Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Түрлі-түсті көкөністер»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс-әрекеті: Сенсорика
Тақырыбы: «Түрлі-түсті көкөністер»
Мақсаты: дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, қияр – сопақша, қызанақ - дөңгелек;
Міндеттері:
Білімділік: 2 әртүрлі пішінді (сопақша, дөңгелек) және 2 әртүрлі көлемді (сөздік нұсқау бойынша үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асырып, заттарды көлемі мен пішініне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру;
Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бір түсі үлгі қалып (30*20 см); пішіні және өлшемі бойынша дөңгелек пен сопақшаға (әр балаға) сәйкес болатын диаметрі 4 см дөңгелек шеңбер) және сопақша (сопақша диамтрі 2*4 см) ойықтар; бір үлгі қалыпта; балаға салу үшін 3 дөңгелек пен 3 сопақша сәйкес келеді, 3 сопақша және 3 дөңгелек қиынды; Ойынға арналған жинақ: «көкөністер» қияр (10 дана), қызанақ (10 дана).
Сөздік жұмыс: сопақ, дөңгелек.
Мотивациялық – қозғаушылық
Ойындық жағдаят.
Педагог балаларды көжек пен қонжыққа қонаққа
баруға шақырады.
-Оларға біз не сыйлаймыз?
– Мен көжек қиярды ұнататынын, ал қонжық қызанақты жақсы көретінін білемін.
Балалар аңдарға қонаққа бармақшы болып шешеді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Қараңдаршы, міне қиярлар және қызанақтар . Көжегіміз бен қонжықты тамақтандырайық.
-Балалар, қолдарыңа ойыншық көкөністерді алыңдар: қызанақтар қызыл, әрі домалақ. Ал қиярлар жасыл, сопақша.
Педагог үстелге көжек пен қонжықты отырғызады, әрқайсысының алдына тәрелке қойып, былай деп ескертеді:
-Көжекке – қияр, қожыққа – қызанақ.
Көжек пен қонжық дәмді сыйлықтар үшін алғыс айтып , бірге ойнауды ұсынады.
Сөздік жұмыс: сопақ, дөңгелек.
Балалармен жұмыс жүргізеді. «Көкөністерді жасырып қой!» дидактикалық ойыны.
Педагог қосымша қатты қағаздарды көрсетеді.
-Бұл – қызанақтар (дөңгелектер), ал мынау – қиярлар (сопақша).
Сәйкес келетін ойықтарға саламыз:
«Көкөністер тығылды!» (Қосымша қатты қағаздар үлгі қалып түсімен бірдей болып шықты).
Балалар тексере қарайды: бір қолынан екінші қолына ауыстырады, саусақпен шеттерін жүргізеді, алақандарында қысады.
Балалар кезекпен ойыншық көкөністерді тәрелкеге салады. Көжекке қияр, қонжыққа қызанақ береді.
Сопақ, дөңгелек сөздерін қайталайды.
Ойындық әрекет үрдісінде балалар көкөністер атауын қайталайды.
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар, қарандар, көжек пен қонжық не істеп жатыр екен?
Көрініс: аңдар көкөністерді жеп, бір-біріне сыйлап және балаларға алғыстарын айтады.
Балалар көжекпен, қонжықпен қоштасады..
Күтілетін нәтиже:
Қабылдайды: дөңгелікті және сопақша пішіндер болатынды.
Түсінеді: толықтырушы заттармен жұмыс жасау дағдысын.
Қолданады: 2 жаңа фигураны (сопақ және дөңгелек) және көкөністердің атауын және олардың түстерін,
Білім беру саласы: Таным, денсаулық, қатынас
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Сенсорика.
Тақырыбы: Әртүрлі жемістер
Мақсаты: Балаларға жемістер туралы түсінік беру, түстер мен пішіндерін
ажыратуға үйрету, денсаулыққа пайдасы туралы мағлұмат беру.
шапшаңдыққа, тазалыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Ойлау
қабілетін, тілін, сөздік қорын дамыту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын сергіту, күтпеген сәт.
Көрнекілік: жемістер, себет, суреттер. Двд
Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші-ұйымдастырушы
Тақырыбы:
Жемістер
Мақсаты:
1. Балалардың жеміс - жидектер туралы
білімдерін арттыру.
2. Олардың алуан түрлілігі туралы ұғымдарын
дамыту.
3. Тазалыққа, денсаулығын да күте білуге
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суретті сөзжұмбақтар,
ребустар
Әдіс - тәсілдер: Суретті ребус,
сөзжұмбақтарды шешу. Сұрақ -
жауап.
Барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Балалардың оқу іс - әрекетіне даярлығын
қадағалау.
2. Өткен тақырыпқа
шолу.
а) Сұрақ - жауап арқылы өткен тақырыпты еске
түсіру.
Жаңа оқу іс -
әрекеті:
Тәрбиеші: Қандай жемістерді
білесіңдер?
(Балалар өздері білетін жеміс - жидектерді
атай бастайды)
Тәрбиеші: Ендеше осы жемістердің адамға
пайдасы барма?
( Балалар өз түсініктері бойынша жауап
береді,
әңгімелейді).
Тәрбиеші: Иә, балалар, жеміс - жидектерде
дәрумендер өте көп болады екен. Олар адам дамуына, денсаулығына
пайдалы. Сондықтан жеміс - жидектерді адамдар көп пайдаланады және
жақсы көреді. Олардың дәмдері де әртүрлі. Бірақ осы жеміс -
жидектерді орынсыз көп жесең немесе жумай жесең, ауырып қалуын да
мүмкін.
1 - тапсырма: Жемістердің
атауларын тауып, торкөзге
орналастыр.
2 - тапсырма: «Қайда
өседі?» ойыны. Тәрбиеші жеміс - жидектердің қайда өсетінін айтып
отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып,
бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап,
бастарын изейді.
Қауын қайда
өседі?
Қауын тауда өседі (жерді аяқтарымен
соғады).
Қарбыз қайда
өседі?
Қарбыз бауда өседі (қол
шапалақтайды).
Алма қайда
өседі?
Алма сайда өседі (жерді аяқтарымен
соғады).
Алмұрт қайда
өседі?
Алмұрт бақта өседі (қол
шапалақтайды).
Жүзім қайда
өседі?
Жағажайда өседі (жерді аяқтарымен
соғады).
Қазанақ қайда
өседі?
Қазанақ жерде өседі (қол
шапалақтайды).
Сәбіз қайда
өседі?
Сәбіз талда өседі (жерді аяқтарымен
соғады).
Сергіту
сәті:
Алма ағашы өседі (балалар ақырындап орнынан
тұрады),
Тіпті биік деседі ( балалар қолдарын көкке
созып, аяғының ұшымен
тұрады).
Содан кейін гүлдейді (балалар саусақтарының
арасын ашып, оңды - солды шайқала
бастайды),
Мұны «Жас дос, біл!» - дейді (балалар
орындарына отырады).
3. Балалар суреттегі
жеміс - жидектерді атап, артық затты
табады.
Тәрбиеші: Балалар, артық
сөз қайсысы екен?
Балалар:
Гүл
Тәрбиеші: Неге олай
ойлайсыңдар?
Балалар: Өйткені гүлден басқасы - жеміс -
жидектер.
Қорытындылау:
Кіп-кішкентай
қызанақ,
Бақшада өсер
домалап.
Кішкентайсың әлі өсе
ғой,
Өскесін оны жесе
ғой.
Қызанақты
жегендер:
«Қандай дәмді»! – десе
ғой.
Игерген білімді
тексеру:
Бала өзінің арнайы дәптерінің соңында
берілген кестеге алған білімі туралы мәліметті
толтырады. Тәрбиеші қол
қояды.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық
картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»Кіші сала: «Тіл
дамыту»
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістерді
сипаттау».
Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді сипаттау,
пайдасы туралы айтып, құрамындағы дәруменді туралы білу. жемістер
мен көкөністерді ажырата алуға тәрбиелеу. Бақта, және бақшада
оларға қарау, күтіп баптау туралы түсініктерін
кеңейту.
Қостілділік құрамы: Көкөністер - овощи, қияр
- огурцы, сәбіз - морковь, свекла - қызылша, лук -
пияз.
Құрал жабдықтар: көкөністер мен жемістердің
өзі және суреттері.
I кезең мотивациялық -
қозғаушы
Шаттық
шеңбері.
Біздің топта ұл -
қыздар
Тату тәтті
ойнаймыз.
Әлемдегі бар
адамға
Тек жақсылық
сыйлаймыз.
Балалар мынау бізде
не?
Осы күннің нұрын біз жылы тілектер айту
арқылы күн нұрын жасап
шығарайық.
Енді осы нұрдың жылулығын сезіну үшін мына
шамнан өзімізге жылу
алайық.
Тосын
сәт:
Есік қағылады. Балалар сендер есітіп
тұрсыңдар ма біреу есік қағып тұрған
сияқты.
Қане кім екенін көреміз
бе?
Қоян
келеді
II кезең ұйымдастырушылық -
ізденушілік
Сәлеметсіздер ме
балалар!
Балалар қане қоянға не
дейміз?
Қоян: Балалар мен бүгін сендерге қонаққа
келдім.
Мен жемістер мен көкөністер жайлы білгім
келеді.
Сендер олар жайлы білесіңдер
де?
Олай болса бәріміз бірге
үйренейікші.
Қоян сен біздің балалар мен кел білге отыр
бәріміз бірге
үйренейік.
Дөңгелек үстелге
жайғасайық.
Қолға алманы алып, бұл не
балалар?
Түсі
қандай?
- Алманың басқа қандай түстерін
білесіңдер?
- Алманың шырыны бола ма? Дәмі
қандай?
- Алманы сурет арқылы
сипаттайық.
- Ал, мынау
не?
- Түсі
қандай?
- Апельсиннің шырыны болады
ма?
- Бұлар балалар жемістерге жатады. Олар
ағашта өседі.
- Енді балалар біз көкөністер мен
танысайық
Балалар көкөністерді біз қайда
пайдаланамыз?
Дұрыс көкөністердің пайдасы көп, оларды біз
күнделікті тамаққа қосамыз, көкөністерде витаминдер көп болады.
Сарымсақтан тұмау тимеу үшін не
істейміз?
- Бұл сәбіз. Түсі
қандай?
- Сәбізді не
жейді?
- Сәбіз қайда
өседі?
Көкөністерге нелер
жатады?