Материалдар / тренингтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тренингтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпылама тренингтер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренингтер қоржыным (әдістемелік тәжірибелерім)

Комментарии (2)

Тренингтер қоржыным (әдістемелік тәжірибелерім)

Идирисова Орынай Бижанқызы

Ақтөбе қаласы

31 орта мектептің жоғары санатты

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Бүгінгі күн білім саласында оқыту мен тәрбилеудің түрлі тәсілдері еніп келеді .Солардың ішінде «тренинг» тиімді әдіс-тәсілдердің бастысына айналуда . Оқыту мен тәрбилеудің басты ұстанымы — алдыңдағы баланы да ,жаныңдағы мұғалімді де,ата-ананы да тұлға деп тану.Сол бағытта тренингтердің мұғалімнің бүгінгі күннің талабына сай жұмыстануында жаңашылдығымен ғана емес педагогикалық-психологиялық тұрғыдан да басты әдістемелік қаруы десем артық емес.Бұны мен өз тәжірибемнен танығасын айтып отырмын.

Бүгінде әрбір мектепте психолог маман бар .Ол мектептегі мұғалімнің психологиялық тұрғыдан көмекшісі .Әрбір мұғалім өзінің педагогикалық –психологиялық жұмысында осы маманға жүгінеді.Ал жалпы педагогикада әрбір мұғалім психолог болуы керек.Ал бүгінгі күн тренингті меңгерген мұғалім өз пәнінің маманы мен қатар жан-жақты зерттеуші ,сынақшы ,түзетуші маманы болады.Тренинг түрлерін көп түрлерін меңгерген мұғалім оқушы алдында ғана емес өз әріптестері , ата-аналары алдында да әдістемесі жоғары үйлестіруші ,ұйымдастырушы бола алады.Мен осы уақытқа дейінгі өз ізденіс,әдістемелік қолданыстарымдағы трненинг турлерін көп білгісі келетін ,тренингті көп қолданатін әріптестеріме ұсынамын.

Тренингтің түрлері көп.Олардың әр түрлі аудиторияға арналатыны бар .Мен жалпы «үш одаққа» арналған трненингтарды жинақтадым

Мектеп мұғалімдеріне арналған тренинг олардың бойындағы маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, мектеп басшылығымен, әріптестерімен сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет. Тренинг балаға позитивті қарым-қатынас, олармен тілдесудің коммуникативті амалдарын дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін қалыптастыруға көмек береді. Мұғалімнің іс-әркетіндегі кәсіптік стилінің индивидуалдық тәсілін іздеуге байланысты сұрақтар талқыланады. Айта кететін жай, тренингтер мектепте енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды емес. Көп жылдар бойы мектепте қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды.

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын тренингтердің маңызы орасан зор.

Психогигиена өмір талабы. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімңзде , әсіресе тұрмыстық

жағдайда, эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Оның үстіне әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар да аз еме. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен дүниенің жарақаттануы сияқты жаңа ұғымдарды ескермесе болар емес. Ол үшін, ең әуелі үлкендердің де, кішілердің де өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет болып отыр. Сабақта қолданылған тренингтік жұмыстар оқушының өзін-өзі тануына зор ықпалын тигізеді: Сол негізде трененинг әдістемесі басты әдістеме деп атап айтқым келеді.

 

 

 

 

 

«Тауып көр»

Белсенді ,интеллектісі жоғары 4-5 адамнан топ құрып, сол топ бір адамды ауа райы анықтамаларын қолдана отырып, сипаттауы тиіс. Көрермендер сол адамды табуы тиіс. 3-4 рет қайталанады.

Қорытынды; Жеклеген адамдардың жеке бас ерекшелігі танылады,кейбір адамдар өзін танып ,мінез – құлқын өзгертуге талпыныс жасайды,жолдастық әзілді қабылдауға қалыптасады.

«Портрет»

5 мин ішінде қатысушылар бірнеше адамдардың психологиялық портретін жасаулары тиіс. Әсіресе ішкі сипаттарына мән беру керек. Ал, адам танитын сыртқы келбет т.б. сипаттарын айтуға болмайды. «Психологиялық портретте», кем дегенде осы адамды сипаттайтын 10-12 мінез сипаттары, әдет, ерекшеліктері суреттелуі тиіс. Әрбір қалаған адам топтың алдына шығып, жазғанын оқиды, қалғандары сол адамды табулары тиіс.

