ТҰРМЫСТА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА
ҰШЫРАҒАН ӘЙЕЛДЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕМЕСІ.
В статье рассматривается
проблемы насилия женщин в современном обществе. Поднимается вопрос
о необходимости помощи жертвам насилия. В связи с этим очень важной
становится арт-терапевтические методы работы в поддержке
женщин.
Ключевые слова: Насилие,
насилие против женщин, арт-терапевтическая работа,
реабилитация.
The article deals with the
problems of violence of women in modern society. Raises the issue
of the need to help victims of violence. In this regard, very
important is the art-therapeutic methods of work in supporting
women.
Keywords:violence, violence against
women, art-therapeutic work,
rehabilitation.
Қоғамдық санада жанұядағы
зорлық – зомбылық проблемасы «арнайы жағдайдағы қорқыныштың»
трансформаланған түрі ретінде көрсетіледі. Қоғамымызда зорлық –
зомбылық жағдайы бар жанұялардың бар екендігі бүгінгі күннің ащы да
болса шындығы. Зорлық – зомбылықтан кейін пайда болатын бұзылыстар
адамды жеке тұлғаның адамгершілік функциясының бұзылуына әсер
ететін өзгерістеріне алып келеді.
Зорлық – зомбылықтың
психологиялық проблемасы соңғы 30 жылда әлемдік ғалымдардың
кеңейтілген зерттеулеріне ие болды, шетелдік ғалымдар Левинсон Д,
Кабрин Ж, Финкелхорн Д, Брун К, Миллер Э, ресейлік ғалымдар
Сафронова Т.Я, Соколова Е.Т, Цимбал Е.И. т.б. отандық
психолог-ғалымдар Жакупов С.М, Шерьязданова А.С. еңбектерінде
жарияланған [1,25].
Біз өз зерттеулерімізде
тұрмыста зорлық –зомбылық көрген және физикалық соққы алған
әйелдерді оңалту мақсатында жүргізілген әдістемелерді баяндамақпыз.
Олар: «Бір күнде серпілу», «Болашақ
метафорасын жасау» әдістемелері.
Адамның психофизикалық және
рухани денсаулығын қоршаған ортаның – әлеуметтік, экономикалық,
мәдени, саяси «денсаулығынан» ажырату екіталай. Бұл орта елеулі
дәрежеде медициналық қызмет пен білім беру жүйесін, халықпен
әлеуметтік жұмыс әдістерін айқындайды.
Арт-терапевтік жұмысты қолдану
белгілі бір әлеуметтік топтардың психофизикалық денсаулығының
мәселесін шешуге байланысты: зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдар;
қарттар, панасыздар, жұмыссыздар; құқық бұзушылар; босқындар;
алкогольге немесе есірткіге тәуелділіктен емделіп, ремиссия күйінде
қалғысы келетін адамдар; сонымен қатар тәуекел топтарының
отбасыларымен; бейәлеуметтік мінез-құлық формалары бар балалармен
жұмыс жасау.
Метафора – ұғымның немесе
жағдаяттың ауыспалы мағынада бейнелі түрде баяндалуы. Ол әрқашан
тікелей немесе жанама түрде нақты әлеммен байланысады, шындықты
және оның қасиеттерін түсінуді тереңдетеді.
Ол тек айтылған ғана емес, бейнеленген күйде де
бола алады [2,33].
Ұсынылған әдістеме келесі
ерекшеліктерге ие. Біріншіден, жүргізушінің міндеті – тренингке
қатысушылар үшін жағдаятты белсенді түрде «қалай екендігін»
талдауға және болашақта оны дамытудың «қалай болатындығының»
үлгісін құрастыруға жағдай жасау. Екіншіден, барлық тренинг барысында адам, оның
сезімдері мен ойы басты назарда болады. Сондықтан ішкі сезімдерден,
шектеулерден, күмәнданудан және қорқыныштан босатуға жағдай жасау,
сондай-ақ тренингке қатысушыларға жаңа нәрселерді үйренуге, жаңа
мінез-құлық формаларын байқауға, шыдамдылық көрсетуге және топтық
талқылау процесінде басқалардың пікірлерін қабылдауға жағдай
жасайтын шарттар қалыптастыру өте маңызды.
Жеке немесе топтық жұмыста фольгамен модельдеу
шығармашылық әлеуетті дамытуға және адам мен оның жағдаятының жаңа
бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Топ қатысушысының фольгадан
жасаған мүсіні оқытудың көрнекі құралы болып табылады. Әдістеме
алдағы өзгерістерге және олардың қабылдануына дайындықты анықтау
мақсатында жеке және іскерлік өмірдегі жағдайды мойындау мен
түсінудегі серпіліс жасауға мүмкіндік береді.
Әдістемеде жұмыс жасау
кезеңдері:
Кезең
1. Берілген жағдайдың
«қалай
екендігінің» және қатысушының субъективті бағалауының моделін
қалыптастыру (эмоционалды жағдайды диагностикалау, отбасындағы,
серіктесімен, балаларымен немесе жұмысындағы қарым-қатынасты
диагностикалау).
Кезең
2. Вербализациялау,
«Талқылау — әңгіме».
Кезең 3. Құрылған модельге
өзгертулер енгізу және қарым-қатынастың «қалай болатындығының»
моделін жасау.
Кезең 4. Болашақ өмірге
арналған метафораны анықтау.
Қолданылу
аясы:
1) индивидуалды кеңес
беру;
2) топтық
жұмыс;
3) отбасылық
психокоррекция.
Мінез-құлық
формасы — қарқынды
біркүндік тренинг. Ұзақтығы
— бір немесе
екі арт-терапиялық
сессия.
Терапевт сұрақ
қояды немесе елестетуді
ұсынады:
«Зорлық-зомбылықты бастан кешкен, зорлық-зомбылық құрбанына
айналған, жұмысынан айрылған және т.б. душар болған әйел қалай
көрінуі мүмкін? Сіз фольга парағын пайдаланып, оның кескінін
жасауыңызға болады».
Біздің белсенділігіміздің
басты орталығы — бас.
Осыдан ойлар түрінде біздің барлық іс-әрекеттеріміз екі бастапқы
құрал – қозғаушы
және әрекеттік орталықтардан өту арқылы
басталады. Бас
— жоспарлау, бақылауда
ұстау және ойлау
орталығы.
Ойлар мен сенімдерден белсенділік (әрекет) және мақсаттылық
(қозғалыс) пайда болады.
Әрбір қатысушыға өлшемі 30x30 см болатын фольга
парағы беріледі және жүргізуші (терапевт) адамның бейнесін қалай
жасайтындығын көрсетеді. Алдымен бас жасалады, фольга немесе
майлықтың кішкене парағы алынады да, басы бүктеледі және
модельденеді (суретті
қараңыз,
1-,
2-тармақ).
Одан соң
аяқтар (суретті
қараңыз, 3-тармақ)
— қозғаушы орталық
жасалады.
Аяқтар –
бұл теңгерімді тұрақтандыруға, өзін әлемде қолдауға, бекітуге,
тамырлатуға арналған дененің бөлігі. Дененің төменгі жартысын
жоғарғыға қарағанда үлкейту осы дүниеде жақсы тұрып, өзімізді
«үйде» сезінуіміз мүмкін, бірақ өзіміздің терең сезімдерімізбен
жанасуды тоқтатып, оларды білдіру қабілетін жоғалтып алуымыз мүмкін
екендігін аңғартады. Дененің төменгі жартысын жоғарғыға қарағанда
кішірейту жермен байланыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Ең
алдымен, біздің позициямыздың беріктігі мен тұрақтылығына емес,
әлемде «бет-жүзімізді қалай көрсетуімізге болады» эффектісіне басты
назар аударылуы мүмкін екендігін болжауға болады. «Ақымақ бас
аяқтарға тыныштық бермейді» деген мақалды еске түсіруге
болады [3,22].
Аяқ жасағаннан кейін клиенттер
қолдарды жасауға кіріседі және адамның мұсінін толығымен
қалыптастырады. Әрекет орталығы иықтан білекке дейін созылады және
өзіміз жасайтын әрекеттерімізге қатысты, өзімізбен жасалатын
әрекеттерге қатысты және өз өмірімізбен күресу қабілетіне қатысты
сезімдерді анықтайды. Бұл аймақ сонымен қатар өзін-өзі танытуға
деген ұмтылысымызды білдіреді – білектер арқылы өзіміздің жасырын
шығармашылық қуатты білдіре аламыз, алақан және қолмен
сүйіспеншілігімізді және жүректің энергиясын бөлісе аламыз, ал
сипау, жанасу мен құшақтау арқылы тарта, ұстай немесе кері итере
аламыз..
Иықтар мұны ішкі деңгейде -
әсіресе, біздің не жасап жатқанымызға немесе бізге не жасалып
жатқандығына байланысты терең сезімдерімізді білдіреді. Шынымен не
қалайтынын көп адам орындай ма? Жасалынған нәрсені қаншалықты жиі
өзгерткіміз келер еді?! Не істеуіміз керектігі жөнінде қаншалықты
жиі қынжыламыз?
Бүкіл адам мүсіні құрылған
кезде (суретті қараңыз, 4, 5, 6-тармақтарды қараңыз), қатысушыларға
оны A4 өлшеміндегі парақ кеңістігіне орналастыру ұсынылады. Парақ
әр қатысушының өмір жағдайының кеңістігін
білдіреді.
Содан кейін, 30х30 см өлшемді
фольганың екінші парағынан, зорлық-зомбылықты жасайтын (жасаған)
серіктестің немесе адамның бейнесі, қалыптасқан жағдайдағы
қарым-қатынастың бейнесі немесе жұмыс орнынан айрылған кездегі
(қысқарту, жұмыстан босату және т.б.) істің (бизнестің) және онымен
(оған деген) қарым-қатынас бейнесі
модельденеді.
Бұл кезеңде парақтың
кеңістігінде мүсіндерді отырған немесе жатқан қалыпта орналастыру
байқалады.
Талқылаудың бірінші кезеңі.
Қатысушылар өз мүсініне ат қояды және ол туралы қысқаша айтып
береді. Тренингтің қалған қатысушылары берілген мүсінді өздерінің
көріп, түсінуін білдіреді. Талқылаудың бұл кезеңінде авторлардың
өздері - мүсіндерді жасаушылар туралы сөз қозғалғандығы және
адамның бейнесімен жасалатындардың барлығы және оның кеңістіктегі
басқа бейнемен қарым-қатынастары шынайы әлеммен байланысты болуы
мүмкін екендігі жайында түсінік пайда болуы мүмкін. Содан кейін әр
қатысушыға дене арқылы көрсетіп (демонстрациялап), яғни ол жасаған
мүсіннің жағдайын қайталап, дененің қай бөлігінде ең үлкен шиеленіс
болатындығын, не ойлайтынын және қазір не істегісі келетінін айту
ұсынылады.
Жүргізуші не болғанын және
демонстрация кезінде (мүсіннің бейнесін қайталау) жағымсыз
сезімдердің не себепті орын алғандығын талқылау барысында
түсіндіреді. «Джогари терезесі» деп аталатын модельді қарастыру
ұсынылады, жетекші әрбір адам өзімен бірге жеке басының төрт
кеңістігін бірге алып жүретінін
түсіндіреді.
«Арена» — адамның өзі туралы
не білетіндігі және өзгелердің ол туралы не
білетіндігі.
«Көрініс» немесе жасырын аймақ
— адам өзі туралы білетіндігі, алайда өзгелерден жасыратындығы
(мысалы, бір нәрседен қорқу, қызғаныш немесе
ашкөздік).
«Соқыр аймақ» — басқалардың
адамның өзі туралы білмейтін және қабылдағысы келмейтін нәрсені
білетіндігі, оған көп өмірлік күш пен уақыт
кетеді.
«Қараңғы аймақ» — адамның
өзіне де, өзгелерге де белгісіз нәсе, белгілі бір «қара жәшік»,
онда әлі ашылмаған қабілеттер мен даму мүмкіндіктері
болады.
Осылайша өзі және басқа
қатысушылар туралы жаңа нәрселерді біліп, өзіне және өзгелерге
ашылу арқылы олар дағдарыс жағдайында өздерін мойындауға, түсінуге,
қабылдауға және мәселені шешу үшін шешім қабылдауға көбірек
мүмкіндік алады. Болашақта бұл ішкі шешімді қалыптастыруға, осы
шешімнің дұрыстығын бекітуге және өмірдің жаңа деңгейіне шығуға
көмектеседі.
Талқылау кезеңінен кейін
қатысушылар мүсінге өзгерістер енгізеді.
Өзгерістер енгізу
кезеңі.
Жүргізуші көптеген фольга парақтарын және басқа да материалдарды
шығармашылық әрекетке ұсынады және бұлардың мүсіннің кескініне
өзгерістер енгізу мүмкіндіктері екендігін хабарлайды.
Не қалайтын және қалай
қалайтынның барлығын өзгерту ұсынылады. Осылайша қатысушылардың
психоэмоционалды және физикалық жағдайына өзгерістер
енгізіледі. Өз
қолымызбен біз өзімізді және өзіміздің қарым-қатынастарымызды
құрамыз және біз осы өзгерістерді көре аламыз, оларға әсер ете
аламыз, содан соң осындай қатынастарды қалыптастырудың осы
метафоралық тәжірибесін шынайы өмірге өткізе аламыз.
«Қалай болатындығының» моделі
құрылады.
Талқылаудың екінші
кезеңі.
Талқылаудың осы сатысында мүсінге жаңа ат беріліп, қатысушылардың
позитивті өзгерістер жайлы пікірі ғана тыңдалады, себебі әрбір
қатысушы өзгерістерді өз қырынан көреді. Бұл өзгерістерді өзінің
көруі және түсінуімен толықтыра отырып, жүргізуші авторға бұл
жағдайды тереңірек сезінуге және осы өзгерістерді қолдауға
көмектеседі. Содан кейін қатысушы өз өміріне не енгізгісі келгенін
айтады. Осылайша, әйелдің болашақ өмірінің моделі құрылады, қысқа
мерзімде не болғанын мойындау және түсіну орын алады. Өмірде жаңа
қатынастардың көрініс беруі үшін уақыт талап етіледі
[4,55].
Осы жоғарыда қарастырылған
әдістемелерді мамандар мақсатты пайдаланғанда тұрмыста
зорлық-зомбылық көрген әйелдердің бойында өздеріне деген
сенімділікті тудырары анық.
Әдебиеттер
-
Алешина Ю.Е. Гозман Л.Я.,
Дубовская Е.М. Социально-психологические методы исследования
супружеских отношений: 45c
-
Атаманчук Г.А. Межличностные
отношения как предмет философского исследования // Проблемы
философии- Киев, 1989. – 226c
-
Баз Л.Л. Способ оценки
особенностей взаимодействия в диаде (на примере решения супругами
совместной задачи). // психологический журнл. – 1995. –
Т.16 N4.
-
Бейкер К. Теория семейных
систем М.Боуена // Вопросы психологии. – 1991.
– N6.160c
-
Берковец Л. Агрессия: причины,
последствия и контроль - Спб: прайм-еврознак, 2001г.(секреты
психологии) 300c
Акимадин Мөлдір
Русланқызы
Педагог-психолог
Ақтөбе байланыс және
электротехника
колледжі
Ақтөбе
қаласы