Материалдар / Тұлғалық өзін-өзі тану тренингтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұлғалық өзін-өзі тану тренингтері

Материал туралы қысқаша түсінік
тұлғаның өзінің ішкі жан дүниесіне үңілу, өзін өзі тануына негізделген тренингтік сабақтар топтамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жеткіншектермен топтық жұмыс.

Тұлғалық өзін-өзі тану треннингтері

Бірінші сабақ

Мақсаты: топтың бір бірімен танысуы, сабақтың мақсатынан ақпараттануы, топтық нормаларды қабылдауы.

Қажетті материалдар: екі ватман, фломастер немесе маркер, бейджик, қатты қағаздан жасалған корона, өмірлік күрделі жағдайлар жазылған қимапарақшалар.

Уақыты: 110 минут

Жүргізушімен танысу және амандасу.

Мақсаты: топпен танысу

Уақыты: бес минут

Мазмұны: Жүргізуші топқа өзін таныстырады, сонымен қатар сабақтың қтілу мақсаты, орнынан ақпараттар береді.

Жүргізуші: «Сәлеметсіздерме оқушылар. Менің есімім Айгерім. Біз сіздермен енді топтық сабақтарда кездесіп отырамыз, неге деген сұраққа жауап беретін болсақ, адамның психикалық әлеміне керемет саяхат жасаймыз. Өзіміздің бойымыздағы ерекше сапаларды көруге үйренеміз, өмірлік күрделі жағдайлардан шығуды, өз сезімдерімізді басқаруға қабілеттенеміз, Мен сіздер үшін треннингті қызықты етіп өткізуге барынша тырысамын, сонымен қатар сіздердің де белсенді болуларыңызды өтінемін, бір бірімен қарым қатынас жасау барысында ерекше әсерлер аламыз».

«Өз атымен» танысу процедурасы.

Мақсаты: Топ қатысушылары бір бірін сипаттайды.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: жүргізуші: «есім біздің барлығымызға туа беріледі, және өмір бойында бізді жетелейді, біздің есіміміз бізбен бірге өсіп отырады, маған өз есімім ұнайды, ал сізге өз есіміңіз ұнайма?».

Жеткіншектерге шеңбер бойымен өз есімдерін атау сұралады.

«Менің визиткалық қимапарақшам» суретін құрастыру.

Мақсаты: визиткалық қимапарақшаларды дайындау.

Материалдар: қатысушылар санына қарай бейджиктер, фломастер, түрлі түсті бояулар.

Уақыты: он минут

Мазмұны: қатысушыларға өздеріне визиткалық қимапарақша жасау ұсынылады.

«Сынған телефон» жаттығуы

Мақсаты: ақпараттың берілу үрдісіндегі бұрмалану мүмкіндігін демонстрациялау.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: Қатысушылар шеңбер құрып отырады, сағат тілінің бойымен бір қатысушы екінші қатысушының құлағына бір сөзді айтады, екінші қатысушы әрі қарай жалғастырады. Сөйтіп шеңбер бойымен жалғаса береді.

Талдау: егер сіздің сөзіңіз бұрмаланған болса осыған ренжуге болама?

«Мен сені түсінбеймін» жаттығуы

Мақсаты: айтылған ойға мағына туғызуға сыртқы шудың әсерін көрнекі демонстрациялау.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: оқушыларға бөлменің ішінде еркін жүріп, өзі еститіндей ойына келген кез келген әңгімені айту ұсынылады. Одан кейін шеңбер бойынша орналасып, бөлменің ішінде жүргенде не естігендерін және кім айтқанын айтулары керек.

Талдау: кейбір жағдайларда адамдар бір бірін түсінбейді, оларға кім кедергі жасайды? Қатысушыларға келесідей сұрақ қойылады: басқа адамдардың айтқандарын неге түсіне алмады, біз бірімізді түсінуіміз үшін бізге не керек?

«Маған жолама» жаттығуы

Мақсаты: өзіңнің индивидуалды кеңістігіңді сақтауға үйрену.

Уақыты: он бес минут

Мазмұны: Қатысушалр ортаға тұрады, ортаға бір адам шығады, қалғандары біртіндеп ортадағы қатысушыға жақындай бастайды. Жаттығу жалғаса береді, қатысушылар өзін дискомфорт сезіне бастағанда «тоқта» деп нұсқау береді.

Жүргізуші: «Кез келген адамның өзінің даралық шекарасы болады, шекара тек жақын туыстар үшін ғана сақталмайды. Біздің әрбіреуіміз екі адамның әңгімелесуінің куәсі болғанбыз, біреуі екіншісінің сөзін бөледі, ал екіншісі кетіп қалады, яғни мұнда екі адамның біріншісі екіншсінің даралық шекарасын бұзды. Басқа адамдармен қарым қатынаста өте тиянақты болыңыз, егер сіздің әңгімелесушіңіз сіздің әңгімеңізді тыңдамастан кетіп қалса, мұндай жағдайда ол адам сіздің индивидуалды кеңістігіңізді бұзды деп есептеледі. Осындай жағдайға ренжудің қажеті жоқ, сіз ол адамға дискомфорт туғызбайтындай қандай қашықтықта тұру керектігін біліп, анықтап алғандығыңыз жөн»

«Хандық» жаттығуы

Мақсаты: ережені ұстану қажеттілігін саналауға жеткізу.

Материалдар: қатты қағаздан жасалған карона, өмірлік қиын жағдайлар жазылған қимапарақшалар.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: қатысушыларға хандық болып ойнау ұсынылады, әрбір хандықта бір хан болады, Ешкім ренжімес үшін, хан жереби арқылы таңдалады. Хандарға карона кигізіледі, және олар тақта отырады, енді хан өз халқы мен мемлекеті үшін жауапты. Хандарға тұрғындар келеді, өз дауларын шешу үшін, дау халықтың өмірінің әр түрлі жақтарымен байланысты (қимапарақшаларда жазылған жағдайлар). Хан халықтың өтініші туралы ойланады, Ал халық жағдайды шешуге негізді талап етеді. Егер хан өз шешімін негздей алмаса халықтан көмек сұрайды. Соңында қатысушылар бұл елге заң керек екенін саналайды, ойынның мақсаты осында.

Талдау: Сіз неге мұндай шешімге келдіңіз? Заң мен ереже не үшін керек. Ал егер заң мен ереже болмаса не болар еді?

Қимапарақшаларға жазылған жағдайлар: көрші өзінің басқа көршісіне тиесілі жерді алып алды; әкесі баласын асыраудан бас тартты; базардан тауар ұрланды, аңшы басқа адамның үйрегін атып тастады.

Топтық нормаларды қабылдау

Мақсаты: топтық жұмыста ережені қабылдау.

Материалдар: ватман, маркер

Уақыты: он минут

Мазмұны: жүргізуші топтың қаырм қатынасы үшін келесі ережелерді ұсынады.

Басқаның пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, басқа адамды бағаламау, басқаның пікірін сыйлау, дөрекі сөйлемеу, басқа адамды атымен, яғни есімімен атау, тренердің нұсқауын талқыламау, аудиториядан тренердің келісімінсіз шықпау.

Осы ережені қабылдау топтық жұмыста өте маңызды.

Топтық пікірталас

«Біздің күтулеріміз-біздің қауіптенуіміз»

Мақсаты: сабаққа байланысты күтулер мен қауіптерді вербализациялау.

Материалдар: ватман, маркер.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: қатысушылар өздерінің қауіптері мен күтулерін айтып, ватманға жазады.

Рефлексия

Мақсаты: кері байланысты алу

Мазмұны: оқушылар сабақтан алған әсерлерін бір бірімен бөліседі.

Екінші сабақ

Мақсаты: топтың тұтастығын дамыту, партнерлік қатынастар дағдысын дамыту, вербалды және вербалы емес коммуникативтілікті дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар: қағаз, қалам, магнитафон, музыка, свисток, ескі газеттер, повязка көзге арналған.

Уақыты: 90 минут.

Амандасу ритуалы

Мақсаты: жағымды атомосфераны қалыптастыру.

Уақыты: он минут

Мазмұны: Жүргізуші: «адамдар белгілі бір іс әрекетке жұмылуы үшін алдымен психологиялық дайындықтан өтеді, Осы негізде адамдар топтың негізгі іс әрекетіне тұтастай араласады. Сіздерге бір бірлеріңізбен аманасу ұсынылады.»

«Бұрылыс» жаттығуы

Мақсаты: вербалды емес коммуникативті дағдыларды дамыту, топтың тұтастығын қамтамасыз ету.

Материалдар: магнитафон, аудиокассета, свисток.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: Жеткіншектер жүргізушіге қарама қарсы қарап тұрады, одан кейін көздерін жұмып өз осьтерінен бұрылыс жасап бірнеше бұрылыс жасап айланады, көздерін ашып кімнің қалай тұрғандарын естеріне сақтап алады, қатысушылар сөйлеспей бір бірінің желкесіне таяу тұрады. Сөйлеспей интуитивті түрде серіктесін сезінуі керек.

«Келісімге келейік» жаттығуы

Мақсаты: топ қатысушыларының арасында серіктестік қатынасты қалыптастыру.

Материалдар: қағаз, қалам, магнитафон, музыка.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: қатысушыларға он қағаз таратылады. Әрқайсысына олар өздерінің есімерін жазып символдарын салады. Бұл қағаздар төртке бүктеледі, одан кейін үлкен пакетке немесе қорапқа салынып, араластырылады. Содан кейін әрқайсысы бүктелген он қағазды алады. Енді қатысушылар келесіні орындауға міндетті: келісімге келу арқылы өз қағаздарын алулары керек, уақыт шектеулі бар жоғы бес минут. Алғашқы үш жеңімпаз хабарланып, топ марапатталады.

«Сұрақтар осындай» жаттығуы

Мақсаты: вербалды коммуникация мен шығармашылық ойлауды дамыту.

Материалдар: қағаз, қалам, сұрақтар тізімі.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: қатысушылар үш үштен топқа бөлінеді. Әрбір топқа сұрақтар тізімі таратылады. Топтарға он минут уақыт беріледі. Осы уақыт ішінде қатысушылар сұрақтардың жауабын табулары тиіс.

Сұрақтар тізбегі:

«А» әрпінен басталатын қатысушылар тізімі.

Қатысушылардың қайсысының үйінде жануарлар бар?

Жаныңда отырған адамның киімінде қанша қалта бар?

Осы бөлмеде неше орындық бар?

Біздің қаламыздағы ең ұзын көшелер?

Дәлізде қанша шам бар?

Қатысушылардың арасында кімдердің белдемшелерінің үлгілері бір біріне ұқсайды?

Осы негізде жеңімпаз топ анықталады.

«Түсін мені» жаттығуы

Мақсаты: вербалды емес қарым қатынас арқылы серіктесті түсіну қабілеттерін дамыту.

Уақыты: жиырма бес минут.

Мазмұны: топ екі екіден жұптасады, серіктестің біреуі жест және мимика көмегімен қандай да бәр жағдайды әңгімелеп береді. Екінші серіктес вербалды деңгейде осы хабарламаның мазмұнын айтады. Енді бірінші серіктес екінші серіктестің айтқанын бағалайды.

«Переправа» жаттығуы

Мақсаты: серіктестің жауапкершілігін арттыру.

Материалдар: ескі газеттер мен көзге повязка.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: газеттерді еденге жаямыз, топтағы қатысушылар жұптасады, бір қатысушының көзін байлаймыз. Серіктестің міндеті: оны переправадан өткізу.

Рефлексия

Мақсаты: Кері байланысты алу

Уақыты: бес минут

Үшінші сабақ

Мақсаты: адекватты өзіндік бағалауды, коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, топтың тұтастығын қамтамасыз ету.

Материалдар: үш қатты қорап, қағаз, қалам, ватман төрт бес, фломастер, маркер.

Уақыты: тоқсан минут.

Амандасу ритуалы

Мақсаты: жағымды атомосфераны қалыптастыру.

Уақыты: бес минут

Мазмұны: Жүргізуші: «адамдар белгілі бір іс әрекетке жұмылуы үшін алдымен психологиялық дайындықтан өтеді, Осы негізде адамдар топтың негізгі іс әрекетіне тұтастай араласады. Сіздерге бір бірлеріңізбен аманасу ұсынылады.»

«Трио» жаттығуы

Мақсаты: топтық тұтастықты дамыту.

Материал: үш қатты қорап.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: топтан үш адам өз еркімен шығады. Олар бір біріне жақын орналасады, ортасында тұрған қатысушы екі қорапқа екі аяғын қояды, сол жағындағы қатысушы оң аяғын қорапқа қояды, оң жағындағы қатысушы сол аяғын қорапқа қояды. Негізгі міндеті: бөлме ішінде жүру.

«Граффити» жаттығуы

Мақсаты: басқа адамның қылықтарын талдау ептіліктерін, қоршаған ортаның пікірі мен нұсқауын қабылдау қабілеттілігін дамыту.

Материалдар: ватман, фломастер, маркер.

Уақыты: жиырма бес минут.

Мазмұны: Жүргізуші: «сіздердің әрбіреулеріңіз ескертуші немесе тыйым салушы сөздермен жазылған тақтаны көрдіңіздер. Әрқайсысы осы тақтайшаға өздерінің ойларын жазады. Өздеріңізді «граффитиді» құрастырушы ретінде сезінулеріңізге мүмкіндік береді. Ватманда жазу жазылған. Сіздердің міндеттеріңіз: тақтайшадағы нұсқау бойынша өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Өз ойларыңызды жазыңыздар.»

Топ үш немесе төрт адамнан бөлініп топшалар құрастырылады. Әрбіреуіне келесі жазулары бар ватман беріледі: «көгалдың үстінен жұруге болмайды», «есік жабық, жөндеу жұмысы жүріп жатыр», «есік өзі автоматты түрде ашылады». Жұмыс үшін бес минут беріледі. Осыдан кейін топшалар парақшалармен ауысады. Барлық топтар өздерінің ойларын білдіруге міндетті. Беттерді алдын ала нөмірлеу керек.

«Тыйым салынған сөз» жаттығуы

Мақсаты: зейін мен тілдік икемділікті дамыту.

Материал: әрбір қатысушыға бес горошин.

Уақыты: жиырма минут

Мазмұны: Жүргізуші: «ойынның ережесі мынадай: әрбіреулеріңізге бес горошиннен беріледі. Осы горошинмен сіздер бөлменің ішінде жүресіздер және басқа қатысушылармен диалог құрасыздар. Мұнда сіздің серіктесіңіз «иа» және «жоқ» деген сөздерді айтуы керек. Штраф ретінде бір горошинді бересіз. Басқа қатысушы сұрақ қойғанда сіз тезірек жауап беруіңіз керек. Егер бір қатысушы өзінің бес горошинасынан айырылып қалса, ол ойынды жалғастыра береді. «иа» және «жоқ» деген жауапты алғанға дейін сұраққа жауап беруі керек. Ойын аяқталарда ойыншыларға өздерінің қолдарындағы горошинді санау ұсынылады.

«Басқа адамның атынан» жаттығуы

Мақсаты: адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру.

Материалдар: қағаз бен қалам.

Уақыты: жиырма минут.

Мазмұны: Жүргізуші: «Сіздің өміріңізде маңызды рөл ойнайтын бір адамды еске түсірулеріңіз керек. Бұл адам ересек немесе құрдас болуы мүмкін. Ең бастысы сіз ол адамның пікірін тыңдайсыз немесе өмірлік қиын жағдайларда сіз сол адамның көмегіне жүгінесіз. Осы адамның сыртқы келбеті қандай, қандай қимылдар жасауға қабілетті, қандай үлгілермен киінеді. Енді сіздер осы адамның атынан өздеріңізді айтып беріңіздер».

Қатсушыларға екі минут уақыт беріледі, одан кейін өз еркімен бір қатысушы ортаға шығады. Әңгіме келесідей басталуы керек: «Менің досымның есімі.....Біз онымен...... таныспыз. Біз .........келіспеушіліктерге тап болдық». Барлық қатысушылар өз ойларын айтулары керек.

Рефлексия

Мақсаты: Кері байланысты алу

Уақыты: бес минут

Төртінші сабақ

Мақсаты: сезімдер әлемімен танысу.

Қажетті материалдар: қағаз, қалам, «ассоциациялар» бланкісі, «жағдайлар» және «сезімдер, қылықтар, ойлар» бланкісі, доп қатысушыр санына қарай.

