Материалдар / Түйе-түлік төресі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түйе-түлік төресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Түйе малының ерекшелігі мен адам баласы үшін пайдасы туралы жазылған. Төрт түлік-қазақ халқы үшін ең басты қажеттілік. Оны өсірудегі Асқанбай Ниязовтың еңбегі туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ниязов Асқанбай 1928 жылы Маңғыстау ауданына қарасты Тұщыбек жерінде туған. 1917 жылғы Қазан революциясына дейін әкесі, тумаластары мал шаруашылығымен айналысқан. Тұщыбектің байырғы тұрғыны. 1935-1941 жылдары Тұщыбек 7 жылдық мектебін бітірген. 1941 жылдан 1942 жылға дейін «Қызылтаң» колхозында көмекші есепші болып қызмет атқарған. 1946-1951 аралығында колхоздың науқандық жұмыстарына бел шеше араласады. 1951-1952 жылдары Ескенедегі ауылшаруашылық мал мамандарын даярлайтын курсты бітіріп, мал дәрігері атағын алады. 1952-1953 жылдары Шетпе зоовед участогының мал дәрігері. Кейін облыстың малшаруашылығына аты алтын әріппен жазылған малбегі. Ниязов Асқанбай - атақты түйеші. Ол бойындағы бар қабілетін, ізденіске толы қажыр-қайратын ел игілігіне арнаған малшы. Оның бай тәжірибесі жөнінде «Түйе – түлік төресі» (1984 жылы)  тақырыбында кітап жазылған. Ол-еңбек майданында шыңдалған азамат, кейінгі ұрпаққа есімі қалуы тиіс тұлғалардың бірі. Тек үздіктердің үздігі енетін, республика бойынша өзгеге ұқсамайтын, өзіндік айтары бар бірден-бір басылым-«Қазақстанның Алтын кітабына» есімі енген.

Артындағы жеткіншек ұрпақ үшін түйе малының қадір-қасиетін жазып қалдырған еңбегі де бар. Онан кейінгі жылдары түйе ферма меңгерушісі, есепші. 1953 жылы мал дәрігерлікпен қоса, басқарма председателінің орынбасары қызметін қоса атқарған. 1953 жылы 5 октябрьден бастап, «Қызылтаң» колхозының председателі болып жасаған, ауылдың көркеюіне ерекше еңбек еткен адамның бірі. Ол туралы облыс ауыл шаруашылығын басқарған С. Әбішевтің өлкенің өткені мен бүгінгі өсу ахуалын кеңінен қамтыған «Тағылым» атты кітабына енген. Сонымен қатар, Қ. Қаражанов, Ғ. Әріпов, Ж. Айтуаров, қаламгерлер: Ә. Спан, Ә.Қонарбаев, Ж. Дүйсенбаева, Н.Қазақбаевтың еңбектерінде жазылған.

Асқанбай 45 жыл түйе бағып, өзінің артына ата дәстүрімен мықтап малбегілікке ұрпақтарын тәрбиелей алған өнегелі мұсылман. Нұрсұлтан, Бексұлтан-оның мирасқорлары. Әке жолын қуып, шаруашылықтың әр саласында жемісті еңбек етіп келеді.


Нұрсұлтан, 40 жылдай осы салада үзбестен ауыл шаруашылығын өркендетуге атсалысты.
Мал баққан шаруаның барлық қиындықтарын жеңіп, алдындағы малын аман сақтай білді. Әкенің сенімді қолғанаты болды. Бексұлтан Аққұлов-Маңғыстау ауданы, «Сарайна» шаруа қожалығының жетекшісі. Естөре Оразақов атындағы өкпе ауруларын емдейтін «Тұщыбек» шипажайын шұбатпен ұзақ жылдардан бері қамтамасыз етіп, халық шаруашылығына зор үлес қосып келеді. Шұбат-
түйе сүтінен дайындалатын ежелгі құнды сусынның бірі. Түйе неше түрлі емдік қасиеті мол шөппен азықтанады, сондықтан оның өнімдері емдік, және азықтық қасиетке қатар ие.

Мирасқорлардың айнымас ұстанымы: Ата-баба дәстүрін әрі қарай жалғастыру, жасанды тағамдардан гөрі, нәрлі де, құнарлы табиғи ұлттық сусын шұбатты кейінгі ұрпаққа дәріптей білу, насихаттау.

Ұзақ жылғы еңбегінің нәтижесінде, Асқанбай орден, бірнеше медальдармен марапатталған.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!