11 сынып
түлектерімен тренинг
16.01.18.
Тренинг мақсаты:
ҰБТ-ға дайындық кезеңге
оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен
тактикасын өңдеуін; өзін-өзі реттеуін; өзін-өзі бақылау
дағдысын оқытуын; сенімділігін арттыруын жүзеге
асыру.
Тренинг
міндеттері:
1. Стреске
қарсы тұруын арттыру
2. Сенімді мінез-құлық
дағдысын арттыру
3. Эмоциялық ерік
сферасын дамыту
4. Эмпатия сезімін
дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға
сенім білдіру.
Қажетті
құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:сәлемдесу түрлерінің
суреттері, маркер, плакат, музыка
Барысы:
Сәлемдесу дәстүрі
«Әр ұлттың сәлемдесу түрін
көрсету»
Сәлеметсіздерме,
балалар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Бүгінгі тренингімізді
сәлемдесуден бастайын деп тұрмын. Ол әдеттегідей сәлемдесуімізден
біраз өзгешелеу болайын деп тұр, біз әр ұлт өкілдерінің сәлемдесу
түрін көрсетіп амандасайық, интерактивті тақтаға назар аударсақ
(интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады, мен өзіме жұп бір баланы
алып көрсетіп тұрып
жасаймыз):
-Кәріс халқында
иіліп амандасады
-Бразилияда
бір-бірінің иығын қағады
-Италияда бір-бірін
құшақтап
-Македонияда
бір-бірінің шынтақтарымен
-Жаңа Зеландияда
шекелерін түйістіріп
сәлемдеседі
-Көп елдерде тіл
шығару әдепсіздікке жатады, бірақ Тибет халқында бір-бірлеріне
тілдерін шығарып сәлемдеседі
-Қытайда қол алысып
сәлемдессе де жана көрген таныстық болып жатса бір-біріне қол
шапалақтайды екен, ендеше біз де бір-бірімізге шапалақ соғып
қояйық!
Тренинг ержесін
айтып кету.
«Менің есімім»
жаттығуы. Балалар ортада өз есімдерін
айтып, оған қоса есімдерінің бірінші әріпіне басталатын оң
қасиеттерін айтады, мысалы: менің атым Ардақ мен ақылдымын, солай
жалғасады кезекпен.
«Грек жаңғағы»
жаттығуы
«ҰБТ тапсыру
кезіндегі сәттен» 1-жаттығу «Талдау»
«ҰБТ – бұл …»
Сендер үшін не?
1. Мереке
2. Батыр қадам
3. Ауыр жұмыс
4. Күрес
5. Ештеңке емес
6. Болашақтағы тәуелсіздік т.б.
Енді осы ҰБТ сәттіліктеріне жету үшін бізге қандай факторлар керек
деп ойлайсыңдар?
1. Білім деңгейі
2. Эмоциялық өзіңді ұстай білу
3. Қиындыққа төтеп беру
4. Сенімділік
5. Өзіңді ұстай білу т.б.
Жарайсыңдар! Олай болса
балалар қазір біз сендермен жаттығуды
жалғастырайық.
2. «Жас түлектердің стреске
жақындығын айқындау» жаттығуы
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған үлестірмелер таратылады.
Үлестірмелерге жауаптарын кезекпен айтады.
Ашығын айтқанда:
Шынын айтсам, болатын емтиханды (ҰБТ-ны) ойлағанда, …
Шынын айтсам, емтихан туралы менің ата-анам да уайымдап жүргені
туралы ойлағанда мен …
Шынын айтсам, бұл емтихан туралы естіген кезде…
Шынын айтсам, мен қосымша сабаққа келген кезде …
Шынын айтсам, мен үйге келген кезде …
Шынын айтсам, мен қобалжып, уайымдаған кезде…
Шынын айтсам, осы тренингке қатысып отырған
кезде…
Жарайды балалар, сендердің ойларыңды білдік.
Негізгі ереже!!!
Емтихан кезінде эмоцияңды дұрыс ұстап, сақтай білсеңдер,
жетістікке, жеңіске жетесіңдер!
3 — тренинг – жаттығу «Менің жаңа өмірім» (баяу әуен қойылады)
Болашағымыз туралы сурет салу (әр оқушы ақ қағазға түрлі-түсті
маркермен немесе краскамен сурет салады) Салып болған соң
орындарына отырып, өзі салған суреті туралы әңгімелеп, (өз ойларын
яғни жаңа өмірін, арманын) түсініктеме береді.
Талдау жасалынады
«Бекіту» Әрбір адам кешке жатар, ұйықтар алдында
ойын бекіту керек. Бір сөзді он рет қайталап жазу керек. Мысалы,
«Мен 2-маусымда 120 ұпай аламын» деген сөзді. Өзімізді сәттілікке,
жеңіске тәрбиелеп отырмыз. Жазғандарыңды жүректеріңе қойыңдар…
Осыны толық алу үшін сендерде күш-жігер жетеді. Жазған қағаздарыңды
кеудеге қойып, іштеріңнен жақсы сөздеріңді өздеріңе айтыңдар.
Осы сөзді жазып жатқан кезде ішкі сезімдерің қандай
болды?…
Енді бір-бірлеріңнің қолдарыңды қысыңдар, көзді
жұмып «ішімізден күштіміз, сыртымыздан көңілдіміз» – деп бірнеше
рет іштей қайталаңдар… Қолдарыңды босатыңдар. Осыны күнде
ертеңгісін жасаңдар. Отырып та, жатып та, тұрып та жасауға болады.
2 минут уақыт табасыңдар деп ойлаймын. Бұл – күшіңді басқару. (Бұл
психологияда – Афермация деп аталады)
Орындарыңнан тұрыңдар, бір-бірлеріңмен жұптасын тұрыңдар.
Бір-бірлеріңнің алақандарыңды соғыңдар. Күшпен соғыңдар! Отырыңдар.
Енді осы тренингтен алған әсерлерің туралы айтып, ойларыңды бізбен
бөлісіңдер.
(Ойларын айтқызып болған соң) Егер осы тренинг сендерге ұнаған
болса қолдарыңды 3 рет соғыңдар, ұнамаса 1 рет соғыңдар.
Мен сендерге сәттілік тілеймін!!!
Енді сергіту сәтін жасап алайық (бейнебаян
дауыспен)
Мақсаты: Тұлғаның психологиялық сенімділігін дамыту
Арт-терапиялық жаттығу «Өз жұлдызыңды тап» (баяу әуен)
Нұсқау: Шеңбер бойында отырып көздеріңді жұмыңдар. Үш рет демалып,
үш рет дем шығарыңдар… (баяу музыка ойнап тұрады)
— Ал, енді көз алдарыңа жұлдызды аспанды елестетіңдер. Жұлдыздар
үлкен және кішкентай, жарық және сығырайған. Біреулерге бұл бірнеше
жұлдыздар, ал басқаларға сан жетпейтін біресе жақындап, біресе
алыстайтын жарық нүктелер.
— Сол жұлдыздарға қарап саған ұнаған ең керектісін таңдап ал.
Мүмкін ол сенің арманыңа ұқсайды, әлде бақытты, қуанышты, шабытты
балалық шағыңды есіңе түсіреді ме? Тағы да жұлдызыңа қарап оны
ұстап көруге тырыс. Бар күшіңді сал! Сен міндетті түрде оны аласың.
Жұлдызыңды ақырын ұстап, алдыңа қойып, жақсылап қарап, оның қандай
екенін және жарықтығын есіңе сақтап қал.
Ал енді алақандарыңмен тізелеріңді ұстап, төмен қарай аяқтарыңды
сипап, керіліп, көздеріңді ашуға болады. Қолдарыңа түрлі-түсті
қарындаштарды алып, ақ қағазға өз жұлдызыңның суретін сал. Салған
жұлдыздарымыз осы тренинг бойына өзінің шуағын шашып, достығымызды
нығайтады. Тренингтен оны өздеріңмен бірге алып кетесіңдер. Олар
сендерге білім жолында, барлық емтихандарда және өмір бойы
көмектеседі. Жұлдыздарға мұқият қараңдар, олардың барлығы әртүрлі,
сендер мен біздер сияқты бір-біріне ұқсамайды. Осы жұлдыздардың бес
тармағы секілді, ҰБТ-ның бес пәнінен де «5» деген баға алып
шығуларыңа тілектеспіз!
Рефлексия.
Бояу, краска, гуашь арқылы, бояуға қолдарын
матырып немесе алақандарын өздерінің көңіл күйлеріне байланысты
түсті таңдап бояп, ватманға батыру. Тренингтен алған әсерлерін
айту.
11 сынып
түлектерімен тренинг
30.01.18.
Тренинг мақсаты:
Оқу танымдық қабілеттерін, есте сақтау,
зейіндерін дамыту, өз өзіне сенімділіктерін жоғарылату
Қажетті
құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Барысы:
1. Амандасу. «Бумбу-юмба
тайпасы» жаттығуы арқылы
Біз сіздермен Бумба-юмба
тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша
былай амандасуымыз керек. Алақанымызды 1 рет соққанда сіздер
қасыңыздағы отырған адаммен мұрындарыңызды түйстіресіздер. Белгі
беріліп алақанды 2 рет соққанда бір-біріне арқаларынды түйістіру
қажет.
Оқушылар аудиторияда еркін
жүріп, менің тапсырмаларымды орындаулары қажет. Мен «Бір-біріңе»
дегенде сіздер жұп табуларыңыз керек. Жұптасқаннан кейін:
«бір-бірлерінің қолдарыңды қысыңдар, аяқтарыңызды- аяққа,
басты-басқа, қолды-қолға, мұрынды-мұрынға, құлақты-құлаққа, арқаны-
арқаға, ішті-ішке т.б. Залда тағыда еркін жүріп, жаңа жұп табуларың
керек. Ойын жаңа жұппен жалғастырылады.
2.Жылдам және тез
жаттығуы
3.Ущелье
4.Слепой и
поводырь
5.. Жаттығу. «Поезд»
Оқушыларды ортаға шығарып, ең
алдымен 1,2-ге саналып шығуымыз керек. 1 номердегілер қолдарын бір
рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал, 2-ші
номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге
тарсылдатады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, поездың
жүру дыбысы естіледі
«Стресті жеңу үшін не істеу
қажет» мини дәріс.
Біріншіден: стресс
кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині
жетіспейді. Витаминдерді шамадан тыс пайдаланбаған
жөн.
Екіншіден:денені шынықтыру
қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар,
билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп
серуендеңдер.
Үшіншіден:психикалық және
физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып
көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап
армандаңдар.
Төртіншіден:үйлесімді өмір
сүру үшін ең алдымен отбасыңның, жолдастарыңның, жақын-туыстардың
көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы
салтанатты мәжілістерге, қызықты жаңа адамдармен танысуды
ұмытпаңдар. Ата-аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа,
ағайларың мен апайларыңа және басқа жақын-туыстарыңа барып,
амандығын білуге тырысыңдар.
11 сынып
түлектерімен тренинг
06.02.18.
«Өз күштеріңе
сен!»
Тренинг мақсаты: Оқушылардың өзі-өзін бағалауды
жоғарлату, коммуникативті дағдыларын әрі қарай өрбіту, кез келген
қиындыққа басқа көзбен қарап, өз мақсаттына жетуді көздеуге
үйрету.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам, үш түсті кәмпиттер, мармелад-жүрек,
видео ролик
Тренинг барысы:
Оқушылармен сәлемдесу.
Жағымды жұмыс ахуалын туғызу үшін:
«Менде бір, елде бір
жаңалық» жаттығуын жүргізу. Балалар
өздеріндегі бір жаңалықты және елдегі бір жаңалықты
бөліседі.
« Ашық
хаттар» өткендегі ата-аналар
жиналысында балаларына жазған хаттарын таратып беру. Түлектер
өздеріне ата-аналары жазған хаттарын іштей көздерін жүгіртіп
оқиды.
«Кәмпит»
ойыны. Шеңбер бойымен жүріп, кәмпит
таратады: кызыл, жасыл, сары. Таңдап алған түске сай оқушылар топқа
бөлінеді. Түстерге сипаттама беріледі.
Топ ережелері қабылданады
— бір-бірін тыңдау
— уақыт үнемдеу
— белсенділік таныту
— достық қарым-қатынас
— жағымды эмоция тудыру
«Өз күшіне сену!» деген
ұғымға ассоциация айту
Оқушылар өз аттарын және
өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы: — «Өмірдің ағымынан қалмау»
— «Ешқашанда білмеймін демеу»
— «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
— «Биік шыңға ұмтылу»
Аутоагентті
жаттығу.
Тренингке барлық оқушы
қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды мінез
ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады.
Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына
жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің
бойындағы жағымды мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады.
Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып,
арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне
естелікке қалдырады.
Ник Вуйчич туралы «Өзіне
сену» атты видео ролик көрсету
Топта талқылауға арналған
сұрақтар:
-Мына адамда бойында қандай қасиеттер бар?
-Оның жасаған ерлік деп айталасың
ба?
Қортынды-тренинг
«С- фейервергі»
Мен сендерге Сенімділік,
Сүйіспеншілік, Сәттілік
тілеймін!
Назарларыңызға
рахмет!
11 сынып
түлектерімен тренинг 12.02.18.
Тренинг тақырыбы:
«Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының
негізі»
Тренинг
мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ - ға
дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден
құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына
сенімділік ұялату.
Шағын топтардағы дискуссия.
Мақсаты: Қатысушыларға өздерін жақсы
түсінуге көмектесу, сезімдерден, көзқарастарын
қарастыру.
Ущелье жаттығуы
«Сағат тілі»
жаттығуы
Нұсқау:
қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып
беріледі. Қатысушылар менің нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері
қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған
соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша
адамдарды іздейді: Мысалы:13-14 аралығы – амандасу15-16 аралығы –
күлімдеу17-18 аралығы - комплимент айту19-20 аралығы – басынан
сипау
аралығы – қол алып
амандасу23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық
сыйлау
Құрылымы: 4 шағын
топқа бөліңдер. Мына принцип бойынша: - теңіз, өзен, көл.
Таймерді, хатшыны спикерді таңдаңдар. Қазір сендерге талқылайтын
сұрақтар таратамын. Жұмысты орындауға сендерге 2 минут беремін.
1- топқа тапсырма: өз - өзіне сенетін, өз күшіне сенетін адам
суретін сал.
2 - топқа тапсырма: өз көңіл - күйіңді көтеру жолдары.
3- топқа тапсырма: Емтиханда пайда болған қысымнан қалай арылуға
болады?
4 - топқа тапсырма: Классқа кіріп келе жатқанда дайындалу кезінде
және емтиханға жауап беру алдында қобалжу сезімінен арылу.
Ал енді мен спикерлерден талқылау барысындаға топтық идеяларды
баяндау.
Тақырыбы: Емтихан уақытындағы көңіл - күй.
Материалдар: Магнитофон, ватман, А - 4
форматтары, тесттер мен әдістемелерге арналған бланкілер,
қалам.
1. «Сәлемдемелік хат» жаттығуы.
Мақсаты: Эмпатия сезімдерінің дамуы, топтық бірігудің
жоғарылауы.
Құрылымы: Мен сізге өзіңіздің сәлемдемеңізді қағаз бетіне түсіріп,
оны ларецке салуыңызды ұсынамын. Ал енді оны араластырамын. Қазір
сіз топқа оқып беретін және бүгінгі кездесуден өзіңізге естелікке
қалатын басқа сәлемдеме аласыз.
Анализ:
1. Сізге сәлемдеме жазу қиындық келтірді ме?
2. Сіздің сәлемдемеңізді оқығанда сіз өзіңізді қалай
сезіндіңіз?
3. Бүгінгі тренингтің тапсырмасын әрі қарай жалғастыруға дайынсыз
ба?
2. «Өз жұлдызыңды тап» (арт терапиялық жаттығу)-
мұқият қараңыздар, олардың барлығы әр
түрлі сіздер мен біздер сияқты бір - біріне ұқсамайды. Осы
жұлдыздардың бес тармағы секілді, ҰБТ - ның бес пәнінен де 5 деген
баға алып шығуларыңызға
тілектеспін!
УЩЕЛЬЕ
На картинке изображено ущелье. Вам надо
нарисовать человека, а также создать ему фон (небо, деревья, трава
и т. д.). Рисуйте все, что покажется вам необходимым дополнением к
картине.
УЩЕЛЬЕ
На картинке изображено ущелье. Вам надо
нарисовать человека, а также создать ему фон (небо, деревья, трава
и т. д.). Рисуйте все, что покажется вам необходимым дополнением к
картине.