Минск орта мектебі
![]()
(мұғалімдермен тренинг)

Өткізген: педагог – психлолог Сағит Оразкүл
2017 – 2018 оқу жыл
Тренингтің тақырыбы: Ұжымдағы микроклимат»
Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым – қатынас орната білу.
Психолог сөзі: Құрметті әріптестер, бүгінгі тренинг сабағымыздың тақырыбын «Ұжымдағы микроклимат» деп алған себебім «микроклимат» деген ұғымды біз, мұғалімдер, ұжымдағы психологиялық хал – ахуал деп түсінеміз. Климат жағымды, жағымсыз түрде адамның өзіндік сезіміне әсер етеді. Демек, климат туралы айтқан кезде ұжымның экологиялық мінез психологиясын назарға аламыз. Климат сөзінің ауқымы кең. Ол тек ұжымның психологиясын ғана қамтымайды, сонымен қатар адамның жағдайына әсер ететін жағдайларды, ең негізгі – еңбекті ұйымдастыруды сипаттайды.
Психологиялық климат ұғымымен қатар шығармашылық климат сөзін де жиі естиміз. Шығармашылық климат – мектептің ішіндегі жағдайларға, мұғалімдердің кәсіптік – шығармашылық хал-ахуалына және оның кәсіптік өсуіне ықпал жасайды. Жалпы осының бәрі бірігіп, «психологиялық климат» ұғымын құрайды. Психологиялық климаттың ең маңызды құндылығы – қызметкерлерді ұжымдағы өмірінің қанағаттандыруы.
Тренингтің барысы:
1. «Өз жұбыңды тап».
2. «Ең жақсы».
3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста».
4. Сергіту сәті «Жұмыр қылыш».
5.
6. «Оның есесіне мен...»
№1. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған парақтарды таратып беремін. Атаулар екі реттен қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы парақтарды таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады). Сіздің парағыңызда не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқаннан кейін, қандай нәтиже болғандығын тексереміз.
Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз (несіз)?» деп сұрап шығады.
№2. «Ең
жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі. Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет:
|
№ |
Ең ақшалы |
Ең жасыл |
Ең тәтті |
Ең күлкілі |
Ең ұсқынсыз |
Ең қарым-қатынасы күшті |
Ең жауапты |
Ең салмақты |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш».
№3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы. (уақыт 5 минут)
Нұсқау: қазір сіздер парақты екі бөлікке бөліңіздер. Бірінші жартысына «Мен үйде» деп, ал екінші жартысына «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бөлікке сол жердегі мінез – құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талдау:
-
Осы жағдайлардағы мінез – құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
-
Қай бөлікті толтырған оңайға соқты? Қай бөлік көптеу болды?
-
Не себепті айырмашылықтар болады?
-
Бұл бөліктердегі жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неліктен?
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
-
Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...
-
Мен шаршадым, оның есесіне...
-
Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне...
-
Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне...
-
Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне...
-
Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне...
-
Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне мен...
-
Мен Үндістанда болған жоқпын, бірақ оның есесіне мен...
-
Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне...
-
Мен өзім туралы көп ойламаймын, бірақ оның ессеіне...
-
Мен тез ашуланшақ адаммын, оның есесіне...
-
Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне мен...
-
Мен тым толықпын, оның есесіне мен...
-
Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне...
-
Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне...
-
Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне...
-
Сонымен қорытындылай келе, сіздерге еңбекте табыс тілеймін! Осы орайда Шалва ... Амонашвили ... Негізі мұғалімді 3 топқа бөліп қарастырады:
1) жай мұғалім – айтады;
2) жақсы мұғалім – түсіндіреді;
3) ұлы мұғалім – шабыттандырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тренинг "Ұжымдағы микроклимат" педагогикалық ұжым

шағым қалдыра аласыз