Тақырыбы:Тұлғаның сәтті
әлеуметтенуіндегі әлеуметтік педагогтың
отбасымен
жұмысы
Мақсаты: -
Жеке
тұлғаның дамуы, тәрбиеленуін, білім алуын және
оның
отбасының құқықтары мен
мүдделерін әлеуметтік тұрғыдан қорғау,
тәрбиелеу арқылы
қоғамдық өмірге даярлап, қосу.
Міндеттері:
-
Отбасы мен мектеп
арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру, оқушыларға
әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету;
-
Жанұядағы дағдарыс
жағдайларында тұлғаға көмек көрсету.
-
әлеуметтік,
жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал
ету.
-
Оның денсаулығын
сақтауды ұйымдастыру.
Күтілетін
нәтиже:
жетілдіру арқылы өмірлік
мақсаттарына жете алатын, жеке
қызығу-шылықтары мен қажеттіліктерін
қоғам талаптарымен үйлестіре білетін әлеуметтенген тұлғаны
қалыптастыру.
Құралдар: А3 қағаздар, маркерлер,
түрлі түсті стикерлер.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер!
Бүгінгі
тамыз семинарымызды коучинг түрінде өткіземіз. «Бала әр ата-ананың
болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы» дегендей бүгінгі
коучингіміздің тақырыбы «Тұлғаның сәтті әлеуметтенуіндегі
әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы». Бүгінгі коучинг ерекше
сипатта өтпек. Сондықтан да, белсенді түрде қатысып отыруларыңызды
сұраймыз.
Добрый день, уважаемые коллеги!
Я – Гумарова Асель Муратовна, социальный педагог средней
общеобразовательной школы №1 п.Чапаева и Мурзагалиева Акмарал
Муратовна социальный педагог средней
общеобразовательной школы п.Харькин
представляем
Вам коучинг
«по
работе социального педагога совместно с родителями
в успешной социализации личности». Мне очень хочется, чтобы вы получили для
себя полезную информацию, которую сможете использовать в своей
работе и поделиться своим опытом с коллегами.
І. Танысу (3
мин)
Әріптестер
шаттық шеңберіне шығады.
Нұсқау: Әр мұғалем өз есімін
айтып, қысқаша ойларын жеткізуі керек «педагогикалық маманды не
үшін таңдағаның».
Я предлагаю,
нам познакомится и высказать
свое короткое суждение «Почему хорошо быть педагогом?». Каждый
участник (по кругу) высказывается, начиная со слов: «Меня зовут ….,
педагогом быть хорошо, потому что…».
Сіздің
қолдарынызда сағат берілген. Осы сағаттағы 12,3,6,9 санына Сіздің
есінізде қалған әріптесініздің есімін жазыныз. 12 санындағы
әріптеспен қол ұстасып, амандасу. 3 санындағы әріптесінізді
құшақтаныз, 6 санындағы әріптеске тілек айтыныз, ал 9 санындағы
әріптесті мақтаныз.
В ваших руках часы с
циферблатом, на цифры 12,3,6,9 напишите имена коллег, которых вы
запомнили. С именем под цифрой 12 нужно поприветствовать пожатием
рук, с цифрой 3 поприветствовать
объятием, коллеге под цифрой 6 сказать пожелание, коллеге под
цифрой 9 сказать комплимент.
ІІ.«Тұлғаның сәтті әлеуметтенуіндегі әлеуметтік
педагогтың
отбасымен жұмысы» (4
мин)
(презентация)
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін
әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін
жүреді.
Қоғамға
қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды
игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол
жеткізеді.
«Адам
тәрбиелеу, отбасында өзінің ұлы мен қызын тәрбиелеу — адамзаттың ең
бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы».
