Тақырыбы: Тұлға
қалыптастыруда мектеп пен отбасы тәрбиесінің
үйлесімділігі.
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың
балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы
екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның
оқу-тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана
арасындағы байланысты арттыру.
Жұмыс
түрі: тренинг
.
Көрнекілігі: Презентация, бейнежазба,
слайдшоу, гулдер, стикер.
Мұғалім
сөзі: Отбасы кішкентай бір мемлекет
десе де болады. Отбасы – адам баласының өсіп- өнер, қаз тұрар,
қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Кез келген ата-ана өз баласының
дені сау, бақытты, сыйлы адам болғанын армандайды емес пе?
Отбасындағы тәрбиенің адам баласына әсері мол. «Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің»,- деп халық даналығы айтқандай, ата-ананың
жеке басты үлгі-өнегелері, отбасындағы ахуал баланың дұрыс
тәрбиеленуіне ықпал ететіні сөзсіз. Олай дейтініміз, баланың
бойында жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі
де болса толық қалыптасып бітпегендіктен ол үлкендердің
мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне,
басқалармен ара-қатынасына еліктейді және өзінің үлгі өнегелік
бағдаршамы ретінде қабылдайды. Көріп отырғаныңыздай, отбасындағы
тәрбиенің мәні өте зор және оны мектеп тәрбиесімен ұштастыруда
үлкен мағына жатыр.
Сіздің өміріңіздің мәні –
бала, сәні – бала! Салтанаты, махаббаты, мәртебесі –бала! Өйткені,
баланың өсуі, ұядан ұшқандағы тәрбиесі, отбасының көрмесі
сияқты.
Жақсы әке – балаға өмірлік
азық. Жақсы ұл әулетке өмірлік қазық деген бар. Сондықтан тәрбиесі,
мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман
педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі, әрі айнадай
өнегесі ретінде, бір – бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік,
бірігейік, біздің мәпелеген, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге
көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат!
Сіздерді бүгінгі
«Тұлға қалыптастыруда мектеп
пен отбасы тәрбиесінің
үйлесімділігі» атты тренинг сабағына
қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды
білдіремін.
Тренинг
барысы:
І. «Карусель»
ойыны
ІІ. Отбасылық тәрбиенің
тоғыз парызы
ІІІ. Бейнежазба
көрсету: «Мен ұялы телефон болсам»,
«Мандарин»
IV. «Гүл теру»
тренингі
V. Жағдаятты
талдау
VI. Соңғы сөзді маған
қалдыр...
І. «Карусель»
ойыны. Топ мүшелері карусель принципі
бойынша яғни бір-біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады. Ішкі
шеңбер қозғалыссыз, ал сыртқы шеңбер қозғалмалы. Ойынның мақсаты:
ата-аналар арасында жағымды ахуал орнату.
Ситуация
мысалдары:
-
Сіздің қарсы алдыңызда
танымайтын адам тұр, онымен қалай
сәлемдесесіз?
-
Сіздің қарсы алдыңызда мүлдем
танымайтын адам тұр, онымен қалай
танысаасыз?
-
Сіздің қарсы алдыңызда өзіңіз
жақсы танитын, бірақ едәуір ұзақ уақыт көрмеген адам тұр. Сіз бұл
кездесуге қуаныштысыз.
-
Сіздің қарсы алдыңызда досыңыз
тұр, онымен қалай қоштасасыз.
-
Сіздің қарсы алдыңызда
балаңыздың сынып жетекшісі тұр қалай
сәлемдесесіз?
Байланыс орнатуға және
әңгімелесуге 2-3 минут беріледі. Содан соң жүргізуші белгі береді
немесе тренингке қатысушылар келесі қатысушыға
жылжиды.
ІІ. Отбасылық тәрбиенің
тоғыз парызы (ата-аналарға ой
салу )
-
Балаңыз қандай болса,
сол күйінде қабылдаңыз.
Бір отбасында көркем,
денсаулығы жақсы, ақылды балалар мен оларға тікелей қарама-қарсы
балалар дүниеге келеді. Ата-ана ақылы мен денсаулығын одан әрі
дамытып, ал табиғи кемшіліктерін жетістіктерге айналдыруға
көмектеседі.
-
Өз қалауыңызға орай
оларға ешқашан бұйырып сөйлемеңіз
Баланың өміріне үнемі араласа
беру қауіпті. Жоқтан өзгеге баланы діңкелете беру оны топастандырып
жібереді, ұзамай ол күрделе әрекетті ұсақ-түйектен айыра алмай
қалады.
-
Шешімді жалғыз
қабылдамаңыз.
Әке мен шешенің тең дәрежеде
тыйым салу құқығы бар, ал шешімді ата-аналар арасында келісім
болғанда ғана жеткізу керек.
-
Ата-аналардың
мінез-құлқы бала тәрбиесіндегі басты
фактор.
Жеке бастың үлгісі –
түсіндірудің ең жақсы жолы. Отбасындағы дау жанжалдың зияны, ол
балаға үлкендерден гөрі көбірек залал
келтіреді.
-
Не нәрсе жайлы да
қорықпай сөз етіп, алдағы жоспарыңыз жөнінде балаңызбен де
ақылдасуға болады.
Балаңыздың өзіндік көзқарасы,
өз сенімдері барына қуаныңыз.
-
Балаларға сыйлық жасауда
артық кетуге жол бермеңіз.
Артық сыйлық жасау баланы
қоғамға қатысты жатыпішерлікке баулиды.
-
Қандай да бір қиындық
туа қалса, оны балаға түсіндіріп, бірлесе жеңу
керек.
Отбасындағы міндеттерді
бөлісіп атқарған жөн. Баланы тазалыққа ерте жастан әдеттендірген
дұрыс.
-
Үйіңіздің есігі ашық
болсын.
Балаларда іс-әрекет, достар
таңдау еркіндігіне жауапкершілік сезімі қалыптасуына көмектесу
керек.
-
Дер кезінде шеттей
біліңіз
Баланың бойындағы бар
жақсылықты анықтап, оны дамыту және қоғам игілігіне ұсыну.
Сондықтан бала ата-аналарынан дербес тіршілікке бөлініп шыққанда
жаңа өмірге бейім, өзі шешім қабылдай алатын
болады.
ІІІ. Бейнежазба көрсету:
(Баланың ойын
көрсету)
1.«Мен телефон болсам
екен...»
2. «Мандарин» слайд
шоу
IV . «Гүл теру»
тренингі
(Әуен ойналып тұрады, арнайы
дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата-аналар орындарынан
тұрып, гүл теруге шығады. Бір-бір гүлден алады. Сол гүлдерде
сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар қөлемінде пікірталас
өрбиді.
-
Балаңызды еркелеткенде
қанай сөздер айтасыз?
-
Балаңыз сізді ренжітті,
сіздің іс-әрекетіңіз?
-
Балаңыздың сүйікті
мультфильмі қандай?
-
Бала тәрбиесі үшін
отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым
ба?
-
Балаңыздың бойында,
сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер
бар?
-
Балаңыз бірінші сыныпқа
қай жылы барды?
-
Балаларда қызғаныш,
өзімшілдік мінездің қалыптасуы
неден?
-
Балаңыздың ең жақын
досы?
-
«Өнегелі отбасы» дегенді
қалай түсінесіз?
-
Бала деген
кім?
-
Балаларыңыз игілік істер
істесе оларды қалай
мадақтайсыздар?
-
Балаңыздың сүйікті
тағамы?
-
Қандай жылы сөздер
айтасыз?
-
Бала – білімді әрі
саналы болу үшін ата-ана қандай жағдай жасау
керек?
-
Балаңыздың бос уақытын
қалай ұйымдастырасыз?
-
Бала үшін мұғалім мен
ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу
керек?
-
Балаңыз/қызыңыз/сізге өз
сырын айта ма?
-
Балаңыздың сынып
жетекшісінің толық аты-жөні кім?
-
Отбасында бала
тәрбиесіне кім жауапты деп
ойлайсыз?
-
Балаңызға қаншалықты
ақыл кеңес айтасыз жане қандай?
Сонымен ата-аналар, бала
тәрбиесі ең маңызды – мәселе. Ең басты – ата-ананың бала
тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты
ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс-шарамыздың соңында сіздерге
мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыз мандариндеріңізді ашыңыздар.
Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин
жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жеміс
беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, біз де
балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты білім мен тәрбие
берейік.
V. Жағдаятты
талдау
Мақсаты: өз балаларының
іс-әрекетіне дұрыс бағыт бере білуге баулу
1-жағдаят «Балаңыз мектептен шағым айтып
келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты.
Сіз қандай әрекет етесіз?»
2-жағдаят «Балаңыз ұялы телефон алып бер
деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін»-
дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің
әрекетіңіз?
3-жағдаят «Марат сабаққа дайындықсыз
келды. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты тыңдамады.
Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім
ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан
шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата-анасы
әй-шәйға қарамай, деректорға кіріп айқай шығарды. Ата-ананың бұл
әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер
едіңіз?»
4-жағдаят « Балаңыз түнімен теледидар
көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз:
« Басым ауырып тұр,сабаққа
бармай-ақ қойяйыншы»,- деді. Сіздің
әрекетіңіз?
Кез келген шешімді қабылдауға
асығыстық танытуға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайлы
қарамайтыныңызды қөретіндей, оны тыңдауға дайын екендіңізді
байқайтындай болсын. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана
қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген
асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі
күрт жойылады. Ата-ана мектеппен байланыс жасамайды, қиыншылықтарды
жоюға дәрменсіз болады. Сондықтан да ата-аналар мектеппен
байланыста болу керек.
VІ.Қорытынды: Соңғы сөзді
маған қалдыр...
Стикер таратылады, әр ата-ана
тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс,
демалыс дегенді білмейді. Ендеше, ата-аналар қолымыздағы
алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне
екенімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып,
дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге
атсалысайық.
Әкем – біреу, анам да біреу
менің,
Мен жығылсам, сүйенер
тілеулерім,
Олар барда – мереке жүрген
жерім.
Көрмегенмін,
Қабақтарын шытқанын,
түнергенін
Әке – білек, саусағы –
балалары,
Қан тамырмен жалғасқан
аралары.
Ана – тамыр бойымен бәріне
де,
Тіршіліктің жылуы
таралады.
Сіздердің аялы
алақандарыңызбен, жылы жүректеріңізбен тербеткен әрбір
азаматтарыңыз барыс текті, намысты ұрпақ болсын дегім
келеді.
Қызылорда облысы Шиелі
ауданы
«№ 47 М.В.Ломоносов
атындағы мектеп-лицейі» КММ
Панорамалық
сабақ
Жансариева Жансая
Серікханқызы
7 «А» сынып
жетекшісі
2017-2018 оқу
жылы