Материалдар / Тренингтер жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тренингтер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
ммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммм мммммммммммммммммм мммммммммммммммммммм ммммммммммммммммммм ммммммм м м м ми мавп ргапророгпр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренингтер

Әдістеме: Қанша күн? Қанша ай?


Мақсаты: Өте аз уақыт мөлшерінде зерттелушінің зейін көлемін анықтау.

Қажетті материал: Бірнеше ай мен күн бейнеленген сурет.

Жүргізу барысы: Зерттеуші көптеген ай мен күн салынған суретті зерттелушіге қас-қағым сәтте көрсетіп, олардың саны қанша екендігін сұрайды. «Көп» немесе «аз» деген жауаптар қабылданбайды. Зерттелуші нақты санын жазуы керек.



Shape1

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2

Shape7 Shape6


Shape9 Shape8

Shape12 Shape11 Shape10

Shape13

Shape14

Shape16 Shape15




Қорытынды:

  1. Суреттегі нақты санды немесе одан көп жазса зейін көлемі кең;

  2. Суреттегі нақты саннан төмен жазса зейін көлемі тар;



Әдістеме: «Бұзық телефон»

Мақсаты: Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру.

Жүргізу барысы: Зерттеушілер аспан мен жер принципі бойынша екі топқа бөлінеді. Ең соңғы тұрған адам алдағы тұрған адамның иығынан түртіп өзңне қаратып би қимылын жасайды. Ал ол сол қимылды есіне ұстап келесі адамды қаратып, осылайша алғашқы нұсқасы мен соңғысы салыстырылады.

Талдау: Көңіл – күйіңізбен бөлісіңіз. Қимылды ойлап тауып, оны қайталау қиын болды ма?

Ойынның мағынасы неде?

Ұсыныс:

  1. Оқушыларды салауатты өмір сүруіне байланысты спорт үйірмелеріне қатысуға үгіт жасау.

  2. Оқушылар дұрыс тамақтанып, жақсы демалу керек.

  3. Оқушыларға таза ауада көбірек серуендеп және темекі шегуден аулақ болу керек.

  4. Оқушылардың денсаулықтарына зиян келтіретін әдеттерден аулақ ұстауда мағлұмат беріп отыру керек.


Shape17


Әдістеме: 10 айырмашылықты тап!

Мақсаты: Зерттелушіге берілген суреттерден айырмашылығын анықтату барысында көру түйсігін дамыту.

Қажетті материалдар мен құралдар: бір-бірінен 10 түрлі айырмашылығы бар суреттер және секундомер.

Жүргізу барысы: Зерттеуші суреттерді үлестіріп одан пішіні мен түсіне байланысты 10 айырмашылық табу керектігін түсіндіреді. Оларға 30 секунд уақыт беріледі.


Shape18


Shape21 Shape20 Shape19


Әдістеме: «Ғажапқа толы сиқырлы орман»

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру және сипап сезу түйсігін дамыту.

Жүргізу барысы: Зерттелушілер ғажапқа толы сиқырлы орманға айналады. Екі топқа бөлінеді: орман – тоғай болып екі қатарға тұрады. Олардың қолдары – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Барлығы бір-бірлеп сиқырлы орман ішінен өтеді. Ал қалғандары серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болады.


Shape22



Талдау:

  • Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Сиқырлы ағаштар болғанда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі жіне жаттығудан кейінгң сезімдеріңізбен бөлісіңіздер


Әдістеме: Байқап қал! (Мюстенберг)

Мақсаты: Берілген әріптер аралығынан таныс сөздерді табу арқылы оқушылардың бақылампаздығын байқау.

Қажетті материал мен құралдар: әдістеме бланкасы және секундомер.

Жүргізу барысы: Зерттеуші зерттелушілердің әрқайсысын жеке дара отырғызып, қолдарына төмендегі бланканы беріп, не істеу керектігін түсіндіреді. Олар 20секунд ішінде таныс сөздердің астын сызып үлгеруі керек.

бкүнюьвлаоұгқщаудандлғмшклаьбқ

жаңалықщшзғкуцфарткгнэкзаменвд

офылшщггкпрокурордлжғңванвавпа

вхоккеймұғалімодоыэвшкщежжылэ

знрпофтеледидарпппващқабылдауй

шщхалықжфлыждвлшйгцконкурссш

щклмнорштұлғаджғрүоөрепортажш

зщшщгггзхдсвжүзуыдловдқайғырущ

ыуғылжвлорлорждвлащцшгукемтмд

ывлабораториялждалждпиязшщщшг

ншыропнегізлыовдфлпсихиатриялж

вджлфылдвждлаыопроалопршгпйхз

шұүғщцкощпарталджзххатоьбюпщщ

















Қорытынды:

15-20 – байқампаздығы жоғары

10-15 – байқампаздығы орташа

5-10 – байқампаздығы төмен



Әдістеме: «Төртінші артық»

Мақсаты: Бала қабылдауының даму деңгейін тексеру

Құрал-жабдықтар: 4 суреттен салынған карточкалар.

Жүргізу барысы: Зерттелушіге ұсынылған 4 суреті бар карточкадағы 3 сурет жалпы бір тақырыпқа жатады, ал 1 сурет басқа мағына береді.


Shape23 Shape24 Shape25 Shape26


Shape27 Shape28 Shape29 Shape30


Shape31 Shape32 Shape33 Shape34




Қорытынды: Нәтижені кілтпен тексеру керек. Әрбір дұрыс жауап 20 пайыз. 70тен жоғары болса оқушының көрнекі-бейнелеп ойлауы жақсы дамығаны.

Кілті:Арыстан

Жүзім

Ине




Әдістеме: Мағыналы есте қалдыру. (К. Бюлер)

Мақсаты: Ауызша материалды есте сақтау мен елестетуге мағыналық байланыстың әсерін табу.

Материал: Аралық мағыналық байланысты оңай ойластыруға болатын он екі жұп сөз.

Мысалы:

Сәуле-күн жарық-шапақ

Мыс-қорғасын есік-терезе

Бұтақ-шырша үй-кітап

Жыл-ай пышақ-шанышқы

Қалам-қарындаш жапырақ-ағаш

Жер-тас тақта-бор

Қажетті құралдар: секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.

Жүру барысы: Зерттеуші алдымен зерттелушіге әдістеменің жүру барысы туралы түсіндіреді. Содан соң белгі береді де әрбір секунд сайын 12 жұп сөзді бір бірлеп оқып шығады. Барлығын оқып болған соң 10 секунд үзіліс жасайды. Кейін тек алғашқысын (әр жұптың бірінші сөзін) оқиды. Әр сөзден соң 5 секунд үзіліс жасайды. Зерттелуші ауызша айтылған 6 жұп сөзді мағыналы есте сақтау арқылы 10 секундтан кейін алғашқы сөзі айтылғанда, сол сөзбен бірге оның жұбын жазуы тиіс.

Қорытынды:

1-5 – мағыналы есте сақтауы төмен;

5-9 – мағыналы есте сақтауы орташа;

9-12 – мағыналы есте сақтауы жоғары;







Әдістеме: Бейнелерді есте сақтау

Мақсаты: Есте сақтауды анықтау

Құрал-жабдықтар: Стимулдық материал

Жүргізу барысы: Әдістеменің мәнісі зерттелушіге 16 бейнесі бар кесте 20 секунд уақыт аралығында көрсетіледі. Бейнелерді есте сақтап 1 минуттан кейін қайта жаңғыртып жауап бланкісіне жазу керек.


Стимулдық материал


Shape35

















Қорытынды: Дұрыс жаңғыртылған бейнелер бағаланады. Норма – 6






Әдістеме: Ойлау қабілетін бағалау.

Мақсаты: Зерттелушінің ойлау қабілетін тексеру.

Құрал-жабдықтар: 4 сөзден тұратын 10 қатарға тізбектелген сөздер жазылған бланка.

Жүргізу барысы: Берілген 4 сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады, яғни, мағыналас сөздер. Зерттелушінің мақсаты - әр қатардағы артық бір сөзді белгілеу.


Ұсынылатын сөздер тізбегі:

  1. Кітап, портфель, чемодан, дорба.

  2. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.

  3. Қайық, арба, мотоцикл, велосипед.

  4. Ұшқыш, шеге, бал арасы, винтелятор.

  5. Көбелек, штанген, циркуль, қайшы.

  6. Терек, сыпырғыш, шанышқы, үстел.

  7. Ата, мұғалім, әке, ана.

  8. Жаңбыр, қар, су, шаң.

  9. Тас, жел,көмір, жез.

  10. Алма, кітап, сызғыш, дәптер.


Қорытынды: Дұрыс – 2 балл, дұрыс емес – 0 балл.

Кілті: 1.Кітап 4.Шеге 7.Мұғалім 10.Алма

2.Көзілдірік 5.Көбелек 8.Шаң

3.Қайық 6.Терек 9.Жел

Көрсеткіштері:

16-20 – ойлау қабілеті жоғары;

9-16 – ойлау қабілеті орташа;

0-9 – ойлау қабілеті төмен:

Shape36





Әдістеме: «Ойын ойлап тап!»

Мақсаты: Зерттелетін оқушылардың ой жүйріктігін тексеру.

Жүргізу барысы: Оқушы 5 минут ішінде қандай да болмасын ойын ойлап тауып және экспериментатордың келесі сұрақтарына жауап бере отырып, ол туралы анық айтып беруге тапсырма алады.

1.Ойын қалай аталады?

2.Ол неден тұрады?

3.Ойынға қанша адам қатысуы тиіс?

4.Ойынға қатысушылар қандай рөлдерді ойнайды?

5.Ойын барысы қалай жүргізіледі?

6.Ойынның шарты қандай?

7.Ойын немен аяқталуы тиіс?

8.Ойын нәтижесі және бөлек қатысушылардың жетістіктері қалай бағаланады?

Нәтижелерді бағалау.

  1. Жаңалығы мен ерекшелігі.

  2. Шарттардың ойластырылуы.

  3. Ойынға қатысушылардың түрлі рөлінің болуы.

  4. Ойында белгілі бір ережелердін болуы.

  5. Ойынның өткізілуінің сәттілігінің бағалау критериясының дәлдігі.

Қорытынды:

10 балл - өте жоғары.

8-9 балл - жоғары.

6-7 балл - орташа.

4-5 балл -төмен.

0-3 балл - өте төмен.







Әдістеме: «Сен білесің бе?»

Мақсаты: Оқушылардың сөздік-логикалық деңгейін және сөйлеуін дамыту.

Жүргізу барысы: Сұрақтарға жауап береді.

  1. Қай жануар үлкен? Ат па, жоқ ит пе? (Дұрыс жауабы – ат).

  2. Азанда адамдар азаңғы тамағын ішеді. Түсте және қандай тамақтарын ішеді? (Дұрыс жауап – түскі, кешкі).

  3. Күндіз дала жап-жарық, ал түнде ше? (Қараңғы).

  4. Шие, алмұрт, алхор және алма бұлар – (жеміс-жидек).

  5. Аспан көкпеңбек, ал шөп ше? (Жасыл).

  6. Поезд келе жатқанда неге шлагбаумды түсіреді?

  7. Астана, Алматы, Тараз бұл нелер? (Қалалар)

  8. Қазір сағат қанша болды?

  9. Жас сиырды бұзау деп айтады. Ал жас итті және жас қойды қалай атайды? (Күшік және қозы).

  10. Ит қайсысына көбірек ұқсас? Мысыққа ма, жоқ әлде тауыққа ма? Жауап бере отырып неге олай деп есептейтінін сұраңыз.

Қорытынды:

10 ұпай - өте жоғары;

8-9 ұпай – жоғары.

4-7 ұпай – орташа.

2-3 ұпай – төмен.

0-1 ұпай - өте төмен.



Әдістеме: «ААА» дыбысынан энергия алу

Мақсаты: Оқушылардың өзара қарым-қатынасын бақылау, сөйлеуін тексеру.

Жүргізу барысы: Зерттеуші мынадай нұсқау береді: Мен сіздерді жаңа күшпен толықтыруыңызға көмектесемін. Тұрып терең демалып, оны шығарып таста. Сосын ауаны толтырып, оны дыбыспен шығарып таста. «ААА» деп ұзақ етіп дыбыста. Сіздер осы сәтте шаршаудан, қайғыдан арылғандай әсер аласыздар. Ауа жинағанда көңілді және қуанышты ойлар бірге еніп жатқандай әсер алыңыздар. Әрбір тыныс алғанда «ААА» дыбысын шаршау, жағымсыз сезімдер, кеткенше бірте-бірте қатты айтып қайталайсыздар.



Shape37














Әдістеме: «Әңгіме құрастыр»

Мақсаты: Зерттелуші қиялын дамыту

Құрал-жабдықтар:Қағаз бен қалам

Жүргізу барысы:Балаға біреу туралы немесе бір нәрсе туралы әңгіме құрастыру ұсынылады. Әңгімені құрастыруға 1 минут уақыт беріледі және кейін әңгімені 2 минут ішінде айтып беруі керек. Бұл әңгіме емес, ертегі болуы да мүмкін.

Нәтижені бағалау:

Берілген әдістемеде баланың қиялы келесі белгілер бойынша бағаланады:

  1. Әңгіме құрастыру жылдамдығы.

  2. Әңгіме сюжетінің ерекшелігі, оригиналдылығы.

  3. Әңгімеде қолданылған образдардың алуан түрлілігі.

  4. Әңгімеде берілген образдардың құрылуы мен талдануы.

  5. Әңгімедегі образдардың әсерлілігі мен эмоционалдылығы.

Әрбір аталған белгілер бойынша әңгіме қалай құрастырылғанына қарап 0-ден 2-ге дейін балл қойылып бағаланады.

Қорытынды:

10 балл - өте жоғары

8-9 балл - жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл - төмен

0-1 балл - өте төмен




Әдістеме: «Қандай да бір нәрсені сал!»

Мақсаты: Түрлі-түсті суреттер салу арқылы оқушының қиялының даму деңгейін тексеру.

Құрал-жабдықтар:бір бет қағаз бен түрлі түсті бояулар

Жүргізу барысы: Тапсырманы орындауға 4 минут беріледі. Кейін суреттің сапасы төменде келтірілген критерийлермен бағаланады.

Нәтижелерді бағалау:

Баланың суреті төмендегі критерийлер бойынша бағаланады. 10 балл беріледі, егер бала берілген уақыт ішінде ерекше, өзіндік бір нәрсені ойлап салса, бұл оның фантазиясының сирек кездесетіндігін, қиялының байлығын анық дәлелдейді. Сурет көрерменге үлкен әсер қалдырады, оның бейнелері мен детальдары нақты орындалған.

8-9 балл - суреттің детальдарының орындалуы жаман емес.

5-7 балл - детальдар мен образдар орындалуы орташа.

3-4 балл - детальдармен орындалуы өте нашар болғанда қойылады.

0-2 балл - тек бөлек штрихтар мен сызықтар салса қойылады.

Қорытынды:

10 балл - өте жоғары.

8-9 балл - жоғары.

5-7 балл - орташа.

3-4 балл - төмен

0-2 балл - өте төмен.


"Ұстазы мейірлі, шәкірті пейілді" атты тренинг



Тренинг тақырыбы: Ұстазы мейірлі, шәкірті пейілді.


Мақсаты: Оқушыларды ұлттық біріңғай тестке психологиялық түрде дайындау. Мұғалім мен оқушы арасына сенім көпірін салу. Мұғалім мен оқушы арасындағы кедергі , ыңғайсыздықты жою, бір-біріне бұрынғыдан да жақындастыра түсу, ұялу комплексін жою.


Міндеттері: 1. Оқушы , мұғалім, ата ана қарым қатынасын нығайту.


2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


3. Бірігіп жұмыс істеуге баулу.


Кіріспе


Барлықтарыңыздан ортаға шеңбер құрып тұра қалуларыңызды өтінемін. Бір - бірімізбен танысып, көңіл- күйімізді көтеріп алайық.


Шынтақпен амандасу жаттығуын жасайық. 1,2,3,4 деп санап, 4 топқа - бөлу .

1. Қолдарыңызды желкеге қоясыздар

2. Екі қолдарыңызды белдеріңізге қойыңыздар

3. Сол қолдарыңызды белге, оң қолдарыңызды тізелеріңізге қойыңыздар.

4. Екі қолдарыңыз кеудеде болсын .


Енді осы қалыптарыңызбен бір-бірлеріңізбен шынтақпен амандасып шығыңыздар. (3 мин)



«Сыңарын табу» ойынынан бастайық. Әрқайсыңыздың мойындарыңызда мақал- мәтелдің басы және аяғы жазылған лента ілінген. Ендеше бір топ бастап өздерінікін оқысын , жалғасы кімде болса сол ортаға шығып жалғасын оқиды. Жұптасып тұра қалады. (8 мин)



(Жәй музыка ойнайды) Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіз теңіз жағалуында дем алып жатырсыз. Күн шайдай ашық. Сіз суға беттедіңіз. Аяғыңызды салдыңыз. Су тап- таза, мөп-мөлдір. Ортасына қарай жүрдіңіз. Су сіздің мойныңызға келді, сіз жүріп келесіз. Су астына кірдіңіз. Жап- жарық . Судың тазалығы сонша бәрі көрінеді. Алдыңыздан суға батқан кемені көрдіңіз. Айналып шықтыңызда ішіне кірдіңіз. Келе жатырсыз бір каютаның есігін ашып ішіне кірдіңіз. Ішінде көздің жауын алатын асыл заттар уыстап ұстап көріп жүрсіз. Енді тоқтап өзіңізге ұнаған біреуін алыңыз .Жымия күліп сүйсіне қарадыңыз. Кері қайттыңыз. Судан басыңыз шықты. Міне су кеудеден келді. Жағаға жеттіңіз. Көзіңізді ашуыңызға болады.


Кім қандай күйде болды? Кім не алды?





Тақырып атауы: «Періште ойыны»


Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі

  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру


Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады


Барысы:


Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады, ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады.

Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.


Психологиялық тренинг

Тақырып атауы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»


Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі

  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Барысы:

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»

  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

  • «Биік шыңға ұмтылу»

Аутоагентті жаттығу.

Тренингке барлық оқушы қатысады.

Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)

Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.

Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.


Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»


Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Төрт топқа стол дайындау

Барысы:

  • Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады

  • Тренинг ережесімен таныстырамыз.

  • Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз

Тренинг ережесі:

  • бір-бірін тыңдау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

I-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.

Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»

  • «Ешқашанда білмеймін демеу»

  • «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»

  • «Биік шыңға ұмтылу»

II-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)

Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем

Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.

Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.

III-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.

Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.

Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)


тренинг «Кірпіш»

Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.


Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.



Тақырыбы: «Дос іздеу»

Мақсаты: Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар: қағаз қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу

Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

  • бір-бірін тындау

  • уақыт үнемдеу

  • белсенділік таныту

  • достық қарым-қатынас

  • жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

Ашық айтқанда, маған әлі қиын...

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...

Ашық айтқанда, маған ұнамайды...

Ашық айтқанда, мен қуанамын...

мұғалім

-Біз бәріне біз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтеріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

мұғалім

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?

V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.


Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек йтып сабақты аяқтаймыз.





«Тоғысқан щеңберлер» тренингі


Мақсаты: жеке тұлғаның өзін – өзі бағалауын көтеру, басқа адамға тигізетін әсерінің маңыздылығын түсіндіру. Топ көлемі 5 – 30 адам.

Талап: қолайлы бөлме, орын

Құрал: парақ қағаз, қалам

Жүргізілуі: Сіз кімге ұқсағансыз, әкеңізге ме, анаңызға ма? Әлде өзіңңзбен өзіңізсіз бе?

Осы сұрақтарға аз ғана дискуссия жұргізу керек. Осыдан кейін әрқайсысының өздері белгілейтін «мен» шеңберін салу ұсынылады. Бұл шеңберді салуда әркім өз қалауымен қағаз бетіне орындайды. Мен шеңберін салып аяқтаған соң енді «әкем» деген шеңберді сызыңыз, келесі «анам» шеңберін сызыңыз, келесі басқа адамдардың сізге деген қатынасын байланыстыратын шеңберді сызыңыз.

Әр шеңбер ретімен сызылады. (аға, іні, әже, қарындас, достар, туыстар, көршілер, т.б) тренинг соңында барлық шеңберлер талданады. Ұқсас шеңберлер бар ма? Деп сұралады.

Қорытынды: Әрқайсыңыздың басқа адамға тигізетін орнымыз, қасиетіміз ерекшк. Ал, басқалардың біздер үшін қажеттілігі өте маңызды екендігі айтылады.



«Кішкентай құс» тренингі


Балаларға көздерін жұмғызып, оларға мынадай сөздерді айтасыз:

  • Өзіңді еркін және ыңғайлы кейіпте отырыңыз.

  • Терең дем алыңыз.

  • Алақаныңызды жайып, тізеңіздің үстіне қойыңыз.

  • Ал, алақаныңызда кішкентай, жұмсақ жануар жатыр деп, ойлаңыз, яғни елестетіңіз

  • Оның кішкентайлығы сондай, тіпті алақаныңызға сыйып кетеді

  • Ол ұйықтап бара жатыр, оны оятып алмауға тырысыңыз.

  • Кейбіреулеріңіз оны сыйпағыңыз келіп отырған болар, басбармақтарыңызбен жай ғана сыйпаңыз.

  • Қолыңыздағы кішкентай жануарды ойша тыныштандырыңыз, оны еркелететін сөздер айтыңыз, яғни ойша, ал өзіңіз күлімдеп отырыңыз.

  • Оның дем алысы бір қалыпты жай болып бара жатқанын сезіндіңіз, өзіңіз де сондай демалып жатқан сияқтысыз.

  • Оның ұйқысы келіп жатыр, ұйықтап бара жатыр.



Рөлдік ойын


Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.



Қимылды ойын: «Кішіпейілді тығылмақтар».


Санамақпен бір бала көз жұмады. Білім алушылар жылы сөздер айтады «рахмет», «сәлем», «мархаббат» т.б. көз жұмушы дауыс бойынша айтқан сөздің иесін табу (мысалы, Света «рахмет» - деді).


(гүл жапырағы ашылады). Балалар тілек оқиды.


«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

1.Мейірімділік-бұл...

2.Мейірімді сөздер...

3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені...

(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды)


Ойын: «Мен қандаймын?»

Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.

(оқушыларды тыңдау)



«Болады-болмайды» тренингі

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Тәртіпті болуға .... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Ұрысқақ болуға.... (болмайды),

Сыпайы болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады),

Бұзық болуға .... (болмайды),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды),

Шыншыл болуға .... (болады),

Арам болуға .... (болмайды),

Маман болуға .... (болады),

Жаман болуға .... (болмайды),

Айтпақшы,

Жаман болуға ....! (болмайды



«Суреттегі мен» тренингі


Мақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі тани білуін, өзін-өзі бағалай білуіне бағыттау.

Мазмұны: Жүргізуші қатысушыларға парақ беріп, әрқайсысы өз еріктерімен өз қалауы бойынша «мен шындығында», «мен болашақта» суретін салуды өтінеді. Қағаздың бір жартысына қазіргі кездегі, ал екінші жартысына болашақтағысын салу керек.

«Сыйлық» тренингі


Мақсаты: Жеке тұлғаға жақсы эмоциялық қуанышты көңіл-күй туғызу. Сөздік емес қарым-қатынас орната білуге жаттықтыру.

Мазмұны: Топтағы қатысушылар екі-екіден бөлініп, біреуі сыйлықты ұсынады. Екіншісі сыйлықты алушы. Сыйлық алушы мен ұсынушы мимика арқылы қандай сыйлық ұсынғанын, екіншісі қандай сыйлық алғанын тауып айтып, әрі ілтипатты да ризашылықты ым-ишара мимикасымен түсіндіру керек.

«Сиқырлы көл» тренингі


Мақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде, ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.

Құрал –жабдықтар: қорап, айна.

«Сатушы» тренингі


Мақсаты: Бұл ойын сатушы жұмысында сезімдік рөлін түсінуге, әртүрлі сезімдерді көрсете білуге жаттықтыру.

Жүру барысы: Қатысушылар екі топқа бөлінеді, біреуі дөңгеленіп тұрады, қалғандары бақылаушының рөлінде болады. Дөңгеленіп тұрғандар эмоцияларды көрсетеді, бұл үшін эмоциялар жазылған карточка беріледі. Немесе бұған қоса мынадай ситуацияны көрсетуге болады: поезд купесі, бірнеше уақыттан кейін отырғандардың барлығы сатушы екені анықталады. Әңгіме барысында әрбіреуінің өзінің жұмысқа деген сезімдерін білдіреді. Әңгімеге 10-15 минут уақыт беріледі, эмоциялардың түрлері айтылмайды. Осыдан кейін бақылаудағы адамдардың қандай сезімді бейнелегенін айтады. Талқылау кезінде сезімдерді көрсете білуіне көңіл бөлінеді.

«Менің эмоцияларым» тренингі


Мақсаты: Айналадағы адамдардың көңіл-күйін сезінуді дамыту және өзінің эмоциясын дұрыс көрсетуді қадағалау.

Жүру барысы: Бұл тренинг топта өткізіледі.

Тапсырмалар: Көбелек құсап ұш, бүркіт сияқты ұш, кішкентай бала сияқты жүр, итті көрген мысыққа ұқсап үрейлен, шешім таба алмай жүрген адамның бейнесін сал, т.б.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!