Материалдар / тренинг: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ АГРЕССИЯ ЖӘНЕ КОНФЛИКТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренинг: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ АГРЕССИЯ ЖӘНЕ КОНФЛИКТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдерде агрессия туралы жалпы түсініктерін қалыптастырып, агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша талқылады. Агрессияға бой алдырмау жаттығуларын ұсынды. Конфликт және шешу жолдары және конфликттілік жағдайдың жағымды және кері жақтарын айқындады. Жасөспірімдермен соған сәйкес жаттығулар орындалып, конфликтіге түскен жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Тамыз 2021
5871
12 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№86 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП» КММ











ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ АГРЕССИЯ ЖӘНЕ КОНФЛИКТ







Өткізген:Аманкешова Жанерке Берікқызы

















Қарағанды 2021жыл.

Тренингтің тақырыбы: Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт
Тренингтің мақсаты: Коммуникативтік дағдыларын жетілдіру. Агрессияның себептері мен алдын алу жолдары. Кикілжің  және оны шешу жолдарын қарастыру. Кикілжің кезінде достасу тәсілдерін бойға қалыптастыру.
Қажетті құралдар: нақыл сөздер, маркер, ақ парақ.
Тренингтіңбарысы:

1. Кіріспе әңгіме

Агрессияның себептері мен алдын алу жолдары

Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қарағанда: жекелеген адамдардың агрессивті мінез-құлықтары жиынтығының, бұқаралық сипаттағы құбылыс ұғымының тұлғааралық агрессияның топтық агрессияға айналуының мәні бар. (Психологический словарь, 1997).

Агрессивтілік - Агрессивность [лат. aggressio — нападать] — адамның субъектіге немесе объектіге физикалық және психологиялық зақым келтіруге дайындық мінез-құлығы. Агрессия мен агрессивтіліктің айырмашылығы. «Агрессия - бұл белгілі бір адамға немесе затқа жүйелі, ниетті түрде бағытталған зақым келтіретін іс-әрекеттер». Агрессивтілік — бұл адамның құлқысына байланысты, агрессияға дайындық кезеңі болып саналады. Агрессивтілік әр адамға қасиет, сондықтан белгілі күші бар. Әр адамда агрессивтілік қасиеті әр түрлі, бұл олардың алған тәрбиесіне байланысты. Егер агрессивтілік аз немесе тым болмаса, онда бұл субъектінің пассивтілігіне әкеледі. Депрессияға өте бейім болады. Агрессивті тым жоғары адамдар, конфликтерге араласып, келешегіне және авторитетіне нұқсан келтіреді. Сондықтан адамның өз агрессивтілігі мен эмоциялардың бақылаудың маңызы өте зор. Сол себептен осындай қорытындыға келеміз: агрессия іс-әрекет болса, агрессивтілік – агрессия бейімділік қасиеті. Агрессия түрлері

1. Физикалық және вербальді болып келеді. Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану; Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.

2. Тікелей жәнежанама Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған; Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

3. Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған; Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;

4. Қорғаныш және арандатқан (провокация) Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;

5. Жаулық және инструментальді «Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру. Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл "инструментальді" агрессия. Араңдатқан агрессия — агрессия бірінші босату, агрессия көзі болу;

6. Дұрыс (обоснованная) и дұрыс емес (деструктивті) Агрессия шекараларына нықтау қиын. Егер агрессия дұрыс көзінен көрініп, жақсы нәтижеге келтірсе, онда бұл дұрыс агрессия. Ал бұрыс агрессия бұған қарама-қарсы. Агрессия дамуының себептері. Отбасылық тәрбиенің түрлері. Отбасы және отбасы ішіндегі қарым-қатынас баладағы агрессияның дамуының негізгі себебі болу мүмкін.

Заманауи психологияда отбасылық тәрбие 3 түрге бөлінеді: авторитарлық, либеральді (босаңсу) және авторитетті (демократиялық). Авторитарлық стиль Авторитарлық стиль агрессиямен, диктатпен, бір-бірінің қарым-қатынасында суығымен сиппаталады. Бұл стиль кезінде қарым-қатынас қысқа, қатал және шошытып үрей туғызумен жүреді. Баланың эмоцияларына көңіл аз бөлінеді, мақтау немесе ұрысу ата-аналар көңіл-күйіне байланысты. Авторитарлық стиль де ата-аналар қатал ережелер ойлап тауып, бала солардың бұйрықтары мен өседі. Көбінесе, отбасыдағы балалар қысымға шыдай алмай, агрессияға беріліп кетеді. Осыдан агрессивті адамдар пайда болады. Ал агрессиясын шығара алмаған балалар, депрессияға түсіп, ауто агрессияға айналып кетеді. Либеральді (босаңсу) стиль Либеральді (босаңсу) стилінде тәрбие негізгі принцип бойынша жүреді: «не істесең, соны істе». Этот бұл стильде ата-аналар минимум ережелер қояды. Отбасы мүшелер арасында қарым-қатынас өте әлсіз, балалар эмоциясы мен ішкі жан-дүниесіне қызығушылығы болмайды. Ата-аналар балалары тәуелсіз өсу керек деп ойлайды. Өмір мәнін тез түсінеді, қоршаған ортаға бейімделе алады деп ойлайды. Біраз ата-аналар қолы бос болмағандықтан, балаға керекті тәрбиені бере алмайды. Авторитетті (демократиялық) стиль Авторитетті (демократиялық) стиль отабасы мүшелерінің бір деңгейінде болуымен сипатталады. Қарым-қатынастарында демократия болады. Ата-аналар балалары мен өзімен тең адамдар сияқты қарым-қатынас жасайды. Керек кезде мақтап немесе жақтайды. Бұл стиль ең қолайлы, өйткені балада өз көзқарасы пайда болады, және қорғауға қорықпайды. Ата-аналары үнемі корғаныш жасай алады. Агрессияның алдын алу әдістері:

1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Білім болмаса, адам қалай өзін тәрбилей алады? Ол психология, коммуникация, вербальды емес қарым-қатынас жайында әдеби оқулықтар оқуы тиіс. Егер білімді біліп, меңгерсе, баланы тәрбиелеуге көшу керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек. Керекті әдебиет материалдары: Дебра Хаффнер «От пеленок до первых свиданий», Франсуаза Дольто «На стороне ребенка».

2) Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз.

3) Кешірімді болу. Қазіргі заманда, уақыт өте құнды болып тұр. Адамдар үнемі асығыс. Біреулері жұмысқа, не оқуға, не т.б. жерлерге. Қазіргі заманда адамдар эгоист. Олар өз пайдасын ойлап, жер әлемінде индивид деп санайды. Ия, біз барлығымыз индивидпіз. Бірақ, өте көп болғанымен, күнделікті өмірде бірдей көрінеміз. Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды.

4) Қалжың, көңілді көңіл-күй. Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады.

5) Артын ойлау. Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеу тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс.

6) Спортпен айналысу. Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады. Және бұл денсаулыққа өте пайдалы.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Соңғы рет агрессияны кімге бағыттадыңыз?

2) Бұл агрессияның себебі қандай болды?

3) Өзіңізді сол адамның орнына қойып көріңіз. Қандай сезімдесіз?

4) Бұл қақтығысты болдырмауға мүмкіндік болды ма?

5) Сол агрессиядан өзіңізге қандай пайда алдыңыз? Осы сұрақтарға жауап бере отырып, шынайы түрде есеп беріп, өзін-өзі басқару арқылы агрессияның алдын алуға болады

2. Жаттығу «Өзімді сүйе алмаймын»

  • Жаттығу барысы: Балалар берілетін 10 минуттың ішінде мүмкіндіктерінше өздерін сүйе алмайтындығын себептерінің тізімін жазуы тиіс.

  • Келесі жалпы ережелерге, принциптерге қатысты (М: «Өзін жасқанбай сүю», «Адам өзін емес, ол басқаларды сүю керек»). Тізімде тек сіздің тұлғаңызға ғана қатыстыларын ғана қалтыру керек.

  • Балалар өз кемшіліктерінің тізімін алады. Жүргізуші: «Ең алдымен: егер де сіздердің бұл кемшіліктеріңіз сіздің кемшілігіңіз емес, басқа сізге қымбат адамның кемшілігі болса, сіз оны кешірер ме едіңіз немесе оның құндылығы деп санар ма едіңіз ? – ойланыңыз. Бұл ерекшеліктерді сызыңыздар, олар сізді, басқа адамды сүюге кедергі болмайды.

  • Жеңуге көмектесетін кемшіліктер, ерекшеліктерді белгілеңіздер.

  • Неліктен осыны өзіңіз үшін де істемеске? Неліктен өз - өзіңізге көмектеспеске?

  • Оларды жеке тізімге көшіріңіздер, ал осыларды өшіріңіздер.

  • Олармен келесідей амал жасайық: өз - өзімізге бұл

  • кемшіліктер бар жəне оларды қалай еңіп, олармен бірге өмір сүруге үйренеміз деп айтайық».

Енді «Жылан туралы аңызды» тыңдап көрейікші. Сонау жылдары өмірде улы жылан өмір сүріпті,оның уынан бәрі қорқатын және оған жақындамайтын. Ешкім жыланмен қарым-қатынас жасамағандықтан ол ылғи да жағыз болатын. Бір күні жылан удан құтылудың жолын ойлап оны бір үңгірге тастап жіберіпті. Мұны көрген бүркіт оны барлық аңдарға әңгімелеп айтады. Енді жыланнан қорықпайтын болған аңдарға батылдық бітіп, олар жыланды таспен атып өтіреді.

Бұл аңыздан қандай нәтиже шығаруға болады?

*Адамға агрессия не үшін қажет?

*Қандай жағдайларда?

Қорытындысында оқушылар адамға агрессия өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді.Агрессия кейде адамның арын және дауының алдында өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді Агрессия кейде адамның арын және жауының алдында өзін қорғау үшін керек. Менің жауабым:

Конструктивті агрессия-өзіне және басқаларға бостандық пен тәуелділік алу үшін керек.

Деструктивті агрессия- бұл зорлық зомбылық, жеккөрініш. Біреулерді төмендету арқылы өзінің бағасын көтеру.Ойланыңдаршы, сендердің агрессияларың қандай түрде байқалады? Сіздер оны қалай көрсетпеуге тырысасыздар?

3. Конфликт және шешу жолдары

Қарым-қатынас адам өмірінде маңызды рөл атқарады.  Қарым-қатынас үрдісіне және оның нәтижесіне адамның психикалық денсаулығы-оның көңіл-күйі, сезімдері мен эмоциясының жағымды не жағымсыз жағдайда болуы тікелей байланысты. Өзінің күшті не әлсіз жақтарын білмейтін немесе дұрыс қарым-қатынас жасай білмейтін адамда көптеген мәселелер туындауы мүмкін. Адамдар арасындағы өзара үрдістерде  әлеуметтік және жеке өмірі мәселесіндегі түрлі қарама-қайшы сұрақ туындайды – бұл конфликт болып табылады.  Конфликтіні зерттейтін ғылым конфликтология деп, ал конфликтіні тудыратын сөздер конфликтогендер деп аталады. Бүгінгі  тренингте қарым-қатынас барысында көрінетін өз ерекшеліктерімізді танып біліп , қарым-қатынас жасауға үйрену және конфликтілі жағдайдан басқа адамдармен қатынасқа нұқсан келтірмей шыға білуге үйренеміз.


  • Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

  • Конфликтілік жағдайдың жағымды жақтары:

  • Көптеген мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі.

  • Іс- әрекеттің тиімді жолдарынның пайда болуына себеп болады.

  • Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

  • Кері жақтары:

  • Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді

  • Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

  • Көптеген адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көңілінің бөлінуі.

  • Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс.

  • Конфликттің негізгі құрылымдық компоненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).

4.  Атақты психолог  Дейл Карнеги даудан, конфликтен жыланның ордасынан қашқандай қашу керек деп санайды,  өйткені конфликтіге қатысушылардың 90 % пайызы өздерінің пікірлерінің дұрыстығына конфликтіден кейін одан одан да сенімді бола түседі екен. Дауды жеңу мүмкін емес. Конфликтіде жеңімпаз болсақ та,  досымызды, жолдасымызды жоғалтуымыз мүмкін. Сондықтан біздің пікірімізбен келіспейтін адамды дәлелмен өз сөзіміздің дұрыстығына сендіруіміз керек

Жаттығу: «Менің атым... Мен өзімді ... үшін жақсы көрем»



5. Жаттығу «Конфликтілі эскалатор». Дау жиі –жиі бақылау шегінен шығып кетеді. Тура эскалатор секілді, өйтені эскалаторға мінгеннен кейін, одан түсіп  кету мүмкін емес.

Саты баспалдағы түрінде конфликт эскалатордың суретін саламыз:
-          Конфликт тууына себеп болатын сөз қандай? 1-баспалдақ (конфликтоген)
-          Бұл сөзге берілетін әдеттегі жауап 2-баспалдақ (конфликтоген)
-          Экскалатордың қозғалысын кері бағытқа қалай бұруға болады?

6. Жаттығу«Сиқырлы сөз». Жақсы қарым-қатынас жасай алатын әр адамда сыпайы сөздер сөздік қорында көп болуы керек. Мұндай сөздер достық  жақын қарым-қатынас орнатуда , тіпті «тарс жабылған есікті» қайта ашуға көмектеседі.

Әр топ 1 минут ішінде үлгергенше неғұрлым көп сыпайы сөздерді жазып шығу керек.

Конфликтіден қашуға болмайды, өйткені шешілмей қалған конфликт – жаңа проблемалардың бастауы. Сол себепті конфликт кезінде басқа адам және өзі де ренжіген жағдайда қалмау үшін  адам өзін ұстау ережелерін, конфликтіні шешу жолдарын білу керек.

7.Топпен жұмыс «Конфликтіні шешу жолдары».

Келіспеушіліктің алдын алу ережелері:

  • Егер серігіңіз соншалықты ашу ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектес.

  • Егер адам қатты ашуға берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толатынын естен шығармаңыз.

  • Серігіңізге қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңізді айтыңыз.

  • Серігіңіздің ар-намысына тимей, ауыр сөздер айтппаңыз.

  • Әрқашан да өзіңізді сабырлы, сенімді ұстаңыз.

  • Кінәлі болсаңыз, кешірім сұрауға ұялмаңыз.

  • Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңызды сақтауға тырысыңыз.

  • Өзіңізді сезімге, ашуға билетпеңіз.

  • Өзіңізді тым жоғары ұстамаңыз.

  • Есіңізде сақтаңыз: «Сабыр түбі – сары алтын»

  • Ең бастысы, кез келген мәселенің шешімі табылатындығын ұмытпаңыз.


Шиеленіскен жағдайларды алдын алу, оны басқара білу, ұжымдағы психологиялық ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:

  • - шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;

  • - қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу;

  • - толеранттылық;

  • - ынтымақтастық;

  • - келісімге, мәмілеге келу (компромисс)

  • - шиеленісті жағдайды тиімді шешудің жолдарын қарастыру;

  • - «оқытушы-студент» қатынасын сақтау

Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.

Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.

Конфликт процесінің шарттары:

  • уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)

  • әлеуметтік – психологиялық (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).

  • Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.

Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.

Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:

  • мінез- құлықтың «с- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)

  • іске асуының деңгейі (активті – пассивті, ынталылығы т. б.).

Конфликттің шығу мүмкіндігі:

  • біреудің толық немесе жартылай бағынуы

  • ымыраға келуі (компрамисс)

  • конфликтті іс- әрекеттің үзілуі

  • интеграция және т.б.

Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:

  • Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі

  • Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде

Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.

К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:

1. Жарысу (бәсекелестік);

2. Бейімделу;

3. Компромисс (ымыраға келу);

4. Қашу;

5. Одақтасу.

Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.

Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және өзндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы: