Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тренинг-сабақ:«Біз стресске бой бермейміз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Біз стресске бой бермейміз!»

Тренинг мақсаты: Стресстің пайда болуы себептерін ,алдын алу жолдарын, ағзаға тигізетің әсерін айту.

Стресс туралы мәлімет.

Стресс сөзі ағылшын тілінен «кернеу, қысым» деген мағынада аударылады. Стресс – кез келген сыртқа әсерге адам тәнінің жауап қайтаруы болып табылады. Яғни стресс – тосын жағдайда қанға қажетті гармондарды жедел іске қосу, басқа да көптеген физиологиялық үрдерістерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану.

Стрестің симптомды белгілеріне енжарлы эмоциналды күй, бас ауруы, күш қуаттың төмендеуі, іс-әрекетті жасау ынтасының болмауы, ерік- жігердің төмендеуі, сенімділіктің жоғалуы, жартылай есте сақтаудың бұзылуы, стрестік күйге әкелген мәселені талдау және ойлауға деген тілектің болмауы, көңіл- күйдің өзгеруі, шаршау  байқалады.


Стресс күнделікті өмірдегі ұсақ жайсыз кикілжіңдер, дау-жанжал, тұлғааралық қарым-қатынас кезіндегі өзара келіспеушілік, мақсатқа жетуге мүмкіндік бермейтін кедергілер, әрдайым қысымды сезіну, өзіне жоғары талап қою, орындалмайтын тілек, тұлғаның өзін айыптау, кінәлі сезіну, бір ырғақты жұмыс, демалыстың жеткіліксіздігі, ситуациялық қиындықтарға кездесуден пайда болады.
Стрестің алдын алу үшін қалыпты демалыс, жүйелі түрде тамақтану, белсенді түрде жұмыс жасау, релаксациялық жаттығуларды жасау, спортпен шұғылдану. Сондай-ақ әрдайым өмірдің мәні туралы ойланып, өзіңізге мақсат қоя біліңіз. Сонда бәрі жақсы болады.

Стрестің психологиялық белгілері: ұмытшақтық, алаңғасарлық, мазасыздану, жылау, шамадан тыс берекетсіздену, қорқу, тітіркену бұл өзіне деген сенімділктің жойылуына әртүрлі аурулардың пайда болуына, психикалық қажуға және дәрі-дәрмекке тәуелділікке алып келеді.

Стрестің физиологиялық белгілері: ұйқысыздық, бас ауруы, жүрек соғуы, арқа ауруы, асқазанның қорытпауы, түйілуіне әкеледі.



«Мен неден қашамын» жаттығуы

Мақсаты: өзара сенімділік пен топтың ашық қатынасын туғызу.


Әр қатысушыға қарандаш, парақ және 5 мин. уақыт беріледі. «Мен неден қашамын» тақырыбына тізім жазу керек. Ол әңгіме тақырыбы, сезім, және тұлға мен әрекет, көзқарас пен пікір болуы мүмкін. Оны өзіңді айыптамай және кімде-кім бұл туралы не айтады екен деп ойламай істеуге тырысу керек. Барлық адамдар бір нәрсені ұнатпайды және одан қашады, ол қалыпты жағдай екенін топқа айту. Бұл жаттығу өз өмірімізге қаншалықты риза екенімізді ойлауымызға мүмкіндік береді. Қатысушы 5 мин. ішінде үлгергенінше тізімдерді жалғастыруға болады.

Осыдан кейін топпен талқылау болады. Бұл әңгіме қатысушыларды өз мінез-құлқын өзгертуді және сол сияқты қандай да бір заттардан қашпау керектігін міндеттемейді. Біз неден қашатынымызды білген кезде, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болады. Егер адам нақты кедергіні сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінеді.

Талдау: тізім жазу қиындық келтірген жоқ па?Әңгімелеу барысында өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығу «Сілкіп таста»

- Мен сендерге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы, Ойымызға!Тағы да жолым болмай қалды. Емтиханға жақсы дайындала алмаймын, жақсы тапсыра алмаймын, көп қате жіберемін» деген сияқты ойлар келеді.

Айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақаныңызды сілкіңіздер, білегіңізді сілкіңіздер. Осы сәтте өздеріңді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңдер. Аяқтарыңды саннан тобықққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңдар да болады, беттеріңізді сілкіңіздер. Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүк түсті. Сен  біртіңдеп сергек, көңілді болудасын, көңіл күйін жақсарды. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңдар: мен ақылдымын, менің жаным тыныш, мен қиындықтан қорықпаймын, мен жаспын, әдемімін, менің қолымнан, көптеген жақсылық келеді, маған сенімділік күш береді, мен бәріне де дайынмын.

Рефлексия:  Көңіл күйіңіз қандай?


«Стресс тест»

Пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан-1 балл, Кейде-2 балл, Жиі-3 балл, Әрқашан-4 балл.

1.     Мені болар-болмас мәселелер кейде ашуландырады.

2.     Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады

3.     Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда, мен қызарамын

4.     Мен өкпелесем онда біреді ренжітуім мүмкін

5.     Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін

6.     Егер мені көлкіте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.

7.     Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын.

8.     Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін.

9.     Тыңдай білмеймін, килігіп кетемін.

10.  Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.

11.  Еш себепсіз жиі қамығамын

12.  Таңертен өзімді нашар сезінемін

13.  Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын

14.  Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімі қалыпты сезінбеймін.

15.  Меңінше, жүрегімде бір кінарат бар

16.  Менің арқам және мойыным ауырады

17.  Үстелде отырғанда үстелді саусағымен ұрып, аяғымды қимылдатамын

18.  Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын

19.  Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын.


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.06.2018
3376
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12