Материалдар / Түбір мен қосымшаның жазылуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2020
384
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

Күні: 16.10.2020 жыл

Мектеп: М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Дүйсембиева Дария


Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.6.1 бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей жəне біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.4.1.2 түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтады, түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде бірлесе отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады,

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Бағалау критерийлері

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазады, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- сызбада берілген мәліметтер негізінде толықтыра отырып, қарапайым нұсқаулық құрап жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?


Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға үйрету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбір мен қосымша

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут





Қызығушылықты ояту.

Сыныпты қалыпқа келтіру.

Ойсергек:

-Көңіл күйлерің қалай?

  • Керемет! (Қолдарын көтереді)

  • Сабаққа дайындықтарың қалай?

  • Тамаша! (Қолдарын шапалақтайды)

  • Ынталарың ше?

  • Ғажап! (Қолдарын көтереді)

  • Ендеше бастайық!

  • О-о-о! (Бас бармақтарын көрсетеді)

Топқа бөлу «Сағаттар»

(Ұ) Өткенді бекіту.

Берілген түбір сөздерден туынды сөз жасап жазу.

Сөздер тізбегі:Жаз,жұмыс,бас, ас, сый, сән, дәрі, еңбек .


Мағынаны ажырату.

Ойқозғау.

«Жүйрік минуттар» әдісі

1.Сөздің бөлінбейтін бөлігі не деп аталады?

2. Қосымша нешеге бөлінеді?

3. Жұрнақтың қызметі қандай?

4. Жалғаудың қызметі қандай?

5.Түбірлес сөздер дегеніміз не?


Сабақтың тақырыбын айту.

Күтілетін нәтижені айқындау.

Бағалау критерийімен таныстыру.

Суреттер, кеспе қағаздар, ноутбук, проектор






Сабақтың ортасы

5-10 минут



















Білу және түсіну

Тыңдалым.

36-жаттығу. Өлеңді тыңдау

Мұғалім өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алады:

-Өлең не туралы?

-Өлең неліктен «Түн» деп аталған?

-Балалардың түнде әткеншек теппеу себебі неде?

-Түн мезгілін күндізгі уақытпен салыстыр.


Топтық жұмыс.

1-топ:

Түсіндірмелі сөздікті пайдаланып «күнұзақ» сөзінің мағынасын ашу.


Дескриптор:

- жаңа сөздің мағынасын түсіндіреді;

-берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.


2-топ:

-Өлеңді іштей оқып, уақытқа байланысты берілген сөздерді теріп жазу. (Түн, күнұзақ, түнде.)


Дескриптор:

-уақытқа байланысты берілген сөздерді табады;

-берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.


3-топ:

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.


Дескриптор:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-өз жауабын негіздеп жауап береді.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

37-жаттығу. Мəтінді қатесіз, əрі көркем етіп көшіріп жазады.


ҚБ: Смайликтер арқылы өзара бағалау


Сергіту сәті.

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.


Топтық жұмыс.


«Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша берілген сөздерден түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырату (түбір сөздерді шеңбердің ішіне, қосымшалы сөздерді шеңбердің сыртына жазу).

Сөздер тізбегі: Ауыл-аулы, дауыс-даусы, орын-орны,халық-халқы, кітап - кітабы, парақ – парағы, әріп –әрпі,жауап,жауабы,мектеп-мектебі.

Дескриптор:

- түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- түбір сөздер мен қосымшалы сөздерді ажырата алады.


ҚБ: «Басбармақ» әдісі

Бағалау дескрипторы негізінде топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалайды.


38-жаттығу.Шығармашылық үзіліс

Пішіндерді сәйкестендіріп,өлең құрап жазу

Бөкеннің лағы,

Көреген қырағы.

Елеңдеп құлағы,

Еліріп тұрады.


-Қарамен берілген сөздердің түбірін тап.

-Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін айт.


Дескриптор:

- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

- үзбей және біркелкі шапшаң жазады.


Ойқозғау.

Шығармашылық жазу. «Синквейн» әдісі. Тақырыбы: «Сағат»

Мысалы:

1. Сағат

2. Үлкен,механикалық

3. Жүреді,тоқтайды,озады.

4. Сағат-уақыттың өлшем бірлігі

5. Уақыт

Тапсырманы орындаған соң жұптар өзара өлеңдерін оқып, бағалайды.

ҚБ: «Басбармақ»


Аудиожазба, компьютер













Оқулық

Постер,

қарындаштар





















2 Дәптермен жұмыс





Көңілді әуен



Парақтар

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.Бағалау парақшасы

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес (+, -) өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеу.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Жаңа сөздердің мағынасын түсінемін, сөз таптарына ажырата аламын



Каллиграфиялық нормаларды сақтап жаза аламын



Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және өз ойымды білдеремін



Түбір мен қосымшаның жазылуын білемін




Үй тапсырмасы:

39-жаттығу

Бағалау парақшасы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында ресурстар арқылы саралау: сурет қиындыларын пайдалану.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде және «Басбармақ», «Смайликтер» әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөздерін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеулері бағаланады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!