Қорытынды; Бұл тренингте тіпті тұйық,шет балалар да белсенділік танытып ортаға өз ойларын салуға қалыптасады, жеклеген қатысушыларды басқа қырынан тануға мүмкіндік болады.

 

«Мен лайықпын ба?» жаттығуы

Ол үшін арнайы аналитикалық кесте толтырады. Онда адам өзінің тұлға ретіндегі мықты және осал жақтарын көрсетулері тиіс.

Аналитикалық кесте

Менің жетістіктерім

Менің кемшіліктерім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудиторияға байланысты тақырыпты бейімдеп алуға болады.Мысалы; мқғалімдер ортасында «Мен қала әкімі болуға лайықпын ба?» «Мен депутат болуға лайықпын ба?», оқушылар ортасында «Мен класс старостасы болуға лайықпын ба?», «Мен ұйымдастырушы болуға лайықпын ба?»

Қорытынды; қатысушылардың бойында өзімшілдік мінез-құлықты тануға және жекелеген қатысушылардың «мен» ішкі бостандығын қалыптастыруға болады.

 

«Музыка суреті»

Ыңғайланып отырып, музыканы тыңдаңдыңды.жүргізуші белгісі бойынша бейнелер, символдар, нені сезінеді , соны сурет етіп салулары қажет. Музыка 3 минут ойнайды. Содан соң, суреттер жиналып алынып, көрме болады, сол суреттерге қарап қытсушылар сурет авторын танып-атаулары тиіс. Көрмеден соң , шеңбер құра отырп, не әсер алдық, қалай авторды таптық, кімді таба аламадық, неліктен? Сурет соншалық еркеше ме? Т.б. сұрақтар төңірегнде әңгіме шертіледі.

Қорытынды; қатысушылардың қабылдау, бейнелеу танымдары танылады, тіпті жеклеген қатысушылардың қиялының ерекшелігі байқалып оған деген кері көзқарастардың өзгеруі мүмкін.

«Автобиография»

Қатысушылар 5 минут ішінде өз өмірбаянын жазулары тиіс. Алдымен аты-жөні, тегінен бастау керек және қайда оқығаны, қанша жаста, бойы қанша т.б. жайлар бар соның бәрін жазуы тиіс.Бірақ әңгіме емес автобиография жазу стилі сақталуы тиіс.

Содан соң қатысушылар үлкен шеңбер құрып, кезекпен топ алдында өмірбаянды айтады. Қатысушылар өзгелердің өміріндегі қызықты сәттеріді еске сақтап қалуға тырысуы керек.Нәтижесін талдауда мен көп сақтай алдым деген 3 қатысушы ортаға шығып, өзгені баяндайды.

Қорытынды; қатысушылардың есте сақтау қабілеттерін,ауызша баяндау ,өз ойын жеткізе білу дағдыларын танытып ,ортада сөз сөйлеу қабілеті қалыптасады. (бұл тренингті оқушылармен өткізгенде орташа қабілетті ,тұйық оқушылармен өткізуді қайталап отырса олардың да қалыптасуына психологиялық та көмек болады)

 

«Психографалогия»

Жалпы дұрыс сөз қатарлары бір-бірінен 2-3 мм қашықтықта, оң және сол жақтан кішкене жол-4 мм бет қағазда алшақтық жоғары да және төменнен 4 мм-ге дейін баруы тиіс.

Егер де сөз қатары тым тығыз, бір-біріне жабысып қалған болса, жол қалмаса мәтін арасында үзіліс жоқ болса, онда ол адам өте үнемшіл, өз әрекетін қатаң қадағалайтын, тіпті өте сараң адам десе болады. Егер де сөз арасында, мәтінде алшақтық бос орын болса, онда жазып отырған адам өте бейсарап, ұйымдаспаған, қиын адам.

Дұрыс әріптердің көлемі-4-5 мм болуы тиіс. Егер бұл шамадан кіші болса – онда адам салқынқанды ,өте өткір сезімін аз тежейтін адам.

Кейде майда жазу мәдениеті кәсіби мамандарға да байланысты болады. Мысалы, инженердің майда жазуы, жалпы техникалық қызметкерлерге тән.

Каллиграфия ережесі бойынша әріптердің қисаюы (наклон) 43-45 градусты құрайды.