Уақыты: тоқсан минут

Амандасу ритуалы

Мақсаты: жағымды атомосфераны қалыптастыру.

Уақыты: бес минут

Мазмұны: Жүргізуші: «адамдар белгілі бір іс әрекетке жұмылуы үшін алдымен психологиялық дайындықтан өтеді, Осы негізде адамдар топтың негізгі іс әрекетіне тұтастай араласады. Сіздерге бір бірлеріңізбен аманасу ұсынылады.»

«Сезімдер кемпірқосағы» жаттығуы

Мақсаты: сезімдер әлеміне ену.

Материал: жүргізуші үшін «түстік сезім» бланкісі, магнитафон, медитативті музыка.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: жаттығу сабырлы, баяу музыка аясында өтеді.

Жүргізуші: «Біздің әрқайсысымыз аспаннан кемпірқосақты көреміз, қазір біз өз сезімдерімізді кемпірқосақтың түстерімен байланыстырайық. Сіздің міндетіңізөз сезімдеріңізді еске сақтау. Сіз бөлмеде еркін жүріп кемпірқосақтың әртүрлі жолағында өзіңізді өалай сезінетініңізді еске сақтайсыз. Әдетте кемпірқосақ жауыннан кейін шығады. Алдымен сіз бөлменің ішінің қызыл ауаға толтырылғанын елестетіңіз. Енді осы ауамен терең тыныстаңыздар, иісін сезінулеріңізге болады. Бөлмеде әрі қарай қозғала беріңіздер, енді бөлме тоқсары ауаға толы деп елестетіңіздер. Сіздер осы ауаны сезініңіздер. Бізді қоршаған ортаның түсі тағы да өзгерді. Енді біздің айналамыздағы ауа сары түске енді. Осы ауамен тыныстай отырып, өздеріңізді күннің шуағына шомылып отырғандай сезініңіздер. Енді бөлменің іші жасыл түске өзгерді, бұл түс алғашқы көктемдік жапырақтардың түстері, иісін айтсаңызшы қандай балғын, Қызық жалғасып жатыр, ауа түрлі түстермен боялды. Ауа біртіндеп көгілдір түске ауысып барады, теңіздің түсі, тіпті көзімізді алуымыз мүмкін емес, Ал енді сіздерге күлгін түске боялған бөлмені сезіну кезегі келді. Кешкі салқын ауаны сезініңіздер. Ал енді сіздер осы кемпірқосақтың түстерінен қалай шығасыздар, соны елестетіңіздер. Ақырындап өз орындарыңызға отырыңыздар. Қазір сіздер өз сезімдеріңізді еске түсіріп айтасыздар».

«Әртүрлі сезімдер» жаттығуы

Мақсаты: адамдық сезімдердің әртүрлілігін саналау.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: Қатысушылар шеңберге тұрады. Бір біріне қандай да бір сезімдерді айта отырып допты лақтырады. Бір қатысушы тақтаға өз сезімдерін жазады, екінші қатысушы ережені сақтайды. Ереже мынадай: егер сезімдеріңізді айта алмасаңыздар шеңберден шығып қаласыздар. Нәтижесінде эрудицисы жоғары бір қатысушы қалады, ол тақтада сезімдер тізбегі жазылған.

Кейін қатысушыларға сезімдерді екіге бөлу ұсынылады. Олар тақтада «қосу» және «алу» белгілерімен белгіленеді. Осыдан кейін пікірталас өткізілу ұсынылады. Адамға қандай сезімдер керек, ал қандай сезімдер керек емес.

«Мен сезімдер бұлағымын» жаттығуы

Мақсаты: адамның сезімдері қоршаған ортаның қабылдауына тәуелді екенін түсіндіру.

Материалдар: бланкілер адам санына қарай.

Уақыт: он бес минут.

Мазмұны: қатысушыларға өз өмірлеріндегі жағымсыз және жағымды жағдайларды естеріне түсіру ұсынылады. Осы жағдайда қандай сезімде болдыңыздар, бұл сезімді сізге кім жапсырды. Әрі қарай қатысушыларға бланкідегі сезімдерге өз пікірін білдіру ұсынылады.

