Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түлектерді ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түлектерді ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Мақсаты: 11
сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік
қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен
жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға
дағдыландыру.
Сәлеметсіздер ме, түлектер! Тренингке қош келдіңіздер!
Әрбір адам –өмірге, осынау дүниеге келген қонақ екенін бәріміз
білеміз. Осынау өмірімізді мәнді де, сәнді өткізуіміз үшін
бір-бірімізді сыйлап, ренжітпей, көңілімізге қаяу салмай жүргенге
не жетсін!
Олай болса, бүгінгі тренингіміз, түлектерді ҰБТ-ге психологиялық
тұрғыда дайындауға байланысты болмақ. Ендеше, барлығымыз бүгінгі
тренингімізді сәлемдесуден бастайық.
І-кезең
«Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
Бір-біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?
ІІ-кезең
«Интуицияңды тексер»
жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын
диогностикалау.
Барысы: Экрандағы ұяшықтардың номерін көрсету арқылы ондағы
жасырылған заттарды табу керек. Әр қатысушыға 1-ден 4-ке дейін
сандар жазылған парақшалар таратылып, балалар өздері дұрыс деп
ойлайтын ұяшықтың нөмерін көрсету арқылы интуициясының қаншалықты
дамығандығын тапқан дұрыс жауаптарының көмегімен
анықтаймыз.
Тапсырма:
-
Қалай ойлайсыңдар, жүрек қай ұяшықта жасырылған?
2) 5-деген баға қай ұяшықта жасырылған?
2) Сендердің ойларыңызша жұлдызша қай ұяшықта жасырылған?
4) «Тесттен 125 балл жинады» деген сертификат қай ұяшықта? Соны тапқан оқушы расында да тесттен жоғарғы балл жинайды, оған толық сенімді болыңдар.
Бұндағы мақсатымыз сіздердің
интуицияларыңыздың қаншалықты дамығандығын анықтау болатын. Бұл да
ҰБТ-да бір көмек
Рөлдік ойын:
«Кездесу»
Мақсаты:өзгенің орнында болып,
тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.
Барысы: Бұл ойынға өз еркімен қатысатын маған 3 адам керек.
Қалғандары бақылаушылар болады: үш дос бір жерде кездесу туралы
келісу керек. Бірақ олардың бірі- сақау, бірі- соқыр, енді бірі-
саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің
достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек. ..
Талдау: 1) Рөлді ойнау барысында өздеріңді қалай
сезіндіңдер?
2) Тығырықтан шығу қиын болды
ма?
Психометрия өзін-өзі тану жаттығуы.
Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез-келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрад. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңдағы адамдарды жинап ұйымдастыру реттеу және жүйелеу қабілеті баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан. Сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңдағы қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар аралығындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.
ІІІ-кезең
«Тұлғаның өзіне
сенімділігін психологиялық дайындау»
Мақсаты: Өзі туралы ойын
дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін
тұлғаны психологиалық күйге келтіру.
Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос
ұстаңыздар.
Дене демалады, ал сана-сезім сергиді.
Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден.
Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз.Айналадағы
шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен,
сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз.Сіз
орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың
жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.Сіз зәулім сарайдың
ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де
керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны
жағалап, ұстап көресіз.Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем
де керемет суреттер. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз
бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші
қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ
демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда,
сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға
елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді
керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін. Сіздер демалыңыздар,
жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ-ға байланысты өз
қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері
әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.Сіздер
көңілді қайратты, қажырлысыздар. Ешқашан жүректілік пен оптимизімді
жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар! Мен сіздерді
барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі
күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін...
Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп
ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің
күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!
Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз
жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға
ынтызарсыз. Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің
жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз. Өміріңізге
жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз
таланттысыз! Сізде бәрі де болады! Сіз қайтадан табиғат аясындасыз.
Шексіз аспан... Ораламыз.Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз
өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды
сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.
«Гүлге қонған көбелек»
тренингі
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше
жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі
қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру
керек.
Менің болашақтағы арманым...
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту.
Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп,
бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін,
ойларын айту.
«Мен қазір» «Мен 6 айдан кейін»
«Мен 5 жылдан кейін» «Мен 10 жылдан кейін»
Қорытынды. «Майшам»
жаттығуы.
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп,
жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп
отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе,
сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі
тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!
Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен тапсырып, мектептеріңнің мәртебесін асқақтатып азаматтары болыңдар! Сендерге сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!
Слайдқа «Әрқашан күн
сөнбесін»
Мақсаты: ҰБТ-ге дайындау кезінде
оқушыларды өзінің мінез-құлқы және
эмоцияларын басқара алуына үйрету. Оқушыларға ҰБТ-ге дайындық
кезінде қандай көмек көрсету әдістері, кеңестері туралы кеңес
беру.
1. Стресс деген не?
Стресс- қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген
сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның
ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық
физиолог Ганс Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс өте жағымсыз
әсерлерге жауап ретінде туған организмнің қалыпсыз бейімделу
әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, мінезіне,
жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері
байқалады.
2. Стресс үш кезеңнен тұрады:
1.Үрейлену-жағымсызтітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың
алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2.Төзімділік- жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған
төзу реакциясы туады. Бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері
қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді.Симпатикалық жүйке жүйесінің
әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да
жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3.Әлсіреу- бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады,
сондықтан психологияда бейімделудің нашарлап жойылуы пайда болады.
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға
батырады.
3. Стресті жою үшін не істеу керек?
Біріншіден, стрестік жағдайда адам ағзасындағы дәрумендер, әсіресе
В тобы көп мөлшерде жұмсалады. Көптеген дәрігерлер дәруменді
күнделікті қолдануға кеңес береді.
Екіншіден, дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залға бару, жаттығу
жасау, билеу, ән салу, бассейн, монша, қыдыру.
Үшіншіден, үйлесімді өмір, жанұя достарының қолдауы.
Төртіншіден, психикалық және дене релаксациясы
қажет.
4.
Оқушыларға психологиялық кеңес таратылады.
Құрметті түлектер! ҰБТ-ні өте жақсы нәтижемен тапсырып,
мектептеріңнің мәртебесін асқақтатып азаматтары болыңдар! Сендерге
сәттілік тілеймін! Сау болыңыздар!
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар
Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.
Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.
Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4. Теледидар қарауды барынша шекте.