Материалдар / Тұлпардың шабысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұлпардың шабысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қаныш Сәтбаев мұрасын зерттеушілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2021
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Cұлтан қаласы

61 орта мектеп

Есенкелдіқызы Нұргүл

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



ТҰЛПАРДЫҢ ШАБЫСЫ


Аптап ыстықтан қаңсырығым кеуіп шөлдегесін Ұлытауға жеткенше қалай шыдаймын деп уайымға түсіп келе жатқанда Күмісбұлақтың төбесі көрінді.

Манадан Ұлытаудың табанына аяқ басқалы, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев есімнен кетер емес. Біреу - батыр , біреу - ақын , біреу - жырау тіпті біреулер ойшылда да болады. Иісі қазақтың қай саладада аты шыққан , елге үлгі боларлық тарлан боздары халықтың ырыздығы үшін жаралған шығар.Бір ғажабы қайсысын алсаң да , сегіз қырлы, бір сырлы. Мысалы Қаныш Сәтбаевтың Әлкей Марғұланға берген ғылыми бағыты арқасында, Қазақ археологиясы осы Ұлытаудан бастау алды. Ә.Марғұланды әуелі «халық жауы» деген атақтан, қуғын-сүргіннен қорғайды, сосын оған туған еліне қалай қызмет ету керек екендігі жөнінде кеңес берді. Өзі де алдымен Ұлытау өңіріндегі тарихи, мәдени ескерткіштерді зерттеп, этнографиялық мұралады жинап алды да «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбек жазып, Ә.Марғұланның қолына ұстатты. Себебі Қ Сәтбаевтың алдында әлі де басқа ғылым мен өнер саласында міндеттер тұр еді. Ғұламаның қанына сіңген қасиет елі үшін басын тігіп , көре алмаушылық , бақталастық деген қисық мінездерді қасына жолатпауы еді.

Міне, уақыт өте келе археология, этнографиялық зерттеулерді дамытқаны үшін Ә Марғұланды Алматыдағы КСРО ғылым акедемиясын жұмысқа алып қазақ тарихы туралы қалай айналысуы керектігі жөнінде бағыт берді. Ә Марғұлан өзінің ғылыми жұмыстарын Бегазы Дәндібай мәдениетінен бастап, этногендік жүйенің, қандағы қасиеттің қазақ халқында басқаларға қарағанда асқақ екендігін дәледеп шықты.

Жоғарыда айтқандай, Жезқазған жерінде жүргесін ғана Қ.Сәтбаевты есіме алу себебім, мен ол кісіні Медеу Сәрсекенің кітабын оқығанша, осы Жездінің тумасы деп келдім. Ғұламаның шыр етіп дүниеге келген жері Баянауыл өңірінің Теңдік ауылына жақын, жобамен бір шақырамдай жердегі Айрық елді мекені екен. Тектіден текті саралап, Сәтбай қажының ұлы Имантайдың айға алақанын жайып, күнге тізесін бүгіп бала сұрап жүргенде, бәйбішесі Нұрым Тасболатқызы, өзінің таңдауымен отыздан асқан Әлиманы алып беріпті. Әлиманын да алғаш таңдаған жері Мұса Шорманның алтын босағасы болғанмен, тағдырдың жазуымен көпке бармай жесірліктің қамытын кисе керек. Енді Нұрым бәйбішенің, күйеуі Имантайға тең көріп қасына шақыруы, Әлиманың да баянсыз бақыттың құрбандығынан екендігін, әйтпесе көргенді жердің қызы екендігін бағалауы шығар. Бәйбішенің ниетін Жаратқанның өзі қолдады ма, болмаса ширек ғасыр Имантайдың шаңырағында шарананың дауысын күткізіп-күткізіп, ақырында бір қыз беріп, оны да қыршынынан қиып қайтып алған тағдырдың қайтарымы ма, әйтеуір, 1899 жылы 12 сәуірде Әлима осы Қанышты Нұрым бәйбішенің қолына ұстатыпты. Тағдыр деген сол, әуелі сынайды: жардан домалатып, сосын мінейді. Өткен-кеткендер саған тас лақтыртып, ақырында өз қүніңді өзің көр дегендей далаға тастап кетеді. Міне, ақ сүтімді таңдайыңа татып болдың ба дегендей Қаныш үшке келгенде Әлима « іш-кірнесінен» қайтыс болады. Мүмкін Нұрым бәйбішенің асты-үстіне түскен мейіріміне сенді ме, әйтеуір бұйырықтан аса аламапты. Иіс қазақтың әңгімесі «шыр етіп жерге түскенде» деп басталады ғой. Сол секілді Қаныш өмірге келгесін әкесі Имантай, Құдай ауызына салған шығар, Ғадулғани деп қойыпты. Арабшадан алғанда бұл сөз «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз, Алланың құлы» деген сөз дейді. Шындығында жер асты мен бетіндегі «шексіз байлықты» тауып, адам игілігіне жаратқызып отыр, шексіз білім беріп отыр.

Қаныш Сәтбаевтың соншалықты дарынды, алғыр болуы алғашқы ұстаз алдын көрген сәттерден-ақ басталған деп ойлаймын. Қарасаңыз, ауыл молдасынан кейін , Шорман ауылындағы мектептің төрт жылдық бағдарламасын үш-ақ жылда меңгерген. 1911 жылы Павлодардағы орыс-қазақ училищесін, бір жыл мерзімінен бұрын бітіріп, 1914 жылы Семей мүғалімдер семинариясына түсіп, оны да төрт жылда аяқтап, орыс тілінен бастауыш кластарға сабақ беруді бастайды. Тәжірибиесі мен білімін шыңдай отырып, алаш зиялыларының қазақ халқына білім берудің ұтымды жолын қарастыру мақсатындағы жоспарына сәйкес істер атқарды. Әлихан Бөкейханов географияға, Мағжан Жұмабаев педагогикаға, Ахмет Байтұрсынов қазақ тіліне, Халел Досмұхамедов анотомияға, Әлімхан Ермеков математикаға оқулықтар дайындады. Ал ең күрделі пән алгебраға оқулық дайындау Қ Сәтбаевқа жүктелді. Ол кісі жазған алгебра оқулығының көлемі 1642 бет болды. Кітап 1924 жылы араб графикасымен 1929 жылы латын графикасына көшірілді. Қолжазба 314 параграфтан тұрады, 220 математикалық пәндерді орысша-қазақша сөздік және логарифмдер кестесі енгізілген. Бұл оқулықтың ерекшелігі ана тілінде жазылуында. Сол кездің үздік оқулығына жатады, А.Киселевтің оқулығынан кемде емес Себебі ол оқулықты жазарда Киселевпен ғана шектеліп қоймай Тодгеттер, Берпуган секілді батыстың профессорлары жазған оқулықтарды басшылыққа алған. Жалпы Қ.Сәтбаев геологияға дейін ұлтымыздың білімінің , тарихи дамуының, әдебиетінің өркендеуіне үлес қосты. Оған Семей семинариясында бірге оқыған досы Мұхтар Әуезовтің де ықпалы болған шығар. Кейін Томскде оқып жүргенде Қ Сәтбаевтың қолына «Ер Едіге» жинағы түседі. Бұл «Ер Едіге» жырының бұрынғы қағазға түсірушісі, жаңа нұсқасын жасаушы этнограф Шоқан Уәлиханов пен Платон Мелиоринский екен. Осы жырдың қатесін түзеп, Мәскеудегі КСРО баспасынан 1927 жылы басқызып шығартады. «Ер Едіге» жырының алғашқы бетіне Қ Сәтбаевтың өзі: «Ер Едіге қазақ батырлары ішінеде ең маңдай алды, аруағы күшті, сәулесі күшті шолпан есебінде көрініп тұр», - дейді. Сыпыра жырау Едігені Ер Шыңғыс, Әз Жәнібек, Ақназар сынды ерлерден артық сипаттайды. Едіге эпосының генезисі, жанрлық ерекшелігі, дәуір шындығын елестету жөнінде талдау жасаған Сәтбаев, жырдың кейбір қабыспайтын тұстарын қайта қарап, оны мейілінше жатық, нағыз қазақ тілінде жазылуына назар аударды. Рас бұл эпос Ахмет ноғайдың көп өзгертулеріне ұшырап, ноғайша сөйлеп кеткен де болатын. Негізі Әмір Темір заманында жырланған батырлардың жиынтық образы болуы да мүмкін. Алтын Орда батыры Едігенің Тоқтамыспен шайқасы баяндала бастайды да, арты аңызға айналып татар, ноғай, құмық, башқұрт, қырым татарлары, қырғыз, түркімен халықтарының аңыздары қосылып кетеді.

«Өкінішке орай 1951 жылы Қ.Сәтбаевты Қаз ССР Ғылым академиясының президенті қызметінен босатуға ықпал еткен себептердің бірі де осы Ер Едіге жинағы екен».

Қ.Сәтбаевтың өмір жолы жазылған дәптердің қай парағын ашсаң да керемет бір талант иесі екендігі көрініп тұрады. Талантты баланы екі жыл ғана оқытқан ұстазы Г.В.Тереньтев «Имантай абзи, мына балаңыз зерек қана емес, тума дарын иесі, ұғымталдылығы бөлек жаратылған, вит! Мұны қалада, үлкен жерде оқыту керек», - депті.

Енді Қ. Сәтбаевтың музыкаға қабылеті туралы сәл тоқталсақ: ол кісі жасынан домбыра тартып, ән салуды әдетке айналдырған. Ғұлама ғалымның әнге әуестігі атасының қанымен берілген қасиет болса керек. Себебі атасы Сәтбай да, әкесі Имантай да өнер десе ішкен асын жерге қоятын жандар екен. Атақты ұстаз Нәзипа Құлжанованың да тәрбиесінде болып, бір көріністерде Қобыландының бейнесін сомдап, бірнеше өлеңдер орындағандары да айтылады. Бала Қаныш кезінде домбыра шертіп, Мұстафаның, Жарылғапбердінің әндерін, халық әндері «Бір бала», «Шамаларды» әуелетіп шырқаса, кейін сол әндерді қазақтың ән мұрасын жинаушы Затаевичке де айтып берген. Александр Затаевичтің «Қазақтың бес жүз» әнінің ішінде жиырма бесін дайындап берген де Қ.Сәтбаев екені айқын. 1931 жылы А Затаевич қазақ даласын кезіп жүргенде Қанышқа кездесуін айтсайшы, Баянауыл әндерінің жан тебірентерлік әуендерін бойына сіңіріп өскен азамат, шебер орындаушы ғана емес қазақ әндерінің шығу тарихында орыс тілінде жазбаша баяндап берсе керек.

Бұл жерде Жүсіпбек Аймауытов екеуінің сахнаға бірге шыққандығы жөнінде де нақты дәлелдер бар. Жүсіпбектің айтуынш, Қаныштың жақсы көретін әндерінің бірі - Едіге бидің ұрпағы Мұсаның әні «Бүркітбайды» шын жүректен сүйсініп орындайтын көрнеді. Қаныш Имантай ұлымен етене жақын Әлкей Марғұлан былай деп жазыпты : «Оқудан бос уақытын студент Қаныш бір ғана іске, ой санасын байыту мәселесіне жұмсайтын, көп уақытын Томск университетінің кітапханасында өткізіп қазақтың тарихы, этнографиясы жазылған деректерді іздеп тауып үңіле оқитын. Олар жайлы бірнеше мақалалар жазатын».

Қ.Сатбаев аса көрнекті ғалым геолог ғана емес, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, әлемдік деңгейге дейін көтерілген ойшыл ғұлама және мемлекет, қоғам қайраткері. Ғұламаның қолынан бірнеше жүз ғылыми еңбектер шықты. Қазақстанның өзінен мыңдаған шәкірт тәбиеленіп күні бүгінге дейін олар сол жолды жалғастыруда. Алғашында Томск технология институтының профессоры Михайл Антонович Усовпен танысады. Тәжірибелі ұстаз М А Усов, бірінші кездесуде-ақ дала бозбаласының ақыл-ойы мен жүрегіне геология деген қызығушылық отын жағып кеткен еді. М.А.Усов Қазақстанның геологиясымен тау-кен байлықтары туралы көптеген әңгімелер айтады. Өз өмірінде өзгеше ұстазы санаған М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Томск технология институтының кен факультетінің барлау бөліміне оқуға түседі. Студент кезінде- ақ палеонтология және тарихи геология кафедрасының оқытушысы В.А.Хохлов: «Бұл өзі оқуға жан-тәнімен берілген студент» еді деп баға берді. Томскіден оқуды бітірісімен, 1926 жылы Қаз ССР Халық шаруашылығының орталық Кеңесінің жолдамасымен Қаныш Имантай ұлы Жезқазғанға келеді. Алғашында Жезқазған қаласының мысы аз болашағы жоқ дегендер болған оған қарсы болып іске кіріседі. Оған бірден бір себеп М.А.Усовтың Қазақстан байлығы жөнінде айтқан әңгімесі де еді. Ақыры көп ұзамай 1931 жылы Жезқазған мысы К С Р О- да бірінші орын алатынын дәлелдеді. Қаншалықты қоры бар екендігін барлау бойынша анықтап берді.

КСРО-дағы Қазақ филиалының геологиялық институтының (1941-64) алғашқы директоры, Қаз ССР-ң ҒА президенті (1946-52) , КСРО Ғылым А академигі. Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958 )

Қаныш Имантай ұлы геологияда металлогендік бағыттың негізін салды. Бұл қызметі жақсы бағаланып Лениндік сыйлық та алды. Қазақстанда атқарған еңбектеріне тоқталатын болсақ, Қарағандыдағы металургия заводының құрылысы, Қостанай, Атасу темір кентін игеру, кенді Алтайдың , Қаратаудың фосфорын игеру сияқты істерін алға тартамыз. Орталық Қазақстанның ірі өндіріс орталықтарын сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуде Ертіс Қарағанды каналының құрлысы жобасы да осы кісінің бастамасы бойынша жасалды. 1958- 59 жылдары бұл жобада Ертіс суын Сарыарқа жонына көтеру болатын. Бірақ бұл жоба белгісіз себептермен кешіктіріліп 1961-67 жылдары іске асты. Ертіс суы Екібастұзды жанамалап 475 метр, теңіз деңгейінен, биіктіктегі Теміртауға жетті.

Қаныш Имантай ұлының арқасында металлургиялық процестерді жетілдіру жолында ғылыми зерттеу жұмыстары қанатын кеңге жайды, сонымен қатар кен байлығы жөнінде әлемдік деңгейге жетті.

Өмірінің соңғы жылдарында ол республикалық халық шаруашылығын химияландыруға байланысты проблемаларды көтерді. Қаныш Имантай ұлының елімізде кен орындарын ашуға қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ол кен орындарын ашып қана қоймай сол жерлердің метогендік карта жасап, кен қорын санап қойды. Еліміздің байтақ өңірінде темір құрамдас рудаларға, мұнайға, газ, тас көмірге жүргізген геологиялық барлау жұмыстары біздің елдің болашағы зор, байлығы мол екенін дәлелдеді.

Қ.Сәтбаев сонымен қатар физика математика ғылымдарына да әсіресе ядролық физиканың дамуына жоғары мән берді. Сосын да болар Қаныш Имантай ұлының бастауымен ядролық физика институтының комплексті құрлысы басталды. Әрине бұл биология саласындад а ғылыми зерттеудің дамуына бірден бір қуатты база болды. Қазақстан ғылым акадеиясының қызметінің басты мазмұны Қазақстанның өндіріс күштерін дамытуға бағытталған кешенді зерттеулер жасау үшін жаңа институттар, ядролық физика, математика, гидрогеология, гидрофизика т .б иституттар ашылды. Мысалы: Гурьевте мұнай химиясы, табиғи тұздар, Қарағандыда химия металургия, Өскеменде Алтау тау кен металургиялық, Балқашта ихтиология және балық институты өмірге келді.

Қазақ ССР ғылым академиясының геология институтын құрудағы ол кісінің еңбегін айтып жеткізе алмаймын. Қаныш Имантай ұлының сол кездегі КСРО-дағы белелелінің арқасында, Геология министрлігі ұйымдастырылды. Ол министрлікті алғашында А.Богатырев басқарса, кейін өз ұлтымыздың өкілі Ш.Есенов басқарып, осыларадың арқасында Маңғыстауда ірі мұнай кені, Орталық және Шығыс Қазақстанда алтын және сирек кездесетін металдар кені ашылды. Нәтижесінде көптеген дарынды геолог ғалымдар тобын тәрбиелеп шығарды. Осылай ғылымның жан-жақты дамып, оның Қазақстандағы өндіргіш күштердің дамуындағы рөлін көтеруі Қ Сәтбаевтың басшылығының арқасы. Имантайұлы өмірінің соңына дейін ғылымдағы ілгері ойдың, барша жаңалықтардың қолдаушысы болды. Ол әрқашанда өмірді және біздің еліміздің халықтарының ерекшеліктерін терең білумен таңқалдыратын. Өздеріңіз білетіндей 1920 жылдары ашылған Жезді кен орынының кейін соғыс жылдары, марганец рудасын танк жасау ісінде бронь прокатын шығаруды арттыруда және елдің әскери қуатын өсіріп, орасан зор маңызға ие болғанын белгілі. Қ.Сәтбаев Қазақстан аумағын техникалық экономикалық бағыттарының белгілеріне қарай он бір өңірлік кешенге бөлді. Өнеркәсіпте Соколов Сарыбай тау кен байыту комбинаты, Теміртау металлургиялық құрлысы, Қаратау фосфорит қоры негізіндегі минералды тыңайтқыштар өндіріс сияқты кезек күттірмейтін жұмыстарды бастап кетті.

Өз заманының табиғи зерттеушісі әлемдік өреге көтерілген ғұлама ғалымдығы мен шебер ұйымдастушылығының арқасында көш бастаған қазақ ғалымы төрт Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан Соғысы медалымен марапатталды .

Бүгінге дейін қырық жасында ел басқарған Қаныш Имантай ұлы туралы көзі тірісінде көрген адамдардың бәрі үлгі боларлық азамат еді деп отырады. Жарқын жүзді, адамгершілігі бойына тұнып тұрған ғұламаны мемлекет қайраткері ретінде танимыз. Және де елін сүйген ер ретінде, халқын өзінен соншалықты биік қоятындығын естігенде қайталанбас тұлға еді деп бас иесің. Сөзіміздің дәлелі: 1947 жылы КСРО Жоғарғы Советінің делегатциясы құрамында Англияға барғанда У. Черчиллге «мен қазақтардың кішкентайымын, халқым менен де биік» деген жауабы.

Бүгін кемеңгер ғалым Қ.И.Сәтбаев туралы әңгіме жазып отырмын, жазушы ағаларымның деректерінен аттап бетіме кетуге мүлде басқа бағытқа кетуге шама да жоқ. Дегенмен, менің ойымша, жан-жақты, қай салада болса да арқасы көрініп тұратын, әрі ғалым, әрі жыршы, әнші , әрі математика, физика саласында, геология болса болмаса да, сегіз қырлы адам туралы бір ауыз сөз жазу қиынның қиыны екен. Қасиетті Ұлытаудың аясында тұрғасын ба, Қаныш Сәтбаев туралы жазған Медеу Сәрсеке жазған роман эссесі., Қабдеш Жұмаділов жазған « Академиктің көз жасы» әңгімесі, Әлішер Қоғабаевтың естеліктерін есіме түсіргесін бе, ойымды жинақтап жазуға кірістім. Бірақ тұлпардың шабысы қанша жерден төтеден қосылсам да шаң қаптырып кете берді. Табиғат берген білім мен жігер, сана мен парасат кеудесіне тұнып тұрған Қ.И.Сәтбаевты тұлпарға теңедім де, әңгімемнің тақырыбын «Тұлпардың шабысы» деп қойдым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!