятылған бір досы оған «Сағаттың неше болғанын білесің бе» депті, сол кезде ақын – «Достық- ол тәуілік бойы» деп жауап беріпті.

2. Қожанасырдан сұрапты: «Осы сен айта аласың ба осы қалада сенің қагша досың бар екенін?» дпті. «Дәл қазір қанша екенін айта алмаймын, себебі менің биыл егінім бітік шықты, жоқшылық көріп жатқан жоқпын. Ал досыңның бары қиын кезде білінеді» депті.

3. Данышпаннан сұрапты: «Неліктен достарың оп оңай жауыңа айнала алады, ал жауың досыңа айналу үшін үлкен күш жұмсалуы керек» деп. Ол жауап беріпті: « Салғанна үйді қирату оңай, құмыраны сндырған оңай оны жасағаннан гөрі, ақшаны жұмсаған оңай оны тапқанна гөрі» деп жауап беріпті.


«Достық үшін не маңызды?» жаттығуы

Мақсаты:

Достық туралы алған білімдерін бекіту

Қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынастар қалыптастыру

Міндеттері:

Достық қарым-қатынастар туралы түсііктерін кеңейту

Келесі айтылғандарды өзіңізге қарай маңыздылығы бойынша ранжировка жасаңыз. Достық үшін не маңызды:

Бір біріне уй тапсырмасы мен бақылауларды көшіріп алуға беру

Тентектерден бір бірін қорғау.

Қызық ойындарды бірге ойлап табу.

Көңіл білдіре, қолдай білуге, ..

Бір біріне тәттілер сыйлау

Бір біріне ұнамаса да шындықты бетіне айта білу

Бір біріне жол бере білу

Бір біріне қонаққа жиі бару

Бір біріне тек жақсы сөздер айту

Жаңалықтармен бөлісе білу

Бір біріне көмектесу

Бір бірін тыңдай және түсіне білу

Өз досыңның басқа достарына шыдамдылқ таныта білу

Болмашы нәрсе үшін бір бірімен ұрыспау

Бір бірінің жетістігіне шын жүректен қуану

Сұрақтар: - Сіздер қалай ойлайсыздар, неліктен көптеген балалардан : « Менде нағыз дос жоқ», «Достар таба алмай жүрмін», «маған достасу қиын» т.т.с.с. естиміз? Адам достарды өзіне қай жерден таба алады?

Әрине достарды кез келген жерден табуға болады. Бірақ айта кететін жағдай жақсы достар – ол мектептегі, балалық шағыңдағы достарың. Мектепте ортақ жоспарлыңыз бар, ортақ көзқарастарыңыз бар, ортақ қызығушылығығыз бен істеріңіз бар Сізге қызықты адамды табу оңай.

Қалай ойлайсыздар достықта жас ерекшелігі бола ма?

Зерттеулер мен сұраулар арқылы анықталған: достықта жас ерекшелігі болмайды екен. Дегенмен де адамдардың айтуынша досыңыз Сізбен жасты немесе сәл үлкен немесе сәл кіші болу керек ойда екен.

Қорытындылай келе бірнеше кеңес беремін:

  • Сізді қоршаған адамдарға тым сыншыл болмаңыз. Қарым-қатынас орнату үшін Сіздің өзіңіз қандай әсер қалдатының өте маңызды. Адамдар Сіз өзіңізді қалай көрсете білуіңізге қарай көре біледі.

  • Сөзде достар пайда болуы үшін сіз қарым-қатынас жасай білуіңіз керек. Қарым-қатынас жасай білуді үйрену керек. Осыған байланысты сыншыл, күдікті, томсырайған және күдікшіл болмаңыз. Егер сіз әрқашан жігерлі, мөлшермен ашық тынымды болсаңыз – сырт адамдарға тартымды боласыз.

  • Адамдар Сізге құрметпен қарайтын негіз болатындай етіп өзіңізді ұстай және көрсете біліңіз.ешкім жайлы жаман ойламаңыз. Өзіңізге емтихан ұйымдастырыңыз 1 апта бойы ешкім туралы жаман сөз, өсекті ойшада ауызшада айтпауға тырысыңыз. Бұл өте қиын! Бірақ, біз ешкім туралы жаман ойламасақ біз туралы да бәрі жақсы ойлайтын болады

  • Басқалармен қарым-қатынас пен араласуды «теңдікте» жасаңыз, сол адам үшін қымбат болатын нәрселерді: оның киім киісі, оның әуестенетін істері, оның жақындарын, оның идеалдары мен құндылықтарын аяқ асты етпеу

  • Әзілмен сақ болыңыз

  • Ақыл айту ол көп жерже үйреткеннен гөрі көбінесе ызаландырады осыны есте сақтаңыздар

  • Айналадағыларға мұқият болыңыз, амандасыңыз, мерекелерімен құттықтаңыз, туған күндерін есте сақтаңыз

Сол кезде сізді де міндетті түрде елеп, міндетті түрде есте сақтап, сізбен қарым –қатынасты қадірлейтін, бағалайтын, құрметтейтін болады. Сіздердің әрқайсыңызда Сізге өмірдегі қиын жағдайларда көмектесе білетін нағыз достарыңыз болады

  • Ал енді Достық кодексін еске түсіріп көрелік.

Әңгімелесуді жүргізудің ерекшелігі туралы.

Әңгімелесуді қатысушыларды шеңбер құрып отырғанда жүргізген қолайлы. Кабинетті кітаптар көрмесімен, плакаттар, мақал-мәтел, ойшылдардың фразаларымен безендірген.

1. әр сабақтың соңында нәтижелерді таолдау. Қатысушылардың сезімі талқыланады. Оқушылар ненің ұнағанын, ненің ұнамағанын, әңгімелесу барысында қандай жаңалықтар білгенін, оларды не таңқалдырғанын немесе қуандырғанын, қандай сұрақтар қалғанын айтады.

2. Әр сабақтың соңында үй тапсырмасы беріледі.Ү\ж:

- өзінің нағыз досы (қиялдағы) туралы әңгіме жазу

- «Дос іздеймін!!!» атты хабарландыру ойлап табу және жазу(досыңнан көргің келетін қасиеттерін көрсетіп жазу керек)

- ата-аналарынан интервью алу Сурақтары: Сіз үшін достықтаңы маңызды нәрсе? Сіздің нағыз досыңыз бар ма?. Сіз оларды қанша жыл білесіз? Сіз Достық кодексі немесе ережелері туралы хабарыңыз бар ма?

3. сабақтар әңгімелесуге қатысушылардың арасында сенімділкке бағыттайтын жаттығулармен басталуы керек.

Қажет болар жаттығулар:

1. Психогимнастика «Орындарын ауыстырыңыздар .....»

2. Жаттығу : «Сәлем!»





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!