пікірлер

дұрыс немесе дұрыс емес

егер мен сөзімде тұрмасам менің жолдасым ашуланады;


мен ашуланамын, егер менің досым өз уәдесінде тұрмаса;


әкем мені дискотекаға жібермей ренжітті;


мен әкеме ренжіп қалдым, себебі ол менің дискотекаға баруыма тыйым салды;


менің екі алғаныма мұғалім кінәлі;


мен екі алғаныма өзім кінәлімін, материалды оқуым керек болатын;


мені досым ренжітті, ол мені кешке шақырған жоқ;


мен кешке бармағаныма өкініп қалдым;


менің сыныптастарым мені ашуландырады;


менің сыныптастарыммен тіл табыса алмайтындығым мені ашуландырады.



Енді жағымсыз сезімдерге өзін кән»лайтын қатысушылардың санын санаймыз.

«Біздің сезімдеріміз біздің әрекеттеріміз» жаттығуы

Мақсаты: өз сезімдерін басқаруға үйрету.

Материалдар: «сезімдер, қылықтар, ойлар» жүргізуші үшін.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: жүргізуші қатысушыларға келесі түсініктерді береді: «эмоциялар», «сезімдер», «жағдайлар». Қатысушыларға кестені толтыру ұсынылады.

сезімдер

қылықтар

ойлар

қаймығу



кек



күйзелу



қуаныш



тынышталу



іш пысу



реніш



бақыт



Топтық пікірталас «Өз сезімдеріңізді қалай басқаруға болады?»

Мақсаты: өз сезімдеріңізді басқару қажеттілігін саналау.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: топта қатысушылар өз сезімдерін қалай басқару керектігін талдайды.

«Мұздап қалған» жаттығуы

Мақсаты: өз сезімдерін басқару дағдыларын үйрену.

Уақыты: он минут.

Мазмұны: Топ екіге тең бөлінеді. Жартысы «мұздап қалған» жартысы «реаниматор». Мұздап қалушылардың міндеті сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеу, реаниматорлардың міндеті мұздап қалғандарды жібіту, шарт мынадай, қолмен емес. Жест, мимика арқылы жылыту.

Жаттығкуды орындау үшін екі минут беріледі. Осыдан кейін серіктестер ауысады.

Рефлексия

Мақсаты: Кері байланысты алу

Уақыты: бес минут

Бесінші сабақ

Мақсаты: өзіндік талдау дағдыларын дамыту, және өзінің тұлғалық сапаларын адекватты қабылдау қабілеттерін дамыту.

Қажетті материалдар: ескі журналдар, қайшы, клей, фломастер, қатысушылар санына сайкес парақ, магнитафон.

Уақыты: тоқсан минут.

Амандасу ритуалы

Мақсаты: жағымды атомосфераны қалыптастыру.

Уақыты: бес минут

Мазмұны: Жүргізуші: «адамдар белгілі бір іс әрекетке жұмылуы үшін алдымен психологиялық дайындықтан өтеді, Осы негізде адамдар топтың негізгі іс әрекетіне тұтастай араласады. Сіздерге бір бірлеріңізбен аманасу ұсынылады».

«Кім кімге ұқсайды» жаттығуы

Мақсаты: ассоциативті ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Уақыты: жиырма минут.

Мазмұны: өз еркімен бір қатысушы есіктің сыртына шығады. Бір қатысушыны таңдайды, сырттағы қатысушы ішке кіреді. Ол қатысушы келесі сұрақтарды топқа қояды: қай жыл мезгіліне ұқсайды? қай жануарға ұқсайды? қай өсімдікке ұқсайды? қандай мейрамға ұқсайды? Жаттығу соңына дейін жалғасады.

«Бетперде» жаттығуы

Мақсаты: өзін өзі тану дағдыларын дамыту.

Материалдар: ескі журналдар, қайшы, желім, фломастер, қатысушылар санына қарай парақтар.

Уақыты: он бес минут.

Мазмұны: Жүргізуші: «Әрбір қатысушы түтік жасайды, түтіктің сыртқы жағына адамның сыртқы жағына көрінетін мінез құлқының бейнелері салынады, ал түтіктің ішкі жағына қоршаған ортаға көрінбейтін мінез құлық қырларының бейнелері салынды».

«Мен негізінде кіммін» визуализациясы

Мақсаты: адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру.

Материал: магнитафон.

Уақыты: жиырма минут.

Мазмұны: Жүргізуші: «біздің әрқайсысымыздың ішімізде бір адам өмір сүріп жатыр, ол өзінің ойларын ешкімнің оқи алмайтынды,ын біледі. Өкінішке орай көптеген адамдар күшті қорқынышты бастан кешіре отырып, оның кім екенін білуге дайын емес. Сіздер өздеріңізбен танысқыларыңыз келе ме? Өздеріңізге ыңғайлы етіп отырып, көздеріңізді жұмып, өздеріңізді еркін сезініңіздер. Терең тыныс алыңыздар. Енді көз алдарыңызға баспалдақтан түсіп келе жатқандарыңызды елестетіңіздер, әрбір сатыда өздеріңізді сабырлы етіп сезініңіздер. Сіз сатылардан түсіп есіктің алдына келдіңіз, оны ашып тағы да басқа сатыны көріп, сол сатыдан төмен қарай түстіңіз. Сіз төмен түскеннен кейінң мұражайға ұқсайтын бір бөлмеге тап болдыңыз. Қабырғадан әртүрлі формадағы ерекше бетперделерді көрдіңіз. Ол қандай да бір тайпаның ритуалды биі үшін жарамды болуы мүмкін, ал басқалары осы бетперделерді ескі грек қойылымдарында, үшіншілері маскарадта қолданған болуы мүмкін. Осы колейдоскапта сіздерді екі бетперде қызықтырды. Сізге қайсысы ұнайды, соны таңдаңыз, жақындай түсіп жақсылап қараңыз. Ол сізде нені еске түсіреді, осы бетперденің астында не жасырылған? Енді екінші бетпердені таңдаңыз, қандай айырмашылығы бар, мұнда не жасырылған? Қарама қарсы қабырғада ілінген айнаға назар аударыңыз, осы айнадан өз бейнеңізді көріңіз. Сіз өз келбетіңізді көріп тұрсыз, енді қолыңызбен бетіңізді сипаңыз, мүмкін бұл да бетперде болар, шешіңіз. Егер бетперде шешілсе оның астында не бар екенін байқаңыз. Айнадан кейін тұрыңыз және сатыға қарай жүретін есікті табыңыз. Осы сатымен қайтадан бөлмеге қайтыңыз. Енді сіз өзіңіз туралы не білесіз? Қандай жүкпен келдіңіз саналаңыз».

«Үш соқыр және піл» притчасы

Мақсаты: басқаның пікірін қабылдамау және бір жақты көру қателігін демонстрациялау.

Уақыты: жиырма минут.

Мазмұны: Жүргізуші: «көптеген жыл бұрын бір жерде ескі ауыл болыпты. Бұл аулдың тұрғындары соқыр екен. Ұрпақтан ұрпаққа монстр туралы тарих беріліп отырған, бұл монстр орманда өмір сүріпті. Адамдар бұл орманға ешқашан бармаған, себебі қорыққан». Бір күні үші қарт адам осы орманға келеді. Орманға кіре сала қарттар пілге соғылып қалады. Бір соқыр пілдің құлағынан, , екіншісі арқасынан, үшіншісі аяғынан ұстады. Олар ауылға келіп, тұрғындарға осы жайтты айтып берді. Пілдің құлағынан ұстаған бірінші соқыр «бұл үлкен кең нәрсе» деді, екінші соқыр «бұл ұзын түтікке ұқсайтын нәрсе», үшінші соқыр «сіздердің айтқандарыңыз қате, ол өте үлкен нәрсе, бағанға ұқсайды» депті. Тұрғындар осы хайуанның неге ұқсайтынын және неден қорқатынын түсінбеді.

Сұрақтар: бір ғана белгіден адамға баға беруге бола ма? Ертегідегі тәжірибе қалай аяқталды? Олар неден қателесті.

«Серіктесіңе сілте» жаттығуы

Мақсаты: эмоционалды сергу

Уақыты: он минут

Мазмұны: қатысушылар шеңбер бойымен орналасады, жүргізуші нұсқауы бойынша бір жаққа кез келген ойыншыны қолмен лақтырады, егер серіктестің нұсқауы сәйкес келсе, серіктес шеңберден шығып қалады, сөзбен айтуға болмайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!