Егерде оңға қарай жатып қалған жазу мәдениеті боса, тіпті жатып қалса онда бұл адам өте тәуелді адам, өз дербестігі өте төмен.

Тура жазу немесе солға қарай қисайған жазу- өте ожар, бірбеткей , кейде тіпті жалпы қабылданған нормаларға саналы түрде қарсылық танытатын адамдар.

Ал қисайуы тұрақсыз, жазу мәдениеті және көлемі бойынша тұрақсыз жазу мәдениеті-ол адамның тұрақсыз эмоциональды көңіл-күйін, көңіл-күйі жиі ауысқыш өз мінез-құлқын нашар басқарып қадағалайтын адам екендігін білдіреді.

Кейбір әріптері «й», «ё» т.б майда бөлшектерді-апострофтарды өте қатаң қадағалайтын адамдар- өте жауапты орындаушылар, ұқыпты, эстетикалық талғамы жоғары адамдар болып табылады.

Мысалы: Л.Н.Толстойдың жазуы өте шым-шытыырық, көп түзетулерге толы болған.

Әріптерді жазғанда жұмсақ, дөңгелектеп жазу ол адамның салмақты, шыдамды, көнгіш екендігін білдіреді. Ал бұрыштап, әріптерді қатты сызықтармен қосатын адам- өте өжет, алған бетінен қайтпайтын, өзіне аса талап қойғыш, шапшаң, кейде тіпті-агрессивті болады.

Қатты басып жазу-ол адамның күш-қуатын мол екндігін, әрі ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екеендігін білдіреді.

Ал әлсіз өрмекші торындай жазу-жүйке процестерінің өте әлсіздігі, жігерсіз, құлшынбалығы жоқ, марғау адамдарға тән болады.

Қорытынды: бұл тренингті қатысушылармен жұмыс жүргізер алдында танысу түрінде өз аттарын немесе өз визиткаларын жасатқаннан кейін таныту түрінде қолдануға болады ,ал тіл әдебиеті пәні мұғалімдеріне алдындағы оқушыларын тануға тиімділігі мол.

 

«Біз бір топтамыз»

Өз еркімен әркім парқшаны таңдайды. Ол парақшада қолтырауын, құс, бауырымен жорғалаушы т.б. болады. Парақша таңдағандар 2 минут осы жануар болып, сонын түрін келтіріп, қозғалып, сол сияқты дауыс шығару керек. Тренинг бөлмесі оның территориясы болады. Бірнеше адам бір түрдегі жануарды таңдалады. Өз таңдауын алдын ала айтпау керек. Бөлме де сол жануарды келтіріп, өзгелермен спонтанды әрекеттер жасау керек. Оған секіруге, жүгіруге, ұшуға болады. Осындай әрекеттермен олар бір топ болады.

Қорытынды: рөлдік ойын формасы арқылы шығармашылық әрекет көрінеді,топтық жұмыс алдында еркін түрде топ құрылады.

 

«Кірпі»

Топтың бір мүшесі кірпіні бейнелейді. Ол орындыққа отырады да, «оралып » алады. Мысалы. Басын тізесіне тығып, көздерін жұмады, өзін құшақтап алады, осылайша топпен сөйлескісі келмейтін бейнені келтіреді. Әрі ол психологиялық тұрғыдан «өзімен-өзі» терңге кетеді.

Қалған мүшелері кезекпен оралған кірпіні ашуға тырысады. Түрлі әдістер қолданылады яғни құлаққа сыбырлаудан бастап түрлі әрекетерге дейін. Кірпіні жазушылар барлық әдіс-тәсілдерді қолданады, бірақ кірпі солай жазылмаған күйінде қалса, онда сол қатысушылар қарым-қатынаста өзге адамның күйін нәзік сезе қоймайды. (Мүмкін, кірпіні ойнаған адаммен кері байланысты тудыру үшін әңгімелескеніңіз дұрыс)

Қорытынды; негізгі мақсаты қатысушылар арасында коммуникативті сезімталдық қалыптастыру ,нәтижені барлық қатысушылармен талдау.

