Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тренингтер: Бойдағы қорқынышты жеңу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі
Тренинг мақсаты: оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым-қатынастарын нығайту.
Қорқыныш – қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш – бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Бинұрмын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Бинұрды сіздерге таныстырамын, мен – зейінді Заңғармын». Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады. Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында … қатысып отыр» деп қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.
Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекге болды?
«Қорқынышыңды суретте» жаттығуы
Түсіндіру: қорқынышқа қарсы жүр, өзің қорқатын нәрсені істе, бірнеше рет істе. Оқушыларға ақ парақ таратылады. Өзіңнің қорқынышыңның картасын суретте. Өзіңнің қорқынышыңның суретін сал.
Талдау: Қайсысы ең алғаш байқалады? Қайсысы кейін көрінеді? Жалпы суретте қорқынышыңның орнын тап.
«Бірақ» жаттығуы
Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, өз ойыңды аяқ астынан айтып салу.
Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:
-
Мен шаршадым, бірақ …
-
Мен кішкентай бойлымын, бірақ …
-
Мен кейде ұстамсызбын, бірақ …
-
Мен ұялшақпын, бірақ …
-
Мен жалқаумын, бірақ …
-
Мен сөзге жоқпын, бірақ …
-
Мен тым көнгішпін, бірақ …
-
Мен оқушымын, бірақ …
-
Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ …
-
Менің математикадан үлгерімім жақсы, бірақ …
-
Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ …
-
Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ …
-
Мені тез күлдіруге болады, бірақ …
-
Мен қырсығып қаламын, бірақ …
Талдау: Осы тапсырманы сендерге орындау ұнады ма? Өз ойыңды бірден айтып салуда саған не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңдар?
«Автопортрет» проективті тесті
Оқушыларға А4 парақ таратылады. Өздерінің автопортретінің суретін салу ұсынылады.
Талдау: Өздеріңнің суреттеріңді салу қиындық туғызды ма? Сезімдерің қандай?
«Бетперде» жаттығуы
Дене бұлшықеттерінің босаңсуы. Орындықта отырып, денелеріңнің бұлшықеттерін бос ұстаңдар. Терең демімізді аламыз да, шығарамыз. 3-4 рет қайталанады.
«Жымию» жаттығуы
Әр қатысушы бір уақытта бір-біріне өздерінің жымиюларын сыйлайды.
«Менің көңіл-күйім» тренинг жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату. Шығармашылық қабілетті әрі қарай дамыту. Релаксация арқылы жағымсыз ойлардан арылу.
«Амандасу» жаттығуы
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады.
Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда
бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол бейнеленсе – қолымызды қысып
амандасамыз. Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек
бейнеленсе – құшақтасамыз.
«Орын ауыстыру» ойыны
Қатысушылар шеңбермен отырды. Жүргізуші ортада орындықсыз тұрады.
Оның мақсаты: орын тауып алу. Ол ойыншы, мысалы, сақина таққандар
орындарымен ауысады, әлде қара киім кигендер орындарымен ауысады.
Сол кезде жүргізуші жылдам біреудің орнына отырып алу керек.
Орындықсыз қалған қатысушы ойыннан шығады.
«Әр қайсысымызда мәселелер бар»
жаттығуы
Қатысушылар шеңбермен отырып, көздерін жұмып, «м-м-м» дыбысын
шығарып отырып, өз мәселелері туралы ойлап және де негативті
ойларын осы дыбыс арқылы шығарып отырды. Тез аяқтаған да, көп
«м-м-м» -деп отырған қатысушылар болды, бірақ тез болған ойыншылар
қалғандарының аяқтағандарын тыныш күтіп
отырады.
«Оның есесіне мен…» жаттығуы
Мен жиі қиялдаймын, оның есесіне…
Мен көп үндемейтін адаммын,оның есесіне….
Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын…
Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның
есесіне…
«Алған әсерлер» жаттығуы
Шеңберде тұрып, сол алақанға ойша бүгінгі көңіл-күйді салып, оң
алақанға жаттығудан алған әсерлерімен
бөлісу.
«Егер саған ұнаса…» ойыны
Егер саған ұнаса саусақпен тырсылдыт,
Егер саған ұнаса шапалақта жараса.
Егер саған ұнаса аяғыңмен тарсылдат,
Егер саған ұнаса айтайықшы «Тамаша».
Тұлғалық өсу және өзіндік сананы айқындау
1.
Танысу. “Менің мекен-жайым” жаттығуы
Төсбелгіні (бейдждерді) толтыру
Мақсаты: Өз елін мақтаныш тұтуға бағыттау және таныстыру.
Жүргізуші. Әр қатысушы тақтада ілінген картаға өзі тұратын қаласы
немесе ауданына есімін жазып жапсыру қажет.
2. “Құпия досым” жаттығуы
Мақсаты: Белгісіздікті аңғаруды, екінші адамға ілтипат көрсетуді
меңгеру.
Барлық есім жазылған төсбелгілерді қорапта араластырып, әр қатысушы
бір төсбелгіден таңдайды және де сол кісінің есімін есте сақтап,
оны көріп алады. Сосын төсбелгіні жүргізушіге қайта береді. Қай
адам екені өзіне ғана мәлім болуы қажет. Ал есімі түскен адамға
сабақтың өн бойында ілтипат көрсетіліп көңіл бөлінеді. Одан ары
қарай сабақ барысында жүргізуші осы жаттығуға қайта оралып
отырады.
3. “Гүлдер” жаттығуы
Мақсаты: Топтағы тұлға аралық қарым-қатынасты шыңдау.
Жүргізуші. Әр қатысушы мына қораптан бір-бір қиынды гүлден алып,
оған оқу орныңызды, есіміңізді, ауданыңызды көрсетіңіз, оны бояңыз.
Сосын тақтада даярланған ватманға бір оқу орнын бітіргендер
бірігіп, өз оқу орныңыздың аты жазылған парақша айналасына гүлдерді
орналастырыңыз.
Мысалы: Сауле – ҚазМУ
4. “Менің мамандығым” жаттығуы
Мақсаты: Кәсіби ерекшеліктің маңызын түсіндіру.
Жүргізуші. Маман психологтар бір топқа, маман емес педагогтар бір
топқа бөлініңіздер. Сөйтіп мына мандала секілді ою-өрнекті ешкім
бейтарап қалмай, барлығыңыз бірлесіп бояп шығыңыздар. Болған соң
оны тақтаға іліңіздер.
Талқылау жүргізіледі. Сұрақтар:
Неге бұл түстерді қолдандыңыз?
Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
Жүргізуші. Оюдың мағыналық тұстарына тоқталар болсақ: Төрт құлақ –
дүниенің төрт бөлігін тұспалайды; қаз мойын – ақкөңілдікті,
мейірімді, пәктікті білдіреді; түйе табан – жолы болушылықты
білдіреді.
5. “Артық орындық” ойыны
Ойын мақсаты: Топтың еркін қарым-қатынасына жол салу және
ертегідегідей ахуал жасау.
Топ дөңгеленіп отырады. Жүргізуші өз орнынан тұрып орындықты басқа
жерге алып қояды. Сосын топқа нұсқауын түсіндіреді.
Жүргізуші. Сіздер топқа қандай-да бір шартыңызды айтасыз. Осыған
сәйкес олар орын ауыстыруы шарт, сол сәтте жүргізетін адамда орын
табуға тырысады. Ал үлгермей қалған адам жүргізуші болып өз шартын
айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Мысалы: “Өз ата-анасын жақсы
көретіндер орын ауыстырсын”, “Қымыз жақсы көретіндер орын
ауыстырсын” және т.б.
6. “Құпияны табу” жаттығуы
Мақсаты: Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру.
Жүргізуші. Бір ғалым дәл өзіне ұқсас адамды жасапты. Бірақ ол өте
қатігез екен. Өзінен қандай айырмасы бар екенін дәлелдеу үшін шарқ
ұрыпты. Сізде осындай жағдай болса, не істер едіңіз? Ол адамда
қайталанбайтын, сізде ғана бар қандай қасиетке иесіз? Сізде басты
қандай құпия бар? Барлық қатысушылар өз құпиясымен бөліседі.
