Түрік
қағанаты
Түрік қағанаты жерімізде
құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттің бірі. Қағанат
оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсылармен
шектесіп жатты. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес
халықтардан тұрады. Олардың басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары
құрады. Теле – түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі
бойынша “теле” сөзінен “түрік” атауы қалыптасқан. 542 жылғы қытай
жылнамасында түрік этнонимі туралы жазылған. 552 жылы Түрік
қағанаты құрылып, 603 жылға дейін өмір сүреді. Бумын қаған
жужандарды жеңген жеңісі үшін “елхан” деген атақ
алады. Алайда Бумын 552 жылы қаза болып, орнына баласы
Қара-Еске қаған болады. Қара-Еске қағанның бастауымен түріктер
аварларды Орхонның жоғары жағындағы Букрат тауларында екінші рет
жеңді. 552-554 жылдары Мұқан қаған кезінде жужандар бас көтерместей
болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы
қожасына айналды. Түріктер Орта Азияның ішкі аумақтарына жасаған
жорықтарында эфталиттерден қатты қарсылық көрді. Түріктер
эфталиттерді он жылдан кейін, 563-567 жылдары жаулап алды. Қытай,
Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттерге өздерінің саяси ықпалын
жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды. Түріктер негізгінен
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Тараз
қаласы маңынан қыстақ-кенттер табылған. “Күлтегін” жазба
ескерткішінде де қала туралы сөздер кездеседі. Түріктердің алғашқы
кездегі мәйітті өртеп жерлеуі отқа табынушылықтан туған. Кең байтақ
жерді алып жатқан Түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа
бағынған күшті мемлекет бола алмады. 581 жылы қағанаттың өз ішінде
соғыстар басталды. Бұл жағдайды пайдаланған Қытай және басқа
мемлекеттер түріктерге шабуылдады. 603 жылы Түрік қағанаты Батыс
және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінді
-
545 жылы түріктердің бейбіт
қатынаста болған мемлекеті:
-
Қай жылы араб қолбасшысы
Күтейба ибн Мүслим Шашты басып
алды:
-
Алтай тайпаларын бағындырған
қаған:
-
Мұқан қаған тұсында түріктерді
атады:
-
Тайпааралық соғыс
басталды:
-
Түрік тайпаларының қыстаулары
орналасты:
-
Түрік этнонимінің қытай жылнамаларында белгілі
болған уақыты:
-
Түрік қағанатының өмір сүрген
жылдары:
-
Түріктер Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз бойына
үстемдік етті:
-
Түріктердің
наным-сенімі:
-
Түріктердің эфталиттерді жаулап алған
жылы:
-
Қазақстан аумағында құрылған алғашқы феодалдық
мемлекет:
-
Қара-Еске қағанның аварларды жеңген
жері:
-
Қыстақ-кенттер табылды:
-
Қытай билеушілерінің түріктерге төлеген
салығы:
-
” Елхан” атағын алған түрік
қағаны
Батыс
Түрік
Қазақстан аумағында 603 жылы
Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу
өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта
орналасты ( Жамбыл облысының Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға
дейінгі жерді алып жатты. Он тайпа бес нушеби және бес дулу
тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси
билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін,
батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон
қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы
алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік
үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634
жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып,
“он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери
жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс
қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы
Жетісуға басып кіреді. Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде
қаған - жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы
лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад,
елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар
атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған.
Қарапайым халықты” қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат”
сөзі құл деген мағынаны білдіреді. Қағанаттағы негізгі шаруашылық -
маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды.
Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың
бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады. Ал Шығыс Түрік
қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған
қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы –
Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты
қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын
асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп,
ыдырай бастады.
-
659 жылы Жетісуға басып кірген
мемлекет:
-
Батыс Түрік қағанатының
алғашқы билеушісі:
-
Батыс Түрік қағанатының
орталығы:
-
Батыс Түрік қағанатының
халқы:
-
Билік үшін талас
басталды:
-
Ешбар Елтеріс қаған енгізген
жүйе:
-
Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған
билеуші:
-
Салықтың “қанмен өтейтін”
түрі:
-
Сот
істерін атқарушылар:
-
Тон
қағанның одақтасы болған ел:
-
Түрік қоғамында құлдықтың болғандығын аңғартатын
дерек:
-
Түріктер жаппай отырықшылана
бастады:
-
Шегу қағанның билік құрған
кезі:
-
Шығыс Түрік қағанатының өмір сүрген
жылдары:
-
Қазақстан аумағында 603 жылы құрылған
мемлекет:
-
Қағанаттағы жоғарғы билеуші және
әскербасы:
-
Қытай басқыншыларын жеңген
қаған:
-
Қытаймен тиімді шарт жасасқан Шығыс Түрік
қағаны:
-
“Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген”- деп
жазған
Түргеш
Түргеш қағанаты 704- 756
жылдары аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші
ордасы Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі
жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш
(Ташкент) қаласынан Бесбалық , Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан)
дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны –Үшлік. Түргештер сары
және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің
бойында өмір сүрген. Сұлу қаған үш жақты күрес жүргізді.
Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден,
шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағандығы
Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған
шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық
жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі
қатынасуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған
“Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы Таразға жақын
жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар мен қарлұқтар
бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман
қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Бірақ жікке
бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды
пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып,
билікті өз қолдарына алды. Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі
мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды. Түргештер
көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін
салумен шұғылданды.
-
748
жылы Суябты жаулап алды:
-
Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған
бірлескен ел:
-
Түргеш мемлекеттің әлсіреуі нәтижесінде ……. жылы
Қарлұқ қағанаты құрылды:
-
Үшлік хан қай мемлекеттің қағаны
болған:
-
Арабтардың Сұлу қағанға қойған
аты:
-
Атлах шайқасында бірігіп
шайқасты:
-
Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген
қаған:
-
Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес
халық:
-
Соғды жеріндегі арабтар қуып
шығарылды:
-
Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған
уақыты:
-
Сұлу қағанның Тоқарстандағы арабтарды жеңген
жылы:
-
Сұлу қағанның шығыстағы жағдайды жақсартуда
қолданған тәсілдері:
-
Сұлудың орнына келген
қаған:
-
Түргеш теңгелері соғылған
қала:
-
Түргеш қағанаты құлады:
-
Түргеш қағанатының негізгі жер
аумағы:
-
Түргеш қағанатының
орталығы:
-
Түргештер туралы алғашқы
деректер:
-
Түргештерде шаруашылықтағы негізгі мәселенің
бірі:
-
” Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері
жоқ”-деп жазған ғалым: