Материалдар / Түрлі түсті моншақтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түрлі түсті моншақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: А) саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету; Ә)бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; Б)әсемдікті, әдемілікті сезіне біліуге тәрбилеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
570
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беріу саласы: Шығармашылық. Бөлімі:Сурет салу. Тақырыбы:Түрлі түсті моншақтар.

Мақсаты:

А) саусақ немесе бастырма арқылы моншақтың суретін салуға үйрету;

Ә)бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

Б)әсемдікті, әдемілікті сезіне біліуге тәрбилеу.

Қажетті құрал-жабдықтар; қуыршақ Айсұлу, түрлі-түсті моншақтар,

әр балаға сары түспен боялған қағаздар,қызыл,сары бояулар,қол сүрткіштер, су қылқаламдар.

Алдын-ала орындалатын жұмыс: қуыршақ Айсұлудың әшекейлерін қарау.

Сөздік жұмыс: моншақ

Билингвальды компонент: моншақ - бусы

Іс-әрекетер

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Балалар қараңдаршы, бізге бүгін көп қонақтар келіп қалыпты, кәнекей бәріміз амандасайық.

Шаттық шеңберін құрайық.

-Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Амандасып аламыз.


Балаларға түрлі-түсті моншақтар көрсетіп, олардың не үшін

пайдаланылатыны туралы айтып осындай әшекейді үйлерінде кім тағады деп әңгмелесіп отырғанда қуыршақ,

Айсұлыу ренжіп келеді.

-Айсұлыу моншақтарын бізге келе жатқанда үзіп алып,сендер

сол әдемі моншақтарын тізіп беруге көмектесе ме екен деп

үміттеніп келіпті.








Әжелеріміз,

әпкелеріміз,

тағады.


Балалар

көмектесетін

жайлы

айтады.


-Онда біз Айсұлуға әдемі моншақтың суретін салып берейік.

Ол үшін алдарыңдағы қағазға салынған моншақтың жібіне

саусақтарыңды қызыл бояуға малып, қызыл түсті моншақты

батырып саласындар,сонан кейін саусақты сулы шүберекпен сүртіп, сары бояуға батырып, қызыл моншақтың жанынан сары түсті моншақты бастырып саласыңдар. Сурет салу барысында жіптің ұшына екі қызыл моншақ салынатынын әрі қарай екі сары моншақ, екі жасыл және екі көк, т.б. түспен салуға болатынын айтады.

Сергітіу сәті:

Моншақтарды алайық,

Мойнымызға тағайық.

Дөңгелен би билеп,

Көңілденіп алайық.(Ф.Н)

Сурет салыу жолдарын көрсете отырып, жұмысты аяқтайды.

Балалардың өз бетінше жүмыс жасағандарына мұқият

қарап бақылайды.

-Міне әдемі моншақтар тізбегі дайын болды.

Балаларға моншақ тізбегін Айсұлуға сыйлауды ұсынады.

Айсұлу қуанышты екенін білдіреді.Жұмыс барысында ұқыпты жұмыс жасаулары қадағаланады.


Өлең жолдарына

сәйкес қимылдар жасайды. Балалар педагогтің

көрсетуімен

моншақтар

тізбегін салады.

Әр түспен екі

моншақ болған соң

ғана саусақтарын

сүртіп отырады.

Балалар моншақ

тізбектерін

Айсұлуға сыйлайды.



Педагог Айсұлудың атынан балаларға ризашылығын білдіреді, бәрінің де жақсы жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.


Өздерінің

Жұмыстарына

баға бере

қарайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:моншақтардың әшекей зат екенін.

Игереді:моншақтар туралы қарапайым түсініктерді.

Меңгереді:саусақ арқылы түстерді ауыстыра отырып дөңгелек салуды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!