“Мен дегеніміз деген не?” талқылау
Жүргізуші алдымен кіші, сосын үлкен топта осы сұрақ бойынша
талқылама жасауды ұсынады.
Жүргізуші. “Мен” – бұл сезімдерің, ойларың, тәнің, әрекетің,
тілегің, армандарың, жаның, мінезің т.б. деп қорытындылайды.
7. “Мен … ” және “Мен қандаймын” жаттығуы
Мақсаты: “Мен тұжырымдамасына” саналы түрде көңіл бөлу.
Жүргізуші. Сіздер жұмыс дәптерлеріңізге “Мен …” сөзін зат есіммен
толыққан 10 қатар сөз тіркесі етесіз. Сосын “Мен қандаймын?” деген
сұраққа сын есімді қолданып 10 рет жауап бересіз. Барлығын жазып
отырасыз.
Алдамен кіші, сосын үлкен топта талқылама жасалады.
8. “Үй, адам, жер сілкінісі” жаттығуы
Мақсаты: Сергіту арқылы еркін әрекет етуге үйрену
Жүргізуші “Үй” дегенде екі адам бірігіп, шатыр құрады. “Адам”
дегенде екі адам бірігіп, ортасына адам кіреді. “Жер сілкінісі”
дегенде бейтарап болып жүреді. Қалып қалған адам жүргізуші
болады.
9. “Құпия досым” жаттығуы
“Құпия досына” хат жазу және кімнен хат келгенін табу.
10. “Жұлдызды сағат” жаттығуы
Мақсаты: Адамның кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі тұлғалық мәнді
сезіну және ол мән-мағынаны бақыт туралы өз ойыңмен салыстыру.
Психолог қызметіндегі жағымды, қуанышты сәттерді парақшаға жазу.
Оны ортаға салу, сосын ватманға жазып, жалпы талқылама жасау.
11. Рефлексия
Өмір дағдысын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндіктерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу; өмірдегі қиындық неден шығатынын, еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.
Ұйымдастырылуы:
«Мен және өмір» жаттығуы
Шарты: Оқушылар шеңберге тұрып, мысалы: «Мен, Айбол өмірде бақыттымын»
дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады.
«Балалығым бақытым» жаттығуы.
Шарты: Балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшеліктерін қалай түсінетіндігін тақтаға сурет салу арқылы талқылып айтады.
«Жан дүниемдегі сырымды таба біл»
Шарты: қатысушылар бір-біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды.
Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.
«Менің таңдауым» жаттығуы.
Шарты: Оқушылардың бірі ортаға шығып қоғамдағы зиянды әдеттің бірін жарнамалайды. Ал екінші оқушы сол зиянды әдетке қалай қарайтынын айтады.
«Өмір» жаттығуы.
Шарты: тақтаға «өмір» деген сөзге ассоциация жасай отырып әр әріпті жеке -жеке талдап беру.
Мысалы: Өмір – өзен, өмір мейірім, өмір – ірге тас, өмір – рахат.
«Өмірге эксперимент» жаттығуы.
Шарты: ыдысқа тас, құм, бұршақ, су сиғызу арқылы әр затты өмірдегі жағдайға қарай талдау.
Мыс: ыдыс – өмір, құм – ұсақ-түйек, бұршақ – кедергілер, су – өмірдің ағысы.
«Релаксация» жаттығуы.
Шарты: психолог оқушыларға жаттығу мазмұнын оқиды, оқушылар көздерін
жұмып отырып оны елестетеді.Терең дем ал, дем шығар, сендер сыныптарыңмен орман ішінде демалып жүрсіңдер.Алдарыңда жасыл шөп, қызылды жасылды гүлдер, гүлдердің иісі нәзік жұпар, жұпар, ащы сол гүлдерді иіскеп, шөпке аунап, бірің доп ойнап, бірің гүлге қонған көбелектей ұшып аспанға қалқып, күннің сәулесінен жылу алып, жүректеріңе мейірім ұяланып, ал самал жел арқылы өзіңе сенімділік күш жігер еніп, өмірдегі сенімсіздікпен қорқынышты ұмытып, өзіңді өмірдегі бақытты жандай сезініп, бәрің «Біз бақытты баламыз» деп қуанып, бір-біріңе қолдарыңды созып, қалықтап жүріп қайта ормандағы гүлге қондыңдар. Көздеріңді ашып бір-біріңе күлімдеңдер.