В.А. Сухомлинский
Жастар
әлеуметтенуінің ерекшелігі
|
Әлеуметтену
агенттері
|
Функциялар
|
Проблема
|
1 деңгей- алғашқы
реттік әлеуметтену
|
Отбасы
институты
|
Құндылықтарды игеру,
тәрбие
|
Жастар арасындағы
қылмыс, нашақорлық, алкоголизм, суицид, жұмыссыздық көлемінің
артуы, нигилизм
|
2 деңгей – екінші
реттік әлеуметтену
|
Білім беру түрлі
институты, әлеуметтік орта
|
Білім,тәрбие,
құндылықтар, кәсіп
|
Егеменді
еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. Есті тәрбие ұл мен қыздың
болашағы.
Негізгі тұлға — ұрпақ тәрбиелеуден басталады. «Жас бала — жас
шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген
күйінде қатып қалмақ» деп, М.Жұмабаев айтқандай тұлғаны
әлеуметтендіру аясындағы тәрбие отбасынан басталатыны
сөзсіз.
Бүгінгі
қоғамның тәрбиеші ұстаздар алдында қойып отырған басты міндеті,
артар жүгі — саналы тәрбиені сапалы білім беру мен ұштастыру. Жан —
жақты дамыған, өзіндік ой пікірі қалыптасқан, өмірге араласа
алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру.
Тұлға ретінде — тәрбие процесінде басты мақсат болып табылады.
Сондықтан тұлға — тұтастық күйінде дамыған, қалыптасқан адам. Абай
айтқан «Толық адам» болмысын жасауды міндет ету — мектептің жүзеге
асырар танымдық процесінің де негізгі мұраты.« Ақыл, қайрат,
жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден бөлек» — деген сөзі
де жеке тұлға тәрбиелеудегі бағыт ретінде алуы да
дұрыс.
Қазақстан
Республикасының Конститутциясында «Балаларына қамқорлық жасау және
оларды тәрбиелеу- ата — ананың табиғи парызы»- деп отбасының
міндеті анық көрсетілген.
«Қазақстан -2030″ бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта
қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Мұнымен бірге, «Отбасы
туралы заң» жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына
өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті
жүктелген.
Отбасы —
баланың жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның
құндылықтарын біліп, өзінің қалай ұстау керектігі туралы алғашқы
мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым — қатынас
орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Қазіргі заманда отбасының
құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми
түсті.
Отбасына
асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосу себепті
олардың рөлдік қызметі теңеліп, жауапкершілік сипаты да өзгермелі
күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше,
аналар отбасы үшін жауапкершілікті өз мойына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі: толық емес отбасылар көбейіп,
ата, әке, қайын -жұрт, нағашы жұрт секілді тағы да туысқандық
байланыстар әлсіреді.
Ер бала болсын, қыз бала болсын әке — шеше
не істесе де соған үлгі, өнеге. Содан үйренеді, көргенін бірде
болмаса бірде қайталайды.Ата-ананың ықпалы өзінен өзі бола
қалмайды, балалар ата — ана қылықтарын көзімен көреді, ал бір
көргеннен тағыда, тағы бір рет көргесін санасында мықтап орын
алады. Естігені де осы қағида бойынша формула сияқты санада қалқып
шығып, іс — әрекетке айналады. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі,
мінез — құлқы ғана емес, қоршаған заттар да әсер етеді.
Тұлғаны
әлеуметтендіру аясында отбасы тәрбиесіне арқау болар жұмыстарды
еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлыда Республикалық «Мерейлі
отбасы» байқауын ұйымдастырған болатын.
Қорқыта
айтқанда, бүгінгі таңда жан-жақты дамыған тұлғаны
адамгершілік,рухани жағынан тәрбиелеу отбасынан басталатыны сөзсіз.
Осы жағдайда отбасы мен мектептің бірігіп жұмыс жасағаны жөн.
Бірлескен іс-әрекеттің негізінде кеткен олқылықтарды бірітіндеп
оңалтуға болады.
Ендеше,
Белинскийдің: «Тәрбие ұлы іс,
тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген ұлағатты сөзбен
сіздің алдарынызға №1 ОЖББМ-нің әлеуметтік педагогінің «Тұлғаның
әлеуметтенуі жүйесінің моделін» қарауға ұсынамыз.
ІІІ.
Топқа бөліну: (5 мин)
Әр қайсының
алдарынызда сөздер жатыр. Сол сөздерді алып, сөйлем құрастырып, өз
тобынызды табыныз.
-
«Бала әр ата-ананың болашағы.
Ол – оның өмірінің жалғасы».
-
ӘКЕ, АНА ҮШ-АҚ ӘРІП
ТІРШІЛІК,
ҮШ ӘРІПТЕН ҮЛБІРЕЙДІ ГҮЛ
ШЫҒЫП.
Практикалық бөлім. Постармен
жұмыс:
«Отбасы - бұл ...»,
«Мектеп – бұл...» 2 топ осы сөздерге
анықтама жазып, әлеуметену жұмыстарын жүргізуі жүйсін
құрастырады,
сызба, кесте, модель түрінде таныстырып,
қорғайды.
Практическая часть.
В
ходе тренинга решаются следующие задачи:
-
продемонстрировать преимущества командной работы;
-
усовершенствовать общение в команде;
- освоить
навыки обратной связи;
- получить
удовольствие от совместной работы.
Уважаемые коллеги! А сейчас прошу вас
выполнить применить прием «Перекрестные ассоциации». ( участники
составляют недостающие понятия. Школа-семья-... (время выполнения задания 5
мин., затем каждая группа представляет свой вариант).
Упражнение
І.
ІІ. Эрик Фромм: «Мен
және қоршаған әлем» квадрат ойыны(3
мин)
Тапсырма:төрт фигураның ішінен
өзіңізге бір фигураны таңдаңыз. Таңдап болсаңыз, фигураның ішіне
өзіңіз қалаған төрт жануарды жазыңыз.
А шық, тәртіпті
жақсы көретін адам
Қарама-қайшы:сөзі мен
ісі сәйкес келмейді
Мінезі тік, айтқанынан
қайтпайтын адам
Сабырлы, асықпайтын жай
адам
Жануарлар:1.Балаға деген көзқарас
2.Отбасындағы көзқарас 3.Қоғамға көзқарас
4.Өз жұмысына
көзқарас.
ІІІ. Жағдаятты талдау(5
мин)
Мақсаты:
ІV. Сергіту сәті(3
мин)
V. «Толық банкі»
бейнебаян. Тілек жазу. (7 мин)
Алдарыныздағы түрлі түсті
қағаздардан гүл мүсінің қиып алып, ішіне тілек жазып «Бала –
өмірдің гүлі» атты плакатына жапсыруға болады.
VІ. Қорытынды
“Бір жас жігіт
түсінде дүкенге келіпті. Дүкеннің сатушысы қарт адам екен. Жас кісі
бірден мынадай сұрақ қойыпты: “Мырза, Сіз не сатасыз? Дүкеніңізде
не бар?” Қария: “Сізге не керектің барлығы бар, қалауыңызды
сұраңыз” – депті. Жас жігіт былай деп тізе бастапты:“ Мен әлемнің
біртұтастығын, тыныштық пен бейбітшілікті, кедейшіліктің жойылуын,
сүйіспеншілік пен діндер арасындағы келісімді, әйелдер мен ерлер
арасындағы тепе – теңдікті қалаймын, сонымен қатар...» Сол кезде
данышпан қария оны тоқтатып: “Кешіріңіз , Сіз мені дұрыс
түсінбепсіз. Біз жеміс сатпаймыз, тек тұқымын ғана сатамыз”, –
депті. Ендеше алдарымыздағы
жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтардың тұқымын сеуіп қана қоймай,
оның жайқалып өсуіне де жағдай жасай білейік! Алдарыныздағы түрлі
түсті қағаздардан гүл мүсінің қиып алып, ішіне тілек жазып «Бала –
өмірдің гүлі» атты плакатына жапсыруға болады.