Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тренингтік жаттығу: "Жақсы көңіл күй жан қуанышы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Лекцияның жоспары.
І. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
ІІ. Адамдардың бірін – бірі қабылдауы мен түсінуі.
ІІІ. Таным түсінудегі қателіктер себебі.
І. Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесіндегі – жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама–қарсылықты және дау–дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата – анасын сыйлауы да, жеккөруі да мүмкін, өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама – қарсылық мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасындағы қарама – қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама – қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір – біріне деген өшпенділігі болған жерде дау – дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір – біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс–әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр – бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатыстарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл – күйі айқындалып, алға қойылған мұрат – мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл – остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоциональды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір – біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл - күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл – күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді – бүгінгі тәп – тәуір сыйлы қатынас күн өтпей – ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар әдетте, көңіл – күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл – күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп атады, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке қызмет қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады, екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызмет қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Қарама – қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір – бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау – дамайға бармайды. Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір – біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық - әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір – біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бүл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуына біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен – бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін – бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір – бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдай да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс - әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірді сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін /сүйіспеншілік қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты - үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарысымды.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік үйлесімсіздік. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін – бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасындағы біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте – бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарың кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік – психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін – бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік – саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады. Өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық - әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән – мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме. Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіріледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой - өріс / сана– сезімі даму деңгейіне байланысты. Ақыл – есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілер мен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілеті керек етеді қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан – жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу.
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама – қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым – қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой – сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан – жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана сезімі жетпей қалады.
Ада аралық қатынастар толық қалыптанып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізгі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде.
Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.
Үлкен әлеуметтік топтарға қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. Ірілі – кішілі қауымдастықтардағы қарым – қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым – қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл – күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайларда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады–алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара – бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауында байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Ден сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп - әдемі, үйлесе түседі. Көңіл – күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез – құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық , ақ көңілдік, үйіршендік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой - өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынас – тарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолына келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзгуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктеріне Қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін – адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
2. Адамдардың бірін – бірі қабылдауы мен түсінуі.
Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін – бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой – пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет – қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен , қылық мотивтерін, мінез бітістіруінен, әрқандай өмірлік жағдайларға көңіл – күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі –Ат кісінесіп, адам сөйлесіп дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.
Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет – қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжап, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжаймыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз.
Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет – қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде, біз таңдаған әрекет – қылық түрі ол адамның даралық қасиеттеріне сәйкес болғаны жөн. Осының нәтижесінде екі адам ортасында толық өзара түсінік, жайлы да берік аралық қатынастар орнығады.
Адамның эмоциональдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл – күйіне сәйкес қарым – қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдарымыздың әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекет – қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез – қылығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құралымы, психологиялық және қылық– әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет – қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым – ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден – ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген. Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды, астеник адамдар- көбіне тұйық, оңашалағанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді, ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу – тәрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де көбіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақалады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық - әрекеті мен әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз. Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет – қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет – қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, бізгдің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері, әрекет – қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқаулы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін - өзі сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап аййту мүмкін. Егер адам өзін - өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет – қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс - әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оың бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы- мазаққа телиді.
Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта- ықыластан нәр алады. Адамның қалыпты өмірі үшін өзін - өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар.
Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды – көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әллеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет – қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе молальдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.
Адам – өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс - әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.
Іс - әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниеттегі психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.
Есте ұстайтын жәйт, өз бағанды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне құлай түсуге болмайды. Себебі өзіңіз ұнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретін адамдар сізді бірде – бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айырылған кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына объектив баға беріп, әрекетін байқастыру қабілетінен айырылады.
Адамның өзіңн - өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тағыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады- бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі.
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс таңу. Оның мәні- адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады,оның қылық - әрекетін түсінігі келіп, өзіне сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл бір адамға біткен мінезді екінші адамға таңа салуда да көрінеді. Осылайынша, басқалардың мінез , әрекет – қылық бітістерін өзімізді қызықтырғын адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнінде бір жөнді психологиялық мәлімет топтастыруымызға болады.
Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп, әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелдеген.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылды.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз- адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабылетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс - әрекетттің бағдарын, қарқындалығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан- жақты сипаттамасын бере алады.
Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін – бірі қабылдауында өте қажет. Мысалы- адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін- батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай – ақ, қорқақ - әрдайым өтірікші, мәдениетті- ой - өрісі кең, қайырымды – үйіршең, сенгіш, өшпенді адам - әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылып барады.
Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін- алғашқы тілдесуден ұнамаған адам соң қай күйге түсіп жолықса да, баяғы жек көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітісттерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мында- әрбір адам сан – қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет – қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталып кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішінде қарап, өзіміздің санамызда орныққын осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы- қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнемізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс - әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс - әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бенесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы құрулұмының бір белгісі- әрекет – қылығы, дүниетанымы немесе мінезі – бойынша сол адамның басқа да қасиеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екеннін дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың әрекет – қылығын күні бұрын болжастырууда таптырмас құралға айналады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.
Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жекедара және кәсіби ерекшеліктер көп рөл ойнайды. Қайырымды, мейірман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, босқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да онды образын жасауға қабілетсіз келеді.
Кең әлеуметтік ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері / педагог, дәрігер, экономист, саясаткер, әдебиетші, өнер адамы/ төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.
3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі.
Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.
Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой- өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сиппаттауда да сол қабілетім жеткілікті дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі- заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.
Субъектив қателіктер мәні- нақты кезендегі өзінің психологялық кейіпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл – күйінің жағдайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымыз, көңіл шарпауымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімі мен пікір пайымдауына да толығымен сене беруге болмайды.
Ситуативтік қателік мәні- басқаны бағалай және қабылдай отырап, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет – қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін. Ал адам өзінің бақылау астында екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтырын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзі де нақты нақты жағдайларға орай өз әрекетінің формасын өзгертеді. Мысалы, дәрігердің сырқатты өзінің қызмет кабинетінде қабылдауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында кездестіріп, тануы улкен өзгешектерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесіне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендіріп тұрған шеп болмайды.
Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні- бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқыындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн. Қателіктердің және бір тобы жалған қарапайымдылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет – қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенінен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, соның арбауына түсіп кете береді.
Әлеуметтік психология және аралас ғылымдар
-
Әлеуметтік психология және әлеуметтану.
-
Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы.
-
Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.
-
Әлеуметтік психология және әлеуметтану.
Әлеуметтік психология және әлеуметтанудың ортақ қызығушылықтары бар, олар адамның өзара қарым-қатынасы және адамдардың топпен қарым-қатынасын қарастырады. Бірақ әлеуметтану көп жағдайда топтарды қарастырады (шағын топтардан бастап үлкен қоғамға дейін). Ал әлеуметтік психология жеке тұлғаны, ол басқалар туралы не ойлайды, олар бір-біріне қалай ықпал етеді, оның басқаларға деген көзқарасы қалай соны қарастырады. Мысалы: ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы. Әлеуметтанудың зерттейтін жағдайы некеге тұрудың, ажырасудың қоғамдағы орнын зерттейді. Ал әлеуметтік психология бұл адамдар бір бірін неліктен ұнатты, олардың өзара қарым қатынасы қандай соны қарастырады.
-
Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы.
Әлеуметтік психология және тұлға психологияда зерттеу ортасы индивид тұлғаны зерттеумен айналысатын психологтар өздерінің назарын адамдардың ішкі механизміне және олардың бір бірінен айырмашылығына көңіл бөледі. Адамдардың неге әр түрлі болатынына жауап іздейді. Әлеуметтік психология назарын жалпы адамдар қауымдастығына аударады. Яғни олар бір бірін қалай бағалайды, бір біріне қалай ықпал етеді, олардың қандай көзқараста екенін ғылыми тұрғыда қарастырады. Әлеуметтану, тұлға және әлеуметтік психология бір бірімен байланысқан ғылым.
-
Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары.
-
«Мен – басқа» жүйесіндегі ара қатынас. Әлеуметтану барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу адамдардың бір бірін тану мен түсіну механизмдерін зерттеу. Бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіншіліктерін айқындау.
-
«Топ – мен» жүйесіндегі ара қатынас. Түрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамның мінез құлқы мен, тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді.
-
«Мен – топ» жүйесіндегі ара қатынас. Жеке адамның әлеуметтік жағдайдағы қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам өз өмірін басқа адамдармен топпен қарым қатынаста өткізеді.
Қорытынды:
Яғни, әлеуметтік психологияның негізгі зерттейтін мәселесі - адами ортақтасудың тұлға аралық және топ аралық формаларын танып білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортақтасу барысында әлеуметтік психологиялық қасиеттерін қалыптастыруын зерттейді. Ортақтасу (общение) – ортақтасу психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік, мінез–құлықтық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ортақтасу әлеуметтік психологияда маңызды орын алады. Алам өмірін ортақтасусыз, ара қатынассыз елестету қиын.
Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.
Ортақтасу психологиялық негізгі ұғым. Ортақтасусыз жеке адамның, тұлғаның қалыптасуын, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды.
А. М. Андрееваның пікірі бойынша ортақтасу дегеніміз адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі ортақтасудың мынадай формалары бар:
-
Тікелей ортақтасу – табиғи, бетпе-бет, сөздік және бей сөздік (ым, қимыл). Сөздік және құралдар көмегімен жасалатын толық психологиялық контакт (байланыс).
-
Жанама ортақтасу – қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын немесе кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялық байланыс (хат жазу, телефонмен сөйлесу, радио және т.б.).
-
Тұлға аралық ортақтасу – екі немесе құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей байланысы.
Тұлғалық ортақтасудың белгілері:
Психологиялық жақындық бір – бірінің мінез ерекшелігінің білуі, күйзелуі, қуануы, өзара түсінушілігі және т.б.
-
Бұқаралық ортақтасу – бейтаныс адамдардың тікелей немесе жанама контакттары. Мысалы, стадионда, театрда, шерудегі қарым – қатынас бұқаралық тікелей ортақтасуға жатады. Радио, хабар, телеморофон – жанама ортақтасу.
-
Персонал аралық ортақтасу – ортақ іс-әрекет барысында жеке қасиеттерін ашатын белгілі тұлғаның психологиялық контактілері (чемпиондар, ғарышкерлер, атақты өнер адамдары).
-
Рөлдік ортақтасу – белгілі әлеуметтік рөлді орындаушылардың психологиялық контактілері. Мысалы: дәрігер - емдеу, мұғалім – оқыту. Әрбір адам түрлі жағдайда түрлі рөлдерде орындайды. Сол рөлдерге байланысты қоғамдағы өз орнын табады.
Ортақтасу барысында адамдар өзі және басқалар үшін өзіндік психологиялық ерекшеліктерді ашады, көрсетеді, түсінеді. Адамның психологиялық қасиеттері ортақтасу нәтижесінде пайда болады, дамиды, өзгереді. Басқалармен ара қатынас жасағанда адам қоғамдық ережелерді, нұсқауларды білім мен іс–әрекет тәсілін жалпы әлеуметтік тәжірибені өз бойына сіңіреді. Ортақтасу нәтижесінде адам жеке тұлға болып қалыптасады. Ортақтасу – адамның психикалық дамуының және мінезінің алғы шарты және негізі. Яғни, ортақтасу адамның психикалық дамуының факторы. Факторларды үш түрге бөліп қарастыруға болады:
-
Ортақтасу барысында адамдардың басқалардан өзгешелігі қалыптасады. Адам тек қана ортақтасу арқылы адам болады.
-
Ортақтасу арқылы адамның өзге үшін және өзі үшін психикалық қасиеттері ашылады.
-
Ортақтасу барысында жеке адам жалпы адамдық тәжірибені меңгереді.
Ортақтасудың функциялары.
-
Байланыстыру функциясы – кез келген іс әрекет барысында адамдардың бірігуі.
-
Қалыптастыру дамыту функциясы – адамның психикалық бейнелерінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғы шарттарын қарастырады. Мысалы: кішкентай баланың даму барысында оның мінез–құлқы, іс–әрекеті, өмірге көзқарасы үлкен адамдармен жасаған қарым–қатынасқа тәуелді болып келеді. Сыртқы қарым- қатынас нәтижесінде ішкі психологиялық құбылыстар баланың сыртқы қимылына айналады. Сыртқы қарым–қатынассыз баланың ой–өрісі өспейді. Балалар үйінде өскен жасөспірімдердің ой–өрісі, ата–ананың бауырында өскен құрбыларынан төмен болады. Олардың бүкіл өмірі туған–туысқандарымен жақсы көрген адамдарымен бірге өтсе, олардың психологиялық қасиеттері адамгершілік тұрғыда дамиды.
-
Растау функциясы – басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін өзі танып білуде өзінің бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Өзінің мінез ерекшелігін басқа адамдар арқылы біледі. Адам үшін ауыр жазаның бірі жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. «Сен жамансың, сенікі дұрыс емес» деп – адамды жаман бағалаудың өзі де оған психологиялық тұрғыдан қиындау түседі. Растамау психологиялық аурудың себепшісі болады.
-
Тұлға аралық эмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу функциясы. Басқаларды қабылдау олармен түрлі қатынастар кезінде адамдар бірін бірі бағалап, бір біріне жағымды немесе жағымсыз эмоциялық қарым қатынасты орнатады.
-
Тұлға ішіндік функциясы. Адам өз өзімен іштей немесе дауыстап сөйлеу, диалог арқылы ара қатынас жасайды. Тұлға ішіндік ортақтасуды адам ойлауының орталық тәсілі деп атайды. Л.С.Выгодскийдің пікірі бойынша жеке қалған адамда ортақтасудың қызметі белсенді болады.
Тұлға аралық ортақтасудың түрлері.
Мақсатына қарай әлеуметтік психология тұлға аралық ортақтасудың үш түрін қарастырады.
-
Императивтік (бұйрық, әміршіл).
-
Манипуляция (айла, амал)
-
Диалогтық (қос үн, қос сөз)
-
Императивтік ортақтасу - өз ортақтасу серігінің тәртібімен іс әрекетіне бақылау жасау мақсатындағы әсер етудің авторитарлық формасы. Ортақтасу партнеры тек әсер етудің объектісі – пассив ретінде қалыптасады. Императивтіктің ерекшелігі партнерды бағындыру жөніндегі, негізгі мақсаттың айқын көрініп тұратындығында. Әсер етудің құралдары ретінде бұйрық, талап, тиым салу, нұсқау пайдаланылады. Императивтік ортақтасу басқаны өзіне қажетті белгілі әрекетке күшпен бағындыру. Әрекетке қоғамдық қарым-қатынастың императивтік ортақтасудың өз ерекшелігі бар. Мысалы: әскери қатынастар, бастық-жұмысшы, осындай салада Императивтік ортақтасу пайдалы, қолайлы, әрі нәтижелі. Сонымен қатар мұндай қарым-қатынасты мүлдем қолдануға болмайтын салалар да бар. Мысалы: ата-ана, жұбай, балалар арасында, тәрбие мен педагогика саласында пайдалану нәтижесіз. Себебі, бұйрық, тиым көмегімен ұстаз бен ата-ана балаға өз сөзін өткізе алады. Бірақ ол сөздерді бала, тек сырттай қабылдап орындайды. Бала өз еркімен қабылдамаған соң оның санасына құйған үлкендердің ережелері қоғамдық нормалары тез жойылып кетеді.
-
Манипуляция – алдап, арбап ортақтасу. Бұл тұлға аралық ортақтасуда жиі кездеседі. Ортақтасу партнерын өзінің жасырын ниетіне бағындырады, көздеген іс әрекет өз мақсатына жету үшін манипуляциялап ортақтасу партнерын объект ретінде қарастырады. Манипуляциялық ортақтасу басқаны өз мақсатына жасырын өзін қажетті іс әрекетке баулу. Императив пен манипуляцияның ұқсастығы, мақсаты – бірдей, яғни партнердың ойын билеу, бақылау, үстемдік ету. Айырмашылығы: манипуляциялық стилде шынайы мақсат жарияланбайды. Алдап, арбау қарым қатынасының қоғамдағы ресми орны бизнес, сауда-саттық, іскерлік, үгіт-насихат, дуалау, т.б. Бұл түрдегі қарым қатынастың ерекшелігін зерттеген социолог, ғалым Дейль Корнеги, сондай-ақ білім беру барысында, сабақты қызықты өткізу, оқушының назары мен ынтасын көтеру үшін манипуляцияны пайдалануға болады. Бірақ оқытуда пайдалы болғаынымен, тәрбиелеуде жеке тұлғалық қарым қатынасында пайдасыз. Өйткені манипуляцияға әдеттенген адам, ондай қарым қатынасты отбасында да тудыруы мүмкін, сүйіспеншілік, достық, ізгілікке негізделген ортақтасуды манипуляциялау жалпы тиімсіз де нәтижесіз. Арбаушылық барысында партнер жеке тұлға ретінде емес, тек манипуляцияға керек қасиеттің иесі ретінде қарастырады. Мысалы, манипулятор адам мейрімді адамның мейірімділігін, әлсіздің әлсіздігін өз мақсатына пайдалануға тырысады.
-
Диалогтық ортақтасу - бұл тең құқықтық объектінің ара қатынасы. Ортақтасу мақсаты өзін өзі және өзгені тану, білу, дамыту. Императив пен манипуляциялық қарым қатынастың айырмашылығы эгоцентризмнен (өзімшілдік) өзіндік ұстанымнан альтруизмнен (адамдарды жақсы көру) өзгеге бағытталған ұстанымға көшу. Бұл ортақтасу процесінде екі дауыс, екі пікір естіледі. Бірінші субъект мен екінші субъектінің қатынасы.
Диалогтық ортақтасудың ережелері.
-
Сұхбаттасушының және өзінің көңіл күйін ескеру «осы жерде – осы сәтте» принципін ұстану. Дәл осы кездегі сезімдерін, пікірлерін, психологиялық қалдерін назарға алу.
-
Бір біріне сенімділік білдіру.
-
Партнерді өзіне тең, өзіндік пікірі мен шешімі бар тұлға деп қабылдау.
-
Шешілмеген мәселелер мен сұрақтарды қарастыру.
-
Сұхбат адамның өз атына жүргізілуі керек (яғни, өсек айтпау керек).
Диалогтық қарым қатынас адамдардың өзара түсінушілігін тереңдетіп бір бірінің жан байлығын көбейтіп, оның мінез құлқының ашылуына жағдай жасайды. Осы типтегі ортақтасуды іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушының ішкі дайындығы керек. Осы типті меңгерген адамдардың психологиялық Денаулығы, мінезінің бір тұтастығы еске алынады. Мысалы, мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде қолданатын ортақтасу түрі - монолог. Ол мектептің басты мақсаты мен міндетіне байланысты құбылыс. Педагогтың түсінігі бойынша білім беру мен тәрбие құралының негізгілері қатаң тәртіппен шәкірттерді ұйымдастыру. Яғни мұғалім тыныштықты бұзған оқушыға қолданатын іс әрекеттері, әдіс тәсілдері: қадалған көзқарас, нұсқау, жазалау, ата анасын шақырту, ескерту жасау, сынау, сыныптан шығарып жіберу, т.б. Мұғалім берген білімге баланың ынтасы жоқ болса ол жаман болып саналады. Бұл жерде баланың қызығушылығы есепке алынбайды. Оқушының қызығушылығын жоғалтпас үшін олармен төмендегідей диалогтық қарым қатынас жасау қажет:
-
Шыдамдылықпен сұрақты соңына дейін тыңдау. Көбінесе адамдар сұрағы түсінікті деп әңгімелесушіні тоқтата салып жауапқа кіріседі. Сұрақты дұрыс түсінуде аздаған түсініспеушілік болса, анықтап алу қажет.
-
Жауап сұрақтан неғұрлым кең болып, қойылған мәселені жан жақты түсіндіру қажет. Маңызы бар сұрақ қойып тұрған оқушыны ренжітпеу үшін, асығыс жауап беруге болмайды.
-
Оқушылар кейде сұрақты нақты жауап алу үшін ғана қоймайды, өзінің ойлау қабілетін, білім деңгейін көрсету үшін де қояды.
Ортақтасу өте күрделі құбылыс. Оның әр түрлілігі жеке адам мен қоғам өміріндегі орны мен мағынасына байланысты. Ортақтасудың ішкі құрылымы да өте күрделі. Оны шартты түрде үшке бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.
Коммуникация – ара қатынас партнерінің бір бірімен ақпарат алмасуы. Пікірді, білімді, идеяны, сезімді беру мен қабылдау процесі.
Перцепция – адамның бірін бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлға аралық қатынас.
Интеракция – тұлға алалық қимыл ұйымдастыру қатысушының өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Коммуникациялық қатынас.
-
Тұлға аралық кері байланыс.
-
Коммуникациялық кедергілер.
-
Коммуникациялық ықпал.
-
Сөздік және бей сөздік деңгейі.
Кіріспе.
Ортақтасу барысында адамдар түрлі идеялар мен көңіл күйлермен, сезімдермен, қызығушылығымен алмасып отырады. Осының барлығын ортақтасудағы ақпарат деп қарастыруға болады және оның тұлға аралық коммуникациялық ерекшеліктері бар.
1. Тұлға аралық қатынастағы кері байланыс ортақтасу барысында бір адамнан екінші адамға тек беріліп алынбайды алмасады. Сондықтан ортақтасудағы ақпарат алмасу тікелей алмасу ғана емес, бұл процестің негізгі мақсаты белгілі жағдайдың немесе мәселенің жалпы мағынасын анықтау ортақ келісімге келу. Осы міндетті шешу үшін тұлға аралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді. Бұл механизмнің мәні: тұлға аралық коммуникацияда ақпарат алмасу екі есе көбейтеді. Коммуникатордан ретципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасы мен қатар ретципиент коммуникатордың ақпаратына оның тәртібіне қалай қарайтындығы, қалай бағалайтындығы жөнінде мәліметтерді береді.
Кері байланыс дегеніміз – коммуникатордың әрекетіне ретципиенттің реакциясы. Кері байланыстың мақсаты ортақтасу партнерына оның мінез құлқындағы өзгерістер жағынан қалай қабылдап тұрғанын түсіндіруге көмектесу болып табылады. Кері байланыс түрлері:
Тікелей және жанама
Тікелей кері байланыс кезінде – ретципиенттің сөйлеуінің реакциясы ашық түрде байқалады. Мысалы: тікелей сөйлемдер «Сен айтып тұрған нәрсе маған ұнамайды», «не деп тұрсың түкте түсінбеймін», немесе тікелей қуаныш. Ашу, ыза, мұң сезімдерін айқын көрсететін ым шаралар. Тікелей кері байланыс кезінде ретципиентті коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап ортақтасуды тиімді және нәтижелі етеді.
Кері байланыстың жанама түрі – психологиялық ақпаратты ортақтасу партнеріне жасырын астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неше түрлі риторикалық сұрақтар кекетулер, қатынас партнері күтпеген эмоциялық реакциялар пайдаланылады. Коммуникатор ретципиенттің өзіне қарасты әсері қарым қатынасының шынайы сипаты туралы өзі ойлап шешуі керек. Сөйлеушінің ойлаған сезімдері мен пікірлерін үнемі дұрыс бола бермегендіктен. Ортақтасу барысында ақпарат алу жағдайы белгілі дәрежеде күрделене түседі. Сонымен психологияның кері байланыс тұлға аралық жанама түрі коммуникатордың алғашқы ерекшелігі.
2. Коммуникация барысында ортақтасуға қатысушылардың мақсаты тек ақпаратты алысу емес, сол ақпаратты қатынас партнері мен мүмкіндігінше дұрыс қабылда түсінгені. Коммуникациядан р-ке түсетін мәліметтерді шешу т.а. Коммуникация жеке мәселесі ретінде қарастырылады.
«1» мәліметтің құрылысы мен мазмұны. Коммуникацияның жеке тұлғаның қасиетіне оның ретципентке қалай қарайтындығына ортақтасу өтіп жатқан жағдайға тәуелді болады.
«2» Коммуникациялар жіберген мәліметтер тұрақсыз болады. Олар ретципиенттің жеке психологиялық өзгешеліктеріне оның сөйлеуі, сөз мағынасы, ортақтасу жағдайына деген қатынасына байланысты өзгереді. Мысалы, бастығынан немесе өзінен кіші адамнан сөз естіген адам 2 түрлі сезімге бөленеді. Бастығының сөзін ренжімей тыңдаса, өзінен кіші адамның дәл сондай сөзін ашумен қабылдайды. Ақпаратты дұрыс қабылдау үшін ортақтасу процесінде Коммуникация лық кедергінің болу, болмауына байланысты. Коммуникациялық кедергі дегеніміз – қатынас партнері арасында дұрыс ақпарат берілу жолындағы психологиялық тосқауылдар. Кедергі пайда болған кезде ақпараттың алғашқы мәні өзгереді не жоғалады немесе мүлдем ретципиентке жетпейді.
-
әлеуметтік мәдени айырмашылықтар кедергісі. Әлеуметтік саяси, діни көзқарастарға, жынысына, мамандығына байланысты болады. Мұндай жағдайда ортақтасу барысындағы түсініктер мен ұғымдарды, сөйлеушінің бейнесін қабылдау тәсілі. Мысалы, тыңдаушы – жасы мен әлеуметтік статусы жоғары адамдардың сөзін ешқандай кедергісіз қабылдап, ал беделі төмен адамдардың сөзін елемеуі мүмкін.
-
Түсініспеушілік кедергілер:
А) фонетикалық кедергі – адамдар әр түрлі тілде, диалекті де немесе сақауланып сөйлегенде пайда болады. Сөйлеуші тілінің мазмұны жоқ, тез жаңылғыш, қажетсіз сөздерге толы болған кездерде түсініспеушілік кедергісі туындайды. Мысалы, оңтүстікте «сым» дегенде шалбарды елестетеді, ал солтүстікте электр тогының өткізгіші елестейді. Мұндай кедергілерді жою жолы тілдің сапасын, сөйлеу ерекшеліктерін ретке келтіру, шешендік өнерді игеру.
ә) Семантикалық кедергі – жаргон мәселесімен байланысты. Ортақтасуға қатысушылардың өзіндік шағын мәдениетінде ұғымдар мен құбылыстардың ерекше мән мағынасы болады. «Сұлулық», «Борыш»,»Тәртіптілік» құндылықтарын әр микро топ түрліше қабылдап түсінеді. Мысалы, шашы ұзын жігіттер өзін қоршаған топтың арасында сұлу болып саналса, қазақ ауылында оны күлкіге айналдырады. Ортақтасу барысы нәтижелі болуы үшін басқалардың семантикалық жүйесін түсінуге тырысу қажет.
Б) Стильдік кедергі – Коммуникатор мен реципиенттің стильдік стильдері бір біріне немесе тілдердің стильі ортақтасу жағдайына, реципиенттің көңіл күйіне сәйкес келеді. Мысалы, студенттерге, аспиранттарға лекция оқығанда бірдей тақырып болса да, 2 түрлі тіл стильі қажет болады.
В) Логикалық кедергі – сөйлеуші мен тыңдаушының қабылдау логикасы, дәлелдеу жүйесі әр түрлі болғанда пайда болатын кедергі. Қоғамда логикалық жүйелер өте көп. Мысалы, балалар, әйелдер, ерлер, басшы мен бағыныштылар логикасы.
Қатынас – Коммуникацияларды жақтырмайтындықтан оның мәлімдемелерін дұрыс қабылдамау, сенімсіздік сезімін туғызатын Коммутатордың сөзіне күдікпен қарау. Кез келген психологиялық кедергі ақпаратты қабылдау барысында реципиент өзін өзі ақтап алады. Мысалы, психологиялық қорғаныс:
-
жолы – ақпаратты дұрыс қабылдамау немесе бұрмалау қарсы пікірлерге көңіл бөлу (толықтық немесе семіздік денсаулыққа зиян деушілер қателеседі, толық адамдардың денсаулығы мықты, олар мейрімді болады деген пікірді айтады).
-
жолы – ақпараттың пайда болған құнын төмендету (толып кетіпсіз деген адам жас қой ол не біледі).
-
жолы – ескертуді түсінбеу (менің көршім менен де толық қой , түк те болған жоқ жүр ғой).
-
Коммуникациядағы ықпалдау.
Коммуникация бақылау әсері мен мақсатына қарай 2 типке бөлінеді:
-
Әсершіл
-
Диалогтық
-
Әміршіл және диалогтық қатынастың схемасы.
Екі типтің айырмашылықтары коммуникацияның ұстанымына, мәтіннің сипатына, коммуникацияның кеңістігіне және оны ұйымдастырудағы бей сөздік тәртіпке қарай анықталады. Психологиялық ұстаным – автордың коммуникациялық стильін белгілейді. Әміршіл ықпал етуде «жоғарыдан төменге» ұстанымы диалогта тепе тең ұстанымы жүзеге асады. «Жоғарыдан төменге» ұстанымы коммуникациялар үшін реципиент бағынышты халде болып еріксіз тыңдап, коммутатордың сөзін сынсыз қабылдау керек. Осы бағыттағы коммуникациялардың пікірінше реципиенттің өз көзқарасы жоқ, бар болса да оны коммутатор қажетті бағытта өзгерте алады.
«Тепе тең» ұстанымында тыңдаушы коммутатор жағынан ортақтасудың белсенді өз пікірін қорғай алатын мүшесі ретінде қарастырылады. Коммуникациялық сөздің мазмұнына, мәтіннің құрылымына қарай реципиент өз белсенділігін байқата алады. Әміршіл коммуникация кезінде мәтіннің сипаты жалпылама бір жақты болып тек автордың көзқарасы ғана дұрыс деп саналады. Мәтін тыңдаушыға емес керісінше тыңдаушы мәтінге бағынышты болады. Коммуникатор өз пікірін ашық түрде айтпайды өзгелердің ойына сілтеме жасайды.
Коммуникацияны талдау көрсеткіші |
Әміршіл коммуникация |
Диалогтық коммуникация |
1. Психологиялық ұстаным |
«Жоғарыдан төменге» |
«Тепе тең» |
2. Мәтіннің сипаты |
а) жалпылама сөздер ә) тыңдаушы ерекшеліктерін ескермеу б) сезімдерді жасыру в) аксиомалық мазмұн |
а) өз атынан сөйлеу ә) тыңдау ерекшеліктерін ескеру б)өз пікірін ашық жариялау в) пікірталастық сипатты мазмұн |
3. Коммуникациялық кеңістік |
Монофония |
Полифония |
4. Коммуникациялық кеңістіктер ұйымдастыру тәсілі |
|
|
5. Бей сөздік тәртіп |
Жабық қозғалыстар тыңдаушыға үстінен қарау |
Ашық қозғалыстар. Кеңістікте бірдей деңгейде болу |
Диалогтік кезде коммуникатор өзіндік ой пікірді жасырмайды. Өз атынан сөйлейді, жалпылама сөздерді қолданбайды, мәтін аксиома емес әр түрлі шешімдері болатын белгілі бір мәселе ретінде қарастырылады. Мәтін мазмұны тыңдаушыға түсінікті дискуциялық сипатта болады. (сіз қалай ойлайсыз, өз ойыңызды айтыңызшы, т. б.) Әміршіл коммуникатор реципиенттерді тыңдамайды, ол тек өзі сөйлейді, монофониялық қарым–қатынас (бір пікір, бір дауыс). Диалогтік коммуникаторда тыңдаушылар өз пікірлерін ашық түрде білдіре алады. Полифониялы қарым–қатынас (аймақтық үн) Коммуникациялық кеңістікті ұйымдастыруда рециепенттер тек ректорды ғана көруге рұқсат. Ал диалогтік коммуникаторда олар бір–бірін және ректорды көруге болады.
-
Тұлғалық коммуникацияның тағы бір ерекшелігі оның екі деңгейлі құрылымы. Олар:
-
Сөздік деңгей – ақпарат алысудың негізгі құралы – сөз және тіл.
-
Бейсөздік деңгей – сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Бейсөз тәсілі адамның эмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл –күйін түсінуге жәрдемдеседі. Ортақтасу кезінде бей сөздің орны мен мәні өте маңызды. Мысалы: Адамның сөзіне сенбесек, оның бейсөз тәртібіне назар аударамыз. Ым – ишаралар адамның сөз астарында жатқан шынайы ниеттерін анықтауға көмектеседі.
Бейсөз құралдары.
-
Оптикалық – кенестетикалық
-
Паралингвистика және экстролингвистика
-
Проксимика
-
Кенестетика – оптикалық жүйе оны адамның қолының (ишара, ым) жест бетінің (ым, мимика).
Денесінің (пантомимика) қимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің жиырма мың қимылы анықталған. Адам бетін үш салаға бөліп: 1) қас пен көз; 2) мұрын; 3) ауыз және ерін қимылдарына байланысты адамның негізгі алты сезімін білуге болатыны анықталған. Олар: қуану, ыза, таңғалу, жеркену, қорқыныш, уайым.
Қол қимылының жылдамдығы әр ұлт өкілдерінде әр түрлі келеді. Бір сағатта финдер – 1, француздар –20, итальяндар –80, мексикандықтар –180 рет қимылдатады екен.
-
Паралингвистика – бұл коммуникатор дауыс сапасы: тембрі, интонациясы, ырғағы, логикалық екпіні.
Экстролингвистика – бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар. Мысалы: сөйлеудегі жөтел, күлкі, пауза, жылау, т. б.. Сөз болмасада бұлардың коммуникациялық мағынасы зор. Сондықтан коммуникациялық әдістің мәнін танып білу оларды тиімді пайдалану, ортақтасу барысын нәтижелі етеді.
-
Проксимика – кеңістік психологиясы. Коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру. Бетпе – бет сөйлеушілер өз мақсатына тез жетеді, ол адамның артынан айғайлап сөйлеу нәтижесіз қалуы мүмкін. Ал адам адамға кеңістікте қандай жағдайда қаншалықты арақашықтықта жақындай алуына болады. Мұны батыс және шығыс мәдениеттерінде қабылданған нормалардан көруге болады:
0 – 45 см жақындық ара қашықтық (ғашықтар, достар, туыстар), 45 – 120 см – тұлғалық ара қашықтық (әріптестер, таныстар), 120 – 400 см әлеуметтік ара қашықтық (мұғалім, оқушы, сатушы, алушы), 400 – 750 см қоғамдық ара қашықтық (көсемдер, тыңдаушылар, ректор, студент).
Осы нормалар ескерілмесе қарыс – қатынас бұзылып кетуі мүмкін. Мысалы: бейтаныс адамды немесе жұмысындағы бастығын бас салып құшақтаса дөрекі кісі болып саналады.Бірақ кеңістік пен уақыттың күтпеген жерден психологиялық құбылыстарға жол ашуы мүмкін.(Вагон купесі,бұлар тар кеңістікте біраз уақыт байланыста болғандықтан ешкімге айтпаған жан сырларын айтып салатыны психологиялық құбылыс).
Бейсөз құралдары сөз коммуникаторда маңызды қосымша болып тұлға аралық ортақтасуды байытады.Олар сөз әсерін не күшейтіп, не әсерлетіп тұрады.Олар ортақтасуға қатысушыларға бір-бірінің ниетін айқындауға коммуникация барысының нақты болуына көмектеседі.
Тиімді коммуникацияның маңызды шарттары: нәтижелі кері байланыс,коммуникациялық ықпалдың ортақтасу міндетіне сәйкес болуы,коммуникациялық кедергінің жоқтығы.
Бейсөз ортақтасу- тиімді коммуникациялық алмасудың шарты,ортақтасу серіктерінің тиімді таңдау техникасын меңгертеді.Адамдар бірін-бірі естіп тұрып тыңдамаған жағдайда,төмендегідей техникаларды қарастырады:
-
Тиімді және тиімсіз тыңдау.
-
Рефлекциялық тыңдау.
-
Бей рефлекциялық тыңдау.
-
Тиімді тыңдау – тыңдаушыдан тұрақты зейінді,қызығушылықты,өзгенің мәселесін дұрыс тыңдауды талап ететін күрделі де ерікті құбылыс.
Тиімсіз тыңдаудың жәйттері:
-
Сөйлеушінің сөзін, сезімін дұрыс ұқпау.
-
Сөйлеушіде оны естімегендей түйсік туғызады.
-
Сөйлеушінің мәселесін өзіне ыңғайлы ауыстыру.
-
Сөйлеушінің сөзін күлкіге айналдыру, маңызсыз деп тану.
-
Талқыланған мәселенің дұрыс шешімін таба алмау.
-
Өзара түсініспеушілік.
-
Өзара сенімділікті орнату.
-
Рефлекциялық тыңдау.
Сөйлеушіге тек эмоциялық демеу емес, ол белгілі мәселелерді шешуге араласқан кезде пайдаланады. Мұндай жағдайда кері байланысты сөз арқылы жеткізеді. Тыңдаушы әңгіме тақырыбы бойынша ашық және жабық түрдегі сұрақтар қояды. Сөйлемдерін мәнін анықтау үшін қайталайды.
-
Бей рефлекциялық тыңдау. Зейінді үндемеу сөз айтылмай тек бей сөз тәсілдері (басты изеу, көз қимылдары) белсенді қолдану арқылы сөйлеушіге жан дүниесін ақтаруға мүмкіндік береді.
22