«Тілек ағашы» жаттығуы.
Ойынға қатышушы оқушылар тренинг соңында бір-біріне деген жылы лебіздерін тілектерін жазып осы тілектері орындалсын деген мақсатта тілек ағашына апарып жапсырады.
Қорытынды.
«Жас келсе, іске сәт!» тренингі
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1-жаттығу. Таныстыру.
«Мұғалімнің бақыты» деп өз атымен таныстыру
2-жаттығу. Мұғалім мен оқушы арасындағы жағдаяттар
1. Ішке қоңырау соғылды. Сіз сабаққа кіруге кетіп бара жатыр едіңіз. Әріптесіңіз кездесіп, әңгіме айтып тұрып алды. Әңгімесі таусылмады, ал сіздің сабаққа кіруіңіз керек. Сіз оған … орынсыз ренжіп…
2. Әріптесіңіз оқушылардың көзінше қатты сөз айтып, сізді ұялтты. Сіз оған…
3. Сіз сабақ өтіп жатырсыз, сырттан келіп әріптесіңіз сабағыңызды бөліп, бір оқушыны өз шаруасына байланысты сұрады. Сіз оған…
3-жаттығу. Мен қандай мұғаліммін?
Шарты: Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
4-жаттығу. Тыныштық сәті
5. Психологиялық кеңес
Оқу материалын оқушыға ұтымды қабылдату және есінде сақтау мақсатында көруге арналған ақпаратты тақтаға дұрыс орналастыру қажет. Психологтардың зерттеуі бойынша, тақтаның жоғарғы оң жағына орналасқан ақпарат есте жақсы сақталады. Яғни, мына төмендегідей болады:
28 %
33 %
16 %
23 %
• Ақпарат қабылдаудың екі түрі бар: есту және
көру
• Зерттеулер көрсеткіші бойынша, адам естіген ақпараттың 15 пайызын;
• Көрген ақпараттың 25 пайызын;
• Егер ақпарат берудің екі түрі де бір мезгілде қолданылса, онда адам бұл ақпараттың 65 пайызын қабылдайды екен.
Әрбір сабақты күнде бірдей бастасаңыз да, оқушының қызығушылығын сөндіріп аласыз. Сабақ оқушыға қызықты етіп басталса, ол бүкіл сабақ осылай қызықты және пайдалы өтеді деп санайды, бұл мұғалімді оқушы ерекше тұлға, құзырлылығы өте жоғары деп қабылдайды.
Сабақ басында 15-20 минут көлемінде оқушы мұғалімді жақсы тыңдайды, сондықтан сабақ басында мұғалім бар әрекетті жасап, оқушы көңілін өзіне, сабаққа, тақырыпқа аударту керек. Оқушының зейінін ұстайтын «қармақ» керек, ол бүкіл сабақ барысында оқушының қызығушылығын сөндіріп алмауға көмектеседі.
• Сабақтың аяқталуына да көп көңіл бөлу керек. Сабақты былай аяқтауға болмайды:
• — әзілмен немесе анекдотпен;
• — «Мен үлгере алмадым…» немесе «Маған уақыт жетпеді…» деген сөздермен (оқушы мұғалімнің барлығын үлгергеніне сенімді болу керек);
• — күндегі сабақты бір тәсілмен аяқтауға болмайды;
• — сабақты көңілсіз аяқтауға болмайды, өйткені мұндай мұғалімді оқушылар не тұлға, не профессионал ретінде сыйламайды.
• Ой жинақтау. Құрметті ұстаздар!
• Бүгін біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтадық. Данышпан философ Фалес айтқандай:
• Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік
• Бәрінен жүйрік – Ой
• Бәрінен дана – Уақыт
• Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту
• Бәрінен қиыны – Өзіңді өзің тану
• “Бақыт деген не?”деген сауалдың “Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу”. Расында да, сүйікті жұмысымызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан соң жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққаныңыз, көңіліміздің тыныштығын білдірмей ме?
• Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін!