Қазақстан Республикасы
білім және ғылым
министрлігі
Сайрам ауданы, Таскешу
ауылы
№ 50 Н.Тілендиев атындағы
жалпы орта мектебі
Тренинг
Тақырыбы: «Мамандық жетістік
мерейі»
11 «А»
сынып
Өзін-өзң тану пәнінің
мұғалімі:
Жолдасова
Н.Н.
2017-2018 оқу
жылы
Мамандық – жетістік
мерейі.
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда
көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы
дүниетанымын кеңейту;
Құндылығы: Дұрыс
әрекет
Қасиетті: еңбекқорлық,
мақсаткерлік
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер,
плакат, слайд көрсету.
Тренинг
ережелері:
-
Сыйластық;
-
Тыңдай
білу;
-
Сөзді
бөлмеу;
-
Белсенділік
таныту;
-
Шығармашылық;
-
Төзімділік;
-
Түсінік
қарым-қатынас.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
Видиорок
көрсету «Президенттердің
мамандықтары».
Қайырлы күн, құрметті
қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған
«Мамандық – жетістік мерейі» атты кездесу кешімізге қош
келдіңіздер!
-Ұлы жазушы Абай Құнанбаев атамыз
айтқандай
«Әсемпаз болма
әрнеге,
Өнерпаз болсаң,
арқалан
Сен дебір кірпіш
дүниеге
Кетігін тапта бар,
қалан»
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық
бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып
отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға
болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені
бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім
боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап
бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе
біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте
күрделі мәселе. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі
болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
І І. Үй
тапсырмасын тексеру.
«Қазақстандағы 100 жаңа
есім» жобасының үміткерлері туралы
мәлімет.
ІІІ. «Миға
шабуыл»
Мамандық дегеніміз
не?
Оқушылардың пікірлері
сұралады
• - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау,
арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе
сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен
айналысады.
Қандай мамандықтарды
білесіздер?
-
Дәрігер.
-
Педагог
-
Стаматолог
-
Юрист
ІV. Сергіту
сәтті «Мамандықты
тап»
Ойын
Суреттер арқылы жасырынған
мамандық аттарын табу.
1.Мерчендайзер- Бұл
жұмыскердің қызметтеріне тауарды қайтару және есептеу, есеп беруді
жүргізу, дүкендер сөрелерінде тәртіпті ұстау
кіреді.
2.Клипмейкер – музыкалық шығармалардың
визуалды көрінісін, яғни шағын клиптер, жарнамалық роликтер, үлкен
музыкалық фильмдер түсіруші режиссер. Клипмейкердің негізі міндеті
тапсырыс берушінің көңілінен шығу.
3.Нанотехнолог –
нанотехналогия маманы. 4.Спичрайтер – көпшілік алдында сөйлейтін
мәтінді жазып, дайындап беретін маман.
V .
Видиоролик «10 Қазақстанның жоғары оқу
орындары».
Мектеп түлегінің моделі
:
· ӨЗІНЕ
СЕНІМІН АРТТЫРУ
· ӨЗ
ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРА
БІЛУ
· ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ
БОЛУ
· ӨЗІН-
ӨЗІ ОҚЫТУҒА
БЕЙІМДІ
· ҰЖЫМҒА ӨЗ ҮЛЕСІН
ҚОСУШЫ
· ПІКІРТАЛАСТА ӨЗ ОЙЫН
БІЛІП, ӨЗ ОРЫНЫН ҚОРҒАЙ
АЛАТЫН
· ТӘЖРИБЕДЕН ӨЗІНЕ ПАЙДАЛЫСЫН
АЛА АЛАТЫН
· ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШЕ
АЛАТЫН
· ӨЗ БЕТІМЕН ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАЙ АЛАТЫН ТҰЛҒА БОЛУ
ШАРТ
VІ. Бейімділігін
таныту.
-
Айтмахан Меруерт –
дәрігер
-
Аманқұл Назым – медбике
(ЛФК)
-
Асилбек Ақнұр –
журналист
-
Ахметова Ельфуза –
фармацевт
-
Байту Олжас – ГАЙ
қызметкері
-
Бостан Жандаулет –
инженер-технолог
-
Абдикерим Дидар –
фотограф
-
Қумарбек Айда –
Дефектолог
-
Мати Сағыныш –
Кардиолог
-
Паша Севда –
педагог
-
Райс Сымбат –
педагог
-
Сагимбек Жадыра –
дәрігер
-
Шардарбек Назерке -
фармацевт
Әр оқушы өзі таңдап отырған
мамандығымен таныстырып, сол мамандыққа икемділігін
көрсетеді.
VІІ. Тыныштық
сәтті: Тыныс алуға зейін
қою. Мұғалім: Сіздерден
аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір
тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде,
біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен
қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі
мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық,
балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды
тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10
рет) немесе 1..................2
бояу музыкамен тыныштық сәтін
өткізу.
VІІІ.
Қорытынды. Әбунасыр Әль Фараби: “...адам
кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік
және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет,
қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің
өмірлік мақсатымыз болу керек.”
ІХ.
Рефлексия «Рухани жаңғыру» логатипіне
оқушылар өз тілектерін стикерге жазып
жабыстыру.