Материалдар / Түбір мен қосымша 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түбір мен қосымша 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Түбір мен қосымша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2019
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Жамбыл орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Ибраева Қамар Жангереевна

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша

Сабақтың мақсаты:

Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру, жазылу заңдылықтарын қайталау, қосымшаның түрімен танысуға дайындық жүргізу.

Сабақтың міндеттері:

  1. ОGroup 27

    инабаттылық

    адамгершілік

    қамқорлық

    адалдық

    йлау, есте сақтау, ой-өрісін жеткізе білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  2. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтау.

  3. Дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін қорғай алуға, сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қима қағаздар, кесте, интербелсенді тақта, үнтаспа, смайликтер, түсті стикерлер, табиғат суреттері, таратпалы материалдар, слайд түрлері.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, жинақтау, СТО технологиясының стратегиялары: «Атаулар көмегімен болжам жасау», «Елес-жетелеу», «Автор орындығы», «Венн диаграммасы».

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылар зейінін ұйымдастыру (психологиялық дайындық)

П

адалдық

сихологиялық дайындық.

1

инабаттылық

қамқорлық

адамгершілік

сыйластық

қайырымдылық

слайд: Күн нұрын шашып тұрған сурет.

а )Балалар, мына суреттегі күн-нұрын шашып, жан-жағын жарық қылып тұр. Оның әрбір сәулесінің астында адамға тән жақсы қасиеттер жасырынып

тұр. Сол қасиеттерді атап берейікші.Балалар атап

береді. (Күннің жан-жағынан қайырымдылық, адамгершілік, инабаттылық , адалдық, сыйластық сөздері шығады.)

  • Дұрыс, балалар.

  • Осы қасиеттерді бойына жинаған адам да осы күн сияқты айналасындағы адамға шуағын шашып,төгіп,жақсылық нәрін себеді.

Адамдардың ізгілігі ана сүті мен күн нұрынан келеді деп бекер айтылмаған.

Сондықтан, балалар, осы жақсы қасиеттерді сабақ бойы ойларыңнан, бойларыңнан шығармауға тырысыңдар.

ΙΙ.Мақсат қою кезеңі.

1) Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сондықтан екі топқа бөлінеміз.

Ол үшін әрқайсысың келіп,үстелде жатқан қима қағаздардың біреуін таңдап аласыңдар.

(Қима қағаздарда «Алғырлар», «Тапқырлар» атты сөздер жазылған.)

«Алғырлар» деген сөзді таңдап алғандар оң жаққа отырады, ал «Тапқырлар» деген сөзді таңдап алғандар сол жаққа отырады.

(Топ басшылары тағайындалады).

-Енді топ арасында сақталатын ережелерді айта кетейік.

(Тәртіп сақтау, бір-бірін тыңдай білу,соңына дейін сөйлету, пікірді нақты айту, бір шешімге келу, тапсырманы мұқият тыңдау топ арасында достық)

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтардың бағалануын айту.

Алдарыңда қарсы топты бағалау парағы жатыр. Әр топ тапсырманы орындаған сайын қарсы топтар бағалау парағына стикердегі тиісті бағаны таңдап аласыңдар. Стикерді бағалау парағына жапсырасыңдар. (Стикерде 5,4,3 деген бағалар бар).

  • 2) -Балалар,бүгінгі сабақта біз өткенді еске түсіріп, білімімізді әрі қарай кеңейтеміз.



2 слайд: Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз –еңбектену,

5-ке қолды жеткізу.

ΙΙΙ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.





а ) 3 слайд: 1) «Жұмбақ суреттер » әлемі.

Прямая соединительная линия 11 Прямая соединительная линия 13 Прямая соединительная линия 14 Дуга 10









Прямая соединительная линия 12





Прямая соединительная линия 15







( Балалар болжап, сипаттап айтып, сұрақтар қойып отырады. Балалар бүгінгі сабақта не туралы айтатынымызды суреттерге қарап, тауып алады. )

- Ал,балалар, суретке қарап, өз ойларыңды айт: «Ол киім кимейді ме? Қыста тоңбайды ма? Тамақ ішеді ме? Оны балалар қазақ тілі сабағында пайдаланады ма? Сөзбен сөзді байланыстыру үшін керек пе?» (Түбір мен қосымша).

-Дұрыс, балалар, бүгін біз «Түбір мен қосымша» тақырыбын қайталап айтамыз және ол туралы білімімізді әрі қарай толықтырамыз.



4 слайд: 2) «Түбір мен қосымша».

-Ендеше дәптерді ашып,бүгінгі күнді жазыңдар.

- Топ басшылары келіп, түсті қағаздардың біреуін таңдап алады. «Алғырлар» тобы -түбір сөзін, ал «Тапқырлар» тобы - қосымша сөзін таңдап алады. Енді дәптерге таңдап алған сөздеріңді көркем етіп жазыңдар.

- Әр топтың басшылары қарсы топтың дәптерлеріне көз жүгіртіп шығады.«Қарсы топты бағалау парағына» тиісті бағасын береді.



5 слайд: 3) «Мен саған, сен маған».

-Балалар,жаңа «Алғырлар» тобы түбір сөзін, ал «Тапқырлар» тобы қосымша сөзін таңдап алғансыңдар.

. Қазір әр топ қарсы топқа таңдап алған сөз құрамы туралы сұрақтар қояды.Ал қарсы топ тез арада жауап қайтару керек.

«Алғырлар» тобы:

-Түбір дегеніміз не? Мысал келтір.

-Түбір сөздер қандай сөздерден жасалуы мүмкін?

- Мысал келтір.

«Тапқырлар» тобы:

-Сөз құрамына не жатады?

-Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.

-Қосымша мен түбір сөзді салыстыр.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

ΙV. Бекіту кезеңі.

ΙΙΙ. 1) 6 слайд : «Сөзден сөз құрау».

,,,

,,, , ,,



а)Сөзді табу үшін әр топ бейнесөзді шешу керек.

(«Алғырлар»-сағат, «Тапқырлар» - балапан).

ә)Сағат,балапан сөздеріндегі дыбыстарды пайдаланып дәптерге кем дегенде 5 түбір сөздер жазу.

Сағат: ат, аға, саға, тас, таға. Балапан: бала, ана, пана, ала, апа.

б)Осы түбір сөздерді қосымшалы сөздерге айналдыру.

Қосымшалы сөздер: аттар, ағаны, сағамен, тасқа, тағала, балалық, аналар, панала, апаға.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

4) 7 слайд:

2) «Қызық мәлімет» шығармашылық тапсырма.

а) Үнтаспа тыңдау.

(Үнтаспадан сылдырлап аққан судың,сайраған құстардың даусы естіледі.)

Балалар, жайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмып,3 рет терең дем алып, демді ақырын шығарамыз.Отырамыз. Енді үнтаспаны мұқият тыңдайық. Не сезгендеріңді, естігендеріңді ойларыңа түйіп, көз алдарыңа елестетіп отырыңдар. Сол алған әсерімізді қағаз бетіне түсірейік, яғни шағын әңгіме жазыңдар. Құрастырған әңгімелеріңе ат қою керексіңдер.(Топпен ақылдасып,орындайды).

(Балалар мұқият тыңдай отыра шағын әңгімелерін жазады, ат қояды).

Мысалы: Көптен күткен көктем мезгілі келді. Көктемгі табиғат қуанып тұр. Құстардың көңілді сайраған даусы естіледі. Ағаштар бір-бірімен сырласқандай.

Немесе:Табиғат қысқы ұйқыдан оянды. Табиғаттың жылы шырайы жер бетін өзгертті. Бұлақтан сылдырлап су ағуда. Айнала тегіс хош иіске бөленеді.

б) Жазып болғасын әр топтан бір бала шығып,ортада тұрған «Сиқырлы орындыққа» отырып, өздерінің жазған шағын әңгімелерін оқиды.

-Енді әр топ жазған әңгімелеріне байланысты бір-біріне бір-бір сұрақтан қояды.

- Үнтаспаны тыңдай отырып қандай әсерде болдың?

- Туған жеріміздің табиғаты туралы не айтар едің?

- Енді әр топ жазған әңгімелері туралы бір-біріне пікірлерін айтады.Авторға көрсетіп қол шапалақтаймыз.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

-Дұрыс, балалар.

в) Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ, ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.

8 слайд: Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында:

«Қазақстан - ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс»



-Ендеше,балалар,табиғатымызды таза ұстап,қамқорлыққа алу,ағаштарды көптеп отырғызып,гүлдер егіп,елімізді жасыл желекке айналдыру – болашақ ұрпақ,сендерге байланысты.(Мен айтып жатқанда, белсенді тақтадан жазған әңгімелеріне сай суреттер көрсетіледі).

9 слайд. Табиғат туралы суреттер көрсетіледі.



г) –Енді әр топ осы құрастырған шағын әңгімелеріңнен қосымшалы сөздерді тауып алып, дәптерге жазыңдар, оқу, түсіндіру.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті.

-Балалар,жаңа айтқандай,табиғат та, жан-жануарлар да, аңдар да т.б. қысқы ұйқыдан оянады. Ендеше біздің ұзын құлақ сұр қоянымыз да көктем мезгілінің таяу келіп қалғанына қуанып,сендерді өзімен бірге «Қоян» биін билеуге шақырады.

(Белсенді тақтада видеоролик қосылады. Балалар қоянмен бірге билейді).





10 слайд: 3) «Шығармашылық диктант».

(Белсенді тақтадан суреттер көрсетіледі).

а) Әр топ осы суреттерді сөзбен жазып, қағаз бетіне түсіреді.

(Гүл, қойшы, тігінші, бишілер, шелек, жылқышы,қаптар, футболшылар, аттар).

әПрямая соединительная линия 30 ) Әр топқа берілген сызбаларды алып, аталған сөздерді сызбаларға салып, сөз құрамына талдау жасайды.

Тапқырлар

1.



2.

Алғырлар

1.



2.





Дуга 10 Прямая соединительная линия 21 Прямая соединительная линия 18

Дуга 13





Дуга 11 Прямая соединительная линия 22 Прямая соединительная линия 16 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 8 Прямая соединительная линия 4

Дуга 14 Прямая соединительная линия 25 Прямая соединительная линия 24 Прямая соединительная линия 25







«Қарсы топты бағалау парағы » арқылы топтар бір-бірін бағалайды.



11 слайд: 4) «Сөз құрастыр»



DrawObject2 DrawObject1 DrawObject4 DrawObject3



DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5

DrawObject12 DrawObject9 DrawObject10 DrawObject11 DrawObject8

DrawObject15 DrawObject13 DrawObject14

DrawObject19 DrawObject16 DrawObject17 DrawObject18

DrawObject21 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject20





DrawObject24

«Алғырлар» тобына –шы, «Тапқырлар» тобына -ші қосымшалары беріледі. Әр топ өзіне тиісті қосымшамен сөздер құрастырады (сауыншы, жұмысшы, тігінші, етікші т.б. )

- Енді осы құрастырылған сөздерге қарап қандай қорытынды шығаруға болады?

Әр топ қорытынды шығарады: Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша да жуан болады.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

V. Сабақтың қорытындысы:

1

Қосымша

2 слайд : «Венн диаграммасы».

Түбір









Түбір мен қосымшаның ұқсастығын, айырмашылығын, ортақ қасиеттерін топтастырамыз.

«Алғырлар» түбір мен қосымшаның ұқсастығын, яғни ортақ қасиетін айтады, ал «Тапқырлар» тобы айырмашылығын айтады.

«Қарсы топты бағалау парағы »арқылы топтар бір-бірін бағалайды.



VΙ. Үйге тапсырма беру кезеңі:





Бала қандай?” - деген сұраққа жауап беретін сөздер жазу, тиісті белгілермен белгілеу.







«Сөзді әшекейле», яғни «Бала қандай? » деген сұраққа жауап беретін сөздер жазу, тиісті белгілермен белгілеу.



VΙΙ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі: «Қарсы топты бағалау парағы» арқылы топтар бір-бірінің ұпайларын есептейді, бағалайды, топтың жұмыс істеуі қандай деңгейде болғаны туралы пікір айтады.

Рефлексия:

- Балалар, осы сабақтан өздеріңе қандай әсер алдыңдар?

13 слайд: Оны мына түрлі көңіл-күйдегі бет-әлпетті бейнелейтін смайликтер арқылы көрсетіңдер.







- Неліктен осы әлпетті таңдадыңдар?

- Ендеше осындай жақсы көңіл-күйде келесі сабақтарда кездесе берейік. Осы көңіл-күйдегі бет-әлпетті, яғни смайликтерді сыйға тартамын.













10



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!