 

«Көпір »

Жаттығудың мақсаты. Қатысушылар дөңгелек бойынша отырады, жүргізуші ортадағы линияны бормен сызады. Ойынынң шартын былай түсіндіреді.«Елестетіңдер,бұл линия – көпір. Астында өзен ағып жатыр. Көпірдің бір адам ғана жүріп өте алады. Ойынның мақсаты, екі адам қарама-қарсы бағытта осы көпірден жүріп өтуі керек. Кім кәне, жүріп өткісі келеді. »Топтан екі адам шығады. Қатысушылар сол сәтте көпір бойына бір-біріне қарама –қарсы бағытта жүріп өтеді. Олар бұл жолда аз сөйлеп, келіссөз жүргізуге тек бір минуттан уақыт кем болмау керек.

Қорытынды;Бұл жұмыстан кейін мынадай мәселені талқылау керек: ойын барысында бір-біріңізге көмектесуге тырыстыңыздар ма, жоқ әлде тек өзіңнің мақсатыңыздың жүзеге асуын қаладыңыз ба? Бұл тренингті тиімділігі біріккен ұжымды қалыптастыру, адамдардың бір-бірін қолдау, көмек беру қасиеттерін дамыту.

 

«Кезек»

Топтан сегіз адам алынады, жеті адам бір-бірінің артына кезек бойынша тұрады, ал сегізінші адам дүкеннің басына кезексіз бару керек. Ол әр кезектегі адаммен әңгімелесе отырып, өзінің мақсатына жету керек. Ал кезектегі адамдар ол адамды жібере ме жоқпа өздері біледі.

Қорытынды; тренингтің коммуникативті мазмұнын талдай отырып: кім кезексіз өзінің кезегін берді, ал кім берген жоқ, қандай амалдар қолданылды (өтініш, қорқыту, шантаж т.б.) деген сұрауларға жауаптар қарастырылды. Бұл тренингті тиімділігі қатысушылардың бойында коммуникативті мінез-құлықты дамытуға және сол сәтте ойынды құрастыра алатын, ішкі бостандығын қалыптастыруға көмектеседі.

«Аквариум»

Топ мүшелері екі топқа бөлінеді, біреуі-ортада отырады, ал екіншісі- сол шеңбердің жанына орналасады. Сонда екі шеңбер пайда болады- ішкі және сыртқы, яғни аквариум секілді. Ішкі топта отырған топ мүшелеріне жүргізуші пікір-талас (дискуссия) болатын тақырып береді. Яғни ол тақырыптар шынайы өмірден және мектеп өмірімен байланысты болуы керек: оқушы сабақ оқығысы келмейді т.б. бұл тақырыптар «осында және қазір» деген принцип бойынша талқыланады. Сыртқы топтың мүшелері ештеңе айтпайды. Әрқайсысының мақсаты- ішкі шеңбердің қатысушыларды бақылау. Олар қандай коммуникативтік тәсілдерді қолданып жатыр, бір-біріне қарым-қатынаста қолдау көрсете ме белсенді ме, енжар ма, лидерлікке таласуда ма?

Бір шамалы 7-10 минуттан кейін қатысушылар орын ауысады. Егер де мазмұнды пікірталас пайда болып жатса, жүргізуші жаңа тақырыпты бастауына болады.

Қорытынды; Жалпы талқылауда барлық топ мүшелері шеңбер бойынша орналасып қатысушылардың мінез-құлқын талдайды, ең негізгі коммуникация құралдарын айқындайды. Бұл тренингтің тиімділігі топ мүшелерін сәтті коммуникативті мінез-құлқына жаттықтыру.

 

«Менің ең қиын жеткіншегім»

Бір топ мұғалімдер шеңбер бойынша отырады.Өзінің қалауы бойынша 10-15 минут уақыт арасында әрқайсысы шығып өзінің педагогикалық қарым-қатынасында ең қиын жеткіншек жайлы айтады. Ол топ мүшелерін өзіне қарата отырып, не істегенін қандай сезімде болғанын, қандай нәтиже көрсеткені жайлы әңгіме айтады. Негізінен 4-5 мұғалім тыңдауға мүмкіншілік болады.

Ұжымдық талқылауда мынадай мақсаттар көзделеді: мұғалім-әңгімелесуші топтан қолдау алады: қатысушылар өздерінің қиын баламен жұмыс істеудегі проблемаларын айта отырып, тәжірбие алмасады. Бұл тренингке мектеп директорын немесе тәжірибелі маман психологті қатыстырып,сол мәселені шешуде нақты қандай амалдарды қолдану керектігін сқрауға болады.: қалай сөйлесу керек, не істеу керек, қандай орынды алу керек.

Қорытынды ; Бұл тренингтің тиімділігі сыныптағы тәртіп бұзғандардың тиімді амал-тәсілдерін іздеу арқылы тәжірбе алмасу.жалпы класс жетекшілерге тиімді.Әр пән мұғалімдерін тыңдау арқылы кластағы жалпы қиын оқушыны тауып,оны тәрбиелеу жолдары қарастырылады.

 

«Біз ұқсаймыз »

Жаттығуға қатысушылар бөлме де еркін жүріп, бір-біріне келесі сөздерді айтады:

-Біз екуміз бір-бірімізге ұқсаймыз, себебі (бойымыз,шашамыз,пәніміз т.б.с.с.)

- Біздің екеуміздің бірдейлігіміз(салмағымыз, размеріміз,ән айтатынымыз т.б.с.с.)

Қатысушылар жаттығу соңында алған сезімдері жайлы ойларын бөлісуі қажет.

Қорытынды: Топтағы адамдармен тез тіл табыса білу,танысу қабілеттерін тану және бір-біріне деген жылылық ,жақындық қалыптасады,кім өзіне ұқсас адамдарды таба білсе сол адамның бойында жоғарыдағы қабілеттер басым екені танылады..

.

Мен

Мұғалімдер тобы жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызылады, жарты шеңбер алдына орындық қойылады. Ортаға қалауы бойынша мұғалім шығып орындыққа отырады. Ол жүргізущі ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды. Мысалы, « Мен өзімді сенімді сезінгім келеді . Мен өмірде қалаймын….Мен бұгін қажетпін.. ».

Берілген сөйлемнің аяғы спонтанды және тікелей болуы маңызды. Осылай 4-5 қатысушыны тыңдап ,соңында қатысушылар не ойлағанын, есіне не түскендігі жайлы айтады. Одан кейін үш сөйлемнің қайсысы сенімдірек айтылғандығын, сөйлемнің индивидуалдығы сезілгендігі жайлы талқылау жасалынады. Сөйлеушінің интонациясы, оның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т.с.с. назар аударылады.

Әдетте басым көпшілігі әйелдер болып келетін аудиторияда «өзге алдында өзгелеу» принципі бойынша өмір сүретіндігі анықталады. Көбінде өз армандары мен қажеттіліктерін (мен қалаймын) жүзеге асыруға уақыты да, күш қуаты да жет-пейді. Жүргізуші жан саулығы мен оптимизмді сақтау үшін «өзіме арналған өмірге» азғантай болса да, уақытын бөлу керектігіне сендіруге ұмтылады.

Қорытынды; Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогиклық іс-әрекетінің стилінің индивидуалды эффективті түрін табу. Қатысушылар бір сәт өз «менін» танып қалады.

 

 

 

«Менің есімім» .

Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Ол сөз сол сіттегі тақырыпқа ,жиналу себептеріне байланысты болуы керек. Мысалы: жаңа технология тақырыбына сай Жанна жаңашылмын, Айкерім Амоношвили әдісінбілемін, Әсел әлемдік стандартқа сай ізденушімін,Мақпал магистрмін..т.б.

Қорытынды; Бұл жерде әрбір қатысушының білім -біліктілік,интелектуалдық ,танымдық белсенділігі ,тұлғалық қасиеті танылады. Өткізілгелі отырған шара алдында шығармашыл көңілді топ қалыптасады.

 

« Әнмен бой сергіту».

Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат әнұранның әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.

Қорытынды; Қатысушылардың ортаға тез қалыптаса алу , жеке басындағы іскерлікті тануға болады.Оқушылармен жүргізілгенде жекелеген оқушылардың ортаға қаншалықты бейімделе алатынын,кейбіреуінің бойындағы комплексті анықтауға болады.

 

«Мимикалық ситуация».

Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген.Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.

Қорытынды; Қатысушылардың бойындағы ұялу , өз бойындағы барды көрсете алмау қасиеттері танылады, кейбіреулер өзгені қолдай білуге , ортаға еркін кіруге қалыптасады.

 

«Автопортрет».

Қатысушыларға дәптер, қалам беріледі. Олар өздерінің автопортреттерін салады..Қажетті заттар: дәптер, түрлі-түсті қаламдар, медитациялық музыка.

Қорытынды; Нәтижесін психологтарды қатыстыра отырып талдау керек болады , немесе алдын –ала кеңес алу.Танылатыны мысалы бір қатысушы өзіне шарж салады ол адамның бойында әзілқойлық бар ,тіпті бір қатысушының сурет сала білу ерекшелігі танылады.

 

«Ақ тілек »

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.

Қорытынды; Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын білдіреді.осы өз ойларын жеткәзуде қатысушылардың сол сәттегі көңіл күйін танып , адағы шараға,сабаққа қалыпты жай қалыптастырылады.

 

« Менің мамандықтағы образым »

 

Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші топтың әрбір мүшесіне алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, « Сәлеметсіндер ме балалар! » Бұл жерде фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі. Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-әрекетке эффективті стимул болды.

Қорытынды; кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық эффективті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде тану педагогикалық этикеттен алшақтамау. Ал оқушылармен өткізілгенде оқушыларға да мәдениеттілік аумағын ескеру айтылады.

 

« Баға »

 

Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы, «отыр екі».Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға мүмкіндік береді.

Жүргізуші мұғалімге оқушыға негативті баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіру керектігін көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: «Өте өкінішті, Бақыт бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті баласың, жақын күндері өзіңнің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін».

Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге болады. Мысалы, позитивті баға қойған кезде позитивті баға қойғандағы фраза төмендегідей болуы мүмкін: «Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуынды жалғастыра бер».

Қорытынды; Оқушыларды бағалаудағы өзара әрекеттесудің эффективті коммуниктивтік амалдарын өндіру. Бұл тренинг жас мамандарға арналған шараларға тиімді.

 

«Эмоция »

 

Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.

Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық жұмбақ жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.

Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты қаншалықты шеше алғандығы жайында ойланауға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды қолдануда қайсысы ( бет, қол, интонация және т.с.с) мәндері болып келетіндігі жайлы ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе «мұғалімдік» қатты мүсін.

 

«Менің кәсіби рөлім»

 

Топ шеңбер болып отырады, жүргізуші әрбір қатысушыға карточка таратып береді. Карточкада белгілі бір кәсіби коммуникативті позиция рөл анықталған. Мысалы: «Көмекші», «Ана», «Тәрбиеші», «Лидер», «Авторитет», «Хабарлаушы», «Идеал», «Ең-ең…», «Мейірімді», «Бақылаушы», «Оқушымен ата-ана арасындағы делдал», «Интеллектуал», «Сабақ беруші», «Дос», «Пәнші», «Бағалаушы», «Сот», «Ойыншы», «Дос».

Топ мүшелері рет-ретмен карточканы оқып, мұғалімнің кәсіби позициясының мұндай мінездемесімен келіссе неге келіскенін, келіспесе неге келіспегені жайлы пікір айтады.

Қорытынды: қатысушылардың оқушылармен өзара әрекеттесудегі мұғалімнің ішкі позициясын және класпен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын толықтыру.Бұл тренинг класс жетекшілерге және жас мамандарға арналған шараларда тиімді.

 

 

«Мысқыл ат »

Топтан қалауы бойынша қатысушы талданылады. Оны бөлмеден шығарып, көрермендер ішінен біреуін,немесе әдебиеттен кейіпкер жасырылады . Қатысушы бөлмеге кіргеннен кейін көрермендер жасырылған адамды суреттейтін ( мінез-құлқын, түрін және т.с.с ) ат айтып шығады. Қатысушыға қойылатын шарт жасырылған адамды табу керек. Жаттығу нәтижелерін талқылау жасағанда қандай аттар сәтті және ұқсас болғанын, қайсыларының ұқсамағаны талданады. Бұл жерде барлық қатысушылардың пікірін тындаған дұрыс.

Қорытынды; оқушыларымен қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдары қалыптасады,әдебиетке қатысты болғанда мәтінді меңгеру білімдері танылады.

 

«Күйіне келтіру»

.

Оқушылар өз орындарында ыңғайлы ,еркін отырады. Мұғалім денені бос ұстап, көзді жұмып айтылған әңгімені көз алдарына елестеуді ұсынады. Келесі мәтінді баяу, жұмсақ етіп әңгімелейді.

