Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тренинг сабақ: Қарым-қатынасымызды жақсартайық! 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсаты: топ арасында жағымды ахуал туғызу, қарым-қатынастарын жақсарту және топ мүшелерігің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту. Кіріспе: Бұл кездесулерде біз сіздермен: - Ойындар мен жаттығулар орындаймыз; - Психологияға қатысты қызықты әңгімелерді талқылаймыз; - Біздің кейбір психологиялық сапаларымызды анықтаймыз және нәтижелерді талқылаймыз; Бұл кездесулер бізге: - Біз өз-өзімізді жақсы түсінетін боламыз - Өз бойымыздағы қорқыныш сезімдерімізді жоюға үйренеміз; - Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға үйренеміз; - Қызықты, әрі тиімді уақыт өткізуге үйренеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тренинг тақырыбы: Қарым-қатынасымызды жақсартайық!

Тренинг мақсаты: топ арасында жағымды ахуал туғызу, қарым-қатынастарын жақсарту және топ мүшелерігің тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.

Кіріспе:

Бұл кездесулерде біз сіздермен:

  • Ойындар мен жаттығулар орындаймыз;

  • Психологияға қатысты қызықты әңгімелерді талқылаймыз;

  • Біздің кейбір психологиялық сапаларымызды анықтаймыз және нәтижелерді талқылаймыз;

Бұл кездесулер бізге:

  • Біз өз-өзімізді жақсы түсінетін боламыз

  • Өз бойымыздағы қорқыныш сезімдерімізді жоюға үйренеміз;

  • Басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға үйренеміз;

  • Қызықты, әрі тиімді уақыт өткізуге үйренеміз.

Жоспар:

  1. Сәлемдесу

  2. Өздерін таныстыру

  3. Сөйлемді жалғастыр

  4. «Қарым-қатынас орнату» жаттығуы

  5. Доппен ойын

  6. «Вербальсыз қарым-қатынас орнату» жаттығуы

  7. «Менің мінез-құлқым» жаттығуы

  8. «Сыйлық» ойыны

  9. «Рефлексия»

Барысы:

  1. «Сәлемдесу»

Барлығымыз шеңбер бойымен тұрып, қолдарымызды бір-біріміздің белдеріміздің артынан өткізіп, құшақтасып, барлығымыз ортаға иілеміз және артқа шалқайып, гүл боп ашыламыз. Екі-үш рет қайталанады. «Сәлем» деп бірге қайталаймыз.

  1. «Өздерін таныстыру» кезеңінде кез-келген ертегі, мильтфильмдер, жырлар мен романдардан өздеріне сай келетін кейіпкер таңдап алып, неге оған ұқсайтынын атап өтеді.

  2. «Сөйлемді жалғастыр»,яғни бүгінгі тақырыбымыз қарым-қатынасқа арналғандықтан соған байланыстырып, слайдтағы сөйлемдерді қалаған адам, қалаған сөйлемді жалғастыру қажет.

  3. «Қарым-қатынас орнату» жаттығуы:

Шарты: Топ үшке бөлінеді. Сыртқа бір адам шыға тұрады. Үшке бөлінген қатысушылар сырттағы адам қастарына келгенде: бірінші топ ол адамның бар-жоғына мән бермей, оны елемей, өзара әңгімелесе береді; ал екінші топтағылар оны қуанышты қарсы алып, онымен қарым-қатынасқа түсуді; ал үшінші топтағылар жақтырмай, не айтса да көңілдері толмай кері, жағымсыз түр көрсетеді.

Талқылау: сырттағы адам 3 түрлі ортаға келіп көрді.

- Қандай әсерде болдыңыз?

- Қай ортада өзіңізді жақсы сезіндіңіз?

- өмірде осы уақиға басыңыздан өтті ме?

  1. «Доппен ойын» яғни бір адам басқа адамға допты лақтырады да бір зат есім айтады. Мыс: «Шелек», доп алған адам онымен не істеуге болатыны туралы 3 әдіс айтады. 1. Қару ретінде; 2. Қолшатыр ретінде; 3. Орындық ретінде.

  2. «Вербальсыз қарым-қатынас орнату» жаттығуында бір адам отырып, орындық артына келесі бір адам тұру қажет. Ешкім сөйлемейді және бір орын бос болады. Бос орындық артында тұрған адам өзі қалаған отырған бір адамға көзбен белгі беріп алдындағы бос орынға шақырады. Шақырылған адам тез бос орынға келу керек, ал оның артындағы адам оны жібермеуі қажет. Барлығы осыларды үнсіз дұрыс орындаулары тиісті.

  3. «Менің мінез-құлқым» жаттығуында слайдта берілген суретке өз таңдауларын жазады.



  1. Нәтижесі:

  1. Төлдерді таңдаған адамдар (бота, балпандар) – еркелегенді, еркелеткенді ұнататын адамдар;

  2. Түйе – шыдамдылық;

  3. Ат – тектілік;

  4. Сиыр – өкпелегіш адамдар;

  5. Қой – жайдарылық;

  6. Ешкі –ұйымдастырғыш қабілеті бар;

  7. Ит – адалдық;

  8. Мысық – биоөрісі басым адамдар;

  9. Тауық – шығармашылық;

  10. Қаз-үйрек – ұқыптылыққа, сақтыққа, тазалыққа бейім адамдар;

  11. Үкі – сақтық;

  12. Қарлығаш – бауырмал адамдар;

  13. Көгершін, аққу – сезімді жоғары бағалайтын адамдар;

  14. Жыртқыш аңдар – қайратты, жігерлі;

  15. Түлкі –бейімделгіш;

  16. Балық,дельфин - еркіндікті жақсы көретіндер;

  17. Сайрайтын құстар – ән айтатындар;

  18. Тауешкі, марал, ақбөкен – талғамы биік адамдар;

  19. Маймыл – әртістік қабілеті бар адамдар;

  20. Жылан – салқынқандылық, сабырлылық;

  21. Тасбақа – мейірімділік, баяулық;

  22. Қоян, тиін – елгезек, бірақ аяғына дейін жетпей, тастап кетеді;

  23. Жыртқыш құстар (бүркіт, қырғи)– сұсты адамдар;

  24. Қырғауыл - күйгелек.

  1. Білдім

    Білгім келеді

    Ұсынамын




    «Рефлексия»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2018
946
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12