Материалдар / Тренинг "Менің балам қандай?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренинг "Менің балам қандай?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналардың көңіл – күйін жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
2703
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ. “Менің балам қандай?”


Тақырыбы: Менің балам қандай?

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Барысы:

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі «Менің балам қандай?» тренингіне қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
ІІ. Негізгі бөлім

«Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетті кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

1. Жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата – анамен баланың ортасындағы қарым – қатынасты анықтау.

Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады.

  1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
    2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
    3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
    4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
    5. Сүйіп оқитын пәні?
    6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?

  2. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

  3. Балаңыздың сынып жетекшінің толық аты-жөні?

  4. Балаңыз қай жылдан бастап мектепке келді?

  5. Балаңыздың сыныбында неше бала оқиды?

  6. Директордың толық аты-жөні?

  7. Балаңыздың жақсы көретін киім үлгісі?

  8. Балаңыз сыныпта кімнің жанында отырады?

  9. Күніне балаңыз қанша ақша жұмсайды?

  10. Балаңыз кітапханаға неше рет барды?

  11. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
    Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
    Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
    Ортаға сынып жетекші шақырылып тапсырма беріледі: бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын – орнымен тұрғызу.
    Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
    3. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
    5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
    Сәби бақыты, ол –
    Ата – ана бақыты, ол –
    Әйел бақыты, ол –
    Ер – азамат бақты, ол –
    Ұстаз бақыты, ол –

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
– Отбасы бұл….
– Отбасым бақытты болу үшін….
– Отбасымда зорлық – зомбылыққа жол жоқ, себебі….
– Мен қалар едім отбасымның….

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп – көп рахмет.

  1. Ата – аналарға кеңес
    (оқылып, таратылады)

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

•          Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. Ұйқысы қанбаған бала - сабақта мұңаюлы құбыжық.

•          Мектеп туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.

•          Бала  тапсырмаларға, мектептен әкелген кітаптарына  сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін.

•          Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

•          Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

•          Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз: онымен хат жазып алмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қатты әсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз , ал кешкісін оны  барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

•          Мектеп пен сынып өміріне үнемі белсенділік танытыңыз. Балаға оның мектебінің сіздің өміріңіздің  маңызды бөлігіне айналуы жақсы әсер етеді.

•          Мектепте сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Және де барлығы әрқашан іске аса бермейді. Осы сәтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз.

•          Кейде бала барлық мектептік жағымсыз жағдайларды жүректеріне жақын қабылдап қалуы мүмкін. Әркез оған ненің маңызды, ненің аса маңызсыз екенін үйретіңіз.

•          Балаңызға ұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» деген сөздерді қолданудан аулақ болыңыз… Негізінде сіздің балаңыз әрқашан жақсы, тек бүгін ғана бір нәрсені дұрыс істемеді. Осы туралы оған айтыңыз.

•          Әдетте бала жаман қылық істегенде ол ұялу сезімін бастан кешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оның ұялу сезімі өшеді. Ал бұл қауіпті.


ІІІ. Қорытынды

Психологтың қорытынды сөзі
Ардақты ата – аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек.

Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!