«. Сабаққа келе жатып өз мүғалімім туралы ойландым, тезірек сабақ басталса екен. Мектепке кіріп келдім, өз кластастарыммен сәлемдесемін, оларға күлімсірей қараймын. Өз класыма бара жатырмын, класқа кірдім қоңырау соғылды, сабақ басталды.»

Қорытынды; Мұғалімдерге сабақ басталар алдында оқушылардың психологиялық қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін жоғарлату түрінде тиімді.

 

«Жест таңдау»

 

Мұғалімдер шеңбер құрып отырады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3-5 минут ішінде өз тәжірбиесінде болған бір қызықты, содан кейін бір қиын оқығаны естеріне түсіріп баяндап беру. Бұл жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік пен қызықтыру шарты қойылады. Әңгімелеуде бет әлпет, поза, жест.т.с.с сыртқы пластика амалдарын қолдану ұсынылады. Көрермендер әрбір сөз сөйлеушіні бақылайды. Барлық қатысушылар әңгімелерін айтып болғаннан кейін ең тиімді болған индивидуалдық жесттеріне талқылау жасалынады.

Қорытынды ; Әрбір мұғалім оқушылармен педагогикалық жұмыс жүргізгенде тиімді болатын жесттер тобын таңдап алуы қажет,себебі балаларға үлкендердің әрекеттері көбірек әсер етеді екен.

 

«Ол»

 

Топ шеңбер құрып отырады. Әрқайсысы «ол» деп тәртібі орташа немесе қиын оқушы тұлғасына мінездеме береді.Мінездемеде тек жақсы жағынан баяндайды. Сөйлем «Манат-бұл…. » принципі бойынша басталуы қажет, әркім өз пікірі бойынша сөйлемді яқтайды.

Қорытынды ; Нәтижесін талқылауда жүргізуші топ назарын позитивті анықтауларға аударады. Бұл тренинг мақсаты мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоцияналды қатынасын қалыптастыру.

 

 

« Менің қиындықтарым»

 

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім немесе трненинг жүргізуші қатысушылардан өзіндік қиындықтарын баяндауды ұсынады. Кімде болса түсінгенін жеткізе алмайтын, білгенін сыртқа шығара алмайтын болса, онда ол жағдай оның басқалармен қарым-қатынасына әсер етеді. Соңында бұл тренингке шын араласа алғандардын алда атаған қиындықтары аз кездесетінін атап кету.Жекелеген оқушылар,мұғалімдер ашылмауы да мүмкін бірақ оларды күштеудің қажеті жоқ .Осы тренинг қалыпты қайталана берсе өзге оқушыларда ашылып сөйлеуге қалыптасады.

Қорытынды: Қатысушының қиындықтары активизацияланады.Бұл тренингті сабақтан соң бүгінгі сабақта ..деп те ұйымдастырса,сол сабақты кім қаншалықты меңгергені көрінеді.

 

«Менің ұстаздарым»

 

Жүргізуші топ мүшелеріне өздерінің ұстаздарын естеріне алуды ұсынады. Олардың балаларға қарым-қатынасы, сабақ түсіндіру мәнері, оқушылар жұмысын қалай бағалау, сыныптағы ахуал қандай болғанын естеріне алуы қажет. Тренингтің эффективтілігін жоғарылату үшін оларға өз тәжірбиесінде ұстаздарына ұқсас іс-әрекеттерін немесе одан жақсырақ, әділдірек болғысы келетіндігі жайлы пікірлерін сұрауға болады.

Қорытынды ; Қатысушылар өздерінің балалық елестерінің негізінде өз оқушыларын терең сезіне алуға үйренеді. Мұғалімдердің педагогикалық рефлекциялық жеке тәжірбиелік әсер етулерін бағалау және анализдеу қабілеті дамиды.

 

«Айна »

 

Қатысушылар екі-екіден топқа бөлінеді. Әр топта біреуі жүргізуші, ал екіншісі оның айнасы болады. Жүргізуші қолдарымен спонтонды әрекеттер жасайды. Ал екінші адам айнадағы бейнесі сияқты синхронды қайталауға тырысуы керек. Мұндай вербальді емес коммуникацияда пайда болатын ойыншылар арасындағы психологиялық байланыстар мен қиындықтардың туу сәттерін талқылайды.

Қорытынды ; Жүргізуші өзімен қарым-қатынастағы партнерді дұрыс түсіну және сезінудін маңыздылығын, адамдар арасындағы индивидуалды-динамикалық айырмашылықтар қандай болатындығын «осы жерде және қазір» тәжірбиеде сезінуі қажет екендігін топтың әрбір мүшесіне жеткізеді.Бұл тренингте жекелеген қатысушылардың тұлғалық қасиеттері танылады да ,ол оқушымен әрі қарай осал жақтарын жою жұмыстары қарастырылады.

 

 

«Сиқырлы дүкен»

 

Қатысушыларға сиқырлы дүкен бар екенін елестету тапсырылады. Ол дүкенде мынандай нәрселер бар: шыдамдылық, мейірімділік, қамқорлылық, басқаларға түсіністікпен қарау, әзілді түсіну, н қайырымдылық, тілектестік, жақсылық ойлау, білімқұмарлық, шынайылық, шыншылдық, әділдік. Бір қатысушы сатушы рөлінде болады. Қатысушылардың бірі дүкеншіден өзіне қажетті «затты» сұрайды, ол «заттың» не үшін қажет және қандай жағдай үшін қажет екенін түсіндіреді де сұраған «затын» береді. Қорытынды: қатысушылар бойына адамгершілік қасиеттерді дамыту. Бұл тренингті барлық категориядағы адамдармен өткізуге болады.

 

«Достық аралы»

Жаттығу басталарда еденге газет төселеді. Кейін былай деп айтылады: «Сіздер өздеріңізді елсіз аралда қалып қойдық деп елестетіңдер. Аралда судың деңгейі көтеріле бастады. Барлығыңыз құтқарылу үшін кішкене ғана жерге сиюларың қажет.кішкене жер деп газетті ойлайсыздар. Енді барлығыңыз газетке сиюды ойластырыңыздар».Қатысушылар бар әректтерімен газетке сыюлары тиіс және белгілі бір уақытқа деін үлгеру. Газеттің көлеміне қарай адам саны.

Қорытынды;Қатысушылардың қиын кезедердегі достық сезімдерін білу, қатысушылардың икемділік пен ұтымдылық қабілеттеріндамыту, тану.

 

«Заттарды есте сақтау»

 

5-7 ұсақ-түйек заттар: қайшы, тиындар, кәмпиттер, ақша купюрлары, қарындаш, т.б. бетін қағазбен жауып немесе көрінбейтін салафанға салынады. Өзін тексергісі келген оқушы көзін жұмып, жаңағы заттарды тек ұстап қана көреді. Сонда оқушы барынша көбірек заттарды есіңде сақтап қалуға тырысуы керек. Кейін көзін ашып есінде не қалғанын айтады.

 

«Көреген көз»

Алдымен оқушылар ол параққа аты-жөндерін, сыныбын, бүгінгі күнді толтырады. Оқушыларға нұсқау оқылып, олардың көру арқылы есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Жүргізуші «Қазір сіздерге ақын-жазушылар есімі жазылған плакат 30 сек. уақыт көрсетіліп алынып тасталынады. Зейін салып мұқият қарап сол сандарды есте сақтауға тырысыңыздар.Плакат алынып тасталынған сөздерді еске түсіріп кез-келген қатарда парақтарыңызға жазасыздар?.

 

Мұқағали

Махамбет

Ыбырай

Мұхтар

Шерхан

Әбділдә

Абай

Тахауи

Шоқан

Шыңғыс

Сәбит

Фариза

 

Қорытынды;: Егер 8-9 сөз дұрыс жазылса онда,бұл көру арқылы есте сақтаудың жақсы деңгейде екенін көрсетеді

 

.

«Саққұлақ»

Оқушылардың есте қалдыру есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.

Мұғалім; «Қазір сіздерге 12 сөз оқылады. Сіздер зейін салып тыңдап, сол сөздерді есте қалдыруыңыз керек. Мен белгі бергенде параққа есте қалған сөздерді кез–келген қатарда жазыңыздар» (Осы жерде магнитофонға жазылған сөздерді қолдануға болады).

 

Жарық

Көңіл-күй

Жұмыс

Ауа-райы

Қанжар

Кітап

Машина

Үй

Әйнек

ағаш

Қасқыр

Көру

 

Қорытынды : Дұрыс сөздер 8-9 болса, онда есту арқылы есте сақтау жақсы деп есептелінеді. .


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!