400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тұлғаның әлеуметтенуі» Қолданбалы курс бағдарламасы 11 «б» сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып оқушылардың әлеуметтенуі елімізде ауқымды мәселелердің бірі болғасын, басты мақсатымыз балалардың әрекеттерінін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсыну. Жеке тұлға өмірінде, елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастыру. Ең басты, денсаулық сақтау, қоршаған ортаға бейімделуі, маңызды ұлттық және халықаралық проблемалардың түйінін айқындау. Бұл бағдарлама оқушылардың әлеуметтену тұрғысынан мінез-құлық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсіндіру, ойлау қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды шешуге құлшынысын арттыруды көздейді. Әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қалай әсер ететінін, проблемаларды шешу жолдарын жетілдіру. Адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілдерін ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бекітемін:

«Шоқан Уәлиханов

атындағы Әулиекөл орта мектебі» ММ

Директоры


Жайлибаев Т.Б.___________









«Тұлғаның әлеуметтенуі»


Қолданбалы курс бағдарламасы

11 «б» сынып

Мұғалімі: ____________________




















2020-2021 оқу жылы


Қолданбалы курсы бойынша

Қолданбалы курс бағдарламасы Жаңа гуманитарлық білім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрастырылған. Оқу компонент жоғары сынып оқушыларына, көлемі 34 сағат, аптасына 1 рет өткізілетін, бағдарлама толығымен «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, тандау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйырығына сайкес құрастырылған.

Курс мақсаты:

Жоғары сынып оқушылардың әлеуметтенуі елімізде ауқымды мәселелердің бірі болғасын, басты мақсатымыз балалардың әрекеттерінін, оларды сол әрекеттерді жасауға итермелеп тұрған жалпы қоғамдық контексті түсінуге мүмкіндік беретін құралдарды ұсыну. Жеке тұлға өмірінде, елде және қоғамда кездесетін шағын әрі ауқымды мәселелердің барлығын қарастыру. Ең басты, денсаулық сақтау, қоршаған ортаға бейімделуі, маңызды ұлттық және халықаралық проблемалардың түйінін айқындау. Бұл бағдарлама оқушылардың әлеуметтену тұрғысынан мінез-құлық адамның жеке тұлғасына ғана байланысты емес екенін түсіндіру, ойлау қабілетін арттырып, осы сияқты проблемаларды жете түсініп, оларды шешуге құлшынысын арттыруды көздейді. Әлеуметтік құрылымдардың адам мінез-құлқына қалай әсер ететінін, проблемаларды шешу жолдарын жетілдіру. Адам өмірінде кездесетін қиындықтарға басқаша қараудың және шешудің жаңа тәсілдерін ұсыну.

Курс міндеттері:

Нақтылық, тепе-теңдік, сыни ойлау, түсініктілік және жаңа зерттеулерді пайдалану сияқты үстанымдарды негізге алу;

Қоғамдық проблемалар, оқушылардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің қиындықтарына тоқтала отырып, бағыт бағдар беру;

Қоғамдық-мәдени көзқарастарын, қарым-қатынастарын аз дегенде ішінара түсінуді, тереңдету;

Ғылыми зерттеулер, тарихынан мәліметтер беру;

Бұл курста әр оқушы өзі таңдаған тақырыбы бойынша ізденіп, түрлі бағытта шығармашылық жұмыстар жасауына болады.






Қолданбалы курс бойынша

күнтізбелік тақырыптық жоспар

11 сынып


 

Курс тақырыптары

Сағ

Негізгі ұғымдар

Мерзімі


1

Кіріспе.

Танысайық бұл «МЕН» тұжырымдамасы

2

Индивидтің өзінікі немесе өзі жайлы ойлары, оған тән өзін-өзі тәрбиелеу жолы. Өзіне немесе өзінің жеке қасиеттеріне байланысты қатынасын өзін-өзі бағалау немесе өзін-өзі қабылдауы


2

Балалық шақ. Жастық шақ.

1

баланың жеке тұлға болып өзін — өзі сезінуінің алғашқы сатысы. Баланың сөз әдебі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасуы, түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын білдіруі. Балалық шақтағы психология даму процесі баланың отбасымен, өскен ортасымен тығыз байланыстыруын ашу. Жастық шақ – мүмкіндіктерге толы уақыт. Бұл деген адам қолынан келгенше жақсылық істеп, бар күш-жігерін тура жолда сарп етуі. Жас кезде, жалындаған жастық жігер мен күш-қуат тасып тұрған уақыт туралы мағлұмат беру.


3

Ата-ана рөлі

2

Ата - ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез - құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені, баланың пікірімен, көзқарасымен санасып отыруы, қолдауы жайлы ой салу.


4

Гендерлік бірігейлік

2

Жыныстық айырмашылық, керекті әрекеттерді орындау, өз жынысына сәйкес белгілі бір дағдымен сөйлесу мәдениетін ұстануға итермелеу. Жаһандық гендерлік мәселелерге назар салу.


5

Білім-адамның мәртебесін айқындау

2

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыруы, рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, тұлғалық қасиет, белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан айқындау.



6

Адами қарым-қатынас

2

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарларменақпаратпентәжірибеменбіліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.


7

Бір-бірімізге сөйлейік / 

2

Өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты  қалыптастыру. Бүгінгі таңда білім алуға, заманауи болуда оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасау.


8

Патша немесе өзіне құл

2

Психологиялық жаттығулар, тренингтер.


9

Конформизм

2

Топтық қысыммен қадағаланып отыратын жүріс-тұрыс. Топ өзіне айқын көрінетін жүріс-түрыс нормалары арқылы топ мүшелерінің кірігуін сақтап қалу мақсатында жеке адамды сол нормалармен жұмыс жүргізу.


10

Бәсеке

1

 Адам мінезіндегі бір-біріне қарама-қайшы, үйлеспейтін қасиеттер, ондай қасиеттер бірдей жағдайларда сәйкес келмейтін, қарама-қайшы формадағы қылықтарды тудыру, басқа адамдармен бәсекелестік жағдайында, олардан асып түсуге, бәсекеде оларды орағытып жеңуге бағыттау.


11

Шығармашылық адам

2

Өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін тұлғаның шығармашылық қабілетін, даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық талғамдарын айқындау.


11

Дін мен қоғам

2

Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, қадірі жайлы мағлумат беру,  Қоғам жайлы терең мәлімет беру, біртұтастығын ашу.


12

Оқушының тұлғалық әлеуетін дамыту

2

Психологиялық ойындар, тренингтер



13

Күнделікті өмірді басқару

2

Уақыт, жоспар, перспектива жайлы түсініктерін кеңейіту


14

Рухани сәулет. Мәдени ықпал. Жаһанданудың ықпалы.

 4   

Мәдени мұра болып саналатын уақыт өткен сайын табиғат, адам, қоршаған орта факторларының әсерін талдау.  Жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісімен танысу.


15

Біздің айналамыздағы әлем

2

  /пікірталас/


16

Шығармашылық есептер 

2

Есеп беру сабақтары



















Қолданылған әдебиет

1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет.
6. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
7. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.

8. Д. Бринкерхоф, Р.Уейтс, С.Ортега «Әлеуметтану негіздері» 6-9 басылым 2017 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.11.2020
1119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі