Тұлғааралық қарым-қатынас
Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студентіміз. ҚазҰУ Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университет болып табылады. Бұған дәлел ҚазҰУ-дың әлемдік рейтингтерде, Қазақсатан универлері арасында бірінші тұруы дәлел бола алады. Мысал келтіретін болсақ: ҚазҰУ Quacquarelli Symonds беделді халықаралық рейтингтік агенттік жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша “5 жұлдыз” марапатына иеленді. ҚазҰУ - “ бес жұлдыз ” марапатына ие болған тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны. Сонымен қатар ҚазҰУ осы агенттіктің, әлемдік үздік жоғары оқу орындарының рейтингісінде “әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына кірген алғашқы Қазақстандық жоғары оқу орны атанды.” Ал жалпы посткеңестік елдер ішінде, бұл тізімге тек “М.Н. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ” енген. Сондай-ақ түлектерін жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша да ҚазҰУ Орталық Азиядағы ең алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны. Бұл келтірілген статистика бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тек Қазақстанда емес, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны деп нық айтуымызға болады.
Біз қазір ҚазҰУ- де әлеуметтік - саясаттану білім модулін оқып жатырмыз. Бұл модульде бізге ұнаған пән - психология. Психология студент үшін керекті пәндердің бірі. Психологиядан “ тұлға психологиясы, темперамент, қарым - қатынас психологиясы, мінез-құлық модельдері, іскерлік коммуникация, әлеуметтік интеллект ” сынды өмірлік қажетті тақырыптарды өттік. Бұл бізге кез-келген тұлғаны жете түсінуге, онымен жақсы қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Бізге ұнаған тақырыптардың бірі ‘ тұлғааралық коммуникация”. Кішкене сол тақырыпқа тоқталсақ, коммуникация термині ғылыми деңгейде қарым-қатынас және коммуникация терминдерін жалпы , әрі ортақ ұғым деп түсінуге әкеледі, солар арқылы қатынасқа түсеміз, күнделікті өмірімізде адамның адаммен ақпарат алмасуы деп қабылдаймыз. Бірақ бұл жансақ пікір. Коммуникацияның латын тіліндегі бір аудармасы “ жалпы немесе бәрімен бөлісемін ” дегенді білдіреді, нәтижесінде өзара түсінуге әкелетін адамдар, ұйымдар арасындағы ақпарат алмасу процесін атаймыз. Коммуникацияның бір түрі - бұл тұлғааралық коммуникация. Тұлғааралық коммуникация - бірнеше адамдар арасындағы тілдік немесе тілдік емес құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асатын өзара әрекеттестік. Ғалымдар жіктеуі бойынша тұлғааралық коммуникацияның келесідей функциялары бар:
-
Қарым-қатынас функциясы - ақпарат алмасу немесе ақпарат қабылдау үшін қарым-қатынас, контакт орнату;
-
Ақпараттық - хабар, ой, шешім, пікір алмасу;
-
Қозғаушы, түрткі болатын функциясы - белгілі бір әрекет жасауға деген партнердің стимуляциясы;
-
Үйлесімділік функциясы - бірлескен әрекетті ұйымдастыруда өзара келісім мен түсіністік;
-
Түсіну функциясы - көңіл-күйді, абыржуды, ниетті адекватты түрде дұрыс қабылдау;
-
Эмотивті функциясы - серіктестікте керекті эмоциялық күй ояту, сонымен қоса абыржуды өзгерту;
-
Қарым-қатынас орнату функциясы - индивид әрекет ететін рөлдік, дәрежелік,іскерлік жүйеде өз орнын түсіну;
-
Әсер ету функциясы - серіктестің жеке ойлау құрылымында күйді, қылықты өзгерту.
Тұлғааралық коммуникация пікір алмасушылар саны 2 не одан көп адам болған кезде жүзеге асады. Пікір алмасу барысында тұлғаларда жоғарыда көрсетілген функциялар көрініс табады. Байқағанымыздай біздің өміріміз осындай пікір алмасулардан тұрады. Осыған қарап тұлғааралық коммуникация маңыздылығын аңғарамыз.
Қорытындылайтын болсақ психологияның біздің өмірімізге деген маңызы жоғары. Онда біздің өмірімізде кездесетін көптеген жайттар туралы сөз қозғалған. Адамның қалай дұрыс коммуникация жасауы, өзге адамды түсіне алуы сынды жайттар тереңдетілген. Сондай-ақ психология студентке тұлға болып қалыптасуға көмектеседі. Мәдени ортада өзін қалай ұстауға, мінез-құлқын, эмоциясын қалай басқара білуге тәрбиелейді. Студенттен тұлға қалыптастырады. Осы жайттарды ескерсек бізге психология пәнінің оқытылуы заңды.
Тленчиева Н.С.
Педогогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә.Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Шырынтай Нұрмұхаммед
Менеджмент мамандығының 1 курс студенті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университтеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұлғааралық коммуникация

шағым қалдыра аласыз